Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс – тәсілдері

Атыгаева Маржан Койшебаевна
Учитель казахского языка и литературы
КГУ «Средняя школа №12»

Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс – тәсілдері

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)-жаңа технология бойынша талапкердің білім сапасын білім беру ұйымынан тәуелсіз бағалайтын мемлекеттік жүйе.Оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі екені белгілі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет.Оқушы білімді меңге ріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдіс-тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы–оқытушы.

Мұғалімге қойылатын талаптар:

-Оқушылардың білім алу себептерін айқындау,

-Пәндік оқытуды ұйымдастыру

-Тиімді технологияларды қолдану.

Кемшілігі:

-Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады

-Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз

-Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады.

-Жауап белгілеу кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін

ХХІ ғасыр барлық адамзат баласына сапалы білімге жол нұсқап, түбегейлі өзгерістер мен жаһанданудың салдарынан туған өзгерістер мен міндеттерді жүктеп отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек»-дейді [1,5]. Осы орайда өркениетті елдер қатарына жетудің басты белгісі экономиканың дамуы ғана емес, білімді, ғылыми ізденістегі, жан-жақты дамыған, сауатты адамдарына да тікелей байланысты. «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру – білім берудің түпкілікті мақсаты» [2,5] екендігі айқындалынып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде»,-деп тұжырымдады. Ал, қазақ тілінің келешегі – бүгінгі мектеп оқушыларында. Бүгінгі білім сапасын көтерудің басты бағыты ұлттық бірыңғай тестілеу болып табылады. ҰБТ арқылы оқушылардың қорытынды білім сапасын анықтаймыз.ҰБТ-ны жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Ол үшін оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. ҰБТ-ға дайындауда басты міндет мұғалімге жүктеледі. Сол себептен өз басым төмендегі талаптарды қойып отырмын:

-Оқушылардың білім алу себептерін айқындау. Ол үшін диагностика сараптама жасау;

-Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау;

-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;

-Пәндік оқытуды ұйымдастыру;

-Тест тапсырмаларымен жұмыс;

-Деңгейлік тапсырмалар құрастыру;

-Тақырыптар бойынша тестік бақылау жұмысын алу;

-Тиімді технологияларды қолдану.

-Кең көлемді оқу материалын қамтитын тестік бақылау түрлерін құрастыру;

-Оқушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгеру қасиеттеріне түрткі жасау;

-Жылдық жоспар құру. Соның ішінде, жылдық жоспарды келесідей құрып отырмын:

1.Фонетика. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Буын. Тасымал.Екпін.

2.Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі.

3.Лексика. Синоним, антоним, омоним сөздер; мақал-мәтелдер; фразеологизмдер; сөз құрамы; сөзжасам; қос сөздер.

4.Морфология. Көмекші есімдер.

5.Етістердің түрлері.

6.Септеулік шылаулардың қолданылу ерекшеліктері.

7.Етістіктің шақтары,грамматикалық формалары.

8.Түбір мен қосымша. Сөз тудырушы жұрнақтармен сөз түрлендіруші жұрнақтардың айырмашылығы.

9.Синтаксис. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

10. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері , тыныс белгілері.

11. Салалас құрмалас сөйлем,тыныс белгілері.

12. Сабақтас құрмалас сөйлем,тыныс белгілері.

13. Стиль түрлері, тілдік норма, ерекшеліктері т.б.

14. Шешендік өнердің түрлері, тәсілдері.

Мен 11 сыныпта жұмыс істеймін. Жалпы оқушылардың саны -9. Алдын-ала өзім кіріспе тест өткіздім. Сыныпқа жеке папка дайындадым. Оның ішінде: ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы, сонымен қатар әр оқушының жеке ереже дәптері бар. Әр оқушы тест нәтижелерін белгілегеннен соң қатемен жұмыс жасайды. Мысалы:

-грамматикалық ережелерді жаттау;

-ережелерін еске түсіріп жазу;

-мысалдар келтіру;

-бірін-бірі тексеру;

-өзін тексеру.

Мектепішілік байқау

-тестілеу нәтижелерінің мониторингі өткізіледі. Оқушылардың ұпайлары салыстырылып отырады.

Біріншіден, 11-сынып бағдарламасы бойынша әр тарауды қамтыған 25 сұрақтан тест құрастырылады;

Екіншіден, әр тарауды оқып бітіргеннен кейін тест өткізіледі;

Үшіншіден, жіберілген кемшіліктер, меңгермеген тақырыптар бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Күрделі сұрақтарды орындаудың тиімді жолдары:

Сұрақты асықпай, түсіне оқу

Сұраққа қатысты грамматикалық материалды еске түсіндіру. Мысалы: «Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе , дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?

1.Жалғаулық шылауы бар сөйлемді іздеу;

2.Жалғаулық шылауы бар сөйлем жоқ болса, бірінші жай сөйлемнің баяндауышына қараймыз, ол тиянақты формада тұру керек.

«Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?

1) Жай сөйлемдерді алып тастаймыз;

2) Баяндауышы тиянақты сөйлемдерді алып тастаймыз, себебі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада тұрады.

Қорытындылай келе, ел болашағы-білімді жастардың қолында. Сол себепті білімді ұрпақ қалыптастыру-біздің мақсатымыз болсын!

Пайдаланған әдебиеттер

1.З Қабдолов. Алматы, 1997, 142б «Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері». Алматы, 2007 ж, 15б.

2.Тесттер жинағы-2014

скачать dle 11.0фильмы бесплатно