Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техникаларды қолдану арқылы студенттердің сабаққа қызығушылығын арттыру.

Кайрат Самал
Преподаватель спецдисциплин
КГУ«Глубоковский технический колледж»

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік денгейге көтеретін-дарынды да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді. Әрбір ұстаз алдындағы міндет-өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып, оған бағыт-бағдар беріп, дамыта білу. Оларды баулып, қамқорлыққа алып тәрбиелеу-ортақ шара. Ол үшін әр мұғалім өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілеттерін байқап сол пәнге деген қызығушылығын туғызып, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін интербелсенді оқыту үрдісін пайдалану керек.

Еліміздеде білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуі керек. Қазіргі таңда жаңа технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы болып отыр.

Қазіргі заман талабы — оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі — интерактивті техника және технология. Интерактивті техника және технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандарды даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттаңдыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беру реформасы — Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды кұралдардың бірі.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердін бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында интерактивті техника және технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.

Осыған орай арнайы пәндерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану арқылы болашақта біліммен жан – жақты қаруланған мамандарды даярлау арнайы пәндер оқытушысының басты бағыты болып отыр.

Мен өз сабағымда студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру және өзіндік ізденістерін жоғарлату мақсатында жаңа технологияны бірнеше кезеңдерге бөліп қолданамын.

І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

Интерактивтік оқыту технологиясы (ИОТ) деп, нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интелектуалдық, эмоционалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, студенттерге педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушыларының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Интерактивті оқыту технологиясында қолданатын оқыту поцесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

1.Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Оқытушы жұмыс тәртібін ұсынады, студенттермен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасап, оқу проблемасын құрастырады.

2.Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл – ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Оқытушы сценарий жасап, ойын тапсырмаларына, ережелеріне, рөлдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне тоқталады. Студенттер қосымша ақпарат жинап, оқытушымен ақылдасады, ойын барысы мен мазмұны туралы өзара талқылайды.

3.Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процессінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге хақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Оқытушы ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде оқытушының міндеті – ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, студенттердің сүрағына жауап беріп немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.

4.Ойынды талқылау. Оның нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Оқытушы талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтып, өз позицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасап, таңғалыстарын айтады, т.б. Интерактивті оқыту технологиясын әр студенттің іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: оқытушы – студент, студент- топ, топ- топ), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлесушінің басым болу жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасы оқыту барысында студенттер сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары мен рөлдік ойындар қолданылып, құжатттар және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.

Интерактивтік оқыту формаларына нені жатқызуға болады? Бүгінгі күні әдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішінде кең таралғандары – «Миға шабуыл», «Аквариум», «Үлкен шеңбер» және т.б. Алдыңғы сабақтардағы білімдері немесе өмірден алған тәжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандай да бір мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактивтік оқыту формасының тиімділігі жоғары болады.

Мен сабақ беретін арнайы пәндерімде интерактивтік оқыту технологиясының бірнеше түрлерін, атап айтқанда:

— топпен жұмыс істеу түрін жаңа сабақты бекіту кезінде қолданамын. Онда студенттерге өз бетінше сұрақ қойып, оған жауап беру үйретіледі.

— «Өз позицияңды ұстан» деп аталатын интерацияның да пайдасы бар. Ең алдымен, қандай да бір ұйғарым немесе ситуациялық сұрақтар оқылады, содан кейін студент «иә» немесе «жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барып, өз шешімдерін жазады. Және олар осы таңдалған жауаптарын, өз позицияларын түсіндіреді. Қандай заңнамаға сүйеніп шешім шығарғанын және оның дұрыстығын түсіндіреді. Яғни, бұл заңгерлерге ең керекті тәжірибе деп есептеймін.

Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, студенттердің сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Ойынмен ұйымдастырылған сабақ студенттерге көңілді, жеңіл келеді.

Нәтижесінде, интерактивті әдісті қолдану кезінде студенттер мынадай жетістіктерге жетеді:

Сабақ барысында

Дәстүрлі сабақтарда

Интерактивтік әдіс қолданылатын сабақтарда

Студенттердің сабақтағы жұмыс істеуі

Студенттер бірден кірісіп кете алмайды, шулап кетеді.

Студенттер жеке, жұппен, топпен жұмысты жақсы жүргізеді

Белсенділігі

Орташа

Белсенділік жоғары

Жауапкершілігі

Төмен

Студенттердің жеке жауапкершілігі басым

Қызығушылығы

Бірқалыпты

Қызығушылығын істе байқатады

Студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасы

Қызғаныш басым. Анықтық жоқ.

Бір-біріне көмек көрсетеді, сыйластық қалыптасады.

Жұмыс жасау деңгейі

Кейде берілген тапсырмаларды жасауға үлгере алмайды. Бірқалыпты. Ықылас білдіре қоймайды.

Сабақта көп жұмыс жасайды. Шығармашылық қабілеттері артқан. Сабақта еркін сөйлеуге тырысады.

 

Интерактивтік ойынды сабақта қолдану нәтижесінде студент мынадай мүмкіндіктерге ие болады:

1.Білім алушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді;

2.Студенттер тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз

бетінше шеше білуге үйренеді;

3.Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді;

4.Уақытты үнемдеуге үйретеді;

5.Жауапкершілікті сезіне біледі;

6.Жеткен жетістіктерімен бөлісе алады;

7.Бір – бірімен қарым – қатынас жасауға дағдыланады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев және бүкіл мемлекет болып алға қойған биік мақсат – 2050 жылы дамыған елу елдің қатарына қосылудағы айқара есікті ашар компьютер емес, ол – еліміздің келешегі болып табылатын жастар – еліне адал, жемісті еңбек еткенде ғана, бұл мақсат орындалады. Осы биікті бағындырып, елудің арасына қалқайып емес, шалқайып тұрып, бабалардың аманатын арқалау басты парызымыз.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару студенттің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Білім алушы білім дұрыс білім қалыптастыру оқытушымен үлкен жауакершілікті, ізденімпаздықты талап етеді. Сондықтан ерінбей – жалықпай, әр тарау, тақырып бойынша тапсырмаларымды дайындап сабақта пайдаланса, студенттердің қызығушылығы артатынына көзім жетті.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы тандалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың кұштарлығы оянады деп есептеймін. осылайша оқыту құралдарының бірі - электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық кұрал.

Білім - болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның кұзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттаңдыру мақсатыңдағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайыңдығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану - бұл жеке тұлғаны҃ әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық -коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті кұзіреттіліктері - білім берудің жаңа нәтижелері. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Электроңдық оқу құралын арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану - бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық проектілерге нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы.

Арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техникаларды қолдану арқылы студенттердің сабаққа қызығушылығын арттыру атты жобамды қортындылай келе :

- кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал - жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;

- кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.

Ақпараттық құзіреттілікті дамытудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап керсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды оқу - тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Коростылева Л.А. «Психологические барьеры и готовность к нововведениям», СПб., 1996, 66- стр.

2.Суворова Н. « Интерактивное обучение: Новые подходы»., 2005

3.Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. «Технологии игры в обучении и развитии» М., 1996, 268-стр.

4.Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. Семинар для учителей» М., 2004

5.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл.

6.Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары: оқу құралы / К. Өстеміров.- Алматы: ЖШС «Казпрофтех», 2007.

7.«Қазақстан мектебі» журналы №8, 2012 жыл Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга