Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Әдебиетті дәуірлеп оқыту – жетістікке жету жолы

Тұрлыбекқызы Маншук
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
«Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК

Әдебиетті дәуірлеп оқыту – жетістікке жету жолы

 

Әдебиет – көркем өнер мен берілетін саналы білімнің, тұлғалық қалыптастырудың бір түрі. Өйткені «Әдебиет – өнер туындысы, әдебиет сабағы – өнер сабағы»деп Төлеутай Ақшолақов айтқандай, біздің шәкірттеріміз ұстаздар өткізген сабақтан тек қана материалдық құндылық қана емес, рухани байлық та алып шығу керек [1, 23] . Әрине бұл әдебиет көтерер жүктің екінші жағы – ауыр жағы. Дегенмен қазіргі заман талабы, білім беру орындарының, орта білім беру ұйымдарының 11-сынып түлектері әдебиет пәнін бесінші, таңдау пәні ретінде алған кезеңде, өзінің гуманитарлық ғылымдарға, әсіресе, көркем әдебиетке жақын екендігін басшылыққа алады. Бұл ретте оқушының жеке жұмыс істеуі, қажырлылық пен ішкі жігердің болуы басты талап болып табылады. Олай дейтін себебіміз – әдебиет тірнектеп жиналатын, материалдық, ақпараттық қоры мол пән. Сол себепті де әдебиет пәнін таңдаған оқушыларға алдын ала психологиялық әрі толыққанды материалдық базаны меңгеруге дайындық керек.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Ұлттық бірыңғай тестілеу –орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтиханымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі» деп көрсетілген [2, 5]. Осы орайда, заңға сәйкес біз Ұлттық бірыңғай тестілеусіз білім сапасының көрсеткішін айқындай алмаймыз. Алайда білім беру де, білім алу да механикалық оқу мен оқытуға айналып кетпеуі керек. Ол үшін әдебиет сабағында 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі берілетін материалдар көлемі өте ауқымды болғандықтан, әдебиетті дәуір бойынша оқыту тиімді [3].

Әдебиет пәнінен мына тақырып­тарды оқушы міндетті түрде біліп, меңгеруі тиіс:

·Қазақ фольклоры (халық ауыз әдебиеті);

·Ежелгі дәуір әдебиеті ( орта ғасыр және қазақ хандығы кезеңіндегі қазақ әдебиеті);

·ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиет;

·ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті;

·ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті;

·ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиеті;

·ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақ әдебиеті;

·ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ әдебиеті;

·Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті.

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен оқушылар: салт өлеңдері; мал, шаруашылық туралы өлеңдер; діни салт өлеңдері; наурыз; бәдік; үйлену салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң, шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау; ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары; айтыс өлеңдері; шешендік сөздер; тарихи өлеңдер тақырыптарын меңгеруі керек. Ол үшін әр тақырыпқа арнайы конспект жасап шығармаларға мазмұндық талдау жасап, тестте кездесетін сұрақтарға бірнеше нұсқа бойынша жауап беріп, қателіктермен жұмыс жүргізу керек. Мысалы, «Халық ауыз әдебиеті» үлгілері негізінен 5-6 сыныптарда беріледі. Бұл қазақ әдебиеті пәнінің оқу жүктемесіне жаңадан енгізілген уақыты болғандықтан, барлық тақырыптар оқушыларға қызғылықты болады. Сондықтан ертег, аңыздар мен мысалдардың, жырлардың негізгі мазмұны есте жақсы сақталады. Өтілген шығармалардың кейіпкерлері мен оқиға желісі ғана естен шығуы мүмкін. Ақпарат көлемі көп болмаса да, есте сақтап, кейіпкерлер мен оқиға желісінің орнын ауыстырмау қиындық келтіреді.

Ежелгі дәуір әдебиеті мен орта ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштері, Қарахандықтар тұсындағы және Алтын Орда заманындағы әдебиет тұтастай қамтылғаны жөн. Мысалы, Орхон-Енисей руна жазба ескерткіштері, оғыз-қыпшақ дәуіріндегі әдебиет мұралары - "Қорқыт ата кітабы", құмандардың "Кодекс Куманикус" жазба туындысы, "Оғызнама" дастаны, Қарахандықтар тұсындағы әдебиеттің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" ("Құт әкелетін білім") еңбегі, Махмұд Қашқаридің "Диуани луғат-ит-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") кітабындағы аңыздар мен әпсаналар, әдеби-поэтикалық үзінділероқылуы қажет. Сол сияқты ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиет; ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті; ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті; ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиеті; ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақ әдебиеті; ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ әдебиеті; Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінен барлық шығарамлардың қамтылуы – үздік көрсеткішке қол жеткізу жолы.

Аталған тақырыптар бойынша тақырыптық тесттерді қолдану – оқушылардың ізденімпаздық және танымдық қызығушылығын арттырады. Қай дәуір әдебиеті, яғни әдебиет кезеңі болмасын оқушы тест жауаптарына талдау жасауы, жіберілген қателіктермен жұмыс жүргізуі жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Көркем шығармаға талдау жасау. Ақшолақов Т. ­ Алматы : Мектеп, 1983. ­- 191 б. ­

2.Қазақстан Республикасы. Заң. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы: заң № 487-­ІҮ ҚРЗ 2011 жыл 24 қазан / Қазақстан Республикасы, Заң // Егемен Қазақстан. ­ 2011. ­ - 29 қазан. ­ № 18. ­ 3­-42 б.

3. http://e-history.kz/kz/contents/view/1075

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга