7-ші сыныпқа арналған «Шешендік сөз өнері»» арнаулы курсы бағдарламасы

Жұмабекова Разия Темірболатқызы
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
№26 мектеп-гимназия

7-ші сыныпқа арналған «Шешендік сөз өнері»» арнаулы курсы бағдарламасы

 

Түсінік хат

Бұл бағдарламада «Төртұлы» атанған қазақ халқының белгілі биі әрі шешен, заманында туған елінің бірілігі мен ынтымағы үшін күресіп, жауласқан елді табыстырып, елдің жағдайын екі ауыз сөзбен шешкен дуалы Павлодар өңіріндегі Шорман Күшікұлы, Шоң Едігеұлы, Торайғыр Едігеұлы, Бәкі Басарұлының ел ауызында қалған, толықыннан толқынға жалғасып, ұрпағының санасының есеюіне ықпалын тигізіп келген ғибратты шешендік сөздерін оқып, танып білуге үйрету.

Онда зерттеушілер арқылы бізге жеткен философия мен әлеуметтік мәнге толы мұраларымен таныса отырып, сонымен қатар сол кездегі заман ағымы жайлы керемет, терең мағыналы мәліметіне ие боламыз.

Өзге шешен билердің өнегелі сөздерімен салыстыра отырып, жергілікті би-шешендердің өзіне тән даралығымен, шешендік талантымен танысамыз.

Сондықтан да оқу сағатына (таңдау курс ретінде) бір сағат қосу есебінде жылына 34 сағат «Шешендік сөз өнері» деген тақырыппен енгізуді ұсынып отырмын. «Шешендік сөз өнері» деген тақырыппен жасалған бұл авторлық бағдарлама 7-ші сыныпта өтетін таңдау курсына бағдарлы оқытуға арналған.

 

Бағдарлама мынадай бөліктерден тұрады:

Түсініктеме бөлігінде- талдау курсының мақсаты, білім мазмұнын таңдап алу мен жалпы логиканы негіздеу және оның жүйелігін тағайындау, оқу үрдесінің, әдістернің, жұмыс түрлерінің жалпы сипаттамалары туралы мәлімет берілді.

Тұжырымдық бөлігінде- таңдау курстың бөлімдері мен тақырыптары, оқыту құралдары, мазмұны мен құрылымы қамтылады.

Нормативтік бөлігінде- шешендік сөздерді оқып – үйретуге бөлінетін уақыт пен оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар қарастырылды.

«Шешендік сөз өнері» таңдау курсының мақсаты: Ертіс өңіріндегі би-шешендердің шешендік сөзіндегі өсиеттерге дем қойып, шешенге лайықты қасиеттерді саралау, өнегелі сөздерінің дидактикалық мәнін, бүгінгі жастарға беретін ғибратын таныту.

Қазақ әдебиетінде ерекше орны бар Шорман би, Шоң би, Торайғыр би, Бәкі билерінің өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер:

Оқыту:

-Өрелі жасқа өріс болар асыл ойдың құдіреті - Шорман би, Шоң би, Торайғыр би, Бәкі би шешен сөздері;

-Ой тұнығынан шыққан мазмұны терең сөздерінің шығу отаны;

-Шешен сөздеріндегі ақыл-ой байлығы, билік шешімдері, кісілік қасиет туралы эстетикалық нысанасын пайымдау.

Дамыту:

-Оқушының логикалық ойлауын қамтамасыз ету;

-Ой-өрісін шыңдай отырып өмірге көзқарасын қалыптастыру;

-Бойындағы талантын танып, бағыт-бағдар беру;

-Ділмар шешендігін, эстетикалық сезімін дамыту;

-Би-шешендердің өмірі мен мұрасын өзге өнер иелерімен салыстыра қарау;

-Сөздердің образдылығын теориялық тұрғыда саралау.

Тәрбиелік:

-Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыны көптеген адами қасиеттерге, сөз тереңдігін түсінуге, тауып сөйлеуге баулу, тіл тазалығын сақтауды насихаттай отырып, шешендік сөздің мазмұны арқылы тәрбиелеу.

Өзектілігі:

-Осы білгенін оқушы өмірде қолдана ала ма?

Яғни, бағзы замандардан жинақталған – бүгінгі күн кәдесіне толық жарайтын би-шешен сөздерінің қажеттілігін сезіну.

Шешен сөздерінің мазмұндық-құрылымдық жүйесін және көріктеу-тәсіл құралдарын талдау тапсырмасын қиналмай орындай білу керек.

Жұмыстың түрі:

Теориялық мен тәжірибесінің байланысы мен бірлігін ескеріп, оқушылармен жүргізілетін жеке, ұжымдық жұмыстарда түрлендіріп отыру арқылы дидактикалық материалдармен жұмыс жасау. Олар: шығарма кейіпкерлерінің сөйлеу тіліне баға бергізу, пікір айтқызу, кесте-сызбалар толтыру, сахналық көрініс қою және т.б.

 

д/с

Тақырыбы

Сағат

саны

мерзімі

Шығармашылық

тапсырмалар

әдебиеттер

1.

Шешендік сөз туралы

ұғым

-термелі сөз, пернелі сөз

- көркемділік ерекшелігі

1

 

Шешендік сөзге талдау жасау

С.Негимов

«Шешендік сөздер» кітабы

2.

Шешендік сөздің жанрлық түрлері

1

 

Пікір алмасу.

Б.Әлменұлы «Шешендік сөздер», Алматы, 1993 ж.

3.

Қазақтың шешен билері:

Шорман би, Шоң би, Торайғыр би, Бәкі би

2

 

«Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, әділет айтушысы» туралы мақала жазу

Е.Әбен, Е.Дүйсенбайұлы, И.Тасмағамбетов

А.Құдабаев

«Дала Даналары»

Алматы, 2001ж.

 

4.

Шорман Күшікұлының «Бала би» атануы

1

 

«Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» мағынасын айтып түсіндіру.

Нысанбек Төрекұл «Дананың дала ділмарлары»

 

5.

Шорманның «Қара қылды қақ жаратын» әділдігі ел аузындағы аңыз

1

 

Шешенге қойылатын талаптарды айта білу мақала жазу, талдау

Балтабай Адамбаев «Қазақтың шешендік сөздері», Алматы

6.

Шорман бидің нақыл сөздері

1

 

Материалды жинақтау

«Отарқа» газеті № 33 13.08.2007 ж.

7.

Жұмабайдың Шорман атануы

1

 

Сызба жасау

 

8.

Шорман мен Татпай Асыл сөздердің атасы... (белгілі бір тұлға жөнінде)

 

1

 

Сөзжұмбақ құрастыру

С.Негимов

«Шешендік сөздер» кітабы

9.

«Би табиғи дарын, асыл текті ақыл, көсем, қызыл тілінен бал тамған шешен»

1

 

Сызба кұру

С.Негимов

«Шешендік сөздер» кітабы

10.

Шоң Едігеұлы -қазақтың атақты биі

2

 

Шоң бидің өмірінен мәлімет жинақтау.

Дидактикалық материалдар жинау

Сужикова А.

Тоғысбаев Б.

«Тарихи тұлғалар» А-2005

11.

Қанатты сөздер, олардың құрылымы және поэтикасы

1

 

Көркем әдебиетпен жұмыс істеу

С.Негимов

«Шешендік сөздер» кітабы

12.

Би-шешендерінің қоғамдағы ролі

1

 

Газетке мақала жазу

 

13.

Шоң бидің Тіленшінің балаларын сынау

1

 

«Жас адам келсе іске; көп жасағаннан сұрама, көпті көрген адамнан сұра» мағынасын дәлелде

К.Жабаев «Шоң би» романы

(199 б.)

14.

Шоң мен Ақтайлақ билердің емеурін - ыммен «сөйлесулері»

1

 

«Қазіргі шешендер» тақырыбында реферат дайындау

С.Негимов

«Шешендік сөздер» кітабы

15.

Мұса мен Шоң тағылымы

1

 

Газетке мақала жазу

 

16.

Қазақтың шешендік өнері

1

 

«Өмірде не қымбат?» пікір талас

Бүркіт Ысқақов «Асыл сөз» Алматы «Жалын», 1987ж.

17.

Торайғыр Едігеұлы – 1761-1830 жылдар шамасында өмір сүрген қазақтың атақты би шешені

1

 

Торайғыр бидің өмірінен мәліметтер жинау. Дәлелде: «Тау мен тасты жер бұзар, азаматты сөз бұзар»

«Шешендік өнер», Алматы, «Ана тілі» 1997ж.

18.

Торайғырдың билік сөздері

1

 

Пікір алмасу.

Б.Әлменұлы «Шешендік сөздер», Алматы, 1993 ж.

19.

Торайғырдың ағасы Шоңмен араздасып табысуы

1

 

Газетке мақала жазу. Торайғыр бидің тапқыр сөздерін жинақтау

Б.Адамбаев «Қазақтың шешендік сөздері» Алматы, 2007ж.

20.

Торайғырдың термелері

1

 

Кесте-сызба толтыру

 

21.

Торайғырдың өлеңдері

 

 

 

 

22.

Жанақ ақынның жоқтауы

1

 

«Шешендік өнердің отаны» деген тақырыпта пікір алмасу.

Б.Адамбаев «Қазақтың шешендік сөздері» Алматы, 2007ж.

23.

«Бұл заманда не ғаріп?»

1

 

Жерлес би-шешендер туралы газет беттіріне мақала жазу

С.Негимов

«Шешендік сөздер» кітабы

24.

Шоң бидің билік сөздері

1

 

Кесте-сызба толтыру

 

25.

Адамгершілікті, татулықты жоғары ұстаған би – Бәкі Басарұлы

2

 

Дидактикалық материалдар жинақтау

С.Негимов

«Шешендік сөздер» кітабы

26.

Бәкі бидің әділ билік айтқаны үшін «Бәсентиін би» атануы

1

 

Кесте-сызба дайындау «Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз» мағынасын түсіндір

Бүркіт Ысқақов «Асыл сөз» Алматы «Жалын», 1987ж.

27.

Қазақ шешендік танушылардың негізгі ойлары.

1

 

Эссе жазу.

С.Негимов

«Шешендік сөздер» кітабы

28.

Бүгінгі шешендік танушылар еңбегінің маңызы

1

 

«Біздің коғамға кімдер керек?» пікір-талас

С.Негимов

«Шешендік сөздер» кітабы

29.

Шешен адам қасиеті

1

 

Кесте-сызба дайындау.

Ж.Дәдебаев «Атыңнан айналайын» Алматы, 2002 ж.

30.

Қазіргі шешендердің орны мен ролі

1

 

«Шешен адам қасиеті» тақырыбында жоба қорғау

А.Леубаева «Шешендік өнерінің көркемдік тағылымдық мәні» Алматы, 2005ж.

31.

«Шешендік өнер бүгінгі күнде» пікірталас

1

 

Кесте сызу.

Б.Адамбаев «Қазақтың шешендік сөздері» Алматы, 2007ж

 

Оқушылар игеруге тиіс негізгі білім, икем, дағдылар:

- оқыған туындының тектік, жанрлық сипатын, әдебиет және шешендік сөздер туралы жалпы ұғымдарды анықтай білуі;

-тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадыр-қасиетіп түсіне білу;

-әдеби тілдің даму тарихынан білу, дамуын саналы түрде түсіне білу;

-стиль түрлерін ажыратып алу;

-шығармашылық жұмыстардың орындалу техникасын меңгеру;

-көркем шығармадан автордың стильдік қолданысын түсініп, талдай білу;

-мәтінді тақырыпқа сай баяндап, суреттей, талдай білу;

- ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын көркемдік шындық тұрғысынан суреттей білуі;

-әдеби көркем туындыларды ұлттық құндылық ретінде бағалай білуі;

-өз ойын еркін әрі түсінікті жеткізе білуі;

Пайдаланған әдебиеттер :

1.С.Негимов «Шешендік сөздер» кітабы. Алматы, 2001ж

2. Нысанбек Төрекұл «Дананың дала ділмарлары. Алматы, 2001ж

3. Б.Адамбаев «Қазақтың шешендік сөздері» Алматы, 2007ж.

4.Б.Әлменұлы «Шешендік сөздер», Алматы, 1993 ж.

5.«Шешендік өнер», Алматы, «Ана тілі» 1997 ж.

6. А.Леубаева «Шешендік өнерінің көркемдік тағылымдық мәні» Алматы, 2005ж.

7.Ж.Дәдебаев «Атыңнан айналайын» Алматы, 2002 ж.

8.Бүркіт Ысқақов «Асыл сөз» Алматы «Жалын», 1987ж.

9.Сужикова А.Тоғысбаев Б.«Тарихи тұлғалар» А-2005.

10. Е.Әбен, Е.Дүйсенбайұлы, И.Тасмағамбетов А.Құдабаев «Дала Даналары» Алматы, 2001ж.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно