Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Ұлттық қолөнерді жаңа технологиялар арқылы үйретудің оқу – тәрбие үрдісіндегі маңыздылығы

Хамзин Нұрлан Амангелдіұлы
Технология және бейнелеу өнері пәні оқытушысы
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

 

Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі бұдан екі жарым мың жыл бұрын, әрбір дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, талай тайпалардың шығармашылығы арқылы қалыптасып, мәдени мұраға айналған. Қолөнер кәсібімен айналысқан шеберлердің қолыннан шыққан әсем бұйымдар қазақ халқының мәдениетін жаңа мәдениетпен байытуда.

Қолөнердің халық қажетін өтейтін тамаша үлгілері көп. Солардың табылмай, танылмай жатқан түрлері де баршылық. Қазақ халқында өрмек тоқу, алуан түрлі кілем тоқу, алаша тоқу, текемет басып, сырмақ сыру, тұс киіз жасау сияқты өнері кең тараған. Осы мәдени мұрамызды, байырғы байлығымыз деп, халқымыздың тұрмыс қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз керек.

Өресі биік, өрісі кең атаулының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан біз оларды халықтық қолөнер деп атаймыз. Халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім.

Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі өте ерте кезден саяхатшылар мен коллекционерлердің ғана емес, ғалым-этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келген.

Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қазіргі қолөнердің дамуы күрделі де аса бай. Күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбиелеуде қызмет етеді.

Ою-өрнектермен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар және төсек–орын, киім-кешек, ыдыстар, ер-тұрман тағы басқалар әшекейленген. Кесте тігу, тоқымашылық, өру, құрақ құрау, ағаш бетіне күйдіріп ою салу немесе зергерлік, керамикалық тағы басқа түрлері кеңінен қолданылды. Ою-өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтық дәстүр негізінде сақталды.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбек тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету - оқу-тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі. Оқушыларды өнерге баулу, өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы, байқағыштығы артып, дамып отырады. Сондықтан ғасыр бойы тарих жолымен дамып, оның үлттық қадір-қасиеттерін жоймай, бойына сіңіріп келе жатқан қазақтың ұлттық өнері күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылып келеді. Қазақтың әрбір ұлттық өнері озінің сипатымен емес сүлулық сырымен, сәніменен ерекше көзге түсіп, өз мағынасын жоймай сан ғасырлық тарихтың үлгісін сақтап келеді. Қазақ халқы өзінің үлттық өнерін эстетикалық талғамның көрсеткіші ретінде бағалап, ауыз әдебиеті үлгілерінде де әсемдікке баулу, сұлулығын сүйсіне білуге тәрбиелеу мақсатында айшықты сән өрнегімен суреттеп те отырған. 
Халық педагогикасы - тәрбие жөніндегі халықтың ой-тәжірибесінің жиынтығы. Бала санасына аса бай халықтық өнер бірте-бірте сіңеді. Халық сол арқылы ұрпағымыз өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, сұлулықты қадірлеп, бағалай білуге ұмтылдыру мақсатында аз еңбек еткен жоқ. Ұлттық онер көптеген ғасыр бойы озінің спецификалық бейнесі мен халықтық танымын қалыптастырып отырады. Одан халық үні, ежелгі қазақ даласын мекендеген көшпенділердің дэстүрі мен эдет-ғүрпы айқын корінеді. Бүгінгі таңда, халық шеберлері мен үсталар тың ойларды туғызып оны жаңа мазмұнымен байыта отырып, халықтық орнектеу онерін жетілдіру мен дамытуды жалғастырып келеді. Қазақ халқында «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген үлағатты сөз бекер айтылмаған.

Мектептегі бейнелеу өнері және технология сабақтарында халқымыздың өшпес мұрасы ретінде қалдырған ұлттық қолөнерімізді үйрету әрбір пән мұғалімдерінің міндеті, борышы. Оқу, тәрбие барысында түрлі материалдарды көркем өңдей отырып, қолөнер бұйымдарын жасату арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулып қана қоймай, оларға теориялық білім беріледі. Осы арқылы келешек ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды меңгертеміз.

Әр түрлі құрал – жабдықтармен жұмыс жасай отырып, бұйымдардың жасалу технологияларын жетік меңгерту мұғалімге үлкен міндет жүктейді. Алдымен барлық материалдарды көркем өңдеу жолдарын мұғалім меңгеруі тиіс. Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Ұлттық қолөнерімізді өзінің тиімділігін көрсетіп келе жатырған ақпараттық коммуникативтік технологияны қолдана отырып үйрету арқылы жоғары жетістіктерге жетуге болады. Өйткені қазіргі таңда заманауи құрал – жабдықтар арқылы түрлі материалдарды өңдеуге, жоба құрастыруға болады. Ағаш, металл, былғары, мата материалдарын түрлі станоктарда өңдеу арқылы жаңа заман талаптарына сай бұйымдар шығару - өзінің тиімділігін көрсетуде. Оқушылардың, студенттердің қолдануына, жоба, сызба құрастыруда ыңғайлы компьютерлік – графикалық бағдарламалардың бірі – CorelDRAW бағдарламасы. СorelDRAW – машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы. Түрлі-түсті көркемдеулерді, күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық кітапталарын, фотографиялық шын және фантастикалық шын емес бейнелейлерді, дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы, игеруге қарапайым құрал. Векторлық графика да қолданылады, оның көмегімен сапаны жоғалтпай, бейнелеуді бірнеше есе көбейтуге болады, ал мысалы Paint редакторында суреттерді растрлық берілуі кезінде ондай мүмкіндік жоқ. Векторлық графика безендіру және сызба бейнелеулерін құру үшін пайдаланылады.

Симметриялы, жолақ ою – өрнектерді бейнелеу, құрақ құрау, түрлі бұйымдардың бейнесін нақты өлшемде салу, түстік шешімін табу сияқты іс – әрекеттерді орындау барысында СorelDRAW бағдарламасының тиімділігі жоғары.

 

Әдебиеттер тізімі

Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері – Алматы: Қазақстан. 1995

Байжігітов Е.Б. Қазақтың қолөнер тарихы. Алматы: Экономика. 2012

Байжігітов Е.Б. Көркемөнер терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі Алматы: Экономика. 2009


скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга