Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Қош келдің, Жаңа жыл!

Султанбекова Бакытгуль Максутовна
тәрбиеші
КММ №47 орта мектеп

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның,Ақшақардың,Маймылдың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату,достық қарым-қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Маймыл, Сайқымазақ, балалар, ата-аналар..

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Балдырған» тобында!

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.Келіңдер, сән құрып тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап».

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?

Аружан:

Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Амина:

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.

Жаңа жылмен бірге біз,

Орманға кеп жетеді.

Ұлжан:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді музыка ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Сайқымазақ атып шығады.)

Сайқымазақ: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!

Ойын: «Кім жеңеді?»(4 орындықпен)

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?

Балалар: Аязата, Ақшақар.

Жүргізуші: Кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аязата, Аязата (деп айтқанда, есік ашылады да, Маймыл кіріп келеді.)

Маймыл: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!

Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?

Маймыл: Білсем бұйырмасын!

Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят.Саған ешкім үйреткен жоқ па?

Маймыл: Жоқ.

Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!

Маймыл: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха (деп секіреді)

Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек? Маймыл: Ә, бәлем, солай ма екен!(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі.Маймыл тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды.)

Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!

Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде.

Кездессем деп сендермен,

Тарасам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай қуаныштымын! Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! ( 3 рет айту керек)

Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырыт.(қолдарын шапалақтатады.) Шырша жарқырайды.

Аязата: Балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен, кім тауып береді екен маған?

Жанерке:

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып.

Ортада тұр Ақшақар,

Көптен күтіп сағынып.

Руфина:

Кел билейік сенімен,

Деймін тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар,

Адамдардың демімен.

Мирас:

Міне тағы келіп тұр,

Жаңа бір жыл балалар.

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ол шыққан.

Сабина:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Бексұлтан:

Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Аязата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан кейін кідірмес. Сайқымазақ балам, сыйлықтарын берейік тақпақ айткан балаларға.

Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?

Ертегідей орманнан

Көктей өтіп келеді.

Сұңқар бойлы бір сұлу

Табыңдаршы аты кім?

Балалар: Ақшақар (музыкамен Ақшақар кіреді)

Ақшақар: Салеметсіңдер ме, балалар!

Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастайын, ал сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр.....

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге....

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі. Сендер әрі.....

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын-күлкі таралсын.

Құтты болсын....

Балалар: Жаңа жыл!

Жаңа жыл келеді.

Жаңа жыл: Кім десеңдер, мен жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.

Аязата: Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.

Перизат:

Бізде байтақ далада,

Асқар тауда қалада.

Биыл ғажап қыс болды,

Таң ғажайып қыс болды.

Алмаз:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрін де!

Әміре:

Бір топ бала сырғанап,

Би билейік зырлайық.

Қалды артта қар алып,

Іздерінен қар ұшып.

Еркежан:

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Аружан:

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аязатаны.

Мансұр:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Диас:

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Ажар:

Қыс келді, Қыс келді.

Ақтарып ақ карды.

Анел:

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аязатаны.

Ақшақар ойын ойнатады.

Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Сайқымазақ бәріміз!

Ән: «Жаңа жыл!»

Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.

Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Аязата: Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңмен.

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.

Сау болыңдар, балалар.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Современные инновации в образовании

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга