Биология пәні бойынша оқушыларды Бірыңғай Ұлттық Тестке дайындау жолдары

Абилмажинова Асем Чаймұратқызы
биология пәні мұғалімі
Өскемен қаласы әкімдігінің «Көпбейінді №3 мектеп- гимназиясы» КММ

 

ҰБТ дегеніміз
– мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.
ҰБТ – ол жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік аттестатталуын және арнайы орта, жоғары оқу орнына қабылдау емтихандарын біріктіріп өткізуді көздейтін, білім ұйымдарынан тәуелсіз жалпы орта білім сапасын бағалайтын, жаңа технологияларға негізделген мемлекеттік жүйе.

ҰБТ –ны сәтті тапсыру педагогикалық ұжымның, сондай- ақ пән мұғалімдерінің алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.Оқушыны ұлттық бірыңғай тестілеуге қалайша жақсы дайындауға болады? Қалай бітірушілер білімін жоғары көрсеткішке жеткіземіз? Осы бағыттағы біздің жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі қандай?

 

Түсініктеме

Биология пәні мектептегі ең қызықты, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіншілігі жоғары пән болып табылады. Биология пәнін оқыған кезінде оқушыдан үздіксіз ізденіс пен жан-жақты дайындалуды талап етеді.

 

Мақсаты: Оқушылардың алған биологиялық білімдерін өмірдің түрлі жағдаяттарында қолдана алу біліктерін қалыптастыру, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру, өз бетімен білім алуға үйрету,шығармашылыққа баулу.

Міндеттері:

-оқушылардың биологиялық ойлауын қалыптастыруға, еркін әрі шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;

-оқушыларға биологиядан қазіргі дүние толқынына бағдарлануды меңгеруге көмектесетін жүйелі білім беру;

-оқушылар бойында қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыру;

-Елжандылыққа, Отанын қорғауға тәрбиелеу.

Негізгі бөлім

Кез- келген ҰБТ- ге дайындайтын пән мұғалімдері сияқты ең бірінші жұмысымды алғаш «Кіріспе тест » өткізуден бастадым. Сыныпқа жеке папка дайындап, оның ішінде ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы, сонымен қатар әр оқушыға жасалған мониторинг парағы болды.

Әр оқушы ай сайынғы тест қорытындысы бойынша мониторнг парағын алғаннан соң өзіне мақсат қою арқылы қатемен жұмыстар жасай отырып, жүз пайыздық оқу үлгеріміне талаптанады. ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің ең негізгі жолы- оқушы белсенділігі.

Әрбір оқушының білім сапасының қаншалықты нәтижелі деңгейде екенін білу үшін, апта сайын мониторинг арқылы сараптаймын, дәптерге әр тесттің қорытындысымен, диаграммасын сызып, жазып отырамын. Оқушылармен жеке, топпен коррекция (түзету) жұмыстары жүргізіледі. Әрбір оқушы коррекция (түзету) жұмысына арналған дәптерлерінде дұрыс жауап бермеген сұрақтардың жауабын өз бетімен іздестіреді, сұрақтарын жазып талдайды. Сыныпта оқушыларды үш топқа бөліп, ортадан спикерлерін таңдап, бес варианттан беріп, қиын сұрақтардың жауабын ортаға салып, талдау жұмыстарын жүргіземіз. Өзі оқи отырып, басқаны да оқытады, өзінің тырысу, іздену қабілеттері дамиды, белсенділігі, өзіне деген сенімділігі артады. Мұнда жекелеп, жұппен, топпен, ұжымдық, оқыту барысында ұстаз бен шәкірт, шәкірт пен шәкірт арасында достық қарым- қатынас туады. Екі жақтың да жауапкершілігі артады да және жан-жақты дайындықты талап етеді. Осының барысында оқушының өзін-өзі сынау, өз жетістігіне қуану, және өзгенің жетістіктерін көруге мүмкіндігі пайда болады.

Алдыма қойған мақсат пен міндеттерімді жүзеге асыруда 11сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау жолдарын үш кезеңге бөлемін:

1-кезең. Дайындық кезеңі (9-10сыныптарда жүргізіледі)

2-кезең. Негізгі кезең (11 сыныптың 1 жарты жылдықта жүргізіледі)

3-кезең. Қорытындылау (11 сыныптың 2 жарты жылдықтажүргізіледі)

 

Дайындық кезеңінде :

-оқушылар өздері таңдаған мамандықтары жайлы мәлімет жинақтайды;

-биология пәніне деген қызығушылығы артады,педагог-психологпен сұхбаттасады,

-пән мұғалімімен ,ата-анамен әңгімелесу арқылы оқушының бейімі жан-жақты зерттеледі.

-Оқушылар өздігінен ізденіп білім қорларын жинақтайды,оқулықтар,,интернеттен мәліметтер жинақтайды.

Негізгі кезеңде:

- ҰБТ- ға арналған нақты бағдарлама бойынша жұмыс жүргіземін. .5-сыныптан бастап 11сыныпқа дейінгі барлық биология пәні бойынша алған білімдерін нақтылау үшін, жекелеген тараулар бойынша қайталау жұмыстарын қысқаша конспектілеу арқылы жүргіземін. . Төмендегі биология курсы бойынша білімдері жинақталады:

1. Өсімдіктер

2. Жануарлар

3. Адам және оның денсаулығы

4. Жалпы биология негіздері бөлімдері.

бұл кезеңде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында ынтымақтастықпен жұмыс жасалады.Өйткені мұғалімнің оқылған әрбір лекциясынан кейін білімді бекітіп,қорытып шығару үшін тапсырмалар орындалады.Оқушыға берілетін тапсырмалар: тест сұрақтарын талдау, салыстыру, жинақтау, жіберген қателіктерімен өздері жұмыс жасау,өзін-өзі оқыту арқылы берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап келуі керек.Осы жұмыстың нәтижесінде жақсы білімнің қалыптасқанын көруге болады. Нәтиже ай сайын алынатын тест қортындыларына мониторинг жасай отырып талданады. Жіберілген қателермен оқушылар өздері жұмыс жасайды, дұрыс жауапты өздері ізденіп табады, мұғалім тек бағыт береді.

Қорытындылау кезеңінде қаңтар айынан бастап оқушылардан сынақ ретінде әрбір тарау бойынша ауызша, сұрақтар бойынша білімдері сұрала бастайды. Оқушылар шағын топтарға бөлініп, топтасу, жұптасу арқылы бір-бірінен сұрақ-жауап арқылы білімдерін нақтылайды.. Жоғарыда аталған тақырыптарды толық меңгерген жағдайда, оқушы білімінен зор жетістіктерді байқауға болады. Осы бағыттағы жұмыстарды атқаруға оқушы, мұғалім, ата- ана үштігі бірлесіп жұмыс атқарғаны нәтижелі болады.

Соңғы жылдары биология пәні бойынша дайындаған оқушыларымның көрсеткіштері:

Оқу жылдары

Оқушы саны

Орташа балл

2011-2012ж

22

20,9

2012-2013ж

24

21

2013-2014ж

12

24,1

 

Бүгінгі шәкірт – ертеңі ел иесі. Өркениетті, алдыңғы қатарлы елдер арасында Қазақстан Республикасының азаматы жаратылыстану бағыты бойынша білімдерді толық меңгерген, өз мамандығын дұрыс таңдай білген, заман ағымына сай құзыретті тұлға болып шығу керек.

 

 

 

 

 

 

 

скачать dle 11.0фильмы бесплатно