Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Құтты болсын, Жаңа Жыл!

Нашкенова Айгуль Хабызовна
Учитель английского языка
Букенчинская СОШ

Құтты болсын, Жаңа Жыл!

 

/Он Қарша қыз ортада билейді.Би аяқталар кезде Аяз Ата мен Ақшақар шығады/

Аяз Ата: Ақ қырауға малынған,

Сақалым да ,мұртым да

Аяз Ата сағынған

Сәлем берем жұртыма. /иіліп сәлем береді/

Ақшақар:Амансыңдар ма,ұлағатты ұстаздар,балалар!Бүгін сіздерде Жаңа Жыл мерекесі тойланып жатыр деген соң Аяз Ата екеуіміз әдейілеп келдік.

Мына жер неге жым-жырт,кеш әлі басталмаған ба?

Жүргізуші /Ислам/:Аяз Ата,Ақшақар қош келдіңіздер!Сіздерді көрмегелі бір жыл болды.Сағынып қалдық.

Жүргізуші /Жанар/:Армысыздар,бармысыздар құрметті халайық!Жылдағы дәстүрмен жаңа жылды думандатып қарсы алу үшін шырша маңына жиналып қалыппыз.Қош келдіңіздер!

Жүргізуші /Ислам/: Аяз Ата ,Ақшақар бүгін өнер көрсететін балалар өзара келіспей жатыр.

/Дауласып Ерзат пен Нұршат шығады/

Ерзат:Менікі дұрыс.Ұлдар қайдасыңдар?/Ұлдар шығады/

Ұлдар:Жекпе-жек.Біз қыздарды жаңа жылдық жекпе-жекке шақырамыз.

Нұршат:Қыздар!/қыздар шығады/Қыздар, бізді тартысқа шақырып жатыр.Не дейсіңдер?

Қыздар:Біз дайынбыз.Сендерге керегі «battle» ма?«Вattle» болса, «battle».Тек жеңіліп қалып,өкініп жүрмеңіздер!

Жүргізуші І/Ислам/: Не болып кетті?

Ақшақар :Бүгінгі кеш қызықты болатын сияқты.Менің тапсырмаларым да дайын.Ата сіз не дейсіз?

Аяз Ата :Қарша қызым,сүйіктім,

Тартыс көруге қызықтың?

Көрдік тойдың қызығын,

Көргенім жоқ бұзығын

Көрейік мына тартысты.

Жүргізуші /Жанар/:

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй шертіліп,ән салынады.

Қошеметпен,қол соғып отырайық,

Ұмытарсыз жыл бойғы шаршағанды.

Жүргізуші /Ислам/:

Шалқытып мерекеде ән салайық

Өнерпаз ұл-қыздарға тамсанайық.

Бүгінгі кештің нағыз көркін ашар

Қыздар мен ұлдарды қарсы алайық.

Жүргізуші /Жанар/:қыздар тобын таныстырады

Күлімдеген көздері

Сары алтындай сөздері

Қарша қыздар тобының

Шетінен сұлу өздері.

Жүргізуші /Ислам/:ұлдар тобын таныстырады.

Шеттерінен дарынды

Жүректе от,көздерінде жалын бар.

Жігіттер тобын халайық

Қол соғып қарсы алайық.

Жүргізуші /Жанар/:Шайқас басталды.Ұлдар мен қыздар дайындала беріңіздер./Сахнадан шығады/

Ақшақар : Ең алдымен ұлдар мен қыздар өз өнерлерін көрсетсін.Әділ қазы –көрермен,сіздерсіздер.Жеңімпаз сіздердің шапалақтарыңыз бойынша анықталады.

Жүргізуші /Ислам/:Аяз Ата ,төрге шығыңыз.Дем алып,балалардың өнерін көріңіз.

Жүргізуші /Жанар/: Жаңа жыл келіп ортамызға

Мол дастархан сыйласын баршамызға

Таусылмасын бақыт пен құт –береке

Жақсы тілек тілейік ұл-қызымызға –деп сөз кезегін мектеп директоры С.С.Карамурзинге береміз.

Жүргізуші /Ислам:Ұлдардың өнерін тамашалайық.

/9-11 сынып ұлдары флеш моб үлгісінде попурри билейді/

Жүргізуші /Жанар/:Қыздардың жауабы ретінде 9-сынып қыздарының биін ұсынамыз.

Заманауи би.

Жүргізуші /Ислам/:Екі топты да ортаға шақырамыз

Жүргізуші /Жанар/: «Қарша қыздар» , «Жігіттер»

Жүргізуші /Ислам/:Ал,қазір әр топ жаңа жылдық ертегі кейіпкерлерін бейнелеп,іс-қимылмен қорғаулары керек.

/Әр топ өз кейіпкерлерін шығарады.Музыкамен ұлдардан Буратино, қыздардан Мальвина шығады.Көрермен арасынан үш қыз,үш ұл алып шығып, «Маска» ойынын ойнатады./

«Маска»ойыны:Қыздар жаңа капрон колготкиді кеседі де,ұлдардың басына кигізеді.Ақырындап тартады.

Жүргізуші /Жанар/:Шайқас жалғасады.Қазіргі бөлім «Мен саған,сен маған» деп аталады.Әр топ өздері дайындап келген сыйлықтарын тапсырады. Сыйлық қолдан жасалған болуы керек.Сыйлықтың ерекшелігі,маңыздылығы бағаланады.

/Топтар сыйлықтарын табыстайды.Фея шығады/

Фея:О,неткен тамаша!Мына жер қандай әдемі!

Армысыңдар,бармысыңдар,құрметті халайық!Жаңа Жыл құтты болсын!

Бәріңізге Жаңа жыл бақыт жылы,бейбіт жылы болсын!Мен,Фея,сіздермен бірге бір ойын ойнағым келіп тұр.Ол ойын сиқырға толы.

Жүргізуші /Ислам/:Фея,ойыныңа мектеп ұстаздарын шақырайық.

Жүргізуші /Жанар/:Тұрған соң үлгілілер қатарында

Есімі сан озықтың аталды да,

Өзі ақын,өзі шебер сан салалы

Гүлмира апай Калиахметова

Гүлмира бар екінші Сарсенбина

Зауредей апамыз бар Асанова

Баршагүлдей апайымыз Танбаева

Индирадай апайымыз Хасанова

Фея:Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен,ақ ниетпен қарсы алады.Сіздер өздеріңіз Қой жылынан не тосып тұрғанын білгілеріңіз келеді ме?Мен сіздерге айта аламын.

/Мұғалімдер суретті карточкалар алады/

Кітап- өз мамандығыңыз бойынша біліміңізді көтеріп,үлкен жетістікке жетесіз.

Ақша - 2015 жыл сіз үшін табысты болады.

Теңіз– шетелге демалуға барасыз.

Машина– жаңа автокөлік иесі атанасыз.

Кілт-жаңа пәтер сатып аласыз.

Жүргізуші /Ислам/:Фея,қазір ұстаздарымыздың тілегін естісек.Қарсы емессіз бе?

Фея:Қарсы емеспін.

/Ақшақар лоторея ұтысы салынған қапшықты алып шығады/

Ақшақар: Ұстаздар арасындағы лоторея ойнатылады.Лоторея ұтысын ойнатуды сіздерден сұраймын./5 ұтыс/

Жүргізуші /Жанар/:Ұтыстарыңыз құтты болсын!Қазіргі 11-сынып оқушысы Оразбаев Диастың орындауындағы ән сіздерге арналады.

Жүргізуші /Ислам/:Қазір жас мұғалімдерді ортаға шақырамыз.Ол ойынды Ақшақар ойнатады.

Ақшақар: «Әріптер» ойыны.Шарты: Мен қойған сұрақтарға жауаптарыңызды таңдаған әріптеріңізден басталатындай жауап берулеріңіз керек.

6 мұғалім: Ф,З,Ж,Ш,Қ,Е.

Бүгінгі кешке не үшін келдіңіз?

Кешке қалай келдіңіз?

Кеш ұнап жатыр ма?Несі ұнады?

Шырша немен безендірілген?

Кештен кейін не істейсіз?

Жаңа Жылды қайда қарсы аласыз?

Жаңа Жылдық тілек.

Ақшақар :Ұстаздар арасындағы лотореяны жалғастырамыз. Лоторея ұтысын ойнатуды сіздерден сұраймын./5 ұтыс/

Жүргізуші /Жанар/: Ұтыстарыңыз құтты болсын!Қазіргі 11-сынып оқушысы Алжанова Жанардың орындауындағы ән сіздерге арналады.Тартыс ережесі бойынша ән «ақша қар» тобының атынан.

Ән: «Жаңа Жыл»

Жүргізуші /Ислам/:Тартыс жалғасуда.Екі топты да ортаға шақырамыз.

Жүргізуші /Жанар/:Келесі кезең –аспаздық.Топтар жаңа жылдық салат әзірлейді.

Жүргізуші /Ислам/:Іске сәт!Кірісіңіздер!Уақыт кетті.

Жүргізуші /Жанар/:Ақшақар мен жігіттердің салаттары дайын болғанша, көрермендермен ойын ойнайық.

Жүргізуші /Ислам/:Сұрақтар қоямыз.Дұрыс жауап берген оқушыға Аяз Атаның сыйлығы бар.

Сұрақтар:

Дем алады,өседі,бірақ жүре алмайды? /өсімдік/

Теңізден қандай тастар табылмайды? /құрғақ/

Не нәрсе сенің меншігің,бірақ оны сенен гөрі басқалар көбірек айтады?/адамның аты,есім/

Көзіңмен көресің,бірақ ұстай алмайсың? /көлеңке/

Жүргізуші /Ислам/:Уақыт аяқталды.Салаттарыңызды таныстырыңыздар!

Көрермен бағалайды.

Одан әрі ұлдар мен қыздардың «Тартыс» биі./Маржан Арапбаева мен Қайрат Баекеновтың «Жігіттер мен қыздар» әнінің барысымен/

Ерзат:Балалар,біздің мұнымыз дұрыс емес.

Назгүл:Дұрыс айтасың.Одан да бірігіп,Жаңа Жылды қарсы алып,бірге өнер көрсетейік.

«Достық» биі.

Жүргізуші /Жанар/:Бәсе,біздің мектеп оқушылары үнемі бірлігімен, достығымен,ауызбіршілігімен көзге түсетін.Енді бәрі орнына келді.

Аяз Ата :Балалар,бізді басқа жерлер де тосып отыр.Осылай бірліктерің жарасып,биіктерден көріне беріңіздер.Келесі жылы кездескенше!

Ақшақар:Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін!Сау болыңыздар!

Жүргізуші /Ислам/:9,11-сынып оқушыларының дайындаған әзіл-ысқағын тамашалайық.

«Күлкі терапиясы»

Жүргізуші /Жанар/:Өнер көрсеткен ұлдар оқушылар арасындағы лотореяны ойнатады./10 ұтыс/

Ән «Сен келерсің».Орындайтындар: Апырбаев Е.,Тусупбеков И.

Ән «Кел,Жаңа Жыл!» Орындайтын:Қаджымұратов Ә.

8-11 сынып оқушылары түгел шығып билейді./қолдарында бенгаль шамдары/

Жүргізуші /Ислам/:Келген жаңа жылымыз бақ жылы,бақыт жылы болсын! Жүргізуші /Жанар/: Жаңа жыл құтты болсын,

Дендерің сау,мықты болсын!

Аман-есен болайық,

Баршамызға тілегім осы ,халайық!

Құтты болсын, Жаңа Жыл!

 

Құтты болсын, Жаңа Жыл!

 

Құтты болсын, Жаңа Жыл!

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Современные инновации в образовании

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга