Математика пәні бойынша ҰБТ-ға дайындықтың әдістесмесі мен практикасы, тәжірибе және қиындықтар

Шокашева Шолпан Амангельдиновна
Математика пәнін мұғалімі
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №1 қазақ орта мектебі

Қай кезде де, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру мемлекеттің де, ата-ананың да, мұғалімнің де өзекті мәселесі болып келді. Солай да бола бермек.

Ендеще Қазақстан Республикасы жалпы білім беру жүйесінің нәтижеге бағдарланған білім беру үлгісіне көшуінің негізгі ұстанымы сабақтастық, яғни қазіргі білім беру үлгісін жаңа үлгіде дамыта өзгерту болып табылады. Сондықтан ұстаздарға, әсіресе математика пәні мұғалімдеріне көп ізденуді жүктейді.

Қазіргі кезде қоғам талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір оқушыда сапалы да терең білім мен іскерліктің болуы олардың шығармашылықпен жұмыс істеуі, ойлауға қабілетті болуы талап етіледі. Ал бұл талапты орындауда мұғалім бар күшін, бар білімін жұмсап жалықпай, шаршамай үйрете білу керек екені сөзсіз.

Математика пәнінен сабақ бере отырып оқушылардың бұл пәннен білім сапасын қалай арттыруға болады деген ой әркімді де толғандырады. Не істеу керек? Неден бастау керек?

Математикадан ҰБТ – ге дайындаудың негізгі кемшілігі – жоғарғы сынып оқушыларының өз бетімен оқып-іздену дағдылары қалыптаспаған. Математика сабағында оқушыларды қабілетіне қарай саралау, жеке дара тапсырма беру, талдау т.б. жұмыстарын жүйелі жүргізілмеуі. Қазіргі кезде ҰБТ-ге дайындау кезінде осындай себептердің алдын алу, оны болдырмаудың жолы оқушылардың өзіндік, танымдық ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру қосымша сабақтар жүргізілуі тиіс.

Бүгінде мектеп түлектерінің көпшілігі есептерді шешуде дәрменсіздік танытады. Ол біріншіден мектепте оқығанда күрделі қиын есептерге мән бермей жеңіл есептердің жауаптарын жаттап алуы. Көбінесе оқушылар ойқорытып, есепті шығаруға талпынбайды да, керісінше немқұрайлылық танытып, ҰБТ- те көзді жұмып белгілей салады. Сондықтан оларды ең болмағанда стандартты жолмен есеп шығара білуге үйрету керек. ҰБТ барысында оқушылар мәтін есептерді шешуде көп қиналады.

Мектепте калькулятордың көмегімен есептеп үйренген бала ҰБТ кезінде көп қиналады және уақытының көп бөлігін есептеуге жұмсайды, тіпті жай есептеулерден қате жіберіп, дұрыс жауапта алмауы мүмкін. Өз бетімен жазбаша немесе ауызша есептеу баланың ой-өрісін дамытып, ойлау , есте сақтау қабілетін жетілдіреді.

ҰБТ –ға дайындық кезінде оқушыларды есепті уақытқа шығаруға дағдыландыру қажет. Ол үшін әр сабақ алдында бөлшектерді есептеу, дәрежелер мен пайыздарды есептеу сияқты жылдам есептеулерді қажет ететін оншақты есепті 10-15 минутта шығаруға машықтандыру керек. Бұл олардың ынталануына, логикалық ой өрісінің артуына, ми қызметінің тез арада есепке жұмылдыруына ықпал етеді.

Есеп шығаруда шектеу қоюдың аса маңызды психологиялық әсері бар. ҰБТ кезінде берілген 3-3,5 сағат уақыт оқушыға соншалықты көп сияқты көрінгенімен, өз бетімен есеп шығаратын бала үшін ол тез арада өте шығады. Сондықтан дағдыланбаған бала өз уақытының алғашқы 20-30 минутын асықпай босқа өткізеді. Ал тест бітер кезде уақыты жетпей, қатты қиналады да кездейсоқ белгілей салады.

ҰБТ -ге дайындық жұмысын ұйымдастыру жоспарлы жасалуы тиіс. Ол мынадай үлгіде болуы керек.

-оқушыларды деңгейіне қарай топқа бөлу ;

-әр тарау бойынша түсінік беру;

-тарау бойынша есептер шығарту;

-тарау немесе тақырып бойынша тест алу;

-әр деңгейдегі тапсырмаларды шығарту;

- тест жинағы бойынша жұмыс жасау;

Жалпы оқушылардың математикалық біліктілігімен икемділігі болмаса тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын таңдау оқушыларымыздан көп ізденушілікті, еңбектенуді талап етеді.

Енді осы тест есептерін шешуде оқушыларға қиындық туғызып жүрген бірнеше мәтінді есептерге тоқталайық.

Tedeu-zhne-tedeuler-zhyesn-ru-aryly-shyaratyn-esepter.pdf [323,89 Kb] (cкачиваний: 13) скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

☑ Современный урок: эффективная организация образовательного процесса (для учителей)

☑ Expo-2017 (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия