Туризм саласындағы болашақ менеджердің жеке тұлғасын қалыптастыруға интерактивтік оқытудың әсері

Амрина Бибинур Есжановна
преподаватель
ГККП «Педагогический колледж,город Щучинск»

Туризм саласындағы болашақ менеджердің жеке тұлғасын қалыптастыруға интерактивтік оқытудың әсері

 

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және тағы басқа өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, оқу орындарында жаңа пәндер ендiруге қажеттiлiк тудырды.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды шәкірттердің жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, шәкірт білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде шәкірттердің дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта болашақ менеджерлердің белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер и н т е р а к т и в т i деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде болашақ менеджерлердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және шәкірттердің танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені белгілі:

·шәкірттерге жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру;

·шәкірттерге топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау;

·шәкірттерге өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.

"Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан шәкірттер арнайы іс-тәжірибие барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту болашақ менеджерлердің өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек. Біз оқытушылар осы әдістерді өзіміздің сабағымызда жетік қолданамыз.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады.

Психолог-ғалымдардың айтуынша, шәкірттер білімді төрт түрлі жағдайда алады екен:

·дайын білімді қабылдап алу;

·зерттеу барысында жаңалық ашу;

·әр түрлі жағдайда әсерді сезіну ;

·синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау.

·Интерактивті оқыту әдістері болашақ менеджерлерді рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.

Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен шәкірттердің арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, "интерактивтi” деп атаймыз. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.

Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, шәкірттерге жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

Ал осымен болашақ менеджерлердің қазіргі заман талабына сай маман болуы үшін, біз оқу орнының қабырғасынан бастап тәрбиелейміз. Мамандықтың басты талаптары мынадай:

Ғылыми менеджменттің классигі Ф.У. Тэйлордың пікірінше, мастерлердің «ақыл, білім, арнайы немесе техникалық мағлұмат, тәсілқойлық немесе күш, әдептілік, энергия, батылдық, адалдық, парасатты және дұрыс ойлау, мықты денсаулық» сияқты сапалары болуы керек.

Басқару ісінің маманы А. Файолдың пікірі бойынша, ірі кәсіпорындарының басқарушыларына мына төмендегідей қасиеттер тән болуға тиіс:

а) денсаулық пен дене төзімділігі;

ә) ақыл және ақыл-ойының жұмыс қабілеттілігі;

б) өнегелі сапалар: қатаң, қажырлы, саналы жігер, белсенділік, қуат және, белгілі жағдайда, ерлік, жауапкершіліктен қорықпау, міндетті түсіну, барлық мүддеге қамқорлық;

в) жалпы түсінік шеңберінің кендігі;

г) әкімшілік қабілеттілік, іс-қимыл бағдарламасына көрегендік білдіру және оны жетілдіру қабілеті, ұйымдастырушылық сапасы, әсіресе әлеуметтік орта жасай білу мүмкіншілігі, бұйрық бере білу, адамдарды басқару өнері, олардың әрекетін үйлестіру және бақылау;

д) өте маңызды, қатысы бар барлық функциялармен таныс болу;

е) осы кәсіпорынға тән мамандықты жете білу.

Ірі кәсіпорындар табиғаты қандай болса да, басшыларына міндетті түрде қажетті сапа мен біліктіліктің жеті тобының алтауы біркелкі элементтерден құралады, тек жетінші топ әртүрлі кәсіпорындар үшін түрлі арнаулы жағдайды қажет етеді.

Бұған тағы да: сөз бен істің бірлік принципін сақтау, бастаған істі тиімді аяқтау, өз басының мұқият жинақтылығы, ағымдағы және алдағы міндеттерді орындауға қажетті уақытты дұрыс бөлу мүмкіншіліктері жатады.

Адамдарды басқара білуге қажетті талаптар: бағыныштылардың қабілеті мен мүмкіншілігін білу, олардың мүддесін қорғау және олардың еңбек жағдайына, тұрмысына қамқорлық жасау, ұжымда өзара сыйластық пен сенімділікке негізделген жақсы катысты қалыптастыруға қабілеттілігін көрсету, былайша айтқанда, өзі басқаратын ұйымда қолайлы әлеуметтік — социологиялық орта құру бәріміздің міндетіміз. Бұл адамдық қасиеттер бәрімізге тән болуы керек, біз бұны келешек мамандарымыздың бойына дарытуымыз, парызымыз. Сонда ғана көздеген мақсатымыз интерактивті оқытудың қыр-сырын жетік меңгеріп, шәкірттерімізді бірінші адамгершілікке үйретіп, сосын ғана болашақ мамандарымыздың жемісін көретінімізге кәміл сенемін.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

☑ Современный урок: эффективная организация образовательного процесса (для учителей)

☑ Expo-2017 (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия