Менің шежірем

Қосалиев Диас Сейдуалиұлы
студент 1 курса
ГККП «Рудненский горно-технологический колледж»
Научный руководитель: преподаватель казахского языка и литературы
Баймухамбетова Зарина Ауесхановна

Менің шежірем

 

Кіріспе

Ұлттық даналықта айтады: Тамырсыз жусан өспейді. Өзіңнің шыққан тегіңді білмеу - ол бабаларды сыйламау.Менің ойымша,әрбір адам өз түп-тамырын және отбасы тарихын білу қажет.Қазіргі уақытта өзінің отбасын зерттеу өзектілігі артып тұр.Менің әжем айтқандай қазіргі кезде отбасылар тек алыс туыстарымен емес және жақын туыстарымен де араласпайды. Ұрпақ байланыс жоғалып барады. Кейбір жастар өзінің ата-бабасының кім екенін білмей жатады. Миллиондаған адамдар өзінің ата-бабасымен мақтануына құқығы бар, себебі солардың арқасында ел байлығы қалыптасты. Көптеген елдерде әрбір адам кем дегенде 5 атасын білу міндет деп есептейді.Қытайда шығыс шаңа-жылының алдында отбасы болып жиналып, жеті атасына дейін еске алады. Таулы Алтайдың халқы өзінің шығу тегін жатқа біледі. Бурят халқы өз бабаларына аса құрмет көрсетеді. Дәстүр бойынша кез-келген бурят жеті атасын білу керек, бірақ кейбіреулері өзінің 20 атасына дейін біледі. Ал мен өзімнің әкеме дейінгі алты атамды білемін.

Әулет деген не? Бұл бір атадан тараған тізбек. Әрқайсысымыздың өз бабамыз бар, тегі әр түрлі болады. Сәби-бұл үлкен ағаштың бір жапырағы секілді. Ата-ана - бұл осы алып ағаштан жанданған бұтақ. Ағаштан діңгегі-отбасы. Жер-бұл ағаштың түп-тамырын жасырып жатқан жұмбақ. Ойлана келе, мен отбасы тарихының кейбір сәттерін еске алуға бел будым.

Бұл тақырыптың өзектілігі - ұрпақ тарихының қазіргі уақытпен ұштасуында. Ұрпақ тарихы ауыздан-ауызға таралады, бірақ уақыт өте келе тарих ұмытала бастайды, сондықтан әулет тарихы жоғалып кетпес үшін арнайы шаралар қолданады.

Бұл жұмысымның мақсаты - өз әулетімді жақсырақ танып, отбасы құндылықтарын келер ұрпаққа сақтап қалдыру.

Менің алдымда келесі мақсаттар тұрды:

1)Әулет кестесін сызу;

2)Тарихи мәліметтер жинап, өмірбаяны қызығушылық тудыратын кейбір бабалар туралы ақпаратты қағаз бетіне түсіру

Базалық зерттеу жұмыстары – бұл құжаттар, әңгімелер және көзі тірі туысқандардың естеліктері, сақталған хаттар, күнделіктер мен газет қиындылары.

Ғылыми жаңалық жұмыстарының мақсаты әулет тарихын құрастыру жолындағы тынымсыз жұмыстарды жалғастыру.

Бұл практикалық зерттеу жұмыстарының мәні менің тарих қорғаушысы ретінде туысқандарға өз бабаларымыз жайлы, кімнен үлгі алу керектігі туралы айтып жеткізу.

Оқуда ынталымын, дене шынықтыру және математика сабақтарын жақсы көремін. Сыныптан тыс іс-шараларға қатысамын.

Жақсы көретін жыл мезгілім-қыс. Өйткені қыс-таңғажайып әдемі табиғат,бұл Жаңа жылдың безерленген шыршамен, мейірімді Аяз ата мен тәтті сыйлықтарымен қосылуы.

Ал адамдарда маған олардың мейірімділік, еңбексүйгіштік және әрқашан өзгеге қол ұшын созуға дайын тұратын қасиеттері ұнайды.Бұл ізгі қасиеттерді мен ата-анамның бойынан көремін, сондықтан сол жандарға ұқсағым келеді.

Менің ең басты арманым-мектепті жақсы бітіріп, Данияр ағам секілді әскери адам болу.

1. Менің отбасым.

1.1. Отбасы-бұл әрқашан сенімен бірге .

Үйдің кенжесі - інім Мадияр. Ол 7 жаста. Ол 2008 жылдың ақпан айының 17-жұлдызында дүниеге келген. Есімін анам қойған. Інім өте ақылды, сыпайы, мейірімді бала. Мен оны қатты жақсы көремін.

Менің әкем, Қосалиев Сейдуалы Сәрсембаевич, 31-наурызда 1960 жылы Шымкент қаласында туылды. Шымкент қаласы, Ленгер ауданында 26-орта мектебінде оқыды. Мектеп бітірген соң Шымкент қаласында Техникумға жоғары білім алуға оқуға түсті. Дене тәрбиесі факультетіне түсті. Оқу бітірген соң спорт-мектебіне жаттықтырушы болып жұмысқа тұрды. Ол жақта бокстан жаттықтырушы болып жұмыс жасады . Жұмыс істеп жүрген уақытында анамды кездестірді, менің әкем жақсы боксшы. Ол өзінің жұмысын ұнатады, менің әкем еңбексүйгіш.Әкемнің қолы алтын, істерін тиянақты жасайды.

Менің анам, Қосалиева Гульнар Тохтаровна,13 мамыр 1960 жылы Семей қаласында туылған. Семей қаласындағы 5-ші гимназиясында оқыған. Мектепті тәмамдаған соң, жоғары білім алу үшін, жоғары санатты дәрігерлік білім алуға оқуға түсті. Диплом алған соң, дәрігер болып жұмысқа тұрды. Анам өте мейірімді жан, бірақ сонымен қатар қатал мінезі мен талапшыл қасиеті де бар. Менің анамды кішкентай балалар жақсы көреді. Жұмысын белсенді атқарады. Оны жұмыстағы әріптестері құрметтеп өтеді. Менің үй тапсырмаларымды орындауға көмектеседі. Анамның қолынан түрлі-түрлі дәмді тағамдар келеді. Менің анамнан қолынан жасалған тағамдарды жеген қонактар, оны мадақтайды. Бір сөзбен айтқанда, анам - үй иесі!!!

1.2. Шыққан тегіміз қайдан бастау алады?

1.2.1. Менің атам мен әжем

Менің әжем Қосалиева Пернекүл Ырысбаевна 1926 жылдың 24 қарашасында Шымкент қаласы Қазығұрт ауылында туылды. Мектеп бітірген соң ауылда мал дәрігері болып жұмыс жасады. Мал дәрігері болған соң ауылдағы көп кісілер сұраумен келген. Өзінің немерелерін қатты сүйген.

Менің атам Қосалиев Сәрсенбай Қарибайұлы 1889 жылы 22 наурызда дүниеге келген. Шымкент қаласы Ұйымшыл ауылында дүниеге келген. Атам КСРО кезінде 9-сыныптық білім алған. Мектеп бітірген соң атам жақсы шабандоз, күреске де икемі болған. Атамның 9 ұл-қыздары болды. Олар: Еркін, Ырыскүл, Сопы, Нұрмағамбет, Қандыбай, Айбас, Әбіш, Рахмет, Арыстанбай. Мен үшін қымбат адамдар. Менің атам мен апам ауылда өмір сүрді. Олар балаларын кішкентайынан еңбекке баулыған.

Менің ойымша, әрбір адам өз шыққан тегін білу қажет, өйткені онсыз тарих та өркениет те өз деңгейімен дами алмайды.Мен өз әулетін жақсы білетін, бабаларына құрметпен қарайтын тату-тәтті отбасында тұрамын. Бұл ізденісіме маған атам мен әжем, әкем мен анам да қызығушылықпен ат салысып, ұрпақ тарихын зерттеуде баға жетпес көмек көрсетті.

Зерттеу.

Өзімнің шыққан тегімді білу үшін ізденіс жұмыстарын жүргіздім: бұл туысқандар мен ата-аналардан сұрастыру.

2.Негізгі бөлім

2.1. Зерттеу жұмыстары

Өз ата тегіңді дұрыс құрастыру айтарлықтай қиын, ал сәйкес білімсіз тіпті мүмкін емес. Сондықтан менің жұмысым бірнеше кезеңнен тұрды:

Бірінші кезең – теориялық сауатты түрде жұмыс жүргізу үшін ой-өрісіңді тарихи-мәдени тұрғыдан кеңейту мақсатында әдебиетті зерттеуде түйінделеді.

Екінші кезең – практикалықмен әрбір отбасы мүшелеріне арнай картотека жасадым – олардың өміріндегі жарқын кезеңдерін жазып отырдым. Ата-анаммен бірге бабаларым туралы ақпарат жинадым. Ақпарат көздері әртүрлі болды: туыстармен әңгімелесу, ескі құжаттар. Материал жиналып болған соң, ата-анамның көмегімен шежіре кітабын жаздым (генеалогиялық ағаш).

Үшінші кезең. «Менің шежірем» тақырыбында мереке ұйымдастыру. «Менің шежірем» тақырыбына байланысты болатын «Болашаққа қадам» байқауына дайындық.

Шежіре жасаудың түрлі нұсқасы бар: атадан балаға қарай, немесе ұрпақтарынан бабаларына қарай. Мен ұрпақтан бабаға қарай шежіре жасадым, онда әкем жақтағы туысқандар жазылады. Менің әулетім үлкен, әулет кітабына мәлімет іздеп тапқан туысқандарымды орналастырдым. Бұлар менің қандас туысқандарым.

Менің жоспарымда алыс туысқандарым жайлы мәлімет жинау, қосымша әдебиет оқу, көзі тірі туыстарымның әңгімелерін жинастыру, өзімнің сүйікті де мақтан тұтар отбасымның тарихын жазу.

 

2.2. Менің отбасым.

2.2.1. Өзім туралы.

Мен Қосалиев Диас Сейдуалиұлы 1991 жылы 24 наурызда Шымкент қаласында дүние есігін аштым. Менің жасым 24те. 5-ші Молда Муса атындағы орта мектепті бітірдім. «Диас» деген т испан тілінен аударғанда «күн» деген мағына береді. Диас деген атты маған атам берді. Жұлдыздар жорамалы бойынша, мен – тоқтымын. Тоқтылар жұлдыздар жорамалы бойынша тиянақты, сабырлы болып келемін. Балалардың арасында жақсы тіл табысып кетемін. Қазіргі кезде Қостанай облысы Рудный қаласында «Рудный Тау-Кен технологиялық колледжде» білім алып жатырмын.

2.2.2. Менің арғы атам мен әжем.

Менің арғы әжем, Таспанова Ұлтуғын, арғы атам Таспанов Асан. Мен олар туралы көп нәрселерді атамнан естігенмін. Атамның айтуы бойынша, олар аңшылар болған. Мейірімді жандар болған. Әжем сұлу болған. Атамның бойы ұзын болған, спортсмен.Олар өзінің еңбекқор және ақкөңіл мінезінің арқасында ауылдастарының сыйластығына ие болды.

2.2.3. Алыс ата-бабалар

Төртінші ұрпақ – бұл менің арғы атам мен әжемнің заманымен тұспа-тұс келеді.Өкінішке орай, мен оларды көзі тірі кезінде көре алмадым. Олар мен дүниеге келмес бұрын өмірден озып кеткен.

Арғы атам мен әжемді мен атамның маған айтып берген әңгімелерінен білемін.

Өзіміз көріп тұрғандай алдыңғы 3 атам негізінен ауылшаруашылықпен айналысқан қарапайым адамдар болған. Егіншілікпен, аңшылықпен де айналысып, тұрақтары бір-бірінен қашықта болмаған.

Қорытынды

Ата-ананың көмегімен ата-әжемізді және де, туған-туысқандарымыздың шыққан тегін қалпына келтірдік.Ол үшін барлық қандастарымыздан мәлімет іздестірдік. Біз тек оларды емес және бұл өмірде жоқ туыстар жайлы білуге тырыстық. Басқа жанұялар секілді, соғыс бізді де аямады, төрт атамның үшеуі соғысқа қатысты. Біреуі ғана оралды.

Біз туыстарымыздың мамандығы жайлы білдік, туылған күндері жайлы күнтізбе құрдық. Енді оларды құтықтауды ұмытпаймыз.

Менің түсінгенім көп туыстарыма міндетті екенмін. Сондықтан жақындарыма жылы қабақ танытып, оларды ұмытпау керектігін, және де барлық жағынан көмектесу қажеттігін ұқтым. Мен отбасымнан үлгі алғаным, барлық қиындықты жеңуге болады, егерде қасымда жақын туыстарым болса, қиын кезде жанымнан табылады. Ата-бабаларымыздың кім екенін біліп, біз өмірге мүлде басқа көз қараспен қараймыз. Отбасы ұрпақтың жалғасуын қамтамасыз етеді. Міндетті өзіне алады. Ата-ана балаларына өмірлік тәжиірибе береді. Тәртіпті және дәстүрді, өз-өзін қалай ұстауды арттырып, мықты болуды үйретеді. Отбасы ашық әңгімеде моральді және материалды қолдайды. Отбасының үй шаруасында рөлі маңызды.

Менің отбасымның тарихын зерттеп, көп тәжиірибе жинадым. Бұл жұмысты мен міндетті түрде жалғастырамын. Бір күні нағыз ата-бабам жайлы тарих қалдырамын. Алдағы өмірімде міндетті түрде көмегі тиетініне сенемін. Мен отбасылық альбом қарау барысында, отбасымның шежіресін құрдым. Мен өз бабаларым жайлы көп нәрсе білдім, және ізденуімді жалғастыра бергім келеді. Мен өзімнің шежіремді сақтап, балаларыма мұра қылып қалдыруға тырысамын. Маған осы жоспар бойынша жұмыс жасау қызық болды. Мен өз түп тамырым жайлы көп нәрсе білдім. Көп нәрсе таңсық болды. Менің түсінгенім, бабаларым тек жақсы жағынан көрінген. Мен олардың еңбегін сақтап, арттыруға тырысамын. Менің ойымша өз мемлекетінің және бабасының тарихын білмейтін адам тәрбиесіз және рахметі жоқ адам. Әр адам жасы үлкенді сыйлап, ізет көрсетуге міндетті.

 

Қолданылған әдебиеттер

1.Балалар энциклопедиясы: Папа, мама, ты и я.

2. «Воспитание школьников» журналы 1989ж.

3.Как составить свою родословную.2015ж. В.П.Петров.

4.Интернет ресурстары. Қазақша есімдер сөздігі

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга