ҰБТ жөніндегі өз пікірім...

Ибраймова Айгуль Кабышовна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
№ 3 Көп бейінді қазақ мектеп-гимназиясы

Бақ шаба ма, бап шаба ма, жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан, тисе терекке, тимесе бұтаққа. Міне, ұлттық бірыңғай тест туралы қалың жұртшылықтың көзғарасы, көңілде жатқан түпкі ойы осы ұғымдардың төңірегінде. Ащы болса да, бұл – шындық. Сондықтан білім беру саласында өзекті болып отырған тест жүйесінің ерекшеліктері мен проблемалары, оқушы мен педагогті тығырыққа тіреген тұстары және олардан шығу жолдарын егжей – тегжей зерттеу, зерделеу де ұстаздың құзырында. Мұғалім мен оқушы үшін жаңа оқу жылы толқынысқа толы күндерден басталады. Өйткені оқушы мен ұстазға мектеп өміріндегі ең жауапты да мазасыз кезең. Бұл - оқушының он бір жыл бойы алған білімін қорытындылап, талдау жасайтын уақыт. Өзімнің он екі жылдық педагогикалық тәжірибемде соның жеті жылында ҰБТ –мен тікелей айналысып, оның қыр - сырын меңгерудемін.

Мұғалім мен 11-сынып оқушысы үшін жаңа оқу жылы толқынысқа толы күндерден басталады. Әр оқушы мен ұстазға мектеп өмірдегі ең жауапты да мазасыз кезең болар. Бұл оқушының он бір жыл бойы алған білімін қорытындылап, талдау жасайтын уақыт.

Жалпы ұстаздық ұстанымның бірі – неғұрлым ертеден жақсы іс бастасақ, соғұрлым жұмысың табысты, ырысты болады деп есептеймін. Осыған орай алдыма қойған мақсаттарды анықтап, жүйелеп, жоспар құраймын. Алдымен, «Казақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты түрлі семинарларға қатысып,әр түрлі әдіс-тәсілдерді үйренудемін. ҰБТ-ға дайындық жүргізудің жоспарын құрадым, өйткені жұмыс жүйелу болу үшін, алдымен жұмыс жоспары құрастырылу керек. Қазақ тілі – тұнып тұрған ерже мен анықтама болғандықтан тіл білімінің әр саласы бойынша теориялық білім беремін. Теория тек жаттанды болмау үшін, оны практикалық жұмыстармен ұштастырып отырамын. Осы жұмыстарды жүйелі жүргізуде мұғалім мен оқушы әр уақытын тиімді пайдаланып, жұмыс түрлерін түрлендіріп отыруы тиіс. Бүгінгі күнде әрбір ұстаз ҰБТ-ға дайындауда оқушылардың жас ерекшеліктерін және білім санасын көтеруде әр түрлі кезеңдерді қолданып келеді, бірақ соған қарамастан ҰБТ-ге дайындық жұмысын жүргізу барысында ұстаздар қауымы да түрлі қиындықтарға тап болып жатады.

ҰБТ – ның кемшіліктері деп нені бағалаймыз?..

- Сабақ барысында оқушының ойы, сөйлеу шеберлігі шектеледі;

-Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушының қабілеті айқындалмай, тыс қалады;

- Тест тапсыру логиканы дамытпайды, тек сол пәннен мағлұмат алады, материалдар жаттанды түрле қабылданады;

- Оқушы білім алу емес,ұпай жинаудың амалдарын іздейді;

- Теорияны практикамен ұштастыра алмайды;

- Психологиялық тұрғыдан күйзеліске түседі;

Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушының ойы тест орындауда болып, ауызша жаттығуларды орындауда өз ойын еркін жеткізуден шектелетіндігі байқалады. Ал тест орындауда қазақ тілі пәні бойынша материалдарды жаттанды оқып, оқушылар өзінің ана тіліне деген құрметін азайтып жатқаны да бар. Осыдан келіп баланың пәнге деген қызығушылығы төмендеп, жаттанды түрде жоғары ұпай жинауды мақсат етеді. Сонымен қатар теориялық білімі бола тұра, талдау жұмыстарына келгенде қиыншылықтарға кез болып жатады. Мысалыға Абай: «Биік мансап – биік жартас»,- деді деген төл сөздегі бастауыштың төлеу сөзге айналғанда қай сөйлем мүшесінің қызметін атарады деген сұрақта оқушы теорияны практикамен ұштастыра алмай жатады. Яғни, төл сөздегі бастауыштың төлеу сөзде анықтауыш қызметін атқарып кететіндігін дәлелдей алмайды. Лексика саласы төңірегінде де оқушылар кәсіби сөздерден қателіктер жібереді. Өйткені ауыл шаруашылығына байланысты қоза,шиіт, балдаң,дүмбі, сота, пәшік сөздері біздің оқушылар үшін түсініксіз сөздер,неге десеңіз шығыс жақта мақта,жүгері түрлері өсірілмейді. Жұмыс барысында осындай қиыншылықтар кездесіп жатады. Сонымен қатар,мектепішілік байқау тестілерін алған уақытта,оқушылардың қатты толқуы байқалады. Толқыныстың жағымсыз салдарынан оқушының мұқияттылығына, өзін – өзі ұстауына әсерін тигізіп, білетін сұрақтарынан қате жіберетіндер де көптеп кездеседі. Сондықтан мектеп психологы оқушылармен тренингтер өткізіп, психологиялық тұрғыдан дайындау қажет. ҰБТ – ға дайындаудағы ең бір қиындық – оқушының психологиялық ахуалы. Баланың өз – өзіне сенімін қалыптастыру үшін ата – ана, ұстаз, психолог мамандарының үнемі қолдауы болғаны жөн. Аққу, шортан, һәм шаян болмай, бірлесе отырып жұмыс жасасақ, кез келген қиыншылықтың шешімін табуға болады.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

☑ Современный урок: эффективная организация образовательного процесса (для учителей)

☑ Expo-2017 (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия