Сценарий «Қош келдің, Жаңа Жыл!»

Такеева Ляззат Казиевна
Музыкальный руководитель
ГККП детский сад №3 «Иван царевич»

Кейіпкерлер: жүргізуші, Аяз Ата, Ақшақар, Ертегі Ханшайымы, Шайтан, Жалмауыз кемпір, Мешін.

Құрал-жабдықтар: конфетти, кружка, ұзын сыпырғыш, қапшық.

Музыка ырғағымен сәнді киінген балалар безендірілген залға кіреді. Шыршаны айналып тұрады.

Жүргізуші : Барлық жандар бір білекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым!

Жүргізуші : Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар:Жаңа жыл!

Жүргізуші : Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, шыршамыз қандай әсем, ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Балалар, кім бізге жасыл шыршаға арнап тақпақтарың айтып береді?

Бала: Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала,

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға.

Бала:Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Бала: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер!

Бала: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз.

Ән шырқайық баршамыз!

Жүргізуші: Кәне балалар,келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп, жасыл шырша жанында ән салайық көңілді.

«Шырша әні» орындалады.

Жүргізуші: Балалар, бізге ертегі әлемінең Ханшайым асығып келе жатыр.

Музыка ырғағымен залға Ертегі Ханшайымы кіреді.

Ертегі Ханшайымы: Сәлеметсіз бе, балалар, келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймың! Мен сендерді жаңа жыл қарсаңында ертегі әлеміне еніп, көңілдерінді көтеріп, ғажайып күйге бөлегім келеді. Ертегіні жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Иә.

Ертегі Ханшайымы: Келіңдер, балалар, ертегімді көріңдер!

Ертегімде сан қилы, қызық-қызық сырлар бар!

Жаңа жылдық ертегімізді әнімен бастайық!

Вокалдық топтың орындауында «Ертегілер» әні.

Ертегі Ханшайымы шыршаның артына қарай барып, жоқ болып кетеді.

(Күтпеген жерден шайтан жүгіріп шығады.)

Шайтан:Мен шайтанмын, шайтанмын,

Көрінбейтін сайтанмын.

Ұнап қалған жандарды,

өзіммен алып қайтармын.

Жүргізуші: - Ой, мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ, сәнімізді бұзба!

Шайтан: - Бұзбақ түгілі, бұзамын. Бұл қандай ағаш өсіп тұр? Жақсы болды,осы ағаштың үстіне мініп алатын. Балаларды көріп.Түу, мынаалар неғып жүрген балалар? Сендер мұнда не істеп жатырсыңдар?

Жүргізуші:Бізде, жасыл шырша жанында Жаңа жылдық мереке болып жатыр,

Шайтан:Мен қазір мынау үлкееен ағашты құлатамың, ешқандай мереке болмайды. Ағашты бұзайын деп тұрған шайтанды, бір бала тоқтатады:

Бала ортаға шығып: - Шайтан ағай ! Біздің шыршамызға тимеші. Мереке болсыншы.Бұл мерекені біз бір жыл күттік қой, ия балалар?

Балалар: Иә,иә.

Шайтан:Мереке,мереке,бұл қандай мереке? Мен мерекені жақсы көрмеймін.

Жүргізуші:Бұл Жаңа Жыл мерекесі. Жаңа Жылды бәрі жақсы көреді, бізге көп күткен қадірлі қонақтарымыз келеді - Аяз атамен Ақша қар. Ал, бұл мереке туралы саған біздің балалар айтып береді.

Бала:Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Бала: Даламызға қаламызға

Жаңа жыл кіріп келеді

Қартыңызға, балаңызға

Жалынды сәлем береді!

Бала:Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Шайтан: Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды алдап қамап қойдым.Қазір міне, сендердің де апайларыңды алып кетіп, (балаларды қорқытып), ешқандай мереке өткіздірмеймін,мереке болмайды!

Жүргізуші:Тоқта, шайтан. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ екен, сен сондай әдемісің! Сондай мейірімдісін. Мені әкетпей-ақ қойсаң қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?

Шайтан: Маған бір көңілді ән салып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.

Жүргізуші: - Қой, балалар, ондай болса шайтекеңнің көңілін табуға тырысып көрелік. Бәріміз қосылып көңілді ән айтайық!

«Жаңа жыл» әні орындалыды.

Жүргізуші:Жарайсыңдар,балалар! Ал,енді шайтеке, біздің мерекеге қосылып, би билеуге шақырамыз.

«Жұптасу биі» орындалады.

Шайтан: Жаңа жыл мерекесі өте көңілді екен, маған ұнап бара жатыр.

Жүргізуші:Иә, біздің балалардың өнерлері өте тамаша. Ал енді, сені шайтеке, балалармен бірге ойынға шақырамың!

«Байпақ» эстафеталық ойын.

Шарты: 5 баладан 2 топ құрылады. 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.

(алдымен балалар, содан соң ата - аналар )

Шайтан:Ойын ойнаған қандай қызықты, біраз көнілімді көтеріп алдым. Мен енді балалар көп күткен Аяз ата мен Ақшақарды босатып жіберейін. Әйтпесе балалардың мерекесі көнілсіз өтеді. Сау болындар, балалар!

Музыка әуенімен Шайтан шығып кетеді.

Жүргізуші:Мінекей, балалар, Жаңа Жылда түрлі ғажайып оқиғалар болуы мүмкін...

(Жүргізуші есікке қарап) Бұл не деген шу? (Музыка ырғағымен залға сыпырғыш үстінде Жалмауыз кемпір ұшып келеді)

Жүргізуші: Балалар, бұл кім?

Балалар:Жалмауыз кемпір!

Жалмауыз кемпір: Аааа... менсіз Жаңа жыл мерекесін өткізіп жатырсыңдар ма? Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп, осындай тамаша мерекеге шақырасыз. Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне биыл 250-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге қадірлі қонағы болғым келеді. Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім.

Жүргізуші:Мерекемізде қадірлі қонағы болу үшін, тек қана жақсылықтар жасау керек.

Жалмауыз кемпір: Жақсылық не екенің білмеймін, мен тек қана жамандықты ойлаймын, адамдардың көңілдері көтерінкі болғаны ұнатпаймын, Жаңа жылдық ертегісі болмасын! Мерекенің шырқың бұзамың!

Жүргізуші:Жоқ, бұзбаңыз! Балалар, не істейміз енді?

Бала:Мыстан әже , мерекемізді бұзбаныз, бізбен бірге би биленіз!

Жүргізуші:Иә, әжетай , би билейік көңілді! Кәне, балалар шығындар!

«Жаңа жылдық полькасы» орындалады.

Жалмауыз кемпір: Шаршап қалдым, уф, белім-ай.

Жүргізуші:Біздің мерекемізге қосылып, әжетай, сыйлы қонағы болуыңызды сұраймыз!

Мен сізге бір құпия ашамын... бізге Жаңа жыл мерекесіне басты қонағымыз асығып келе жатыр, бұл - Мешін.

Жалмауыз кемпір: (қуанып) ааа, (сыбырлап), мен білемін , не істеу керек екен... Мешінді ұрлап, тығып тастау керек! Жаңа жыл келмесін!

Жүргізуші:Мерекемізді жалғастырайық, әжетай, балалармен бір ойын өткізесіз бе?

Жалмауыз кемпір: Жарайды, бір ойын өткізем де, орманға кетемін, асығыс жұмыстарым бар... Мынау менің сиқырлы сыпырғышпен секіріп ойнайық.

Жалмауыз кемпір балалармен ойын өткізеді.

Жалмауыз кемпір: Болды, болды, шаршадым, маған кету керек.

Музыка ырғағымен Жалмауыз кемпір шығып кетеді.

Жүргізуші:Қызық, Жалмауыз кемпір неге кетіп қалды екен? Ал, енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын: Ақ киімді денелі, ақ сақалды, тондырады қасындағы тірі жанды, үсті – басы – ақ қырау, демі суық, жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды. Балалар, бұл кім туралы айтылған деп ойлайсындар?

Балалар:Аяз ата, Ақшақар!

Жүргізуші:Дұрыс,балалар, ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз ата келші бізге сыйлық берші!

Аязата: Естідім, естідім. Мен де келе жатырмын. (Музыка ырғағымен Аяз ата мен Ақшақар кіреді.)

Аяз ата : Амансыңдар ма, халқым!

Амансыңдар ма, балаларым!

Жаңа жылдарың құтты болсын!

Қандай жарқын жүздерің!

Қандай әсем көздерің!

Алып келдім сіздерге,

Жаңа жылдың жылуын!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіңдірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт - жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.

Ақша қар: Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

Барлығымыз бірге

Кәне шырша таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!- деп айтайық.

(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Жаңа жылдың, шыршаның құрметіне ән шырқайық!

«Жаңа жыл» әні орындалады.

Аяз ата: Кәне менімен ойнайсыңдар ма?

Балалар: Ия!

Аяз ата балалармен «Ұсатамын» және «Сиқырлы қолғап» ойындарын өткізеді.

Аяз ата: Уф, шаршағаным-ай! Қазір суық су ішсем жақсы болар еді, салқындап қалу үшін. Жүргізуші Аяз атаға су береді, Аяз ата су ішеді де, одан кейін тез кружкадан балаларға қарай конфетти шашып жібереді.

Аяз ата: Қорқып қалдындар ма? Күткен жоқсындар ма? Міне мен осындаймын, кәрі болсам да!

Ақшақар: Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын.

Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Жүргізуші: Аяз ата біздің ұлпақарларымыз ұшып келді, сізге суық лебін әкелді.

«Ұлпақарлар» биі орындалады.

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер! Биіңіз таңғажайып екен!

Жүргізуші:Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.

Бала: Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

Бала: Жаңа жылға сәніміз,

Біздің айтар әніміз.

Келдің бе аман алыстан

Сәлем, Аяз атамыз.

Бала:Шыршамыз да керемет,

Ойыншықтар тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз ата сағынған.

Жүргізуші: Кезектесіп балалар

Тақпақ айтып береміз

Сұрақ қойса Ақшақар

Ойланып жауап береміз.

Ақшақардың сұрақтары:

Ақшақар: Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге, мен бастаймын,

ал, сендер аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр....

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге....

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі......

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын - күлкі таралсын

Құтты болсын.....

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Аяз ата:Жарайсындар,балалар! Өте тамаша! Жақсы көңілдерініз, шаттық жүздерініз! Ал,енді, біздің мерекемізге кім жетіспейді?

Ақшақар: Ұмытып кеттім, ата, біз мерекеге Мешінді шақырып едік. Балалар, сендер көрген жоқсындар ма?

Балалар:Жоқ.

Жүргізуші: Бірақ бізге Жалмауыз кемпір келіп кетті.

Аяз ата: Түсінікті... Сиқырлы таяғымен сиқырлайды да, айтады:

Аяз ата: Жылым келді тағы да

Амандық тілеп еліне

Мешін жылы қош келдің

Төрлетіңіз төріме!

Ортаға музыка әуенімен Мешін жылы кіреді.

Мешін: Келдім міне еліме

Келдім міне жеріме

Шаттыққа бөлеп әр үйді

Шығам енді төріме.

Аяз Ата: Міне, балалар, қалдырамын өздеріне Жаңа Жылды.

Құтты болсын, балалар,

Келген Жаңа жылдарың!

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз, ұлдарым!

Мешін жылы: Аман болсын халқымыз,

Арта берсін даңқымыз.

Дами берсін үздіксіз,

Жаңа дәстүр – салтымыз!

Жүргізуші:Аяз ата Ақшақар, сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?

Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....

(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Қазіргі мына жаңа заманда енді әрине бәріміз фотоға түспейміз бе? Кәне менің жаныма жиналып естелікке суретке түсейік, ия қызым?– деп немересіне бұрылады.

Ақша қар: Ия, ата, бұл балалармен суретке түсіп қалайық.

Суретке түсу рәсімі өтіледі.

Аяз ата: Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Ақшақар:Сау болыңдар, балалар,

Аман – есен болыңдар!

Әр таңды қуанышпен,

Қарсы алып тұрыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші:Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет.

Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,

Қалады бүгінгі күн ойымызда.

Демалып Жаңа жылға қадам бастық,

Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

☑ Современный урок: эффективная организация образовательного процесса (для учителей)

☑ Expo-2017 (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия