Қазақстандағы бұқаралық спорттың дамуы

Жумагалиева Мадина Ермековна
10 А класс
СШ №13

Научный руководитель: учитель истории
Адилова Жангуль Даулетхановна

Қазақстандағы бұқаралық спорттың дамуы

 

Қазақ халқының денсаулыққа, дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, қырағылыққа, мергендікке, көңіл- күйді көтеруге арналған, осы кездегі дене тәрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археологиялық деректер дәлелдейді. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда тоғыз-құмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қаласынан 30 шақырым жерде археологтар тоғыз-құмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін тапты. Түрік қағанаты дәуірінде Қазақстан жерінде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда әнші-күйшілер, шабандоздар, садақ атушылар, балуандар және басқада өнер иелері бас қосып отырған. VІІ ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесіне, оның ішінде ұлттық спорт ойындарына ерекше көңіл бөлгенін көрсетеді.

Ежелден қазақ халқы садақ ату, бәйге, күрес, көкпар, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысу арқылы денені шынықтырып қана қойған жоқ, сондай-ақ өздерін рухани жағынан да жетілдіріп, білімдерін толықтырып отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерін, әр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп отырған. Әр жүздің, рудың өз спорт шеберлері болған. Олар рудың, елдің намысын қорғап отырған. Оларға халық ерекше құрметпен қараған, үлгі тұтқан.

Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен қыруар жұмыстар атқарылды. Елбасы спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. 2010 жылғы «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Н.Назарбаев 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуды міндеттеген болатын. Еліміздегі спорттық инфрақұрылымды дамытуға «Жолкартасы» бағдарламасы игі ықпалын тигізді. Осы бағдарламаның аясында былтыр жоспарланған 56 спорт нысанының орнына үнемделген қаражат есебінен 12 облыста 64 нысан жөнделді. Бүгінде елімізде 31 мыңға жуық спорт нысаны бар. Дене шынықтырумен, спортпен тұрақты шұғылданатын қазақстандықтардың қатары 380 мың адамға көбейіп, олардың жалпы саны 2 миллион 900 мың адамға жетті. Бұл – халықтың 17,7 пайызы деген сөз. Былтыр барлығы 17 мыңнан астам спорттық-бұқаралық шаралар өткізілсе, соның жартысынан астамы ауылдық жерлерде ұйымдастырылды. Бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту – ерекше маңызға ие болып отыр. Елдегі бала туу көрсеткіштерінің төмендігі, жүрек-қантамырлары ауруларынан, нашақорлық пен алкоголизмнен зардап шегушілер мен өлім-жітімнің артуы, физикалық және ақыл- ой тұрғысынан дамудың тежелуі, айналып келгенде, ұлт қауіпсіздігіне, халықтың санасы мен парасатының өсуіне, рухани дамуына қауіп төндіретін факторлар. Осының бәрі жиналып келіп Қазақ елінің экономикалық өрлеуіне, саяси тұрақтылығына, халықаралық беделінің артуына да залалын тигізбей қоймайды. Сондықтан, саламаты өмір салтын мемлекеттік саясаттың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақсаттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс. Қазақстандағы бұқаралық спорт – әркімнің жеке басына тәуелді іс. Бүгінгі халық теннис кортына, бассейнге, фитнес залдарына барғысы келеді. Бірақ оны екінің бірінің қалтасы көтермейді. Десек те, аталмыш нысандарда денсаулықтан бұрын жан рахаты көзделетіні жасырын емес. Ал біздің мамандар халықты спорттың мейлінше қол жетімді түрлеріне тартуы тиіс. Мәселен, таңертеңгілік жүгіріп немесе ауладағы алаңқайда доп қуса, несі бар?!. Бұқаралық футболға шығынның да керегі шамалы. Ең бастысы – ниет пен көңіл болса болғаны. Ойындарды жүйелеу арқылы оларды қолдану кезінде ойнаушыларды жынысына, жасына қарай бөлу, олардың дене-күш даму ерекшелігін, мінез-құлқын ескеру арқылы ойнаушыларды топқа бөлу, оқу-жаттығу ұзақтығына нықтау, жыл мезгіліне бөлу сияқты қажетті шараларды іске асыруға мүмкіндік туады. Ойындарды жүйелеу, топтау, барлық ойындар туралы алынған ақпаратты біржерге жинақтауға және осы ақпаратты ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жүйелеудің басты ерекшелігі ойын түрлерін спорттық ережесі қалыптасқан және ережесі қалыптаспаған жалпы ойындар деп бөлуді негіз етіп алдым. Ондағы басты мақсатымыз спорттық ойындарды бөліп алу болса, болашақта спорт түріне айналған ойын түрлерін осы жүйеге енгізіп отыруға мүмкіндік ашу, өзара араласып кетуіне жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің 2008 жылдың ақпараты бойынша республикада ұлттық спорт пен ойындардың, оның ішінде бәйге түрлері, жорға, көкпар, қызқуу, аударыспақ, салма-теңге ілу, қазақ күресі, тоғыз-құмалақ, саятшылық, асық, бестас, жаяу жарыс, арқан тарту, садақ ату, Хан дойбысы түрлері бойынша жарыстар өткізілген. Республика бойынша 200 спорт мектептерінде ұлттық спорт бөлімшелері жұмыс істейді. Оның ішінде қазақ күресінен 150 мектеп, тоғыз-құмалақтан 100 мектеп, ат спорты түрлерінен 5 мектеп жұмыс жасайды. Жалпы ұлттық спорт түрлерімен шұғылданушылар саны - 95 087адам, оның ішінде ұлттық ат спорт түрлерімен - 15 111 адам (ауылдық жерде-9 605адам), қазақ күресімен - 36 102адам (ауылдық жерде-25 460), тоғыз- құмалақпен - 36 643адам, (ауылдық жерде-23 009). Саятшылық және басқа спорт түрлерімен - 7231 адам айналысады. Жаттықтырушылар саны - 1488 адам. Бұл жалпы халықтың 0,6 пайызын құрайды. Республикада 100-ден аса спорт түрлері (Олимпиадалық, ұлттық, техникалық және басқалары) насихатталып, дамуда. Осы спорт түрлері арасында ұлттық спорттың алатын орны 3 кестеде көрсетілген. Сүрет – 4. Ұлттық спорт түрлерінің секциялар, топтар көрсеткіші кестеде берілді. Осы көрсеткіштерден Алматы, Астана қалаларында, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында ұлттық спортты дамыту барысы әлі төмен екендігін көруге болады. Елбасы Туризм және спорт министрлігі мен барлық деңгейдегі әкімдерге елімізде бұқаралық спорт пен денешынықтыру ісін дамытуға бағытталған ортақ шараларды белгілеу туралы нақты тапсырма берді. Және ұлт денсаулығының келешегі үшін, үлкен спортта үміт артатын болашағымыз үшін біз бұл міндеттерді бірлесе атқаруымыз керек. Алғашқы мемлекеттік бағдарлама 2001 – 2005 жылдар аралығын қамтыса, екінші бағдарлама 2007 – 2011 жылдар аралығына арналды. Екінші бағдарлама бойынша елімізде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, дарынды балаларға арналған өңірлік спорт мектеп-интернаттары, олимпиадалық ізбасарлар даярлау орталықтары көбейіп, жекелеген спорт түрлері бойынша республикалық, өңірлік мамандандырылған спорт орталықтары құрылды. Бұқаралық спорт дегеніміздің өзі – спортпен жүйелі шұғылданатын адамдар мен спорт түрлерінің дамуы. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдер бұл көрсеткішті 30 және одан да көп пайызға жеткізуге ұмтылуда. Саламатты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса маңызды. Мұның адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмысын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз. Қазір бізде, Қазақстанның барлық өңірлерін қосқанда, жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық шаралар өткізіледі. Бірақ, бұл – аз, жер-жерде: ауылдарда, үлкенді-кішілі қалаларда, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйым-мекемелерде тың бастамаларға жол ашу қажет. Жарыстар, спартакиадалар мен универсиадалар, басқа да спорттық бәсекелерді бірмезгілдік шара күйінде қалдырмай, жүйелі, тұрақты, жыл сайын өтетін дәстүрге айналдырғанымыз абзал. Және мұны әркім өзінен, өз шаңырағынан бастауы керек. Спортты дамыту үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі механизмін іске қосып, қаржылы кәсіпорындарды спорт нысандарын салуға, спорт саласын қаржыландыруға тарту қажет. Спорттың дамуы, оның ішінде маңызды спорттық жетістіктер мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық ілгерілеуіне де байланысты. Мемлекет спорт саласына тиісті деңгейде қолдау көрсетсе, спортшылар да тиісті дәрежеде дайындалып, соның арқасында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізе алады. Спорттың даму деңгейі мен халықтың денешынықтыруға деген немқұрайдылығы экономикалық өрлеуге кері ықпалын тигізуі мүмкін. Әрине, мейлінше дені сау, даярлығы жан-жақты халық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да барынша үлес қосады. Сондықтан, бұқаралық спорт бүгінгі Қазақстан қоғамын алға жетелеу және ұлттық стратегиялық мүдделерге жету үшін ауадай қажет.

1 кесте – Қазақстанда дамыған спорт түрлері арасында ұлттық спорт түрлерінің арасалмағы (% көрсеткіші)

ҚР барлық спорт саны

Спорт

Жаттығушы-

 

%

Жаттықтырушы,

%

 

 

түрлерінің

спортшылар

 

пайыз

бапкерлер жалпы

пайыз

 

 

саны

жалпы саны

 

 

саны

 

Олимпиадалық ойындарға

49

179630

 

100

6706

100

кіретін спорт түрлері

 

 

 

 

 

 

Олимпиада ойындарына

64

224791

 

100

8667

100

кірмейтін спорт түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық спорт түрлері

 

 

 

1

Қазақ күресі

 

12901

 

5,7

544

3,5

2

Тоғызқұмалақ

 

37000

 

9,1

516

3,3

3

Ат спорты

 

17536

 

4,3

219

1,4

4

Саятшылық

 

82

 

0,02

3

0,019

5

Cадақ ату

 

20

 

0.004

2

0,013

Барлығы

 

67519

 

19,1

1282

8,2

 

Республикадағы бес ұлттық спорт түрлері бойынша жаттығушылардың саны пайыздық көрсеткіші 19,1%, ал жаттықтырушы – бапкерлер көрсеткіші 8,2 % - ға тең. Осы кестедегі көрсеткіш Елбасы Н.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты 2020 жылға дейін 30% көтеру қажет деген тапсырмасын орындау үшін енді қаншама жұмыс істеу қажет екендігін көрсетеді.

Қазақстандағы бұқаралық спорттың дамуы

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы, ҚР «Білім туралы» Заңы//2007, Егеменді Қазақстангазеті, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1245 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары».

2. Құлназаров.А. Қазақстан спорты және бұқаралық денетәрбиесіндегі ұлттық ойындар орны, 22.01.2008.

3. Байдосов Қ.Р., Мұхитдинов Е.Д., Жалмағамбетов А.А. Палуанның жан-жақты дайындығы. – Қазақша күрес: оқу құралы. Қазақ физкультура институты. – Алматы, 1987жыл.

4. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы». – Кітап, 2006жыл. 275б.

5. Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері». – Білім, 2003жыл. 198б.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга