Арнайы технология пәніндегі инновациялық әдіс-тәсілдер

Кабиева Гулсара Салауатовна
преподаватель
Атырауский индустриальный колледж

Арнайы технология пәніндегі инновациялық әдіс-тәсілдер

 

Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен білім беру үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізілуде.Республиканың оқу орындарына енгізіліп жатқан түрлі өзгерістер мен тәжірибелер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды көздейді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамның даму қарқыны білім беру міндеттерін қайта қараулы талап етеді. Тұлғаны қалыптастыру , оның шығармашылық даралығын дамыту, білім алушының бар мүмкіншілігін ашып, оны жүзеге асыру-бүгінгі білім беру жүйесінің басты мақсаты. Білім беру парадигмасының білім мазмұнының жаңартылуы, білімнің ізгілік сипатқа ие болуы, оқыту мен тәрбиенің жоғары мәніне тұлғаны көтеру, танымдық іс-әрекеттерді жаңаша түсіндіру-міне, осы айтылғандардың барлығы білім берудегі жаңа көзқарастарды техникалық деңгейге көтеруді талап етеді.

Ұжымдық және топтық оқыту әдісі Оқыту қоғамдық өмірдің заңдылыығы және табиғи сипатынан байқалады.Объективті шынайылылық оқыту материалдық қарым-қатынастың ерекше жағдайы. Осының негізгі мәні дидактиканың қағидаларында сипатталған: дидактикалық тұжырым әлеуметтік субъектілердің өзара әрекетінің әмбебапты механизмі ретінде табиғи түрде байланысы немесе пікір алысуы (коммуникация). Пікір алысу дегеніміз –қатынасушылардың өзара сөйлесу қарым-қатынас процессі арқылы ақпараттармен алмасу, белгілі бір іс-әрекетті басқару және қарым-қатынастың анықталуы мен қалыптасуы.

Ұжымдық оқыту технологиясын зерттеген ғалымдардың бірі В.К.Дьяченко, оқытудың анықтамасын былай белгіілеген «Оқыту- оқытуды арнайы ұйымдастырылған поцес, ол арқылы танымның басқарылуы, қатынасушылардың тарихи тәжірибені игеруі, қайта шығаруы және іс-әрекетті меңгеруі ».Бұл ұжымдық оқытуды шет ел авторлары, АҚШ университеттерінің профессорлары Р.Славин, Роджерс Джонсон, Дэвид Джонсон, Дж.аронсон болып табылады. Кеңес одағы кезінде ұжымдық оқытудың табиғатын зерттеген А.Г.Ривин, В.К.Дьяченко, М.А.Мкртчян, Л.В.тБондаренко және тағы басқалар болса, Қазақстанда Г.М.Құсайнов және оның ізбасарлары.

Ұжымдық оқыту мәңі, оқушылардың өздері бөліне, екі оқушы бір бірімен қатынаста оқу материалын меңгеру. Ұжымдық түрде өзара оқыту ұжымдық оқыту тәсілі болып табылады. Осы оқыту әдістемесііінің авторы Р.Славин, оның әдістемесінің үзіндісі мынандай:

Мысалы,

1.Статикалық жұпта, екі оқушы, ол оқушылардың бірі үздік оқыса, екіншісі төмен деңгейде үлгерімі бар немесе екі оқушы да жақсы оқыған үлгіде топтала оқу іс-әрекетін орындау.

2. Динамикалық жұп. Мұнда төрт оқушы төрт бөліктен тұратын бір оқу тапсырмасын орындайды.Тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр оқушы басқа оқушылармен жеке-жеке талқылайды. Әр оқушымен талдау жасағанда, түсіндіру, айту қисынын өзгертіп отырады.Яғни, достарының жеке ерекшелік механизмін бейімдеттіру.

Ресейде профессор В.К.Дьяченко және Украина педагогі А.Г.Ривин (1877-1944 ж.ж) ұжымдық оқыту тәсілін қарастырған. Екінші автор бұл оқытудың технологиясының бірнеше әдістемесін әр түрлі жағдайларға байланысты тәжірибеден өткізген.

Мысалы, кез-келген пәннің оқу материалын қарастыру; бір-бііріне оқу материалының мәтінін беру; тапсырмалармен алмасу; оқу пәніндегі тапсырмаларды шешу; өзара шығармашылық жұмыс орындау; екі жұппен мәселені талдау менн бір-біріне түсіндіру; бір жұп болып жаттығу орындау; сұрақтар бойынша жұмыстану;біріге оқу сияқты.

Ұжымдық оқыту қағидаларына мыналар жатады: персонализация;вариативтілік; іс-әрекеттің педагогикалығы; әттүрлі жаста болуы. В.К.Дьяченконың топтық оқытуды ұйымдастыру ыормасы:топтық,жұп және жеке жағдайда жүреді.Олардың ішінде сабақта басымдылық көрсететін формасы- топтық болып табылады. Топтық оқытудың технологиясы: сынып-сабағын ұйымдастыру; дәріс –семинар сабағы; дидактикалық ойындар;бригадалық –зертханалық әдіс және т.б.

Топтық оқытуды мынандай педагогикалық шарттар сақталады:жалпы мақсатты саналы түсіну; оқушылардың арасында міндеттерді мақсатқа сай бөлу; бір-біріне тәуелділік пен өзара бақылау.Топтық оқытудың артықшылығы: тәжірибенің негізгі дағдысына үйрену; іс-әрекеттік пікір алмаса алу іскерлігі; тыңдау іскерлігінің қалыптасуы; басқа оқушының көзқарасына кіре алу іскерлігі; қайшылық жағдайларды шеше алу іскерлігі; жалпы мақсатқа жетуге біріге отырып жұмыстану іскерлігі; академиялық үлгерімі жақсарады;өзін-өзі қадірлеуге тәрбиелеу; сыныптың достық қатынасы нығаяды, мектепке деген көзқарасы өзгереді; оқушылардың өзара көмек құндылығын түсінеді; жарыс формасында пайда болатын жағымсыз жақтардан арылады.Топтық оқытудың типтері: жұптық оқыту; топтың бірге отырып оқытуы; шағын командалы оқыту; барлық сынып оқушыларына бірдей тапсырма беріп оқыту.Топтық оқытуды ұйымдастыру: оқытудың ережесін бекіту; оқушылар үшін дайын ережені ұсыну немесе ондай ережені өдері жасауға рұқсат беру;ол ережені оқушылармен талдау; ереженің шамасы бестен жоғары болмау; ереже оқушыларға көрнекті түрде ілінуі; сабаққа қатысатын оқушылар қатаң жағдайда бірдей ережені сақтауы.

Ол ереженің үлгісі: топ болып бірден және тез бірігуі; қажетті материалдарды дайындау; тыныш пікір алмасу; бірін-бірі тыңдау; өзінің тапсырмасын білу; өзінің тобында әрқашан болу.

Мұғалімнің оқу процесіндегі негізгі әрекеті: әр оқушының ролін анықтау; тапсырмаларды бөліп және оның орындалуына уақыттың берілуі; топқа жауап бойынша түсіндіру жүргізу. Бағдарламалап оқыту.

Бағдарламалап оқыту 1950 жылы АҚШ-та пайда болды. Бұл оқыту технологиясы Б.Ф.Скиннер есімімен байланысты. Ол 1954 жылы педагогикалық қауымның үлкен жиынында бағдарламалап оқытудың теориясы мен практикасы жөнінде баяндама жасап, оның білім беру саласында қолданылуын ұсынды.

Бағдарламалап оқыту - оқытудың мақсаты мен міндеттерін, оқытудың қызметін анықтайды. Бағдарламаланған оқытудың психологиялық негізі - бихевиоризм болып табылады. Бағдарламаланған оқытудың бихевиористік нұсқасы АҚШ қаласында маңызды сынның нысаны болды.

Бағдарламалап оқыту – ЭЕМ арқылы оқушылардың салыстырмалы өз бетіме және жеке жағдайда оқу материалын меңгеру жүйесі. Бағдарламалап оқытудың басты ұғымы - оқыту бағдарламалылығы. Шағын кезеңдегі бірлік білім мен іскерлікті бірізді қадамнан тұрады. Ол үш кезеңнен құралған: оқу материалдың мөлшерлеп берілуі; оқу материалын игеруге арналған тапсырмалар – операциялар орындау; бақылау жұмысы (кері байланыс) және жаттығуды қайталауға нұсқау немесе келесі кезеңге өту.

Скиннердің оқыту моделінің басты қағидалары төмендегідей болды:

- оқу материалын меңгеруге жеңіл және міндетті болу үшін, оның аз мөлшерлі болып бөлініп берілуі.

- оқушы жауабын тез бағалау (кері байланыс).

- оқушының жеке меңгеру темпі. Әрбір оқушы оқу материалын игеруге қанша уақыт беріледі, сонша уақыттың бөлінуі.

Бағдарламалап оқытудың әдістемелік сипаттамасы төмендегіше: мұғалім шектеулі немесе мөлшерленген оқу материалын оқушыға өз бетімен меңгеруге тапсырма береді немесе ол оқу материалын мұғалім өзі әңгімелеп түсіндіреді. Осы кезеңнен кейін мұғалім ЭЕМ арқылы оқушылардың теориялық білімін тест арқылы бақылайды. Егер оқушылардың білімі тест бойынша берілетін жауаптары қанағаттандыратын болса, онда мұғалім келесі кезең тапсырмалар орындауға көшеді.Оқушылар жауаптары теориялық білімі бойынша жеткіліксіз болса, онда мұғалім теориялық білімді толықтыру үшін түзету жұмысын орындайды. Соңғы оқытушының әрекетінен кейін қайта оқушылардан тест қабылдайды. Екінші кезең – оқушылар өз бетімен жаттығу немесе тапсырмалар орындайды. Мұнда да оқушылар тапсырма орындаудың аяқ кезінде тест тапсырады. Тестінің жауаптары қанағаттанғысыз болса, тапсырма бойынша түзету жұмысы жүргізіледі.Бағдарламалап оқытудың идеясы негізінде блокты оқыту, кейіннен модульді оқыту пайда болды. Олардың да оқыту негізі бағдарламалап оқытуға ұқсас жасалған.

Мысалы, блокты оқытудың кезеңдері мынандай: ақпараттық блок – оқу материалын баяндау; ақпараттық блок бойынша тест жүргізу; ақпараттық блок бойынша түзету; проблемалық блок; тексеру және түзету блогы.

Әсіресе Б.Ф.Скиннер ұсынған бағдарламалап оқытудың қағидалары қатты сынға алынды. Скиннер педагогикалық қауымды оқытудың тиімділігін осы процесті басқару есебінен көтеруге шақырды. Бағдарламаланған оқытудың негізінде бірізділік, ұғынымдылық, жүйелілік, дербестіктің ортақ және жеке дидактикалық қағидалары жатыр. Бұл қағидалар бағдарламалап оқытудың басты элементі оқыту бағдарламасын орындау барысында жүзеге асырылады, мұндай бағдарлама міндеттердің ретке келтірілген бірізділігі болып табылады. Бағдарламаланған оқыту үшін «дидактикалық машинаның» болуы өте маңызды. Бұл оқытуда белгілі бір мөлшерде оқушылардың бағдарламаны игеру сипатын ескеру ретінде жеке ыңғайдан келу жүзеге асырылады.

1960 жылдың басында бағдарламалап оқытудың скиннерлік нұсқалары қолданыла бастады. Бағдарламаланған оқулықтар мен оқу құралдары шықты. Мұнда мәтіндер бірнеше сұрақтардан құралады және оларға әр түрлі альтернативті жауап нұсқалары беріліп отырды. Олардың ішінде біреуі дұрыс, ал қалғандары қате немесе толық, анық емес болады. Ал қатысушылар мәтінді оқып, содан өздерінің білімдерін тексеру үшін сұрақтарға жауап беріп отырады. Бағдарламалап оқытудың бұл нұсқасы қатысушылардың ой қызметінің белсенділігіне бағытталмағандықтан, олар белсенді әдіске жатпайды. Бағдарламаланудың үш негізгі формасы ажыратылады: сызбалы, тармақталған және аралас. Бағдарламалаудың сызбалы-хронологиялық бірінші формасының негізінде Б.Ф.Скиннер пікірі бойынша, үйрету-стимул мен реакцияның арасындағы байланысты орнату ретіндегі бихевиористік түсіну жатыр. Оқушының бұл формада жасаған қадамы орнықтырылып отырады, ол бағдарламаны әрі қарай орындауға сигнал ролін атқарады. В.Оконьның айтуы бойынша Скиннердің түсінігінде сызықты бағдарлама белгілерімен сипатталады:

- дидактикалық материал қадамдар деп аталатын мөлшерлеп бөлінеді, оны оқушылар қадам сайын қадамдап жеңіл меңгереді;

- бағдарламаның 72жеке шеңберінде орын алатын сұрақтар мен ақтаңдақтар өте қиын болмауы тиіс, себебі оқушылардың жұмысқа қызығушылығы жоғалады;

- оқушылар сұраққа жауапты өздері береді және ақтаңдақтарды толтырады, ол үшін олар қажетті ақпаратты қолданады;

- оқыту барысында оқушылар олардың жауаптарының дұрыс немесе қате екені жөнінде хабардар етеді;

- барлық оқушылар кезекпен бағдарламаның барлық шеңберінен өтеді, алайда оның әрбіреуі оны өзіне ыңғайлы жылдамдықпен меңгереді;

- жауап алуда жеңілдіктер беретін бағдарламаның бас жағында көп берілетін нұсқаулар біртіндеп шектелінеді;

- ақпаратты механикалық есте сақтау болмас үшін бір ой бағдарламаның бірнеше шеңберінде әр түрлі варианттарда қайталанады.

Тармақталған бағдарламалау (Н.Кроудер) сызықтық бағдарламалаудан қадам таңдаудағы көптілігімен ерекшеленеді. Ол іс-әрекеттің қатесіздігіне ғана емес, мұғалімнің қате туғызатын себепті анықтауына бағытталған. Осыған сәйкес тармақталған бағдарламалау оқушылардан ой еңбегін талап етеді, шын мәнінде, ол «ойлау процесін басқару» болып табылады (В.Оконь). Тармақталған бағдарлама сызықтыққа қарағанда толығырақ, ол адамды үйретудің ерекшеліктерін ескереді(мотивацияны, мағыналылық, жылжу жылдамдығының әсері).

Бағдарламаланған оқыту 60- жылдардың аяғында 70- жылдардың басында Л.Н.Ланданың еңбектерінде жаңа дамуын бастады, ол бұл процесті алгоритмдеуді ұсынды. Л.Н. Ланда бойынша, алгоритм қолайлы болғандығынан жақсы түсініліп, барлық оқушылар орындайтын кәдімгі жай әрекеттерінің кезектілігі жөніндегі ереже.

Алгоритм- бұл осы әрекеттер туралы, олардың қайсысы және қалай жасау керегітуралы нұсқаулар жүйесі.Бағдарламалану келесі талаптарға жауап беретіндей оқытудың теориясына негізделуі керек: немен басқару керектігін көрсету, сонымен қатар қатысушылардың әр түрлі қызмет түрлерін меңгеру жолының үрдісі қалай өтетінін көрсету. Соның ішінде танымдық қызмет; ақпарат мазмұнын анықтау үшін басқару нысанын көрсету; меңгеру кезеңдерін көрсету. Сонымен, бағдарламалап оқытудың дамуы үшін танымдық қызметті қалыптастыратын оқыту теориясы қажет. Бағдарламалаған оқытудың қызметі -мақсатқа жету үшін қажетті амалдарды таңдау және осы қызметтің орындау процесін ұйымдастыру. Бағдарламаланған оқытудың негізгі әдістемелік амалдары:

1) іс-әрекеттің бағыттылық негізінің схемасы - қатысушы меңгерген әрекетті қатесіз орындауға мүмкіндік береді.

2) оқу тапсырмасы- әртүрлі бейнелік ситуацияларды модельдейді. Оқу тапсырмаларын заттық, қисындық, және психологиялық деп бөлуге болады.

Проблемалық оқыту.

М.Н.Скатин, Т.А. Ильина сынды ғалымдардың ойынша, проблемалық оқыту – жаңа әдіс те, оқытудың жаңа жүйесі де емес, ол – оқыту жұмысын ұйымдастыруға қоятын талап, қағида. Проблемалық оқытуда көздейтін мақсат – оқушыларға білімді даяр күйінде бәрін оқытушының өзі баяндап бермей, олардың алдына белгілі бір проблемалы міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау.

Проблемалы оқыту – проблема, проблемалық сұрақ, проблемалы тапсырма, проблемалы жағдаят (ситуация) деген ұғымдарды қамтиды. Бұл ұғымдардың мазмұнын дұрыс түсінудің маңызы зор. Кез-келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалы болуының негізгі шарты – оларға жауап ізденуде оқушыларға даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты, басқаша айтқанда берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.

Проблема дегеніміз - субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділігін, іздену тәжірибесі т.б.) шешуге болатын проблемалы жағдай. Сондықтан кез-келген проблемада проблемалы жағдай болады. Кез-келген проблемалы жағдайда (субъекті шешу құралын игермеген болса) проблема бола бермейді.

Проблемалық міндет дегеніміз – осындай жағдайдағы іздену, зерттеу барысында шешілетін проблема. Міндет мазмұны деп, белгілі ізденіліп отырғанның арасындағы қайшылық нәтижесінде пайда болған проблеманы айтамыз. Мұның жауабын практикалық операциялар арқылы табуға болады.Проблемалы оқыту тек проблемалы жағдай тудырып қана қоюда емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін оқытушы оқушының материалда (тақырыпта) кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгеруге, өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс. Мұның басты жолы – дұрыс ойлай білуге баулу. Бұл - оқылатын материалға сай оқушы тарапынан дұрыс сұрақ қоя білуден басталу керек. Өйткені оқушылар баяндалатын тақырыпқа байланысты ондағы ой, пікірді дұрыс ашуға көмектесетін нақты, дәл, дұрыс сұрақ қоюды білмейді. Проблемалы оқытудың негізгі ерекшелігі: оқушының білетіні мен білмейтіні арасындағы қайшылықтар пайда болады және проблемалы міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық жағдай пайда болады, осыған орай, оқушының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.

Проблемалық оқытуда оқушылардың таным әрекеті төмендегідей негізгі үш кезеңнен тұрады: проблемалық міндет қою және ұғыну; проблемалық міндетті талдау; оның дұрыстығын тексеру. Алайда барлық білімді проблемалық оқыту арқылы іске асыруға болмайды. Кейбір білімдер оны қажет етпейді, оларды үйретуші өзі айтып, баяндап береді. Мұндай жағдайда оқушылардың өздігінен ізденудің, «жаңалық» ашудың керегі жоқ. Сондықтан оқу орнындағы білім беруді түгелдей проблемалық оқытуға негіздемей, оқытудың қалыптасқан түрі амал-тәсілдерін үйлестіріп қолдану міндет. Әсіресе оқушылардың өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары оқушылардың таным белсенділігін арттырады және оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқу материалымен белсенді түрде жұмыс істеуге үйретеді. Мысалы, материалдың негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалдармен салыстыру, оларды белгілі жүйеге келтіріп, топтастыру және қорытындылар жасау сияқты тағы басқа ойлау амалдарды қолдана білетін оқушы материалдың мазмұнын еркін меңгергенін көрсетеді, яғни, оның баяндау тәртібін өзінде өзгертіп, мазмұнын айтып беруге шамасы келеді. Мысалы, оқушы материалдардың мазмұны қай жерінен (басынан, ортасынан, аяғынан) болсын айтып бере алады. Ал, материалмен ойдағыдай жұмыс істей алмайтын оқушылар, оның мазмұны тек басынан бастап айтады да, басқаша өзгертіп айтуға қабілеті жетпейді. Осы материалмен жұмыс істеудің тиімді жолдарын білетін оқушы тек есте қалдыру үшін жаттап алмайды, ол өзінің белсенді ойлау әрекеті арқылы материалдың негізгі жақтарын айырып, оларды белгілі жүйеге байланыстыра түсінуге ұмтылады. Мұндай оқушылар пәннің кейбір екінші дәрежелі жақтарына көңіл аудармай, оны жетекші қағидаларын және заңдылықтарын ұғып алуға күш жұмсайды. Сонымен бірге, басқа материалдарды, фактілерді өзара байланыстыра қарастырады. Оқушы өзінің түсінгенін, оқыған материалдарының ең маңызды жерлерін қысқаша жазып алады. Схема, таблица, модельдер сияқты графикалық жұмыстарды да пайдаланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқушылардың өздігінен оқулықпен жұмыс істеуі және оның жемісті болуы, олардың ойлау әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты екендігі. Оқушылардың өздігінен оқуына дұрыс басшылық етуде, олардың ойлау әрекетінде дара айырмашылықтар болатындығын ескерген жөн.

Ойынды оқыту.

Адамның қоғамдағы дамуы мен әрекетінен пайда болған ойын феноменін әр түрлі ғылым салалары қарастыру үстінде. Ойынның табиғатын теориялық негіздеу мен оны жасауға психология, педагогика және әлеуметтану ғылымдары ат салысуда. Ол туралы мамандардың пікірлері әр қилы, кейде олар қарама-қарсы өрістерде болып келеді. Соған қарамай, ойынның енжарлы сипаттары бірқалыпты дамып, топталған ғалымдар оның озат және болашақ түрлерін әр ғылым саласында зерттеумен шұғылдануда. Педагогикалық тұрғыда ойынның мәні туралы ертеден көптеген көрнекті ойшылдар мен қазіргі қоғамдық институттар кеңінен көңіл аударған және аударуда. Оқытудағы ойынның мәніне, Ян Амос Коменский былай айтқан «Мектепке асығу,ойынға үлгеру».Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде ойын іс-әрекетінің мәні көп жағдайда төменгі сынып оқушыларына байланысты қарастырылып келді. Кейін келе кәсіби білім алушылар үшін іскерлік ойынның дамуы кеңінен зерттеліп, оның тәжірибедегі істерді орындауға ұтымдылығының артықшылықтарын да анықтай бастады. Жоғары топ сыныптарында ойынды оқытудың технологиясы жиырмасыншы ғасырдың 70 – 80 жылдары, ал кәсіби білім беру мектептерінде кеңінен орын алды.

Ойын –ситуациялар мен оқу тапсырмаларын шешетін іс-әрекет түрі болып табылады. Оқу тапсырмасы деген- оқушылардың білімі мен іскерлігін жетілдіруді қамтамасыз ететін проблемалы белгісі бар мұғалім құрған ситуациялар.

Ойын – оқушының өмірлік тәжірибесінің бейнеленіп, қоршаған орта туралы түсініктері тереңдейді және бекітіледі, табысты еңбек іс-әрекетін орындауға машықтанады және ұйымдастырыушылық қасиеті шыңдалатын іс-әрекет түрі.Ойын – ережелермен реттелетін үйретуші тарапынан бақылауы мен бағалауы еркін жүретін іс-әрекет.

Әрбір ойын міндетті түрде жарыс сипатында жүреді. Ойында ынталандырушы элемент жарыс болып табылады. Жарыста оқушының белсенділігі, жеңіске еркіндігі пайда болады. Жарысты элемент белгісі эмоцияның артуына, өзін-өзі бақылауға және іс-әрекет белсенді күйге түседі. Жарыс кезінде оқушы өзінің нәтижесін басқа оқушылармен немесе топпен салыстыра отырып,өзінің нәтиже көрсеткішін жақсартуға ұмтылады.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно