Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Арнайы пән сабағында оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану арқылы сапалы маман даярлау

Абулхасимова Гульнара Сатыбалдиевна
Арнайы пән оқытушысы
Атырау индустриалды колледжі

 

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай Қазакстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді.

Сондықтан оқытушылардың алдында өмірге жан - жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр.

Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі - жеке тұлғаға бағытталған білім беру.

Бүгінгі күні бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік жастар қажет, олар алдарына өресі мол мақсаттар қойып, соған жетуге тырысады. Беретін пәніне қарамастан, оқытушы осындай тұлғаларды тәрбиелеуге тиіс, анығын айтқанда, балалаларды жастайынан нағыз адам болуға, алдарына керекті мақсат қойып, оған жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңе білетін тұлға ретінде дайындау керек. Мұндай тұлғаларды қалай тәрбиелейміз? Мен мұнда жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрін пайдаланған дұрыс деп санаймын. Бұл жөнінде ғалым И.С.Якиманская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:

- Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;

- Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;

- Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.

И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”.

Қазіргі кезде білім беру парадигмасы өзгерді. Ол бұрын пәнге бағытталған түрде жүргізілсе, енді жеке тұлғаға бағытталған түрде жүргізілетін болды. Бұл-қоғамдағы өзгерістерге байланысты туындаған объективті процесс.

Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту оқытушыдан төмендегідей іс-әрекетті талап етеді:

1) өз студенттерінің темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;

2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік доспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі;

3) әрбір студентті өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;

4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;

5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;

6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі;

7) студенттердің дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.

Г.К.Селевко бұл технологиялардың негізінде өзін-өзі өзектілендіруге ұмтылатын "толық қанды тұлға” болуы тиіс дегенді баса атап көрсетеді. Мұндай тұлға әртүрлі өмірлік жағдайларда жауапты әрі саналы шешім қабылдай алатын болады. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты, ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның өзінің табиғи қабілеттеріне сай қалыптастырып, дамыту болып табылады.

Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты-адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру. Мұндай технологияларға. Ынтымақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік-сипатшылық әрекеті, баланың жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға, шығармашылыққа, мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары бар:

- В.Ф.Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы;

- В.В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;

- Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;

- Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;

- Ю.К.Бабанскийдің оқу процесін оптимизациялау технологиясы;

- М.Чошановтың, П.И.Третьяковтың, К.Я.Вазинаның, В.М.Монаховтың модульдік оқыту технологиялары;

- Г.К.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы;

- Ж.А.Қараевтың, Т.Т.Ғалиевтің, Ә.Жүнісбектің, М.М.Жанпейісованың, Н.Н.Нұрахметов пен К.Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары кеңінен танымал.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі –заманауи технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына оқытудың заманауи технологияларын қолдану арқылы сапалы маман даярлауда. Сабақтың қызықты өтуі оқытушының үнемі ізденуіне, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдануына, сондай-ақ оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Жаңа педагогикалық технологиялар студенттің шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар қатарынан өз сабақтарымда қолданылатын «Деңгейлеп оқыту», «Тірек сызбалар арқылы оқыту» , «проблемалық оқыту» технология элементтері күнделікті сабақта қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарын пайдалану, студенттің шығармашылық зерттеу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Сабақ тақырыптарына сай тірек сызбаларды, схемаларды күрделендіріп отырмын. Студенттердің шығармашылық қабілетін ұштау мақсатында студенттермен тірек сызбаларға слайдтар құру тапсырмасы беріледі. Осы тірек сызбаларды студенттер көмекші құрал ретінде жыл бойына пайдалана алады.

Мәселен, В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі:

- үнемі қайталау;

- ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;

- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;

- ізгілік;

- зорлықсыз, еркімен оқыту;

- әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

- оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.

«Технологиялық құбыр жолдарын құрастырушы» мамандығы бойынша арнайы пән сабақтарын оқытуда, менің ойымша, студентттің пәнге қызығушылығын арттыру, соның ішінде құбыр желілерінің құрылымын, құбыр желілерінің қолдану аймағын, құбыр желілерінің бөлшектерін, құбыр желілерінің жұмыс сызбаларын тапсырмаларды ауызша орындаумен ғана шектеліп қоймайды.

Арнайы пән сабағында болат құбырлары туралы түсінік, болат құбырларының түрлері, болат құбырларының қолдану аймағын ғана үйретіп қоймай тәжірибе сабақпен ұштастыру міндетті.

Қазіргі жаңа бағдарлама бойынша студентті тақырыптар бойынша сөйлеу қабілетін дамыту керек. Сондықтан арнайы пән сабақтарында қазіргі мамандықтары бойынша жете білуге, қазіргі технология бойынша жұмыс жасай алатын тұлға қалыптастыру маңызды рөлі деп білемін.

Осыған орай, студенттерге құбыр желілерінің бөлшектерін түсіндіріп қана қоймай оны жете түсінуге, бір құбырды екінші құбырмен байланыстыра білуге, құбыр желілерінің қазіргі таңда құрылыс саласында маңыздылығын, қолдану аймағын, су жүйелерін, газ және кәріз жүйелерін, жолдарын меңгеру негізгі мақсаттың бірі болып табылды. Бұл мақсатқа жету үшін, студентке құбыр желілерінің теориялық мәлімет беру жеткіліксіз.

Арнайы пән бойынша тақырып материалдарын бір беттен іздеп табуға болатындай етіп, «жеңілден – ауырға, белгіліден - белгісізге» дейтін принцип басшылыққа алынып, блоктап оқытуға ыңғайластырыла кесте-сызбалар қолданылады және сабақта студенттер нені білуге, нені үйренуге тиісті екені нақты да қысқа ережелермен беріледі.

Технологиялық құбыр желілерін қолдану аймағы бойынша Болат құбырларының негізгі түрлерінің жіктелуі тақырыптарын терең білу бағытында мынандай тірек-сызбаларды қолданамын.

Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп оқытудың әдісін жиі пайдаланамын.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылык деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – топ студенттерін "қабілетті-кабілетсіз" деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай студент болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты I деңгейден орындайды. I деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. I деңгейді орындаған студент "3" деген бағамен бағаланады. Әрбір студент 1 деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда "үлгерімі төмен баяу" студент жақсы окитын студентке ілесе алмай жатса не істеуге болады? деген сұрақ туады. I деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.

Деңгейлеп-саралап окыту технологиясының екінші бір жағы — студенттерді дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу.

Мәселе – педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен студенттің тұлғалық бағытталған өзара әрекетін ұйымдастыру.

Құбыр желілерінің бөлшектері және олардың жалғану түрлері» бөлімі бойынша «Құбыр желілерінің бөлшектері» тақырыбында:

I-деңгей. Сұрақтардың дұрыс жауабын табу. (Сәйкестендіру тесті)

II- деңгей (тест тапсырмаларын белгілеу)

III- деңгейБерілген сызбаның өлшемін анықтау

1. 6" құбыр 4" құбырға қандай әдіспен орнатылады.

2. 4" құбырды 4" құбырға бекіту кезінде құбыр бір-біріне сәйкес келмесе қалай сәйкестендірер едің?

3. Фланцаны құбырға бекіту кезінде құбыр фланцаға орнатылмаса қалай орнатар едің?

Проблемалық оқытудың студенттерді іздендіру, зерттеу еңбегіне баулудағы шешуі қиынға түспейтін дербес іс-әрекеттерге жетелейтін проблемалық сұрақтарға жауап іздетуді көздейді. Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін оқытушы тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор. Студенттер проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, оқытушы оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады.

Проблемалық оқытудағы студенттің шығармашылық іс-әрекетін бұлай тұжырымдауға болады:

1. Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.

2. Проблеманы ашу, өнім жасаушы шығармашылық еңбекке қол жеткізу.

3. Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.

Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы – оқушылардың шығармашылық қабілетін дарынын дамытуға бағытталады.

Проблеманы шешу үшін ең алдымен өзіндік салыстырулар, өзіндік дәлелдеу жасауға баулу керек. Мысалы,I курс студенттері «Құбыр жүйелерінің қосылыстары» өтіледі, оның түрлері туралы түсініктеме беріледі. Білімді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау сабақтарында төмендегідей тапсырмалар беріп, студенттерді проблемалық сұрақтарды шешуге жетелеу керек.

Проблемалық оқытудың студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына баулудағы тиімділігін төмендегідей саралауға болады:

-Студенттер өздеріне «беймәлім» проблеманы шешуге жұмылады.

-Іздену, зерттеу жұмыстарына төселеді.

-Бұрынғы білімдерін жаңа мақсатқа пайдалана білу дағдылары дамиды.

-Жаттандылықтан дайын білімді қайталап айтудан, өнімсіз еңбекпен сақтандырады, шығармашылық жұмыстарға белсендіреді.

-Білімді өз ізденістерімен алуға жаттықтырады.

-Өздерін- өздері оқыту, өзін-өзі тану үрдістері жүреді.

Оны негізге алған сабаққатөмендегідей талап қойылады:

-Сабақ мақсатын белгілеу, пайдаланылатын оқу жабдығы, әдіс-тәсілдер, оқу формаларын сұрыптауда проблемалық оқыту талаптары басшылыққа алынады.

- Оқытушы тақырыптың басты проблемасын тауып, қойылатын сұрақтарды реттейді.

-Берілетін білім проблемалық сұрақтарға негізделеді; Оқытушыпроблема қоя отырып түсіндіреді.

- Сабақтың әр кезеңдерінде студенттердің дербес ізденісіне, өзіндік зерттеулеріне жағдай туғыза отырып, оларды проблемалық ситуацияны шешуге жетелейді.

Проблемалық оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, шығармашылық еңбекке қол жеткізуге нәтижелі қорытынды береді.

Студенттердің білім мен білік дағдысын берік қалыптастыру негізі болып саналады. Сонда ғана студент алған білімін тәжірибеде толық жүзеге асуына мүмкіншілік туындайды. Сондықтан да оқытудың заманауи технологияларын сабақта қолданудың маңызы зор.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарқынды өндірістер үшін кадрлар қорын жасақтауымыз керек» деген сөздері бар. Демек, студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, заманауи технологияны тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – педагог кадрлардың басты міндетінің бірі болып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Әбенбаев С., Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында //Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.

2. В.Ф.Шаталов, «Тірек сигналдар», 2002ж. М.,Высшая школа

3. Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –М., 1998.

4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы дамыған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - Қазақстан халқына Жолдауы - Егемен Қазақстан, 17.01.2012 ж.

Арнайы пән сабағында оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану арқылы сапалы маман даярлау

 

Арнайы пән сабағында оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану арқылы сапалы маман даярлау

 

Арнайы пән сабағында оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану арқылы сапалы маман даярлау

 

Арнайы пән сабағында оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану арқылы сапалы маман даярлау

 

Арнайы пән сабағында оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану арқылы сапалы маман даярлау

 

Арнайы пән сабағында оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану арқылы сапалы маман даярлау

 

Арнайы пән сабағында оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану арқылы сапалы маман даярлау


скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга