Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Жабайы жануарлар

Съезбек Куншайым
ІІ-санатты тәрбиешісі
№5 «Арай» балабақша-бөбекжайының

Жабайы жануарлар

 

Білім беру саласы:
Қатынас, Таным, Экология,Шығармашылық .

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.

Бөлімдері: Тіл дамыту, ҚМТҚ, Қоршаған орта, Бейнелеу өнері

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Жабайы аңдардың атын дұрыс атап айтуға үйрету. Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету.

2. Дамытушылық: Жұмбақ, ертегі айту арқылы балалардың ой-өрістерін, қиялдау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа және кез келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Магнитафон, жабайы аңдардың макеттері, мнемокесте, үйшік, қуыршақ театыры, құмдық терапия

Әдіс - тәсілдері: Көркем сөз, сұрақ - жауап, жұмбақ жасыру, түсіндіру, ойын, сергіту жаттығулары, қорытындылау.

Үштұғырлылық:Жабайы аңдар - Дикие животные-wild animals, қоян - зайец - rabbit, түлкі - лиса -fox, аю- медведь -bear, қасқыр - волк -wolf

 

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Ұйымдастырушылық -оятушылық

 

Сәлеметсіздер ме?

Тәрбиеші балаларға сиқырлы шеңбер жасап, бір-бірінің қолын алуды ұсынады.

Сергіту сәті:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпен біз.

Жоғары қарап ,тау көрдім,

Төмен қарап, жер көрдім.

Оңға, солға иіліп,

Егеменді ел көрдім.

 

Сәлеметсіздер ме?

Балалар шеңбер жасайды.Балалар тәрбиешімен сөздерді қайталайды.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпен біз.

Жоғары қарап ,тау көрдім,

Төмен қарап, жер көрдім.

Оңға, солға иіліп,

Егеменді ел көрдім.

 

Ұйымдастырушылық

-оятушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексифті

Коррекциялаушы

Тәрбиеші балаларға орманға саяхатқа шақырады. Балалар саяхатқа немен баруға болады?

Мен сендерге поезбен баруды ұсынамын.

Поровоздын дыбысымен балалар саяхатқа аттанады.

 

Тәрбиеші музыка қосады.

Әуеннен табиғат дыбысы шығады. Тәрбиеші балаларға орманға келгендерін айтады.

Музыка ойнап тұрады.

Тыныс алуға арналған жаттығулар:

Көзімізді жұмамыз

Терең дем аламыз

Таза ауамен тынығамыз

Әсем әуенді тыңдаймыз

 

Қандай дыбыстар естіп тұрсыңдар?

 

 

-Жылдың қай мезгілі?

-Күз айлары нешеу?

-Қане атап беріңдерші?

 

- Күздің қандай белгілерін білесіңдер?

 

 

 

 

Балалар біреудің жылаған дауыс

естіледі. Балалар естіп тұрсыңдар ма?

Жылаған дауыс біздің қай жағымыздан шығады? Алдымыздан ба, әлде артымыздан ба?

Тәрбиеші: Ендеше, жақындап көрейікші (балалар жақындап үйшіктің жанына барады)

Үйшікте апа мен ата жылап отырады.

Апа мен Ата: Амансыңдар ма, шырақтарым?

Дұрыс айтасыңдар, қане сұрап көрейкші олар неге жылап отыр екен.

Апа : Мен аталарыңа дәмді қылып бауырсақ пісіріп едім, сол бауырсақты суысын деп терезенің алдына қойып қойып едім домалар кетіп қалыпты, соны таба алмай отырмыз.

Апа біз орманда саяхаттап жүр едік, біреулердің жылаған дауысын естіп бұрылдық.

Қане балалар апа мен атаға көмектесеміз бе? Бұл қандай ертегі болды сонда?

Қане ендеше баурсақты апа мен атаға тауып әкеліп берейік.

Әдемі әуен ойналады

Балалар орманға саяхаттайды. Алдарынан қоян шығады.

Балалар қоянды орысша, ағылшыншы қалай атаймыз?

 

Жұмбақ жасырылады:

Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал, оның баласын көжек,- дейді.

(Қоян)

Балалар, қояннан не сұраймыз?

Балалар қоянның сендерге қояр бір шарты бар екен, соны орындасаңдар мен сендерге бауырсақ қалай домалап кеткенін айтамын дейді.

 

-Балалар кюзинер таяқшаларынан қоянның бейнесін жасап береді

Балалар ары қарай жол тартады.

Орманда келе жатқанда жаңбыр жауып кетеді.

Үнтаспадан қатты жаңбырдың дабысы естіледі.

 

Балалар, жаңбырдан қалай жауды, қандай дыбыс шықты.

Балалар жердің бәрі шалшық,шөптің бәрі су.

Тіл ұстарту жаттығуы:

 

Шөп үстімен жүреміз

Сытыр-сытыр-сытыр

Тас үстімен жүреміз

Тарс-тарс-тарс

Шалшық сумен жүреміз

Шолп-шолп-шолп

Жолдарменен жүреміз

Топ-топ-топ

 

Үнтаспадан қасқырдың дауысы шығады.

Алдарынан қасқыр кездеседі

Жұмбақ жасырылады.

Аузы бейне, шалғы орақ,

Шөп емес, бірақ малды орады.

(Қасқыр)

Балалар қасқырды орысша, ағылшыншы қалай атаймыз?

Балалар, қасқырдан не сұраймыз?

 

Көрдім ,бірақ менің сендерге қояр шартым бар дейд.Мен жайлы қандай аң екенімді айтып беріңдер дейді.

Бауырсақ былай қарай домалап кеткен деп айтады.

 

Үнтаспадан сылдырлап аққан судың дыбысы естіледі.

Балалар мына суда өткел жоқ екен .Қалай өтеміз?

 

Дұрыс айтасыңдар. Көпірді неден жасаймыз?

Сыйқырлы қорапша тұрады

Балалар бұл тегін қорапша емес сияқты. Ашып көрейік пе?

Қораптан геометриялық пішіндер шығады.

Балалар осы геометриялық пішіндерден көпір жасауымыз қажет екен.

 

Бұл көпір өте нәзік үстінен аяқтың ұшымен жүрейік.

 

Үнтаспадан аюдың ақырған дауысы естіледі.

Алдарынан аю кезігеді.

Балалар аюды орысша, ағылшыншы қалай атаймыз?

Балалар, аюдан не сұраймыз?

 

 

Балалар аю бауырсақты көрдім, бірақ сендер мен қандай аңмын, ерекшеліктерімді, қайда тұратынымды айтсаңдар мен сендерге бауырсақтың қай жаққа домалап кеткенін айтамын дейді.

Жарайды рахмет саған аю.

Балалар ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.

Алдарынан түлкі бикеш шығады.

Балалар түлкіні орысша, ағылшыншы қалай атаймыз?

Жұмбақ жасыру.

Өзі айлакер қу,

Жүрген жері айқай шу.

(Түлкі)

 

Балалар, түлкіден не сұраймыз?

 

Балалар түлкі баурсақты әлі жеп үлгермедім дейді.

Тәрбиеші:Жоқ түлкі бикеш сен қашанғы жамандық жасай бересің, біз сенің қалаған шартыңды орындаймыз, сен тек бауырсақты бізге босатсаң болды

Түлкі : Жарайды онда маған көп қылып бауырсақ жасап беріңдер.

Түлкі разы болып бауырсақты қайтарып береді.

Балалар енді апа мен атаға бауырсақты апрып берейік.

 

 

Апа мен ата балаларға рахметтерін айтып ыстық бауырсақ береді.

 

Балалар:

- Біз қайда бардық?

 

- Орманда қандай аңдар жолықты?

 

- Саяхатымыздан қандай әсер алдыңдар ?

 

 

-Біз кімдерге көмектестік?

- Балалар, сендерге көп - көп рахме!

 

 

 

 

 

 

-Көлікпен

-Жарайды поезбен барайық

Поездін дыбысымен балалар саяхатқа аттанады.

 

 

 

 

 

 

Балалар шеңбер жасап тыныс алуға арналған жаттығуларды жасайды.

 

 

 

Балалар: Сылдырлаған судың, құстардың дауысын.

 

-Күз мезгілі.

- Үшеу

-Қыркүйек ,қазан, қараша.

-Күн суытады, жаңбырлы болады, жел соғады, жапырақтар түседі. т.б

 

 

Балалар : Иә, естіп тұрмыз.

 

 

 

Балалар: Жылаған дауыс арт жақтан шығады.

 

 

Балалар бұл апа мен ата ғой, қане амандасайық

 

-Сәлеметсіздер ме?

 

- Апа, ата неге жылап отырсыңыздар ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Иә, көмектесеміз

 

-Бауырсақ

 

 

 

 

-Балалар: қоян - зайец – rabbit

- Сәлеметсің бе қоянжан?

 

 

-Балалар: Ол қоян. Қоян сәбізді жақсы көреді.

-Сен бауырсақты көрмедің бе?

 

-Жарайды шартын орындаймыз.

 

 

Балалар кюзинер таяқшаларынан қоянның бейнесін жасап береді

 

.

 

 

 

- Балалар бәрі қол шатырдың астына тығылы қалады.

 

 

- Балалар: тырс-тырс-тырс-тырс (қайталату)

 

 

Балалар қайталайды.

 

Шөп үстімен жүреміз

Сытыр-сытыр-сытыр

Тас үстімен жүреміз

Тарс-тарс-тарс

Шалшық сумен жүреміз

Шолп-шолп-шолп

Жолдарменен жүреміз

Топ-топ-топ

 

 

-Балалар бұл қасқыр ғой.

Сәлеметсің бе?

-Бұл қасқыр, ол жыртқыш аң

 

-қасқыр - волк -wolf

 

-қасқыр аға бауырсақты көрмедің бе?

 

-Балалар мнемокестеден қасқыр жайлы айтып береді.

 

 

 

 

 

-Көпір жасауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

-Ашып көрейік.

 

-Балалар пішінді бір-бірлеп алып, қандай пішін екенін айтып көпір жасайды.

 

-Балалар аяқ ұшымен жүреді.

 

 

-Бұл аю ғой.

- аю- медведь -bear

- Сәлеметсіз бе, аю аға бауырсақты көрдіңіз бе?

- Балалар мнемокестеден аю жайлы айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

- түлкі - лиса -fox

 

 

 

-Түлкі, ол айлакер қу.

 

 

- Сәлеметсің бе, түлкі бикеш? Бауырсақты көрмедің бе?

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар құмтерапиясынан бауырсақ суретін салып береді.

 

-Балалар бауырсақты апа мен атаға апарып береді.

 

-Рахмет

 

 

 

-Орманға саяхатқа бардық.

 

-Жабайы аңдар мен аю,қасқыр,түлкі,қоян.

 

-Бізге саяхат қатты ұнады, аңдардың дауысын естідік.

 

-Апа мен атаға көмектестік.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Жабайы жануарлар туралы және олардың балалары туарлы мағлұмат алады.

Қандай түсініктерді игереді: Жабайы жануарлар туралы түсініктерді игереді.

Меңгерген іскерліктер мен дағдылар: Жабайы жануарларға қамқор болуды меңгереді.

 

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Современные инновации в образовании

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга