Қаскелең су көздерінің қасиеттері

Қадырова Аружан
«Құқықтану» мамандығының ҚТ-1 тобының студенті
Қасқелең Гуманитарлы-Техникалық колледжі

Ғылыми жетекшісі: химия пәнінің оқытушысы

Калкеева Раушан Амановна

Су туралы ата-бабаларымыз өте ертеден-ақ құнды пікірлер айтқан. Су қазақ халқы үшін философиялық ой түюдің негізі болды. Әлемдегі түрлі жүріп жатқан құбылыстарды су арқылы не сумен салыстыра қабылдады.

«Аққан су тоқтау жоқ,тіршілікте талас жоқ» деген нақыл сөзде әлемдік шексіз дүниенің мәңгілік екенін, олар тоқтаусыз үнемі қозғалыста болатынын ағын сумен салыстырады. «Тау мен тасты су бұзады» деген сөзден судың энергетикалық күшінін бар екенін ата-бабаларымыз қазіргі пайдаланып жүрген су электр станциялар жасалғаннан бұрын айтқанын аңғарамыз. Бабаларымыз судың құдретті күш екенін ертеден аңғарып, оны қорлауға ластауға болмайтынын ескеріп, экологиялық тазалық жағына көңіл бөледі. Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі-су. Су-өмірі көзі, жер нәрі, тіршілік көзі организім өмір сүре алмайды. Өйткені барлық тіршілік көзі организмдегі суға байланысты. Су-тіршіліктің тірегі. Сусыз тіршілік болмайды. Оны мына өлең жолдарынан көруге болады.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын

Судың біздер біле тұра маңызын

Су жоқ болса тіршіліктің тамам бауырым

Көп болған соң ұмытамыз қадірін

Су жердің геологиялық тарихында, тіршіліктің пайда болуында, ғаламшарда климаттың қалыптасуында аса маңызды рөл атқарады. Су-іс жүзінде барлық технологиялық үрдістердің міндетті компоненті. Судың ең басты функциясы тіршілікті қамтамасыз ету деуге болады.

Тірі организм жасушасының 80%-ы судан тұрады. Су-табиғаттың ажары байлығы. Ата-бабаларымыз есінен танып қалған адамды су бүркіп , емін жидырып отырған. Егер организімге су жетпесе, дене құрғап, көз алайып,ерні кесеріп, тіл тобарысып, тіршілігін жоғалта бастайды.

Тіршілік маңызды нәрселердің бірі су екеніне көз жеткізген халқымыз өмір болмасында «Су да болса сыйласып іш», «Судыңда сұрауы бар» деп суға қатысты мәселелерді өмірдегі тіршілікпен байланыстырып, қарым-қатынас жүйесінде «Cу-өмір нәрі» екнін айтып, табиғат алдында міндет жүктейді. Су-қасиетті зат. Ол қасиетін халқымыз ертеден білген, өйткені сумен жуынғанда адам дненесінде және жан дүниесінде мынандай он түрлі қасиет пайда болады деп есептеген.

1.Ақыл-ойы анықталалды.

2.Адам бетіне жас өң береді.

3.Cергектік.

4.Денсаулық.

5.Күш.

6.Сұлулық.

7.Жасалу құбылысы.

8.Тазалық.

9.Адам терісі жұмысарып, әрленеді.

10. Сұлу әйелдер көңіл аударады. Осыдан барып «Судай сұлуға жолық» деген алғысты қанатты сөз шыққан.

Судың құдіретін, қасиетін, адамзат баласы өте ертеден-ақ біліп, оған табынғанын мына қызықты материалдан байқаймыз: ертедегі қытай медицинасы басты ұстанымға негізделген, ол- Ян және Ин.Ян жылылықтың белгісі болса, Ин-ылғалдылықтың. Суықтың белгісі. Адам организімінде Ян (жылылық) Инен (ылғалдылық) басым болса, денсаулық пайда болады.

Ертедегі грек философиясының негізін салушылардың бірі Милттен шыққан Фалес (VII-VI.б.ғ.д.) «Су-мәңгі қозғалыстағы барлық дүниенің түп негізі» деген. Жер бетінің 2\3 бөлігін және адам денесінің 2\3 бөлігін су алып жатыр. Жер бетіндегі өсімдік, жануарлар алғаш даму кезеңінде суда тіршілік етіп, кейін құрлыққа бейімделген. Су-табиғаттың керемет туындысы. Судың жер бетінде таралуы бір келкі емес. Қазақстанның өзінде Бетпақ дала, Қарақұм, Қызылқұм тәрізді сусыз аймақтар болғанымен, солардың өзіне тән тіршілік болмысы бар. Кейбір елдер суды көрші елдерден тасып тіршілік етеді. Гонконг ел суды Қытайдан алады. Алжир елі тасымал суды пайдаланады. Су Греция, Югославия елдерінде де жетіспейді. Қазақстан да су жетіспейтін аймақтар бар. Атырау, Ақтау аймағының көп елді мекендерінде су тасымалданады.

Қазақстан жерінің басым бөлігінде өзен-көлдер, сулар жеткілікті. 85 мыңдай көл, 47 мыңдай үлкен-кішілі өзендер бар.

Қазақстанның шығысы, оңтүстік-шығысы, оңтүстігі өзен- суларға бай болып келеді. Орталық, Батыс Қазақстан өңірінде су тапшылығы түп берген.

Адам мүшесінің көпшілігі судан тұрады. Қанның-90%, бұлшықеттің-75%судан тұрады, сүйектің өзінде 28% су бар. Организм үнемі сумен жаңаланып, толықтырылып тұрады. Тасбақа организімі жылда, түйе организімі 3 айда, адам организімі 1айда жаңаланады. Адам сусыз 3күн, тамақсыз 1ай тіршілік ете алады. Осы мәліметтен-ақ адам өмірінде судың маңызы кушті екенін көреміз.

Жасушадағы химиялық қосылыстардың ішінде су бірінші орын алады. Жасуша салмағының 75%-ға жуығы судан тұрады. Су –тіршіліктің көзі, әсіресе жасушадағы зат айналым әрекеттерін жетілдіруге маңызды рөл атқарады, оны мына қасиеттерінен көруге болады. Мысалы:

1.Су өзара (когезия) және босқа заттармен (адгезия) қосылуға икемді келеді.

2.Су-еріткіш. Басқа сұйықтармен салыстырғанда заттар суда жақсы ериді.

3.Сусың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары болды. Тірі организмде жүріп жатқан химиялық реакциялардың нәтижесінде бөлінетін жылудың белгілі бір мөлшерінде денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға шығарылып отырады.

4.Судың қайнау температурасы жоғары болғандықтан, жер бетіндегі судың қайнап кету және сутекті байланыстың үзілуі өте сирек кездеседі, ал мұның өзі тірі организмдердің қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Тірі организмдердің тіршілігінде судың биологиялық маңызы зор.

Адам организіміне келіп түсетін тіршілік үшін маңызы зор заттар (нәруыз,майлар, минералды тұздар ,дәрумендер және т.б.) үшін су-негізгі еріткіш. Тіршіліктің негізін құрайтын зат алмасу үрдісі сулы ортада өтеді. Адам денесінің 60%-ға жуығы суда тұратын соның дәлелі. Су организімнің жасушасынан өңделген зат алмасу өнімдерін жуып, бүйрек арқылы зәрмен бірге сыртқа шығады. Күн сайын ересек адам 3 литрден астам су ішеді.

Барлық қабылдаған су алмасу үрдісіне қатыса отырып, адам организіміне бүйрек,өкпе және тері арқылы бөлініп отырады.

Сыртқы ортаның қалыпты жағдайында дені сау ересек адам зәрі арқылы тәулігіне 1-1,5 л суды, өкпесі арқылы тыныс алғанда бу түрінде 0,5 литрге жуық, тері мен тері бездері арқылы қоршаған ортаның климаттық жағдайына және орындалатын жұмыстың ауырлығына қарай 0,5-тен 10 литрге дейін су бөліп шығарады. Мысалы, бөлме температурасы жағдайында орташа жұмыс істейтін адам тәулігіне 8-10 литрдей су жоғалтады.

Адам судың жетіспеуін көтере алмайды. Егер ол 1-1,5 литр суды жоғалтса, шөлдейді,әлсірейді, жағдайы нашарлайды, яғни организімнің физиологиялық үрдісі бұзылады. Қоршаған ортаның темпиратурасы жоғары болса, организім қызып кетіп, жылу немесе күн тиіп ауырады.

Ішетін су барлық санитарлы тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады. Тазалық жөнінен су мөлдір,иісі, дәмі жоқ болып, ең бастысы, құрамында организім үшін зиянды химиялық заттар және ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс. Сонымен қатар адам үшін судағы құрамында хлордың, темірдің, күкірттің, марганецтін, мыстың, мырыштың және басқада химиялық заттардың құрамы мен мөлшерінің де мәні зор. Ішетін судың құрамында хлордың, темірдің, күкірттің, марганецтің, мыстың,мырыштың және басқада химиялық заттардың қоспалары бар. Олардың суда еріген күйін белгісі иісі, дәмі, түсі, мөлдірлігі, лайлығы арқылы анықтауға болады. Көп жағдайда судың осы қасиеттері бойынша оның санитарлық тазалығы жөнінде қорытынды беріледі. Су көздерін зерттеген кезде эндимикалық ( сол аймаққа тән) бөтеке ауруларының жиілігі мен судағы йодтың арасындағы тәуелділік анықталды.

Тәулігіне адам организіміне қажет 100-200 микрограмм йод, көбінесе, жануар мен өсімдік өнімдерін тамаққа пайдаланғанда және аздаған мөлшерде йод адамда эндимикалық бөтеке ауруын пайда болуын анықтауда үлкен рөл атқаратынын ғалымдардың зерттеулері көрсетеді.

Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша Қазақстанның оңтүстік өзендері мен Алтайдың суларындағы йодтың концентрациясы 9,34мг\литрге дейін жетеді. Қазақстандағы Бұтырма өзенінде йодтың ғана емес қобальттың, никельдің және молибденнің азайып кеткені анықталды.

Ішетін судың құрамында фтордың мөлшері шамадан көп аудандарда тұрғындарда арасында флюороз (тіс кіреукесінің дақтары) аурулары жиі кездеседі, ғылыми зерттеулердің көрсетулердің бойынша судағы фтордың мөлшері 1,5мг\л болса, флюороз ауруымен ауыратын адам сирек кездеседі.

Сондай-ақ судағы фтор мөлшерінің төмендеуі тұрғындардың арасында тіс жегісі (кариес) ауру туғызатынын көрсетеді. Мысалы, Зыряновск қаласының жер асты суларындағы фтордың мөлшері 0,22-14мг\л, тіс жегісімен оқушылардың 52,8%-ы ауырады. Қостанай қаласының ішетін суларында 0,4 мг\л фтор бар, оқушылардың 72%-ы тіс жегісімен ауырады.

Ашық су қоймаларынан келетін су құбырындағы суда фтор өте аз мөлшерде, яғни 0,17мг\л дейін болады да, тіс жегісі ауруымен тұрғындардың 65-75%-ы ауырады.

Ішетін суда және азық-түлікті кадмий мен марганецтін болу қан қысымының жоғарлауына әкеледі. Сонымен қатар осы аурудың пайда болуына ішетін судың кермектігі (15-25,0мг\л-экв\л) улкен себебін тигізеді.

Минералды құрамы жоғары суларды пайдалану көп жағдайда ас қорыту жүйесінің ауруларды туғызады.

Осы ішетін сулардағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай кейбір су көздерінің емдік қасиеттері де бар. Мысалы, Шымкент облысында Сары-ағаш су көзі ас қорыту жүйелерінің түрлі ауруларына бірден-бір ем.

Ішетін судың зат алмасудағы маңызы да, оның құрамындағы химиялық заттар мөлшерінің адам мен жануарлардың денсаулығы үшін атқаратын рөлі өте зор.

Біздің өңір-Қазақстанның оңтүстік-шыңысындағы Жетісу өлкесі «Жер жанаты-Жетісу» ақын-жазушылар жырлап келе жатқан жер. Дәлірек айтсақ, Алакөл ауданындағы Лепсі өзенінің оң жақ жағалауында жайғасқан бұрынғы Сарат, қазіргі Қаскелең ауылы Көл табаны деп те аталады. Осы ауылдың дәл ортасынан 170м тереңдікте жоғары қысыммен шығып жатқан ғажайып тұшы су артезиан суы деп аталады. Осы қасиетті суымыздың сапалы дәрежесі қандай? Ауыз суға қойылатын талаптарға сәйкес пе? Деген сұрақтарға жауапты зерттеу бөлімінде дәлелдеймін.

Эксперимент бөлімі.

Қаскелең ауылындағы жер астынан шығатын (артезиан) суының биологиялық, химиялық қасиетін сипаттау үшін химиялық құрамын зерттедік. Зерттеу жұмысы Қазақ ұлттық педагогика университетінің химия және химияны оқыту әдістемесі кафедрасының зертханасында және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігінің санитарлық-гигиеналық зертханасында жүргізілді.

Қаскелең ауылының суы ыдыстарға құйылып, әр түрлі әдістер көмегімен химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері зерттеледі. Мысалы, 20% С-тағы иісі, дәмі, мөлдірлігі және олар ауыз суына қойылатын талаптарға сәйкес екендігі анықталды.

Қаскелең су көздерінің қасиеттерін зерттеу нәтижелері 1кестеде көрсетілген

Химиялық құрамы фотоэлектрокалориметр (ФЭК)көмегімен, яғни соңғы шыққан (КФК) аспабымен анықталады. Фотоэлектрокалориметр-КФК. /сурет 1/

Қаскелең су көздерінің қасиеттері


1-цифрлі панель. 2-дискіге орнатылған түсті светофильтр,светофильтрлерлер шкаласы. 4-кювет ,ұстағыштар- 5, 6-фотоэлектрлік құрылғы тұрақты тоқты көбейтеді. Бұл әдіс әр түрлі боялған ерітінділердің сәуле сіңіру қасиетіне негізделген. Ерітінді құрамына орай сәулені сіңіру қасиеті болады, ол ерітінді концентрациясына тура пропорционал, оны оптикалық тығыздығы деп атайды. «Д» деп белгіленеді. Бұл әдісті қолдану үшін алдымен концентрациясы нақты белгілі стандартты ерітінділлер сериясы(5-6) даярланады. КФК көмегімен ол ерітінділердің оптикалық тығыздығы анықталады.

Содан соң ерітінді концентрациясын мг\моль ординат өсіне, ал оптикалық тығыздықтың ерітінді концентрациясына байланыстығын көрсететін «градирлеу сызығын» алады. Енді зерттеу керек болған ерітіндінің оптикалық тығыздығын анықтау арқылы, оның концентрациясын экстрополяциялап табуға болады. Біз осы әдіспен судың құрамындағы темірдің, мысты анықтадық. Ал судың қышқылдығы темірдің, рН-метрдің көмегімен анықталды.

*рН-340 приборының алдыңғы панелі.

1-ші шкала. 2, 3, 4, 9-тұтқалары 5-бақылау лампасы. 6,7,8-резисторлар. Су құрамындағы қалған көпшілік иондарды санитарлық-гигиеналық зертханада жүргіздік. Зерттеу нәтижелері 2-кестеде келтірілген.Кестеден көріп отырғанымыздай, судың рН-6, 7, яғни бейтарап ортаға таяу, жалпы кермектігі-3, 3. Демек, жұмсақ, натриттер жоқ, нитраттың мөлшері де шамалы -3,5, аз хлоридті екені анықталды. Бұл судың құрамында қасиетін озгертіп, бұзылуына, борсуына соқтыратын органикалық химиялық заттар жоқ екенін, оның тотығу қасиетін зерттеу көрсетті, ол-0,08. /Кесте2/

Қаскелең су көздерінің қасиеттері


Корытынды

Су құрамындағы металл иондарын зерттеу,онда улы иондардың AI, Hg, As, Pb, Cd жоқ екенін яғни судың экологиялық тұрғыдан тазалығын дәлелдейді.

Қорытынды. Сонымен, Қаскелең суын зерттеу судың өте жұмсақ, ауыр металдар мүлдем жоқ, дәрілік қасиеті бар экологиялық таза екенін көрсетті.

Осы әдіспен пайдаланып, басқа да су көздерін зерттеп, олардың тазалығы, экологияға, жан-жануарға, адамға әсері туралы өте қажет қорытындылар ұсыныстар жасауға болады.
 

Қаскелең су көздерінің қасиеттері

скачать dle 11.0фильмы бесплатно