Қазақстан тарихы пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

Акчаганова Кульзия Слямовна
Тарих пәнінің мұғалімі
«№3 Күршім гимназиясы» КММ

Қазақстан тарихы пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

 

«Адам байлығының ең тамашасы – білім.

Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді»

Әбу Райхан әл-Бируни

Бүгінгі тарихты оқытудағы басты міндет - дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда тарихшы мұғалімдердің атқаратын рөлі ерекше. Қазіргі кезеңде қоғамдық пәндерді жаңа бағытта оқытуға, тәрбие мен білім беру жүйелерін осыған сай жаңа деңгейге көтеруге көп көңіл бөлінуде. Ал кез келген білім беру технологияларының басты мақсаты білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білімін, біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Тарих пәнін оқыту, ұрпақтар бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі әдістемелік тәсілдерді қажет етеді.

Тақырыптың өзектілігі:

·Әртүрлі тапсырмалар негізінде оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту;

·Қазақстан тарихы пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;

·Қазақстан тарихы пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға сапалы дайындау;

Тақырыптың жаңашылдығы:

·Пән бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін жинақтау, тәжірибеге енгізу;

Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілген болатын. ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.

Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету. ҰБТ-ныңбасты мақсаты бірыңғай тапсырмалар арқылы білім сапасына бақылау орнату, талапкердің білімін бағалауда әділ болу. Ал Қазақстан тарихы пәні – күрделі әрі қиын пәндердің бірі. Себебі көптеген хронология, тарихи тұлғалардың аттары, қоныстар, тұрақтар, археологиялық ескерткіштер, бекіністер және ай аттары көптеп кездеседі. Оқушылар ҰБТ тапсырған кезде осылардан көптеген қиындықтар жіберіп жатады. ҰБТ-ге дайындықты бастарда өз пәніме байланысты жоспар жасадым. Жоспар бойынша 6-сыныптың оқулығынан бастадым, тарау бойынша оқушыларға түсінік беремін, тарау біткен кезде тест тапсырмасы алынады, оқушылардың білімі бағаланады, кеткен кемшіліктер айтылып, қатемен жұмыс жасап дәптерге жаздырамын. Сонда оқушының есінде сақталады. Өз пәнім бойынша оқушылардан тарау біткенде алатын тесттің түрлерін өзгертіп отырамын.

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынып бекіткен, сыныптарға арналған оқулықтарды міндетті түрде негізге ала отырып, Қазақстан тарихы пәнінен тақырыптар бойынша құрастырылған жинақтар, түрлі нұсқадағы тест тапсырмаларды, деңгейлік логикалық сұрақ, жаттығуларды оқушыларға бере отырып, сол тапсырмалардың дұрыс жауабын, шешімін табуда бағыт-бағдар, теориялық -практикалық білім бере отырып, оқушылардың бойында өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін іздену, анализдеу, талдау, дұрыс шешім қабылдау сияқты қасиеттерін арттыру мақсатында тақырыптар бойынша белгіленген жоспармен жұмыс жасауды жөн деп санаймын.

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарының кезеңдері:

1-кезең. Диагностикалық:

-Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,

-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелер мен меңгерілмеген тақырыптарын анықтау;

-Осы жұмыстар негізінде жеке жұмыс жоспарын құру, тапсырмалар дайындау.

2-кезең. Тәжірибелік:

-Тест жинақтарымен жұмыс және «ҰБТ-ға дайындық 5+» бағдарламасы арқылы компьютерлік тестілеуден өту;

-Күрделі тақырыптар бойынша әр тарауға сәйкес деңгейлік тапсырмалар. дайындау;

-Топтық және жеке дайындық жұмыстарын жүргізу;

-Тестпен жұмыс істеуде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану. Қайталауға арналған қосымша тапсырмалар жинағымен жұмыс.

3-кезең. Анықтаушылық:

-Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,

-Мониторинг;

-Қатемен жұмыс парағын жүргізу, қорытындысына талдау жасау;

ҰБТ-ға дайындауда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану схемасы (Қосымша 1) көрсетілген:

Қайталауға арналған қосымша тапсырмалар жинағының үлгісі:

6 - сынып бойынша күрделендірілген бес деңгейлі сәйкестендіру тесті. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының білімі, біліктілігі айқындалады, сонымен қатар оқушының сабаққа дайындығы да ескеріліп отырады. Бұл тапсырмада ежелгі палеолит дәуірінің кезеңдері, алғашқы адамдардың топтары, қоғамдық құрылыстары, табылған жерлері, жылдары, ми көлемдері, өмір сүрген уақыт аралығы, археологиялық ескерткіштері, қоғамдық құрылыстарына тән ерекшеліктері ескеріліп жасалынған. Оқушы осы тарауды меңгергенде ғана тапсырманы ойдағыдай орындай алады.

Мысалы: Сәйкестендіру тест. (Косымша 2) көрсетілген

7 - сынып бойынша берілген І тапсырмаға оқушы жауап бере отырып, термин сөздердің де баламасын білуі тиіс, сонымен қатар ІІ тапсырманы орындау барысында тақырыпта қамтылған барлық хронологияны да меңгереді, Қарахан мемлекеті туралы деректер де 3 тапсырма ретінде ойластырылып отыр.

Тапсырмаларды орындаған кезде оқушыларды топқа бөліп алып, бірнеше даталарды интерактивті тақта арқылы көрсетіп, ойын ретінде жарыс ұйымдастыруға болады.

Тарауды қорытындылаған кезде әрбір тақырыпқа арнап оқушы бірнеше ұғым беретін, сөйлемдерді өзгертіп-өзгертіп бір-біріне тест сұрақтарын айтып, жауабын дұрыс алып, жарыс ұйымдастырамын, осы жарыс арқылы оқушының білім сапасының бақылауын жасаймын. Сабақ барысында әдіс-тәсілдердің әр түрін қолданамын, әрбірін өз орнымен дұрыс ұйымдастыра отырып, оқушы тест жасау және шешу бағытында көп жұмыс істейді. Тесттің осы әдіс-тәсілдері оқушыны ынталандыратындай, қызықтыратындай, ойландыратындай қимылдаймыз.

7 сыныптағы «Қарахан мемлекеті» тақырыбы бойынша төмендегі 3 деңгейлі тапсырмасы (Қосымша 3) көрсетілген.

8 сынып бойынша дайындалған семантикалық карта 1 тақырыпта берілген барлық хронологиялық даталар қамтылған. Оқушы бұл тапсырманы орындаған кезде оның пәнге деген қызығушылығы, білім-білігі негізге алынады. Тапсырма барысында қате жіберілген жағдайда, бірден қате түзетіледі. Сонымен қатар бұл тапсырманы орындаған кезде ақ бетке жазып келіп, тақтаға іліп қойып, оқушы дауыстап, түсіндіріп айтып беруі керек

8 сынып бойынша дайындалған семантикалық карта

9-сыныпқа арналған жоғарыдағы берілген «Дұрыс жауабын табыңыз» тапсырмасы «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы» тақырыбына дайындалған. ҰБТ – ның сұрақтарында берілген мағлұматтардың барлығы дерлік қамтылады. Негізгі шайқастар, осы шайқастарға сәйкес батырлардың ерлік істері берілген. Осы тақырыпты бұдан өзге интерактивті тақтада 3 түрлі тақырыпта берілген, ұяшықтарға сәйкес ұпай санымен көрсетілген тапсырма ретінде де пайдалануға болады. Мысалы:

Оқушыларды ҰБТ-ке дайындауда электрондық оқулықтармен жұмыс жүргізіп, өз беттерінше тест шешкізіп, қорытындысын, сол жерде шығарып, қатемен жұмыс жасайды. Оқушының қабілеттерін дамыту үшін тарау бойынша анаграмма, сөзжұмбақ, ребустар, сызбалар құрауға үйге тапсырма беріп, оны келесі сабақта басқа оқушылар шешеді. Сабақ барысында үнемі картаны қолданып отырамын, бұл оқушының есте сақтау қабілеттерін шындайды. Сонымен қатар картаны қолданудың тиімді жақтарының бірі - сабақ кезінде логикалық тапсырмаларды шешкен кездерде. Оқушы картаны білмеген жағдайда осы сынды тесттерді дұрыс шеше алмайды.

Мысалы: Бұл ортағасырлық қала Сығанақ қаласының солтүстік-батысында орналасқан .

А) Ташкент; В) Үзкент; С) Сарайшық; Д) Йасы; Е) Аркөк

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу оқушылардың білімін анық көрсетеді. Тест жүйесі оқушыларды қысқа, нақты жауап беруге үйретеді. Олардың жан-жақты ойлау қабілетін арттырады.

Төмендегі берілген тесттің бір нұсқасы қазіргі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жаңа формада құрылған тест жұмысының мазмұнына сәйкес 11 сынып оқушыларына пән бойынша 25 сұрақ дайындалған, мұның ішінде 15 сұрақ жабық тест, 5 сұрақ ашық тест негізінде және 5 сұрақ көп нұсқа жауабымен әзірленген (қою қаріптермен көрсетілген). (Қосымша 6) көрсетілген.

ҰБТ-ның тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді:

1.Мектеп бітіруші түлектердің барлығының біліміне ортақ талап қойылады.

2.Орта білім беретін мектептердің білім сапасына нақты баға беріледі.

3.Ешкімнің араласуынсыз оқушылардың білімі бағаланады, баға қоюды әділетті жүргізуге жұртшылықтың көзі жеткізіледі.

4.Ұлттық Бірыңғай тестілеу арқылы бағдарламадағы мемлекеттік стандартқа сай білім мазмұнын қамту жоғары деңгейге жетеді.

Сөзімді халқымыздың ардақты ұлдарының бірі М.Дулатұлының сөзімен аяқтайын: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда, теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқу-білімнің арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман». Яғни ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін саналы тәрбие мен сапалы білімді ұрпақ - адамзат дамуының күші болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ғ.О.Мұқатова Тестілеу технологиясы – білім нәтижелерін өлшемдік бағалаудың тиімді

құралы /Қазақстан тарихы: Әдістемелік журнал, тамыз. 2013ж/

2.Қазақстан тарихы: ҰБТ-ға дайындық оқулық-тесті. С.Ш.Талдахметов. – Алматы:

Шың-Кітап, 2013ж;

3.Ә.Т.Төлеубаев, Ғ.Д.Іргебаев «Ежелгі Қазақстан тарихы» 6 сынып, Алматы «Мектеп»

2015ж.

4.С.Жолдасбаев, С.Садықов «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы»

7 сынып, Алматы «Мектеп» 2013ж

5.Ж.Қасымбаев «Қазақстан тарихы» 8-сынып, Алматы «Мектеп» 2012ж

6.М.Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 9-сынып, Алматы «Мектеп», 2013ж.

Қазақстан тарихы пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

 

Қазақстан тарихы пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

 

Қазақстан тарихы пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

 

Қазақстан тарихы пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

 

Қазақстан тарихы пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

 

Қазақстан тарихы пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга