Рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудегі құндылық бағдардың маңызы.Рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудегі құндылық бағдардың маңызы

Жапарғалиев Бағжан Қанатұлы
1 курс, «Электрмен жабдықтау (сала бойынша)»
КГКП «Электротехнический колледж»
Ғылыми жетекші: Саньязова Айгерим Баурджановна, 
бөлім меңгеруші, математика пәнінің мұғалімі

Рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудегі құндылық бағдардың маңызы.Рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудегі құндылық бағдардың маңызы

 

Мемлекетіміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, әлемнің бәсекеге қабілетті елдер қатарына кipy үшін жаңа Қазақстан құрудьң дербес жолын таңдап алды. Еліміз әлемдік қауымдастыққа құрметпен, беделмен кipyi үшін ұрпақ тәрбиесін әрқашанда назардан тыс қалтырмауымыз керек. Ceбeбi, бүгінгі балалар еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерер болсақ, бәсекеге қабілетті, жаңа уақыттың өктем талаптарына үн қоса алатын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ал ұрпақты тәрбиелеу үшін бәсекеге қабілеттілік шартын анықтау қажет. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтарының Ассамблеясыныц XII сессиясында сөйлеген сөзінде "Ұлттың бәсекеге кабілеттілігінің аса маңызды шарты - бұл әлемдік бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім",- деп көрсетеді.

Бұл жас ұрпақ тәрбиесі мен әлемдік қауымдастық қойып отырған талаптар арасында және жастардың өзіндік мотивтерінің арасында қарама-кайшылықтар туындатып отыр. Бұл қайшылықты шешу үшін рухани құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие үрдісін құру қажет етіледі.

XXI ғасырға лайық, әлемдік өркениет көшіне ұялмай тізе қостыратын, дамыған елдермен терезе теңестіретін, бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына қосылу үшін, елімізге тәрбиелі, білімді ұрпақ керектігі айтпаса да түciнiктi.

Сондықтан да қазіргі қоғамның алдында тұрған күрделі мәселелердің бipi-білім ошақтарында оқитын әpбip жас ұрпақтың бойына бәсекеге қабілетті құндылық қасиеттерді қалыптасырып, дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлінуде.

Мемлекетіміздің әлем алдындағы абыройын одан әpi асқақтатып, тәуелсіздігін нығайту, елімізде асқақ руханият пен азаматтықты өркендету үшін жас ұрпағымыз ұлттық құндылықтардың қасиеттерінен сусындап өcin, сол игі қасиеттерді өз бойларына дарытып, өміp тәжірбиесінде қолданса, еліміздің өркениетті ел қатарынан табылуына қосқан зор үлесі болар еді.

Сонымен құндылықтар дегеніміз не? Құндылықтар – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеялар. Оларға шындық, кайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық, және т.б. жатады. Құндылықтар идеяларды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады. Құндылықтар құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Құндылықтар сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның ic-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны тусінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, ic-әрекет етеді.

Осы аталмыш құндылқтардың бастау кезі халықтың мол мұрасында. Ол мұра-халық пайда болғалы онымен бipre жасасып, бipre дамып келе жатқан құнды дүниелер.

Халықтың, тілін, салтын, дәстүрін бойына ciңipген ұрпақ тәрбиелеу үшін ұлттық құндылығымызды бағалай біліуіміз шарт. Әр халық ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ер жүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұяты мол, кішіпейіл болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады».

Орта кәсіптік білім берудің басты мақсаты - жаңа жұмыс орындарын ашуды тудыратын мамандарды даярлау болып саналады. Кәсіптік білім беру орнының басты тапсырмаларының бірі – еңбек нарығының сұранысына өз мезгілінде жауап беру; жұмыспен қамтамасыз етілетін мамандарды даярлау

Бәсекеге қабілетті колледж түлегі–бұл бірінші кезекте, ерікті, шығармашылық қызметі өзін-өзі шыңдайтын тұлға.

Екіншіден, бұл - рационалды, мобильді, белсенді, еңбекке икемді, құндылығы терең білімде, кәсіпқойлықта, кең ортақ мәдениетте жатқан тұлға.

Үшіншіден, бұл өмірдің нақтылы жағдайларын түсіне алатын, оларды бағалап шешім қабылдай алатын тұлға.

Рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілік, танымдық, ұлттық, әлемдік, салауатты өмір салты, дүнетанымдық бағыттағы мәдениеттерді дамытуымыз керек. Тұлғаны оқу-

тәрбие үрдісінде әрқашанда позитивті рухани құндылықтарға бағыттап отыру қажет. Бұл оқушының сан алуан әлемде өз позицияларын нақты айқындауға көмек болады.

Қазіргі маман өзінің облысында компетентті болуы керек. Бәсеке қабілетті колледж түлегінің моделінде базалы компетенцияның келесі түрлерін ерекшелейміз:

-шешім қабылдауға дайын, яғни жауапты шешім қабылдауға дайын, берілген жағдайдағы сараптау негізінде қиыншылықтарды анықтап, қажетті шешім қабылдай алу, өзіне жауапкершілік алу;

-мәліметтік компетенттілік, яғни сыни сараптаманың негізінде қажет мәліметті таңдау мүмкіндігі;

-әлеуметтік компетенттілік, яғни өзінің әріптестерімен өзара әрекет орнату;

-коммуникативті компетенттілік, яғни басқа адамдардан мәлімет алып, өз пікіріне сендіріп, ымыраға келіп, ортақ шешім қабылдауға әсер ету;

-өздік білім алуға дайындылық, яғни қажет жағдайда өз мамандығын, біліктілігін өзгерту, дербес түрде білім мен біліктілікті меңгеру;

-технологиялық компетенттілік, яғни өзінің кәсіби қызыметінде қазіргі технологияларды тиімді қолдана алу қасиеті.

Дайындалған маман бұл – колледждің педагогикалық коллективтің жұмысының сапасының көрсеткіші. Сондықтан да маман тәрбиелеуші әрбір оқытушы құндылық – бағдарлы тәрбие үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру үшін жалпы адамзаттық және халықтық мәдениетті, білімді, тәрбиені игеріп, өз бойына дарыта білгені жөн. Себебі оқытушы – оқушы үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі. Ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады. Бұл жерде айтпақ ойымыз: оқытушы білім беруде құндылық бағдар сезім мен ақыл ойға тең дәрежеде сүйенуі қажет.

ҚР-ның «Білім туралы» Заңына сай білім беру жүйесінің орталығында оқушы тұр да, негізгі мақсат – оның бойында кәсіптік мәні бар қасиеттерді, сонымен қатар гармоникалық дамыған адам қасиеттерін қалыптастыру.

Осыған байланысты педагогикалық қиыншылықты шешу қажеттілігі туындайды – неге оқыту, нені оқыту, қалай оқыту, яғни білім берудің мақсаттарын, мазмұнын, технологияларын анықтау.

«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», деп ұлы Абай айтқандай, «Білім беру жүйесінің басты міндеті оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» (Н. Назарбаев жолдауынан).

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі -білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр.

Адамның компьютерді меңгеруі оған білім алу мен еңбек нарығында өз мүмкіндіктерін іске асыруға жағдай туғызады.

Күннен-күнге ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың барлық білім беретін әр түрлі салаларда қолданылуы артып келеді. Оған қоғамды ақпарттандыру және бәсекеге түсе алатын мамандар әзірлеу қажеттілігін туғызатын сыртқы факторлар, сол сияқты оқу орындарын компьютерлік техникамен және бағдарламамен қамтамасыз ету, білімді ақпараттандыру, мемлекеттік және мемлекет аралық бағдарламаламалардың қабылдануы, оқытушылардың ақпаратты игеру тәжірибесі сияқты ішкі факторлар да түрткі болып отыр.

 

Қолданылға әдебиеттер тізімі:

1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: "Аруна Ltd.” ЖШС, 2005

2. Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл.

Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга