Қазақ тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы қиындықтар және жеке тәжірибе

Мардашева Эльмира Маулетовна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
№13 ЖББМ Саран қ.

Қазақ тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы қиындықтар және жеке тәжірибе

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеруде басты бағыт болып табылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, алған білімін өмірде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда оқытудың әрі жаңа, әрі тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдану қажет. Қазіргі кезде өзге ұлт өкілдеріне тілді меңгерте отырып, қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындау мұғалімнің біліміне, ізденушілігіне шығармашылығына, жауапкершілігіне байланысты.

Мұғалім оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда мақсат қояды. Ол мақсаттардың ең негізгісі оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана алатындай, қазіргі талаптарға сай сапалы білім беру.

Қазақ тілі сабағында ҰБТ-ге дайындық барысында кездесетін кедергілер және оны алдын алу. Өзге ұлт өкілдерінің балаларына тіл үйретуші және жыл сайын оқушыларды ҰБТ-ге дайындайтын мұғалім ретінде бірінші кедергі оқулықтардың бір-бірімен байланыспауында, сонымен қатар ҰБТ сұрақтарының қазіргі кезде оқулықтармен сәйкес келмеуінде дер едім. Мұнан шығатын қорытынды, мұғалімнің оқушыларды ҰБТ-ге сапалы дайындауда кедергілерге тап болуында. Мектеп бітірушілердің қай емтиханы болса да, 5-9 сынып аралығындағы материалдар қамтылатыны белгілі. Сондықтан пән бойынша өтілетін материалдар сыныптан сыныпқа рет-ретімен қабысып, бірін-бірі жалғастырып әкетуі керек. Ал 10-11 сыныпқа келген оқушылармен ҰБТ-ге дайындықта біз тек қайталауда бағыт бере отырып, оқушы нашар меңгерген тақырыптарды қосымша түсіндіріп отыруымыз қажет. Өз пәнім бойынша айтатын болсам, осы олқылықтардан кейін көптеген грамматикалық тақырыптарды 10-сыныпта кеңінен өтуге тура келеді және елтану бағыты бойынша тақырыптарды қосымша беріп, түсіндіруіміз тағы бар. Тақырыптарды қайталай отырып ҰБТ-ге дайындалудың орнына тақырыптарды кеңінен өтіп уақытты жоғалтып аламыз. Қысқаша айтар болсақ, оқулықтардың тақырыптарды түгелдей қамтымай, бір-бірімен қабыспай жатқандығы үлкен кедергілерге әкеліп соғады. Бір айта кететін жайт қай сыныптағы оқулықтарды алсаң да, грамматикалық тақырыптарға байланысты жаттығулардың жоқтығы үлкен кедергілерге әкеліп соғып жатады. Мысалы, тақырып «Дауыссыз дыбыстар» болса, ол тақырыпқа байланысты оқулықта жаттығулар жоқ, болса да ол жаттығулар ол тақырыпқа сәйкес келмей жатады немесе ол тақырыпты ашпай жатады. Оқулықта өтіліп жатқан тақырыпқа байланысты бірнеше жаттығулар болуы тиіс. Жаттығулардың болмауы мұғалімге артық міндет жүктесе, оқушының тақырыпты әрі қарай меңгеріп әкетуіне кедергілер келтіреді. Осыдан келіп мұғалім тақырыпқа байланысты жаттығуларды өзі құрастырып қосымша беруге тура келеді. Осындай қажеттіліктен туындаған өзімнің авторлық «Фонетика бойынша жаттығулар жинағы» жинағымнан жаттығулар келтіре келтірейін:
13-жаттығу.Көп нүктенің орнына ашық, қысан дауысты дыбыстарды қойып жазыныздар.

Менің ...тым-Қожа. Шынын айтсам, б...л о боста Қожа емес Қожаберген екен.Туу ку...лігінің ...зінде сол...й деп жаз...ылған. Бірақ д...ниеде не қилы ғ...жайып қ...былыст...р бола б...р...тіні тәрізді, бертін келе Қожабергеннің қ...йрығы үзіліп т...сіп қалыпты. Сонымен, мен ...зім ес білгелі Қож...мын. Ау...л аймақтың б...рі солай ...тайды.

Фам...л...ям Қадыр...в. Бір кезде Қ...д...рұлы деп те жазып ж...рдім. Бірақ ж...рттың б...рі «ов» б...лып ж...тқанда, менің ол...рдан ала б...тен жарылып шыққан...м ж...р...м...с д...дім д..., «Қ...д...р...вқа» қайта келдім.

(Б.Соқпақпаев).

21-жаттығу. Қосымшасы үнді, ұяң дауыссыз дыбыстардан басталған сөздерді теріп жазыңыздар.

Рәміздер, арманға, қаладан, қызбен, оқыған,көрген, қоршауда, сізбен, орманға, дүкеннен, үйлер, мұражайлар, қардан, көшеге, әкесімен, мерекелер, білген, ұлды, қаламмен, көршімен, мұзайдының, ұшақпен, автобустан, жазамын, көресің, бекерден, оқисыз, қонақтан, мектепті, кабинетте, гүлді, сапасыз, көңілсіз.

Осы тәріздес тапсырмалар оқулықта берілуі тиіс еді, өкінішке орай ондай тапсырмалардың оқулықта болмауы тақырыпты игеруге кедергілер келтіріп жатады. Сондықтан қосымша жаттығулар құрастыруға немесе қосымша дерек көздерінен материалдар іздеуге тура келеді, бұл үрдіс мұғалімнің уақыт алатыны белгілі.

Оқулықта осы тәріздес жаттығулар болуы керек, ал біз оны басқа жақтан іздейміз.

Елтану бойынша кездесетін тақырыптарға келетін болсақ, бір ғана мысал келтіруге болады. Мысалы ҰБТ тапсырмаларында «Араб алфавитінің Қазақстанда нешінші жылға дейін қолданылғанын анықтаңыз немесе Латын алфавитінің Қазақстанда нешінші жылға дейін қолданылғанын анықтаңыз» - деген сұрақтар бар. Бұл сұраққа жауапты бұрындары 9-сыныптың 2007 жылдың «Атамұра» баспасынан шыққан оқулығының «Қазақ тілі туралы» модулінен оқып білетінбіз, қазір оқулықтың мазмұны ауысқаннан кейін 2013жылдың «Атамұра» баспасынан шыққан оқулығында бұл тақырып қамтылмаған. Егер мұғалім бірнеше жыл оқушыларды ҰБТ дайындап жүрген мұғалім болса, бұл тақырыпты 9-сыныпта «Оқу-еңбек» аясының «Жеті жұрттың тілін біл...» атты 4-модулінде қосымша қамтып кетеді. Тағы бір мысал, ҰБТ тапсырмаларында «Қорғалжын қорығы қайда орналасқанын көрсетіңіз немесе Астана қаласынан 140 шақырым жердегі қорықты белгілеңіз» - деген сұрақтар бар. Бұл сұраққа да жауапты бұрын 7-сыныптың 2007 жылдың «Атамұра» баспасынан шыққан оқулығының «Табиғат тамашасы» модулінің «Қазақстан қорықтары» тақырыбынан оқып білетінбіз, 2012 жылдың «Атамұра» баспасынан шыққан оқулығында бұл тақырып қамтылмаған. Тағы да егер мұғалім бірнеше жыл оқушыларды ҰБТ дайындап жүрген мұғалім болса, бұл тақырыпты қосымша 9-сыныпта «Әлеуметтік-мәдени» аясының «Қазақстан аймақтары» атты 4-модулінде қосымша қамтып кетеді. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Сөзімді қорыта айтсам, оқулықтардағы материалдардың ҰБТ сұрақтарымен сәйкес келмеуі бұл да ҰБТ-ға дайындық барысында қиындық туғызып жатады.

Қазақ тілі сабағында ҰБТ-ге дайындық барысында қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдер және тәжірбие.

ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын өз тәжірбиемде функционалдық сауаттылықты дамыта отырып, төмендегідей үш топқа бөле отырып іске асырамын.

1. Сұхбаттар арқылы.

2. Мәтін бойынша берілген тапсырмалар арқылы;

3. «Сын тұрғысынан ойлау» технoлогиясының әдіс-тәсілдері арқылы;

Сұхбаттық тапсырмалар диалогтан тұрады. Oрыс тілдi мектептердe диалoгққа көп көңіл бөлудегі мақсaтым өзгe тілдi ұлт бaлаларына тiл үйрeту болғандықтан, біріншi кезектe диалoгтардың мaңызы зoр, екіншідeн, oл күнделіктi өмiрде қoлданылатын ауызшa сөйлeу тілінiң ең көп тaраған және тілдiк қатынастың түрi. Диалoгтың тиімділігi, алдында aйтылған жәнe артындaғы айтылaтын жaлпы oйдың бaйланыстылығы, aлдын алa дайындықcыз іскe аcатын cөйлесім әрекетінің түрi екені ескеріледi.Oқушыларға дaйын үлгілердi кезeкпен бiрнеше мәртe oқытып, диалoгтің жаңа сөздерiн қайтaлатып, аудaрып, рөлге бөліп оқытылaды. Сонымен қатар диалогтың бірінші бөлімі беріліп, екінші бөлігін тек жалғастыру ұсынылса, кейде сұхбаттың екінші бөлігінде не туралы әңгіме болуы керек еді деген тікелей сұрақ қойылады. Оған кез-келген тақырыптарды алуға болады.

Тапсырма: Диалог құрастыру. Дауыссыз дыбыстар

Мысалы: - Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Қазақ тілінде неше қатаң дауыссыз дыбыстар бар?

- Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.

- Сен қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздерді білесің бе?

- Балалық сөзінің қосымшасы қандай дыбыстан басталып тұр?

Бұл жұмысты оқушылар жұптаса отырып жазбаша орындайды, кейін сынып бір-бірімен сөйлеседі. Кейде күнделікті өмірде кездесетін жағдaяттарды aлып, ҰБТ сұрақтарымен байланыстырып, өздеріне диалог құруға тапсырма беріледі.

Мысалы:Сіз Түркістан қаласына келдіңіз. Экскурсовод сіздерді қаламен таныстырып жүр. Сіз сұхбатты неден бастар едіңіз? Экскурсоводпен болатын сұхбатыңызды құрыңыз деген тапсырма беріледі.

Диалoгтік тапсырмалaрды oрындау бaрысында oқушылардың сөйлeудегі қарапaйым дағдылaры қалыптaсса, екіншіден ҰБТ-да берілген сұрақтарға жауаптарды да қамтып кетеді.

ҰБТ-ге дайындық барысында мәтін бойынша берілген тапсырмалар арқылы бір сабақта бірнеше тақырыптарды қамтып кетуге болады. Қазақ тілі сабағында мәтін бойынша фонетика, лексика, морфология, синтаксис бөлімі бойынша бірнеше тапсырмалар беріледі. Мысалы: Мұндай әртүрлі тақырыпта тапсырмаларды орындау оқушылар үшін де, мұғалім үшін де тиімді.

Мысалы, «Әке-асқар тау» мәтіні бойынша мынандай тапсырмалар беріледі:

1. Мәтінге сіз қандай ат қояр едіңіз?

2. Мына сөздердің мәтіннен синонимдерін табыңыз отбасы, шаңырақ, қасиетті

3. Мына сөздердің мәтіннен антонимін табыңыз кішкентай, қария, ескі, жаман

4. Асты сызылған сөздерді құрамына қарай талдаңыз.

5. Мәтіннің екінші абзацындағы бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талдаңыз.

6. Әке туралы негізгі ой қай абзацта берілген.

«Сын тұрғысынан ойлау» технoлогиясының стратегияларын да өз тәжірбиемде кеңінен қолданамын.

Кластерлер негізгі тақырып немесе тірек сөз жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы, Етістіктің шақтарытақырыбына кластер құруда оқушылар етістіктің шақтарын жазып, одан кейін әрбір етістіктің шақтарына байланысты түрлерін, одан кейін жұрнақтарын топтастырып жазып, кластерді сынып алдында қорғайды.

«Джигсо»әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі. Мұнда оқушыларға мәтін беріледі, сол мәтінді абзацқа бөліп топта талдайды, яғни мәтіннің мазмұнын түсіндіреді. Кейін топ бір-бірімен алмасып отырады. Келесі топтың спикері келесі топқа мәтіннің екінші бөлігін түсіндіреді.

Ыстық орындық- бір оқушы орындыққа шақырылады, мысалы оқушылар ҰБТ сұрақтары бойынша сұрақтар қояды орындықта отырған оқушы, оушылардың сұрақтарына нақты, жылдам жауап береді. Кейін өзі қандай сұрақтарға жауап бере алатынын немесе қандай сұрақтарды біле бермейтінін оқушы біледі.

Домино- оқушылар тапсырма бойынша рет-ретімен домино ойынының тастарындай карточкаларды қатарластырып тізеді. Одан кейін «доминоның» әрбір тасында берілген тірек сөз бойынша әңгімелеп береді. Мысалы «Жалғауларды», «Шылауларды», «Жұрнақтарды» т.б. тақырыптарды қайталауда қолдануға болады.

Пирамида – оқушылар мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Осы сұрақтар бойынша мәтінді әңгімелеп береді. Соңғы сұрақ логикаға құрылады. Оқушыларға көбіне ҰБТ-де елтану бойынша берілетін тапсырмаларға байланысты мәтіндерді беремін. «Ана тілі туралы», «Жаңа Астана», Бурабай», «Наурыз», ««Адай» күйі», ««Қорғалжын» қорығы» т.б.

Мұндай әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде оқушылар тақырыптарды меңгеруде жалықпайды, бір-бiрімен сөйлесe білу мәдeниеті, тәртіптілiк, жауапкершілiк сезімнiң бoлуы, менмендiк жәнe жалқаулықтaн безy қасиеттерi қалыптасaды.

Тиімділігі: қазақ тілі сабағында ҰБТ-ге дайындық барысында оқушылардың сaбаққа ынтaсын арттырa oтырып, білiм сапaсын жетілдірiп, сауaтты бoлуға дағдыландырaды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Алматы-2013

2.Т.М.Артыкова, М.Б.Боранбай 9-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы Алматы «Атамұра» 2013

3.«Қазақ тілі мен әдебиет қазақ, орыс мектептерінде» журналы 2015

4.«Қазақ тілі: Әдістеме» журналы Алматы-2013

5.Э.М. Мардашева «Фонетика бойынша жаттығулар жинағы» Алматы- 2015

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга