Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені

Нурмаганбетова Акмоншак Абсадыковна
cтудентка 3 курса
Колледж экономики и право КЭУК
Научный руководитель: преподаватель
Кунева Жибек Сансызбаевна

Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықаралық конференциялар мен құрылтайларда, әр жылдардағы дәстүрлі халыққа жолдаулары мен еліміздің келелі жиындарында, тұғыры биік мінберлерде, сонымен қатар дін төңірегіндегі сұхбаттарының баршасында халықтардың бірлігі мен конфессияаралық келісімді нығайтуды баса назарға алады. Бұл дегеніміз біздің еліміз үшін конфессияаралық келісім мен діндер арасындағы диалогтардың маңызы зор деген сөз. Халқымызда «дін бірлігі – ел бірлігі» - деген сөз бар, яғни байтақ жерімізді мекен еткен түрлі ұлттардың ауызбіршілігі, бейбіт өмір сүруі жеріміздің бірлігі мен еліміздің тірлігінің айнымас темірқазығы деген сөз.

Туған Отанымыздың экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығының тірегі болған Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 20 жыл. Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Ассамблея осы жылдар ішінде байсалды жолдан өтіп, байыпты тәжірибе жинақтады. Ол еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі берекетіне айналды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде Ассамблея елПрезиденті Төрағалық ететін Конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды және ешбір елде болмаған ерекше,саяси маңызы бар зор құрылым.

«Халықтың бірлігі - біздің барлық жетістіктеріміздің кілті. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік» деп Елбасы айтқандай, көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі және осыған сай Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір. Бүгінгі таңда Қазақстанда 130 астам ұлыс пен этнос өкілдері бірлікте, тату-тәтті өмір сүруде. Әрбір ұлыс пен этностың өзіндік сенім негіздері бар деп ескерсек елімізде түрлі наным-сенім және конфессия өкілдері бар деген сөз.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев бір сөзінде былай деген еді: «Қазақстан – ислам, православие, католицизм, протестантизм, буддизм және иудаизм өкілдері келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп жатқан әлемдегі жалғыз жер». Бұдан шығатын қорытынды санғасырлық тарихи кезеңдерде қалыптасқан діни және мәдени көптүрлілігімен ерекшеленетін Қазақстан тәуелсіздік жылдарында барша әлемге түрлі конфессиялар мен этностардың тату ғұмыр кеше білетіндігін үлгі етіп көрсетіп бере алды. Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім, конфессияаралық келісімнің әлемдік деңгейде мойындалғандығын біз мақтанышпен айта аламыз.

Отанымыздағы бейбітшілік пен келісім, осы елде тұратын барша азаматтарды біріктіретін, туыс ететін диналықтың белгісі – һәм үлгісі. Ертеректе Қазақстанның бүлікшілерді аластататын, репрессияға ұшыраған халықтардың қоныс аударатын мекенінің бірі болғандығы жасырын емес. Тағдыр талайымен жер-жерлерден елімізге қоңыс аударып келген түрлі ұлт өкілдеріне халқымыз қонған, пана болды. Сол халықтар тамырын терең жайып, бұл жерден нағыз Отандарын тапты.
Егемендігімізді әлем таныған бүгінгі күні біз достық мен адами келісім негізінде ғасырлар бойы тұғыры қаланған мемлекет түзудеміз. Бұған сеніммен, құрметпен қараған Батыс пен Шығыс Қазақстанға бірқатар халықаралық ұйымдарға төрағалық ету мәртебелі миссиясын сеніп тапсырды.

Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Шанхай ынтымақтастық ұйымын, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті және Түрік мәдениеті мен өнерін бірігіп дамыту бойынша халықаралық ұйымының атқарушы құрылымын басқарды.

2017 жылы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу жоспарлануда. Қазақстан халқының конфессияаралық келісімнің сақталуының негізі – халықтарының басым көпшілігінің ислам дінін ұстануында десек артық айтдық емес.

Біздің бұл сөздеріміз өзге наным-сенімдерді кемсітушілік емес, керісінше Ислам дінінің діни төзімділік пен сыйластыққа аса мән беруі деп түсінгеніміз жөн. Қазақстан Еуразия жүрегінде діни және мәдени әртүрліліктің үлкен тарихи кезеңінде қалыптасты. Дегенмен де қазақтар мың жылдан астам уақыт бұрын Ислам дінін қабылдады, сондықтан Қазақстан Ислам әлемінің бір бөлшегіне, мұсылмандық оның халқының рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл дегеніміз, мемлекетті құраушы этносқа тән дәстүрлі толеранттылық, оның басқа мәдениеттер мен конфессиялардың өкілдеріне деген ізгі құрметі мен қарым-қатынасы өз кезегінде жаңа мыңжылдықта жас зайырлы мемлекеттің сындарлы дамуы мен алдағы кезеңдегі өркендеуі үшін мықты әрі сенімді негіз бола алды деп сенеміз.

Тәуелсіздікке қол жеткізген осынау жиырма жылдан астам уақыт ішінде елімізде діни институттардың сандық және сапалық тұрғыдан өсеге түскені байқалды. Діни бірлестіктер саны бірнеше есе көбейіп, рухани дәстүрлер жаңғыруда. Жаңа мешіттер, шіркеулер, синагогалар салынуда. Халық арасында дінге сенетін адамдар қатары өсті. Діндер арасында халықтың 90%-дан астамын құрайтын мұсылмандар мен православ христиандарының саны басым.

Бұл үдерістер елімізде рухани жаңғыру, ар-ождан бостандығы, азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді сақтап, нығайтуға бағытталған саясаттың салдары болып отыр. Кейбір шетелдік және отандық құқық қорғау ұйымдарының дін бостандығы бұзылады деген мәлімдемелеріне қарамастан, фактілер керісінше жағдай орын алғанын дәлелдеп отыр. Қазақстанда барлық конфессиялардың өкілдеріне өзінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мол мүмкіндіктер ұсынылған.

КСРО ыдыраған тұста ұлтаралық жанжалдардың алаңы болады деп болжанған Қазақстан - бүгінде ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені. Қазақ халқының сыйластыққа негізделген тарихи тәжірибесі, мейірімділігі мен төзімділігі, осы құндылықтарға негізделген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы ұлт саясаты – еліміздің тұрақты дамуына негіз болып отыр. Әлемдегі елдердің басым көпшілігі көпұлтты болғандықтан, әртүрлі этностардың басын қосу, мемлекеттің тұтастығын сақтау-оның мәдениеттілігінің басты белгісі. Бүгінде ұлтаралық қатынастарды біржақты түсіну жиі кездесіп, көбіне бұл саланы ұлттардың өзара ынтымақтастығы деп ойлағанмен, бұл мәселенің екінші жағы да бар. Жасыратыны нақ, әртүрлі этностар араласқан тұста олардың бір-бірімен шендесуі, бәсекелестігі, араздығы бірге жүреді. Олардың қарама-қарсы мүдделерін үйлестіру, ойларын бір жерге тоғыстырып отыру - үлкен саяси шеберлікті талап етеді.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары ел аумағында Қазақстан азаматтығына ие болған этнос өкілдерінің өзара тату-тәтті өмір сүріп, бейбіт өмір сүруінің алғышарты – ел этносаясатын тұрақтыландырып, экономикасын көтеріп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, бағалау, талдап, зерттеу бүгінгі және келешек Қазақстанның өзекті міндеттерінің біріне айналып отыр.

Қазақстанда уақыт өлшемінен өткен этникаралық және дінаралық келісім үлгісі қалыптасты деп айтуға толық негіз бар. Біздің еліміздегі түрлі конфессиялар арасында орнаған өзара әрекет тәжірибесін халықаралық ұйымдар мен шетелдік әріптестер, соның ішінде БҰҰ, ЮНЕСКО мен ЕҚЫҰ зерттеуде. Халықаралық аренада Қазақстан бейбітшілік аумағы, мәдениеттер мен діндердің диалогы мен жақындасуының алаңы ретінде қабылданады.

Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығындағы ұраны төрт Т: Trust (сенім), Tradition (дәстүр), Transparency (транспаренттілік) және Tolerance (толеранттылық) болғаны белгілі. Бұл схемадағы төртінші компонент -толеранттылық – мәдениеттер, діндер мен өркениеттер арасындағы диалогты нығайту қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан Қазақстан дінаралық диалогтың бастамашысы мен белсенді қатысушысы атануы кездейсоқ емес.

Біздің елімізде көптеген этностар мен діндердің өкілдері тұрып жатыр, олардың өзара әрекеттесуінің үлкен тәжірибесі бар, сондықтан Қазақстанның конфессиялар мен өркениеттердің жемісті диалогы орнаған мекен атануға құқығы бар. Съездерді өткізу Қазақстанды өркениеттер арасындағы диалог алаңына айналуға мүмкіндік берді. Дін лидерлері мен саясаткерлер Астанаға әлем дамуындағы ең өзекті мәселелердің шешімін табу үшін жиналады.

Ал, Қазақстан мәдениетаралық және өркениеттер арасындағы диалогты құптайтын көпұлтты, поликонфессиялық мемлекет ретінде қуатты әлеуетін ұлтшылдық, діни төзімсіздік, нәсілшілдік, ксенофобия және антисемитизмді жеңу үшін пайдаланатын мемлекет.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно