Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны

Бектасова Гулзат Бектасовна
Музыка пәнінің оқытушысы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

(Сабақтан тыс іс –шара)

 

Мақсаты:

Н.Тілендиевтің, қазақ мәдениетіне қалдырған мол мұрасын насихаттау.

Міндеттері:

·Студенттердің қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін жетілдіру.

·Өнер адамдарының шығармаларымен таныстыру арқылы, өнерге деген қызығушылығын, халқына отанына деген патриоттық сезімін ояту.

·Әнші, күйші, сазгер мұраларының халқымыздың биік эстетикалық мұрасы ретінде жас ұрпаққа үздіксіз қызмет ете беруіне үлес қосу.

Тәрбие сағатының түрі: Әдеби-музыкалық кеш

Қатысушылар: 39 «Ә» тобы студенттері

Әдіс – тәсілдері: Баяндау, көрсету, орындау.

Техникалық құралдар: Проектор, ноутбуг, флеш карта.

Көрнекіліктер:бейнетаспа, аспаптар, слайд-шоу, үнтаспа, кітаптар.

ЖОСПАР:

I.Ұйымдастыру

Оқытушының кіріспе сөзі

II.Негізгі бөлім.

1.Туа біткен дарын

2.Ән-ғұмыр

3.«Аққу күйі» - өлмейтұғын мәңгі өнер.

4.... Кемістік жоқ дирижерлік мінезде.

5.Естелік

6.Аманат

III.Қорытынды.

Бар қазақтың лаулап тұрған шырағы

ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

I.Ұйымдастыру бөлімі:

1)Кіріспе сөз: Топ жетекшісінің сөзі (39 «Ә» тобының жетекшісі Бектасова Г.Б. ашық тәрбие сағатының тақырыбы және мақсатымен таныстырып өтеді.

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраныОқытушы: Қайырлы күн, Құрметті ұстаздар мен студентер, өнер сүйер қауым!
Қазақ домбырасының Құрманғазы мен Тәттімбеттен кейінгі тарландарының бірі, туған халқы үшін барынша еңбек еткен, шың дарын иесі, ойлы да сезімтал, білімді, қазақ халқының рухани музыка мәдениетін көтеруге атсалысқан, талантты композитор атақты домбырашы, әрі дирижер Күйші-сазгер, ҚР Халық қаһарманы, Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған әдеби-музыкалық кешке хош келдіңіздер!

Нұрғиса Тілендиев – қазақ даласын сахнаға айналдырып, сазға бөлеген жасампаз, музыка өнерінің ашылмай кеткен жұмбағы, шешілмей кеткен сыры, таусылмайтын кені, тот баспайтын асылы, сарқылмайтын бұлағы, сөнбейтін шырағы, талмайтын пырағы, бармағынан бал тамған арқалы домбырашы екені баршаңызға аян.

Қазақ музыкасының сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы жайлы ойды 39 «Ә» тобы студенттері жалғастырады.

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраныII.Негізгі бөлім.

1. Туа біткен дарын

1-ші жүргізуші:

Бір оркестр – жалғыз – дара

домбыра,

Құйқылжытып, көшіре де, қондыра,

Сиқырлайды, дуалайды сазымен –

Бар ғаламды баурап алар мол мұра.

 

Күйден алау жақтыратын Нұрғиса,

Ойды көзбен бақтыратын Нұрғиса,

Шабынғалы тұрған долы барысты

Маужыратып сап тыятын Нұрғиса.

Бозторғайға тіл қататын Нұрғиса,

Жұлдызды да жырлататын Нұрғиса.

Бұлбұл құстың аңқита аузын аштырып,

Сиқыр сазын тыңдататын Нұрғиса.

Мұзафар Әлімбаев.

2-ші жүргізуші:

Нұрғисаның ата-анасы Тіленді мен Салиха ауыл-аймағы еркелеткен, аталы да баталы ұрпақ қасиетін берік ұстанған шаңырақ ретінде осы өңірге белгілі әрі сыйлы отбасы еді. Енді міне, Алланың рахымы түсіп, бұл шаңыраққа тағы бір қуанышты нәсіп етті. Дүниеге ұл келді. Екі ұлдан кейін үшіншісі қыз болса деп үміттенгенімен, Тіленді тағы ұлды болды.

Нұрғиса Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келді. Бала Нұрғиса әкесінен – күй, шешесінен - ән тыңдап, олардың айтқандарын көкейіне тоқи жүріп, бойына әдептілік пен әдеттілік секілді қасиеттерді дарыта білді. Әдептілігі – тиянақтылығы мен тәрбиелілігі. Әдеттілігі - өнерге құштарлығы. «Әдеттің озығы бар, тозығы бар» дегендей, бұрыңғы балауса балалық әдеттері есейе келе жаңаша сипат алып, енді домбыраға шындап құмарланып, қолынан тастамайтынды шығарыпты. Кірсе-шықса, жатса-тұрса домбырасының шанағын кеудесіне қыса ұстап жүреді екен. Қазақтың қанымен жетіп, тамыры тереңге кеткен халықтық өнер жолы осылайша бастау алған еді.

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны2.Ән-ғұмыр

3-ші жүргізуші: Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер.Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылық қоржынында өз жанынан шығарған 400-ден астам әндердің нотасы бар. «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім»сияқты әндері. Солардың ең алғашқысы жөнінде: «Ән...ән... жас өнерпаз жүрегіне ән құйылады. Ойына жаңа ән әуендері келеді, бұлқынады, шалқиды. Бірақ әлденеден жол таппай тұрғандай бөгеле береді. Ол тағы да ойлана түседі. Әлде біреуден естіген әуені ме? Жоқ. Ешкімнен де естімеген сияқты. Өз жүрегінен, өз бойынан шығып, біртіндеп құйылып жатқан сияқты. Ән туды. Тұңғыш әнге «Институт» деп ат тағылды. Әннің сөзін жазған Ұзақ Бағаев.ОлАбайдың«Әсемпаз болма әрнеге...», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Ішім өлген, сыртымсау...», «Қызарып, сұрланып...»өлеңдеріне ән шығарған. Сонымен қатар қазақ ақындарының өлеңдеріне«Ғашыққа мойын қой», «Абай арманы», «Әйгерімнің әні», «Ақынның пайғамбары - Абай ата»әндерін жазды.

Тамаша таусылмайтын жыр – қиссадай,

Біртуар қазақ ұлы Нұрғисадай.

Өнердің биігінде ән боп қалқып,

Жалауы жампозымның тұр қисаймай...

(Сейітхан Молдахметұлы)

«Саржайлау» әні орындалады

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны3.«Аққу күйі» - өлмейтұғын мәңгі өнер.

4-ші жүргізуші:

Нұрғиса шығармашылығының негізгі бір қыры күйші композитор. Оның«Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз»,«Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы»сияқты күйлері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.«Аққу»күйі орындалғанда, бірде Нұрғисаның әкесі Тілендінікі де, енді бірде Нұрғисаның өзінікі деп екі есім аталады. Осылай жазылып та жүр. Енді ойланып көрейікші Нұрғисаның 5-6 жасында әкесі Тіленді дүние салады. Әкесінің орындаған «Аққу», «Терісқақпай»», «Арман» күйлері Нұрғисаның құлағында қалады. Бүгінгі орындалып жүрген «Аққу» күйі сол әке сарынының жылдар өте жетілдірілген нұсқасы. «Аққу» күйінің жетілдіріле түскенінен Нұрғиса қолының табы білінеді. Олай болса «Аққу» күйінің авторларының атын жеке-жеке атамай Нұрғиса Тілендінің күйі «Аққу» деп екеуін де бірдей атаған дұрыс па дейміз .

«Аққу» биі орындалады.

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны4.... Кемістік жоқ дирижерлік мінезде.

5-ші жүргізуші:

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң 1945 жылы, Н.Тілендиев әуелі жаңадан ашылған Құрманғазы атындағы консерваторияның оркестр факультетіне оқуға түседі, оқи жүріп, қазақ радиосындағы оркестрдің бас дирижері болып қызмет атқарады. 1949 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің декадасына қатысады. 1953 жылы Нұрғиса Тілендиев Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваториясына түсіп, опералық дирижерлер даярлайтын факультетін профессор Н.А.Аносовтың класы бойынша бітіріп шығады.

1953-61 жылдары Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында, 1961-64 жылдары Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде бас дирижер болып, 1968 жылы «Қазақфильм» киностудиясының музыка редакциясының бас редакторы, 1980 жылдардың басынан «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрін ұйымдастырып, бар өмірінің соңына дейін осы оркестрдің бас дирижері, әрі көркемдік жетекшісі болды.

6-жүргізуші:

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраныКомпозиторлыққа бет бұрғаннан бастап, Нұрғиса Тілендиев әндермен қатар спектакльдерге, пьесаларға да музыка жазды. Көркем фильмдер мен хроникалық-документалді, сондай-ақ мультфильм-дерге жазылған музыкасының әрқайсысы жеке әңгімеге арқау боларлық дүниелер. «Қыз Жібек» фильмінің музыкасы өзгеше үн тебіренісімен, шабыты шалқар әуен-ырғағымен баурап алады. Композитор халық әуендерін жеріне жеткізе, жетілте өңдеп пайдаланған. Нұрғиса Тілендиев фильмге композитор ретінде ғана емес, талантты дирижер, әрі өз шығармаларының орындаушысы ретінде де қатысты. Оның қолындағы домбыра сиқырлы үндер, сан қилы сылқым саздар қоймасындай. Экраннан көріп отырып, біз актерлердің музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігіне тәнті боламыз, ал орындаушы композитордың өзі екендігін біле бермейміз.

«Қыз Жібек» фильміне Нұрғиса ағаның композитор ретіндегі тебіреністі жұмысы халқымыздың көне аспаптарын пайдаланумен айшықталғанын айту парыз. Қылқобыз, домбыра, сыбызғы, асатаяқ, дабыл, дауылпаз және жетіген секілді қазақтың көне ұлт аспаптары фильмнің тек мазмұнын ашуға септігін тигізіп қана қойған жоқ. Сонымен қатар халықтың тұрмыстық һәм табиғи суреттерін көз алдымызға елестетеді. Ежелгі ұлт аспаптарын қайтадан қалпына келтіріп, алғаш рет кинофильмде пайдалану, осынау көне көмей мүліктердің зор мүмкіндігін аңғартып, композитор творчествосына кең өріс ашып қана қойған жоқ, сонымен бірге бұл аспаптардың өнердің басқа саласынан да мықтап орын аларына жол ашып берді

«Күй шашу» орындалады.

5.Естелік

7-ші жүргізуші:

Тұманбай Молдағалиев естелігінен үзінді:

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраныБір күні Нұрағам мені кешке қарай үйіне шақырды. Қыс айларының бірі еді. Күн бұлыңғыр, кеш батып бара жатқан кез. Ағам пианинода мен бұрын естімеген жаңа әуен ойнап отыр. Өзі жылап отыр. «Тыңда, мына әнді, жақсылап тыңда. Бұл әннің аты «Менің жүрегім» болады. Менің жүрегімнің ауыратынын білесің ғой сен. Анау бөлмеге кір де, осы әнге сөз жаз, - деді. Әннің сөзін жаздым, ағам екеуміз бірге айттық. «Бұл әнді Бақытқа айтқызам» - деді. Бұл ән менің жақсы әнімнің бірі болады, - деді.Жүзі жадырап күлімдеп тұр. Бағанағы жылаған аға бір сағаттың ішінде тез өзгерді.

Тез бұлттанып, тез ашылатын еді. Тез жанып, тез басылатын сияқты, бірақ қай уақытта да қасындағы кісісін аялап, аяп отыратын Нұрағам.

«Жүрегім менің» әні орындалады.

 

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны

6. Аманат

 

8-ші жүргізуші:

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраныЖамбыл Жабаев өз домбырасын Нұрғиса Тілендиевке бере тұрып: « Мына, қасиетті қара домбыраның киесі сенде болсын. Осыны көзіңнің қарашығындай сақтап, қазақтың қара домбырасын бар әлемге асқақтата паш ет» деп, батасын береді.

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраныНұрғиса Тілендиев Жамбыл аманатын ұрпақтар сабақтастығы ретінде қазақтың қара домбырасын айдай әлемге паш етіп, Жамбыл атамыз сияқты артына өшпес мол мұра қалдырып кетті.Келесі орындалатын әнді Нұрғиса Тілендиев Жамбыл атасына арнаған екен.

«Әке туралы жыр» әні орындалады.

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны

III.Қорытынды.

Бар қазақтың лаулап тұрған шырағы

9-шы жүргізуші:

Құрметті көрермен қауым, ұстаздар, достар! Біз бүгін,

Қазақстандағы ән романс жанрына үлкен үлес қосқан, қазақ халқының рухани музыка мәденитін көтеруге атсалысқан талантты композитор Нұрғиса Тілендиевті еске алдық. Нұрғисадай таланттарымызды келешек жас ұрпақ танымай кетсе, ол біздер үшін үлкен сын. Біздер болашақ ұстаздар халқымыздың өнерін, өнер саңлақтарын үнемі насихаттап журуге міндеттіміз деп ойлаймыз. Сондықтан насихат жүргізу түрінің бірі ретінде, әлеуметтік желілерде ақпарат таратуды бастадық. Осы іс жалғасын табу үшін сіздердің қолдауларыңыз қажет. Сіздерді әлеуметтік желілерде «Халық қазынасы» жайлы ақпарат таратуға шақырамыз!

Төгеді ұлы жүректен жан жылуын,

Шұғыла шуағындай таң нұрының,

Танытып мәнділігін, мәңгілігін,

Әлемді әлдилеген ән-ғұмыры!

Сейітхан Молдахметұлы

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны

 

«Құстар әні» әні орындалады

 

9-шы жүргізуші:

Ардақты Нұр аға біз, сіз жаққан өнер шырағын өшірмейміз!

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны

Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны

Әдебиеттер тізімі:

Нұрғиса Тілендиев //Қазақ Ұлттық энциклопедиясы: Т.8.-Алматы, 2006.-630-631 б.

Ғасыр сазын тербеген: [Нұрғиса Тілендиев туралы естеліктер] /Құраст. С.Әбдірайымов, Ж.Шәкәрім, Д.Тілендікеліні, Б.Иса.-Алматы: Білім, 2007.-280 б.

Жәкітайұлы Т. Нұрғиса Тілендиев: Эссе.-Алматы: Арда, 2007.-168 б.

Қаһарман Нұрғиса: [Очерктер, поэмалар, эсселер, өлең-жырлар] /Құраст.С.Әбдірайымұлы.-Алматы: Санат, 1999.-352 б.

Шәкәрім Ж., Тілендікеліні Д. Нұрғиса Тілендиев: [Ғұмырнамалық деректі хиқаят].- Алматы: Қазақстан, 2003.-184 б.

Аманжол Б. Нұрғиса Тілендиевтің Қазақ оркестрі //Мәдениет.-2009.-№11.-16-19 б.

Иманалиев Ж. Күйшінің құпиясы: [Нұрғиса Тілендиев – күйші, дирижер] //Айқын.-2012.-4 шілде.-5 б.

Нұрғиса Тілендиев: Күйші, композитор, дирижер //Аңыз адам.-2012.-№15.-1-52 б.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга