Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Қазақ тілі пәнінен оқушыларды Бірыңғай Ұлттық Тестке дайындау жолдары

Касенова Гульжан Ержановна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
№ 3 Көп бейінді қазақ мектеп-гимназиясы

Қазақ тілі пәнінен оқушыларды Бірыңғай Ұлттық Тестке дайындау жолдары

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев:«Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» ,-деп тұжырымдады. Ал, қазақ халқының тіл келешегі- бүгінгі мектеп оқушыларында.

 

ҰБТ дегеніміз – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.

ҰБТ – ол жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік аттестатталуын және арнайы орта, жоғары оқу орнына қабылдау емтихандарын біріктіріп өткізуді көздейтін, білім ұйымдарынан тәуелсіз жалпы орта білім сапасын бағалайтын, жаңа технологияларға негізделген мемлекеттік жүйе.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі.

Бүгінде қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-жақты терең меңгеру.

Міндеттер:

1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс;

2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;

3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;

4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.

Жылдық жоспар дайындап алу

Ал, бұл міндеттің орындалуына ҰБТ сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын. Оқушыларды ҰБТ- ға дайындауда төмендегідей жұмыстар атқарудамын.

vӨткен тақырыптардан теориялық білімдер беремін.

vОқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлемін.

vТест жұмысын орындағаннан кейін коррекциялық жұмыс жүргіземін.

vТақырыптық тест құраймын.

vӘр тараудан кейін сынақ қабылдаймын.

Алдыма қойған мақсат пен міндеттерімді жүзеге асыруда 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау жолдарын үш кезеңге бөлемін:

1-кезең. Дайындық кезеңі (10-сыныптарда жүргізіледі)

2-кезең. Негізгі кезең (11-сыныптың I-жарты жылдығында жүргізіледі)

3-кезең. Қорытындылау (11-сыныптың II-жарты жылдығында жүргізіледі)

1-кезең. Диагностикалық:

- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау;

- Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;

- ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу;

- Сонымен қатар өткен тақырыптар бойынша лекция жаздырту.

2-кезең. Практикалық:

- Тест жинақтарымен жұмыс;

- Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;

- Топтық және жеке дайындық;

- Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану;

- Лингвистикалық талдаулар жасату.

3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):

- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері;

- Мониторинг;

- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;

- Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.

Кез-келген ҰБТ- ге дайындайтын пән мұғалімдері сияқты ең бірінші жұмысымды алғаш «Кіріспе тест» өткізуден бастадым. Сыныпқа жеке папка дайындап, оның ішінде ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы, сонымен қатар әр оқушыға жасалған мониторинг парағы болады.

Әр оқушы ай сайынғы тест қорытындысы бойынша мониторинг парағын алғаннан соң өзіне мақсат қою арқылы қатемен жұмыстар жасай отырып, жүз пайыздық оқу үлгеріміне талаптанады. ҰБТ- да жақсы нәтижеге жетудің ең негізгі жолы – оқушы бесенділігі.

Әрбір оқушының білім сапасының қаншалықты нәтижелі деңгейде екенін білу үшін. Апта сайын мониторинг арқылы сараптаймын, дәптерге әр тесттің қорытындысымен, диаграммасын сызып, жазып отырамын. Оқушылармен жеке, топпен коррекция (түзету) жұмыстары жүргізіледі. Әрбір оқушы коррекция (түзету) жұмысына арналған дәптерлерінде дұрыс жауап бермеген сұрақтардың жауабын өз бетімен іздестіреді, сұрақтарын жазып талдайды. Cыныпта оқушыларды үш топқа бөліп, ортадан спикерлерін таңдап, бес варианттан беріп, қиын сүрақтардың жауабын ортаға салып, талдау жұмыстарын жүргіземіз. Өзі оқи отырып, басқаныда оқытады, өзінің тырысу, іздену қабілеттері дамиды, белсенділігі, өзіне деген сенімділігі артады. Мұнда жекелеп, жұппен, топпен, ұжымдық, оқыту барысында ұстаз бен шәкірт, шәкірт пен шәкірт арасында достық қарым- қатынас туады. Екі жақтың да жауапкершілігі артады да және жан-жақты дайындықты талап етеді. Сынып бойынша ай сайынғы тест қорытындысының орташа балы есептеліп, мониторинг жасалады. Осының барысында оқушының өзін-өзі сынау, өз жетістігіне қуану және өзгенің жетістіктерін көруге мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар ата-анамен де үнемі байланыста болу керектігін есте ұстау қажет. Ата-ана, оқушы, пән мұғалімі үнемі байланыста болса алынбайтын қамал болмайды. Пән мұғаліміне ұжым тарапынан да қолдау көрсетіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. ҰБТ-ға дайындауда барлық кезеңде лингвистикалық талдау жұмыстарын үнемі жүргізу қажет. Өйткені бала сол талдау арқылы барлық тақырыпқа қайталау жұмыстарын жүргізеді.

Яғни толық фонетикалық талдау,лексикалық талдау,морфологиялық,синтаксистік талдау жұмыстарының үлгісін ұсынамын.

1.Фонетикалық талдаудың сызбасы

 

1.Айтылу,жасалу,жазылу жолдарына қарай: жуан,жіңішке,аралас буынды сөздер.

2.Буын түрлері

3.Тасымал

4.Екпін

5.Буын үндестігі

6.Дыбыс үндестігі

 

2.Лексикалық талдаудың сызбасы

I. Сөздің атауыш немесе тура мағынасы.

II.Сөздің шығу тегіне байланысты туған мағынасы.

1.Түпкі мағына.

2.Туынды мағына.

аКөп мағыналы сөз.

ә. Омоним.

б. Синоним.

в. Антоним.

г. Кірме сөздер (араб,парсы,моғол,орыс сөздері).

ғ.Табу.

д. Эвфемизм.

е. Дисфемизм.

III Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағыналары.

1.Сөздің еркін мағынасы

2.Фразеологиялық байлаулы мағынасы

3. Синтаксистік шартты мағынасы

IV Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары:

1.Бейтарап мағына.

2.Бейнелі мағына ( троп пен фигуралардың түрлері).

3.Терминдік мағына.

V Сөздердің қолдану сипатына байланысты түрлері:

1.Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері:

а. жалпылама лексика;

ә. қолдану өрісі тар лексика;

б. сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері;

в. Сөздердің актив және пассив қолданылатын түрлері.

3.Сөз құрамына,лексика-грамматикалық мағынасына қарай талдаудың сызбасы

I. Құрамына қарай.

II. Тұлғасына қарай: негізгі; туынды.

Туынды түбір жасалу жолдары:

1. Синтетикалық немесе морфологиялық тәсіл: а) негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы; ә) туынды түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы; б) септік жалғауының көнеленуі арқылы.

2. Аналитикалық немесе синтаксистік тәсіл : а)тіркесу; ә) бірігу немесе кірігу б)қосарлану

III. Құрылысына қарай: а) дара ә)күрделі

IV. Лексикалық мағынасы.

V. Грамматикалық мағынасына қарай: а)жалпы грамматикаалық мағына; ә) категориялық грамматикалық мағына; б ) қатыстық грамматикалық мағына;

4. Синтаксистік талдаудың сызбасы

I. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай:хабарлы ,сұраулы,лепті,бұйрықты.

II. Құрылысына қарай: 1. Жай сөйлем; 2. Құрмалас сөйлем: мезгіл мәнді,себеп мәнді, қарсылықты мәнді,шартты мәнді,салыстырмалы мәнді,түсіндірме мәнді, толғау мәнді,кезек мәнді,амал мәнді, мақсат мәнді.

III .Сөйлем мүшелері:бастауыш,баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.

IV. Жай сөйлемнің түрлері: 1. Жалаң ,жайылма; 2.Толымды, толымсыз; 3. Жақты , жақсыз, 4. Атаулы .

V. Сөз тіркесі:есімді , етістікті.

VI.Сөздердің байланысу түрлері: а) қиысу; ә)меңгеру; б) матасу; в) қабысу; г)жанасу .

VII. Сөздердің байланысу тәсілері:

а) интонация; ә)жалғаулар; б)септеулік шылаулар; в) орын тәртібі.

Осы үлгі бойынша бала үнемі талдау жұмыстарын жасап отырса, бала барлық тақырыптарға қайталау жұмыстарын жүргізу арқыла білімдерін одан әрі шыңдай түседі. Лингвистикалық талдау жасау арқылы оқушы ұтпаса, ұтылмайды. Оқушыға балық бермей, қармақ берсек нәтижесі тиімдірек болады. Ұстаз да оқушы да ерінбей еңбектенсе кез келген нәтижеге жетуге болады.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга