Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Ұлы тұлғаға ұлағаттық жарасқан

Ильясова Гульнара Бахрамовна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
№6 орта мектебі

(Ұлан даланың алып тұлғасы –Б. Момышұлына арналған тәрбие сағаты)

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:

Білімділік: Еліміздің намысы үшін басын оққа да, отқа да тікке біртуар тұлғаны қастерлеу, батырдың рухына тағзым ету, ата салтын ардақ тұтқан батырдың қанатты сөздерін ұғындыру.

Тәрбиелік : Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге, ержүректілікке, батылдыққа, намысшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық : Оқуға белсенділігін арттыру, сөздік қорын, сөз байлығын, іздену дағдысын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Батырдың суреттері, қанатты сөздері, «Қайтпас қайсар қазақ» атты газет, студенттердің шығармашылық жұмыстары, «Алып тұлға» атты кітап көрмесі, презентация.

«Ешкім де ұмытпайды,

Ешнәрсе де ұмыт қалмайды».

Аталар рухына тағзым ету.

1 минут үнсіздік

1- жүргізуші.

Тұлғасындай тәртіптің, ерен туған ер едің,

Арасында ахивтің, жоғалмайды дерегің.

Адал жарық жұлдызың, жанып тұрар төсінде,

Қастерлейді ұл- қызың, қалдың елдің есінде.

Кешегі сұрапыл соғыста халықты биік шыңға көтерген Ұлан даланың алып тұлғасы – Б. Момышұлы.

1-оқушы . Б. Момышұлының өмірбаянымен таныстырады. (презентация)

2-оқушы. М. Шахановтың естілігінен.

Бірде Қазақстанның белгілі бір суретшісін шақырып алып, ақ арғымақтың үстінде қолынды найза ұстап тұрған Бауыржаның суретін салдырып астына:

Көз жұмғанша ел мүддесін ту ғып ұстап қасарған,

Ар мен Намыс сөз болғанда өзіңнен кім аса алған?

Бір ғажабы Қан майданда көзсіз батыр атанған,

Сендей қайсар перзент туу әр әйелде бар арман!- деп өлең жазып,шағын сыйлығымды Б.Момышұлының шаңырағын ұстап отырған ұлы Бақытжан мен келіні Зейнепке бердім. Бұл өзім асқақтығына, адамгершілік пен қайталанбас мінезіне тәнті болған батырдың өшпес рухына деген үлкен құрметімнің кішкене ғана жаңғырығы еді,- дейді ақиық ақын Мұхтар аға.

3-оқушы . Б. Момышұлының «Тырнақтап жина әр жерден» өлеңін оқиды.

4-оқушы. Б. Момышұлының толғауынан үзінді оқиды.

2- Жүргізуші:

Нұрыңнан мөлдіреген шөлін қансын,

Үстінде жарқыраған шырақ жансын.

Жалынды жастарымыз халқым деген,

Өзіңнен даналық пен үлгі алсын, - дегендей Бауыржан атаның мақал- мәтел, қанатты сөздерін оқуға мүмкіндік береміз. Қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер оқылады.

1-Жүргізуші:

« Соғыстан қайтқан солдаттар» әні орындалады.

Бауыржанның өнегелі сөздердің тақырыбы:

Батырлық, ар- ұят, отансүйгіштік, үлкенді, сыйлау, ерлік, әділдік, ұлттық намыс, ақылдылық, қайраттылық, жүректілік, ынтымақ.

Бес жолды өлең құрау.

Отан

Ыстық тәтті

Сағынады қорғайды іздейді

Отанын сүйген отқа жанбайды

Мекен

 

Батыр

Мықты жүректі

Шайқасады күйінеді өледі

Батыр елі үшін туады

Жауынгер

 

2- жүргізуші:

«Ел боламыз, мемлекет боламыз десек, айбынды Қарулы күштеріміз болуы шарт. Сонда ғана бізді басқалар сыйлайды, өзіміздің елдігімізді, тәуелсіздігімізді баянды етіп, жеріміздің тұтастығын болашақ ұрпаққа, ата- бабаларымыздың бізге бергеніндей бере аламыз», - деді елбасы

Н. Ә. Назарбаев.

Көрініс. ( «Шуақты күндер» кітабынан үзінді. )

Зейнеп Ахметованың естелігін тыңдау.

1-Жүргізуші:

«Ұрыста- соғыста адамға тән барлық; жоғары және төменгі қасиеттер барынша ашылып көрінеді. Бұл сезімдерді Батыр ата екі топқа бөлуге болады»,- дейді.

Мына жерде жоғары, төменгі сезімдер араласып берілген. Соны екі топқа бөлу керек. (екі оқушы шығып бірі – жоғары, екіншісі –төменгі сезімдердің топтамасын жасайды.)

Соғыстағы адам қасиеті:

1.Жоғары сезімдер: Парыз, адамгершілік, ержүректілік, ерлік, батырлық, қаһармандық.

2.Төменгі сезімдер: Опасыздық, енжарлық, үрей, қорқыныш, шошу, әлсіздік.

2- жүргізуші:

«Қазақ ұлтының азаматы» қандай болу керек? Оқушылар өз пікірлерін қанатты сөздермен дәлелдейді.

1-Жүргізуші:

Қасиетті халқымыздың, туған еліміздің соғыс ардагерлерінің рухының алдында бас иіп, ұрпақ борышын адал атқарамыз деп ант береміз.

Сабақ «Ақ көгершін» әнімен аяқталады.

Халқының келешегі үшін майданда қан кешіп жүріп Бауыржанның мынадай тебіреніске келуі негізсіз емес. Ол: «Кім өз ұлтын құрметтемесе және онымен мақтанбаса, ол көзсіз сатқын және қаңғыбас», «Ұлттық мақтаныш – ұлт адамдары үшін мызғымас және киелі заң», - деп ұғынды. Осындай батыл да ащы пікірлерді айтуды азаматтық борышы деп санады.

Қорытынды. Б. Момышұлының қанатты сөздерінің елін сүйген әр азаматтың патриоттық сана-сезімін қалыптастыруға, іс-әрекетін ұйымдастыруға, мінез-құлқына патриоттық сипат беруге тигізер пайдасы ұшан-теңіз.

Бауыржан атамыз айтқандай:

« Ел дегенге езіліп,

Жұрт дегенге жұмылып қызмет ет»,- демекші қанатты сөздердің тәрбиелік мәнін, тағылымдық маңызың жас ұрпақтың санасына сіңіріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеу біздің парызымыз.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга