Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Карбон қышқылдары, олардың өкілдері

Жантурина Дана Кобжасаровна
Преподаватель химии
Карагандинский медицинский колледж

Карбон қышқылдары, олардың өкілдері

 

Сабақтың типі:
Аралас.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді зерттеп, игеру сабағы.

Уақыты: 90 мин

Өткізілетін орны: Химия кабинеті

Тақырыпты таңдаудың әдістемелік негіздемесі: Берілген тақырыптың маңызы зор. Мысалы янтар қышқылы жүрек, бүйрек, жасы ұлғайған адамдардың жүйке орталықтарының бұзылуын, бұлшық еттердің белсенді жұмыс істеуін қалпына келтіретін және ағзаға түскен зиянды заттарды жоюдағы дәрі ретінде қолданылады. Янтар қышқылы ағзаның ақыл-ой және физикалық белсенділігін арттырады: ауыр операциялардан кейін ағзаны қалпына келтіреді: ағзаның қорғаныш қабілетін арттырады; Мидың қан айнылымының бұзылуындағы бастың ауруын болдырмайды. Ал сірке қышқылы тамақ өнеркәсібінде консервілік зат ретінде және әр түрлі химиялық дәрі-дәрмектерді синтездеу үшін пайдаланылады. Сондықтан құрамында оттегі бар органикалық заттар- «Карбон қышқылдары», «Бір атомды, көп атомды спирттер», «Күрделі эфирлер мен майлар», қасиеттерін, қолданылуын оқыту болашақтағы білім алушылардың жұмысына қажетті білім. Бұл сабақ «Бейорганикалық қосылыстардың маңызды қосылыстары» тақырыбымен салыстырылып өткізіледі, сондықтан білім алушылар өздерінің танымдық іс-әрекеттерін көрсетуге мүмкіндік алады (қызығуы, ынтасы, салыстыру, анализ, қиялы мен қабылдауы).

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Карбон қышқылдарының бейорганикалық қышқылдармен, қаныққан көмірсутегімен химиялық қасиетінде қандай ұқсастық бар екеніндігі жайында түсінік беру. Карбон қышқылдарының қасиеттері, алу жолдары, қолданылуын оқыту негізінде өтілген қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс туралы білімді кеңейту.

 

Дамытушылық: Білім алушының ойын дамыту, белсенділігін арттыру, тірек- сызбалар арқылы білімдерін талдай білуге үйрету; логикалық ойлаумен экспериментті талдау және болжай білуге коммуникативтік дағдысымен ақпараттық ептілігін дамыту.

Тәрбиелік: Білім алушыны шығармашылық ізденіске, іскерлікке, пәнге қызығушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;топта жұмыс істеу арқылы біреудің жауабын тыңдап, одан қорытыңды шығара білуге тәрбиелеу.

Білім алушы білуі керек:

-Карбон қышқылдарының анықтамасы мен құрылысын.

-Карбон қышқылдарының гомологиясы мен изомериясын.

-Карбон қышқылдарының халықаралық номенклатура бойынша аталуы.

-Карбон қышқылдарының физикалық-химиялық қасиеттерін.

-Алыну жолдары мен қолданылуы.

 

Білім алушы істей білуі керек:

-Карбон қышқылдарының гомологтарының формуласын құрастыру.

-Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері бойынша иондық теңдеу құрастыру

Берілген қышқылдарды халықаралық номенклатура бойынша атау.

-Карбон қышқылдарының алыну жолдарының реакция теңдеулерін жазу

-Карбон қышқылдарына есептер шығару (зат көлемі, массасы, зат мөлшері)

Пәнаралық байланыс:

Биология «Жасуша құрылысы»

Физиология «Зат алмасу»

Математика «Арифметикалық есептеу жолдары»

Физика «Заттың көлемін, массасын анықтау»

Тарих: «Заттардың шуғуы жайындағы тарихи деректер»

Пәнішілікбайланыс:

-Бейорганикалық қосылыстардың негізгі қосылыстары

-Спирттер мен жай эфирлер

-Альдегидтер

-Ион алмасу реакциялары

-А.М. Бутлеровтың құрылыс теориясы

-Күрделі эфирлер мен майлар

Сабақтың көрнекілігі:

-Интерактивті тақта

-Интерактивті тақтаға арналған маркер

-Электрондық оқулық (Органикалық химия)

-Д.И. Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесі

-Металдардың белсенділік қатары

-Маркерлық такта, әр-түрлі түсті маркерлер

-Екі нұсқадағы тест және таратпа тапсырмалар

-Химиялық қасиеттерін зерттеу үшін құсқау парағы

-Карбон қышқылдарының гомологтық қатары

 

Оқытушыларға арналған әдебиеттер тізімі:

1. Л.А. Цветов «Химия» 10-11 сынып, Мектеп 2002ж.

2. Л.Г. Гуськова «Химиядан есептер мен жаттығулар жинағы» 2004ж.

3. Б.А. Мансұров «Органикалық химия» 10 сынып, Атамұра 2003ж

4. Б.А. Ділманов, А.С. Талапов, «Жалпы және бейорганикалық химия практикумы» Астана 2009ж.

5. Б.А. Мансұров «Органикалық химиядан тест жинақтары», Атамұра 2005ж.

6. Н.Н. Нұрахметов, Қ.Б. Бекішов, Н. Заграничная, әдістемелік нұсқау.

7. Н.Н. Нұрахметов, Қ.Б. Бекішов, Н. Заграничная дидактикалық материалдар.

8. К.А. Сарманова, Химия сабағында аймақтық материалды қолдану, ТОО «Келешек - 2030», ж. Көкшетау.

9. Т.С. Арыстанбекова, «Химия пәнінен тараулар бойынша дейгейлік тапсырмалар мен тест жұмыстары», Алматы 2005ж.

10. Жаратылыстану пәндерін оқыту проблемалары. Ізденістер, игі істер.-Алматы 2001ж.

11. «Химия Қазақстан мектебінде» Ғылыми – методикалық журнал.

12. Д.Шардарбеков «Халық қазынасының айнасы», 2005ж.

13. К.Ө. Қонақова және т.б. Қазақстан Республикасы мектептерінде бейінді оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар – Алматы 2006ж.

14. М.Ж. Жадрина, С.Д. Мұқанова Жалпы білім беретін оқу орындарының оқу жұмыс жоспарын жасаудың нұсқаулары. – Алматы 2004ж.

Білім алушыларға арналған әдебиеттер тізімі:1. Н.Н. Нұрахметов, Қ.Б. Бекішов, Н. Заграничная «Химия» 10сынып, Мектеп 2006ж.

2. Н.Н. Нұрахметов, Қ.Б. Бекішов, Н. Заграничная «Химия» 11сынып, Мектеп 2007ж.

3. Н.Н. Нұрахметов «Химия» 11сынып, Мектеп 2006ж.

4.. Б.А. Мансұров «Химия» 10-11 сынып, Атамұра 2004ж.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:

-Сабақ өткізуге қажетті мәліметтер жинақтау

-Электронды оқулықтан қажетті материалдарды іріктеу

-Білім алушыларға жекелеген материалдар дайындау (карбон қышқылдарының физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері, тест тапсырмалары, есептеу тапсырмалары,)

-Сабақты өткізуге презентация дайындау

 

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі(5мин)

1)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2)Оқытушының кіріспе сөзі(сабақта әнгімелесу, жеке білім алушымен жұмыс, жұптық, топтық жұмыс әдістері және «Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» деген стратегия қолданылады).

2. Өткен тақырып бойынша білім деңгейін тексеру (15мин)

Әр топтан 3-білім алушыны тақтаға шақырып, альдегидтер тақырыбы бойынша тапсырмалар беріледі:Қосымша№1

 

3. Жаңа тақырыпты зерттеп, игеру (43 мин)

­­­­-Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.

-Карбон қышқылдарының анықтамасы.Слайд№4

-Карбон қышқылдарының құрамы.Слайд№5

-Карбон қышқылдарының жіктелуі.Слайд№6

-Карбон қышқылдарының номенклатурасы.Слайд№7

-Карбон қышқылдарды атау алгоритмі.Слайд№8

-Карбон қышқылдарыныңформулаларынжазуалгоритмі.Слайд№9

-Физикалық-химиялық қасиеттеріне бейнетаспа,кесте бойынша талдау.

Слайд№10 - №16

-Химиялық қасиеттерін ББҮ кестесіне толтыру.Слайд№17 - №25

-Карбон қышқылдарының шығу тарихы, қолданылуы (оқушылар слайдтары).Слайд№27

 

4. Жаңа тақырыпты бекіту (20 мин)

І. Әр топқа тапсырмаҚосымша№3

ІІ. Тест-2-нұсқадаҚосымша№2

  1. Сабақты қорытындылау (5мин)

1)Оқушылардың пікірін тыңдау

2)Білімін бағалау,түсіндіру

  1. Үй тапсырмасы (2мин)

Слайдтан көрсету.

 

Скачать приложения: Prilozheniya.pdf [404,87 Kb] (cкачиваний: 20)

Карбон қышқылдары, олардың өкілдері

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга