Қазақстан жеріндегі Ұлттық қатынастардың дамуы

Махсут Сәбира Болатқызы
2 курс, специальность "Организация перевозок на воздушном транспорте"
Азаматтық авиация колледжі
Научный руководитель: преподаватель
Додабаева Зинагул Каратаевна

Жоспар:

1 Ұлт дегеніміз не?

2 Қазақ халқының Ассамблеясына 20 жыл

3 Қазақстан жеріндегі әртүрлі ұлттардың Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан үлесі

4 Қорытынды

 

Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

1. Ұлт (лат. natio - ұлт) — қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде XX-XXӀ ғасырлар ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттықмемлекетке сәйкес келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді және тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан. Ұлттық емес мемлекеттер толыққанды болып есептелмейді. Олар не ұлттыққа айналуы керек, не өмір сүруін тоқтатуы керек. Жалпы, халық «бір этнос – бір ел» принципі бойынша ғана біртұтас ұлт боп тез қалыптаса алады. 18-інші ғасырда басталған Патшалық Ресейдің отарлау саясаты мен 20-ыншы ғасырда жеңген қазан Революциясы, осы «бір этнос – бір ел» принципі бойынша 15-інші ғасырдың екінші жартысынан бастап өзінше жеке-дара халық та ұлт та болып қалыптаса алған қазақ қауымының біртұтастығын бұзып, оның ұлттық дамысын бірнеше ғасырға кейін шегіндіріп тастады. Соның салдарынан қазақ халқы күні бүгінге шейін толыққұнды ұлт боп қайтадан қалыптаса алмай келеді.

КСРО-дан кейін қалыптасқан ұғым бойынша, ұлт — белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан, оның өмір сүруін қамтамасыз етіп, оған өзіндік түр беретін субстанционалды-рухани негізі бар, бірыңғай тіл, мәдени, психологиялық, ділдік өмір салты сияқты ерекшеліктер тән әлеуметтік қауым.

Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. «Бірлік бар жерде - тірлік бар», «Береке басы - бірлікте», «Ырыс алды - ынтымақ» деген сияқты көптеген мақал-мәтелдер соның айғағы. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз бала тәрбиесінде де осы қағиданы басты бағыт етіп ұстаған. Ол атадан балаға мұра болып, әлі де жалғасын тауып келеді. Қазақ жерінде қазір 140-тан аса ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатыр. Оларға Қазақстан азаматтары ретінде тең құқық берілген. Олар білім алу, емделу, жоғары лауазымды қызмет атқару мүмкіндіктеріне ие. Елімізде мекен еткен ұлт пен ұлыстарға өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрлерін сақтауға лайықты жағдайлар жасалған. Олардың әрқайсысының ұлттық мәдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар әр халық өкілдерінің өз ұлттық дәстүрлерін сақтауға зор ықпал жасап келеді. Сонымен бірге, көпұлтты Қазақстанның мәдени жағынан әртарапта дамуына үлес қосып келеді.

«Біздің ортақ отанымыз-Қазақстанның қазіргі қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәулсіздігімізді тұғырлы ететінде, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз елтозады, бірлікті ел озады дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көсеміміз жетіп отыр»,- деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып отыр.

2. Биыл мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен және жетекшілік етуімен 1995-жылы құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру туралы идеяның алғаш көтерілгеніне 20 жыл толды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекет құру ісінде ұлтаралық келісім мәселесіне ең басты назарын аударып келеді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде ол «Мені еліміздің әрбір аймағын мекен еткен, ұлты, нәсілі кім екеніне қарамастан мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін жастардың күн өткен сайын көбейіп келе жатқаны қуантады» деген болатын. Сөйте тұра, Қазақстанда барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің өз тілдерін, мәдениеттері мен діндерін сақтап, дамытуына толыққанды жағдай жасалған.

Ұлтаралық келісім ісінің базалық институты ретінде құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы мемлекет бас-шының тікелей бастамасымен 1995-жылдың 1-наурызында пайда болды. Қазақстанның осы бағыттағы істеген істері мен жасаған тірліктері көп ұзамай-ақ халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаға ие болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Кофи Аннан «Қазақстан түрлі ұлттардың өкілдері бейбіт түрде тіршілік кеше алатын, ұлттық әрқилылық сипаты мемлекеттің қиыншылығына емес, керісінше өсіп-өркендеуіне, дамуына негіз болып отырған ел ретінде баршаға үлгі бола алатын мемлекет» деп тегіннен тегін айтпаса керек.Осындай мағынада тағы бір әлемге танымал саясаткер Маргарет Тэтчердің де айтқаны бар. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде «Елдеріңіз тәуелсіздігін алған сәттен бастап Сіздің көреген саясатыңыз мемлекетті азаттыққа, дамуға бастайтын жолға салды. Пессимистер сіздердің елдеріңіздің көпұлтты сипаты ішкі қайшылықтарға бастап, елдеріңізді әлсіретеді деп топшылаған шығар, кезінде. Алайда, барлығы керісінше болып шықты. Қазақстан өзінің сан салалы сипатының арқасында дамып келеді, ол өзінің діни және дәстүрлік әрқилылығын басты байлығы етіп, қарқынды дамудың басты факторларының бірі етіп, тиімді пайдалана алды. Сіздер өзгелерге шынайы үлгісіздер» деген болатын.Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауында «Ассамблея құрылуының 20 жылдығын атап өту арқылы біз қазақстандықтардың рухани күш қуатын арттыруымыз және толеранттылығын еселеуіміз керек. Сондықтан да, біз Қазақстан халқын ең үздік және мәңгілік құндылықтар - ел игілігі жолында ынта мен жігерді, еңбекқорлықты және мақсаткерлікті арттыруға шақырамыз. Этносаралық келісім - ол өміршеңдік оттегісі» деп ерекше атап өтті. Ассамблеяның негізгі бағыты барлық этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру болып табылатындығын атап өткен Елбасы Ассамблеяның өміршеңдігінің ең басты ерекшелігі - ол этностық топтардың қызметін бақылаумен айналысатын қарапайым ұйымға ғана емес, сонымен қатар еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналғандығын айтты.

Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.

3. Ұйғырлар мәдениеті.Қазақстан мен Орта Азияны мекендейтін ұйғырлар өзге түркі халықтары арасынан алғашқылардың бірі болып отырықшылықты үйренген, шамандықтан бас тартып, әуелі будда дінін, кейін ислам дінін қабылдаған. Бұдан 1600-1800 жылдай бұрын өздерінің жазуларын қайтадан өңдеп, әліппесін жасады.Ұйғыр халқы тарихының негізгі кезеңдері туралы қабір басына қойылған тастардан білуге болады.VIII-IX ғасырлардың аса көрнекті жазу ескерткіштерінің қатарына «Селенга тасын» және «Суджа тасын» жатқызуға болады.Ежелгі ұйғыр жазуы әр түрлі әліппелер - сына, үнді, манихей, сирия, соғда, араб жазулары негізінде пайда болған еді.

Қазақстанда ұйғыр мәдениеті даму үстінде.Мәдени ұлттық орталықтар, театрлар, өнер ұжымдары Қазақстан халқына кеңінен таныс. Өнер қайраткерлері Қ.Қожамняров, Б.Баянахунов, Г.Разиева, «Яшлик» ансамблінің шығармашылығы бүкіл Қазақстан халқының ортақ мақтанышына айналды.

Корей мәдениеті. Қазақстандық корейлер Кеңес өкіметінің пәрменімен 1937-1938 жылдары Қиыр Шығыстан Қазақстанға зорлап көшірілген болатын.Қазір 100 мыңның үстінде корейлер Қазақстанның барлық облыстарын мекендейді. Еңбекке қабілетті әрбір төртінші корейдің жоғары білімі бар, мәдени орталықтар, ұлттық театр, газеттер, радио және телехабарлар жұмыс істейді.Корей тілі орал-алтайлық топқа жатады.Қазақстандағы кәрістер санының бұлай күрт өсуі 1937 жылғы Ресейдің Қиыр Шығы-сынан жаппай жер аударылуына байланысты болды. Ал Қиыр Шығысқа бұл бейбіт, қара-пайым халық Жапон басқыншылығынан қашып келіп қоныстанған еді. Міне, осынау ұйып отырған ұлт бүкіл Кеңестер Одағында 182339 адамды құраса, соның 96453-ін жаппай Қазақстанға жер аударды. Қалғандарын басқа республикаларға бөліп-бөліп, күштеп көшірді. Одақтас республикалардың бәрін қосқанда Қазақстанда тұратын кәрістер саны әлде қайда көп .

Соғыстан кейінгі жылдардағы, әсіресе Хрущев тұсындағы «жылымық» та кәрістерге жақсылық әкелген жоқ. Бұл жерде ең үлкен мәселе - білім алу мен тіл үйрену. 1953 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан компартиясының Орталық Комитетінде «Корей ұлтының оқушылар құрамы бар кейбір мектептерде корей тілін оқыту туралы»құжат қаралып, Білім министрлігіне корей ұлтының балалары шоғырланған мектептерде корей тілін оқытып, сол мектептерді әдебиетпен, оқулықтармен қамтамасыз ету қажеттігі жүктелді. Бірақ бұдан бірнеше жыл өткен соң, кәріс балалары шоғырланған елді мекен жоқтың қасы деген сылтаумен бұл іс аяқсыз қалды. Өйткені Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі бар болғаны үш корей мектебі сабақтарын жеткілікті әдебиетсіз, оқулықсыз өткізіп жатты. Елдің басқа аймақтарында корей тіліндегі мектептер болған жоқ. Кәріс балалары негізінен орыс тілді мектептерде дәріс алды. Біртіндеп бұрын білім маңайына жолатылмаған кәріс интеллигенциясы көбейе бастады.

Қазақстандық немістер. Қазіргі неміс жұртшылығының ата – бабалары Ресейге әр кезеңде Германиядан қоныс аударған. Прибаликаға олар орта ғасырдан келген. Шамамен сол кезде немістер Ресейде пайда болды.1941 жылы басталған соғыс КСРО немістерінің тағдырын түбегейлі өзгертті. 1941 жылы тамызында жарық көрген Жарлықпен немістер Повольжьеден Сібірге, Қазақстанға және Орта Азияға жер аударылды. Жер аударуға Украинада, Қырымда және Закавказьеде тұратын немістер де ұшырады. Сонымен қатар, неміс ұлтының жекеленген өкілдерінің Қазақстан аумағына XVIII – XIX ғасырында келгенін айтқан жөн. Олардың ішінде: әскери дәрігерлер, әр түрлі дәрежедегі шенеуліктер, т.б. болған.

Өзге де ұлт өкілдері сияқты қазақстандық немістердің де ұлттық мәдени орталығы , Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдігі ашылып, неміс мәдениетін насихаттау ісінде пәрменді жұмыс істеп келді. Неміс халқының еңбексүйгіштігі, дәлдігі, тазалығы, жаңалық атаулығы құмарлығы өзге халықтарға үлгі болып, Қазақстан халқының тұрмыс тіршілігін жақсартуға игі әсерін тигізді.

Қазақстандағы өзбектер. Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 2010 жылдың есебімен алғанда 425110 өзбек тұрады. Басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өзбектер екінші орында тұр.Бүгінгі Оңтүстік Қазақстандағы өзбектер негізінен Қоқан хандығы тұсында көшіп келе бастады. Халықтар достығына өлшеусіз еңбек сіңіріп жатқан облыстық өзбек мәдени орталығы 1992 жылы құрылған.Облыс қалалары мен аудандарында орталықтың 11 филиалы жұмыс істейді. Облыстық өзбек мәдени орталығы аталған орталықтардың қызметін үйлестіреді, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Облыс көлемінде жыл сайын "Тіл, дәстүр және мәдениет күндері” мерекесін, "Офарин”, "Лапар” конкурстарын, "Аския” күлкі фестивалін өткізу дәстүрге ұласты. Облыс тұрғындары "Үміт”, "Нұр”, "Парваз”, "Гунча”, "Сайрам”, "Нулифар”, "Кунгил”, "Юлдузча”, "Садаф” сынды ансамбльдерді жақсы біледі. Облыстық өзбек театры жұмыс істейді. Орталықтың жастар қанаты белсенді жұмыстарымен белгілі.

Қазақстандағы орыстар. Қазақстанға алғашқы болып келгендер қазақтар мен әскери шенді орыстар болды. Олар шекара шебіндегі әскери бекіністер мен станицяларда тұрды. Кейін Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде қазақ әлеуметтік тобына қоныс аударып келген шаруалар мен мещандар, солдаттар да қабылдана берді.Қазақстанға қоныс аударылған орыс шаруалары шекарадағы әскерлерді, сондай-ақ Колыванов-Воскресенск зауыттарында, тау-кен өндірістерінде істейтін жұмысшыларды азық-түлікпен жабдықтау міндетін шешуге тиіс еді.Қазақстанда орыс халқының саны XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде қызу қарқынмен өсті. Бұл кезеңде Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруалар Қазақстанға жаппай көшіріле бастаған болатын. 1897 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыстардың саны 544 мың адамға жетті. Олар қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың 12,8 пайызы болды. Орыс халқының негізгі бөлігін қоныс аударып келген шаруалар (40 пайыз), содан кейін қазақтар (33 пайыз), мещандар (19 пайыз), дворяндар (5 пайыз) және басқалары құрады. Қазақтар мен орыс тұрғындары арасында өзара шаруашылық-мәдени алмасулар орын алды. Орыс қызы Мария Рекинаның есімі бүкіл қазақ даласына белгілі болды. «Дударай» әнін орыс қызы өзі ғашық болған қазақ жігітіне арнады.

Қазақстандығы украиндар. Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Олар негізінен ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысқандар еді. Украиндықтардың елеулі бөлігі қазақтың кең-байтақ даласына ХІХ-XX ғасырлар шебінде, Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруалардың жаппай қоныс аударуы кезінде келді. Қоныс аударушы украиндықтар негізінен Полтава, Харьков, Таврия, Херсон, Екатеринослав және Киев облыстарының шаруалары еді.Украиндықтардың басты шаруашылық кәсібі егіншілік болды. Қазақ даласындағы белгілі украиндық диқандардың бірі Ақмола облысының Атбасар ауданы Қима болысына қарасты Запорожское селосының шаруасы Василий Марченко еді. 1913 жылы Романовтар әулеті билігінің 300 жылдығын атап өту құрметіне ең үлгілі шаруашылық үшін белгіленген арнайы сыйлықтардың бірін осы В. Марченко жеңіп алған болатын.

Қазақстандығы түріктер. Қазақстанда тұратын түрік ұлты өздерінің мәдени құндылықтарын барынша сақтауда. Еліміздегі түріктердің дерлік барлығы қазақ тілін меңгерген, орыс тілінде де сөйлейді. Қазақ, орыс мектептері мен түрік лицейлерінде білім алады. Түрік ұлтының азаматы Ахмет Аляз мырзаның көмегімен елімізде еларалық «ZAMAN-Қазақстан» еркін газеті пайда болды.Газет 1993 жылдың тамыз айында жұмысын уақытша тоқтатып, 1994 жылы қайта жарыққа шығады. Бас редактор қызметін Болат Бодаубайұлы басқарады. Газет үлкен сұранысқа ие болады, алайда 1998 жылғы әлемдік дағдарыс салдарынан Түркия экономикасы құлдырап редакция жұмысын тағы да уақытша жабудан басқа айла қалмайды. 1998 жылғы әлемдік дағдарысқа байланысты Түркия экономикалық қиындыққа ұшырап, 2000 жылдың қаңтарына дейін тағы да жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Аталмыш уақытқа дейін «ZAMAN-Қазақстан» деп аталып келген газет, «Қазақстан-ZAMAN» деп атауын өзгертті. Қайта жарық көрген газеттің Бас редактор қызметін бастапқы кезде Жұмабай Шаштайұлы, кейін Марат Тоқашбаев басқарған. 2002 жылдан бастап газет қабырғасынан балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналы ашылды. Қазіргі таңда миллионға жуық таралымы бар Түркиядағы «ZAMAN» газетімен бірлесіп «Қазақстан» деген арнайы қосымша газет шықты."Түрік халқының арасында 1997 жылы мемлекеттік тілде білім алған оқушылардың саны 20 пайыз болатын, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 30 пайыз болды, 2005-2007 жылдары 55 пайыз, ал 2010 жылы 65 пайыз түрік мемлекеттік тілді меңгерді. Ал бүгінгі таңда оқушыларымыздың 78 пайызы мемлекеттік тілде білім алып жатыр. Біз түбі бір түркі халықтарымыз, сондықтан да халықтың 97 пайызы мемлекеттік тілде сөйлеп жүр", - дейді ол.Оның айтуынша, шетелден Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін түрік кәсіпкерлері арасында да қазақша сөйлейтіндер өте көп. Айта кетейік, биыл Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекеленетіні белгілі. Зиятдин Қасанов осы мерейтойларға байланысты, ең біріншіден, халқымызды бірлікке, татулыққа, достыққа шақыратын шараларды өткізу керек деп есептейді. "Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылда еңбек еткен қарттардың қатары жыл өткен сайын азайып барады. Сондықтан Елбасымыз 2015 жылы ардагерлердің әрқайсысына жеке-жеке алғысхат пен сыйлықтар ұсынса деймін, біз де этномәдени орталық ретінде өз жоспарымыз бойынша Жеңіс күніне арналған үлкен мерекелік кешімізді дайындап жатырмыз", - дейді ол.Қазақстанда өмір сүретін ұлттардың елімізге жасаған әрбір жақсылығы баска да ұлттарға жасалған ілтипат болып саналады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын халқымыз тату болсын деп тілейміз.

Қорытынды:

Халық бірлігі - мемлекеттілік негізі. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымызға болашағы күшті, өркендеп, дамыған Қазақстан елі туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз. Ел өміріндегі мәні мен маңызы орасан зор осынау саяси оқиға қарсаңында біз көп ұлтты Қазақстан халқын бір атаның балаларындай еліміздің өркениетті дамуы жолындағы игілікті іске жұмылдырып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, елімізде тұрақтылықты сақтау мен оның дамуына аса зор үлес қосып келеді. Ең бастысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі нәтижесінде елімізде этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциялық һәм азаматтық құқықтары мен еркіндігін толық қолдана алатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Сөйтіп, Қазақстанның көп-этностық кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік берік орнады. Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойған басты мақсаты және түбегейлі міндеті - этносаралық қатынас саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Осы мақсатта халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келісімді қолдап, дамыту, қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің көріністеріне тойтарыс бере отырып, азаматтардың құқықтық бостандықтарына қысым жасауға жол бермеу, азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру да осы ұйымның төл парызы. Ынтымақ ұйытқысына айналған ұйым бұл мақсаттарды жоғары деңгейде орындап келеді.

«Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады», деген дана бабаларымыз. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірлігін бен берік етсін.Ең бастысы,ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш,жұрт аман. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын!

Сонымен, біз сияқты жастар,студенттер еліміз тыныш болу үшін әр түрлі ұлттың өкілдермен тату-тәтті өмір сүруге,басқа мемлекеттерде болып жатқан ланкестікке, терроризмге жол бермеу үшін өз үлесімізді қосамыз!скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

☑ Современный урок: эффективная организация образовательного процесса (для учителей)

☑ Expo-2017 (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия