Қазақстан Халқы Ассамблеясы. Ұлттық бірлік

Қамзанова Айжан Қанатқызы
10 сынып оқушысы
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ

Жетекшісі:ағылшын пәнінің мұғалімі
Туктубаева Айгүл Кабасовна

Қазақстан Халқы Ассамблеясы. Ұлттық бірлік

 

Жобаның екі бөлімі
зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды.Жұмыстың зерттелу бөлімі – зерттеу жұмысының өзекті бөлігі. Тақырып мазмұнының ашылуына қарай негізгі бөлім тарауларға, тараулар іштей бірнеше тармақ-тармақшаларға жіктеледі. Мұнда алға қойылған мақсат пен оған жетудегі міндеттерді шешу көзделеді. Негізде, алдымен, тақырыпқа қатысты Ассамблея төрағаларының білдірген ой-пікірлері талданады, оларға деген зерттеушінің өзіндік көзқарасы білдіріледі. Кейіннен тақырыптың теориялық қыры нақты фактілермен, материалдармен дәлелдене отыра сараланады. Нақты алынған нәтижелерді талқылау да осы зерттеу бөлімі ішінде іске асып отырады. Сонымен қатар жұмыс нәтижесін білдіретіндей тұжырымдар тиянақталады. Безендірілген материалдарға (сызба, кесте, фотосурет, суреттер) да жол ашылып, оларды кеңінен көрсетуге мүмкіндік туады.

Жұмыстың мақсаты.Қазақстанда тату-тәтті тұрып жатқан ұлт өкілдерін,мәдени орталықтарын зерттеу маған өте қызық болды.Осы жоба арқылы мен маған беймәлім болған көптеген дүниелерді аштым.

Бұл жобада мен үш мәдени орталыққа бардым.Олардың мәдениеті,салт – дәстүрі,асханасы,музыкасы туралы көп мағлұмат алдым.Тіпті мені дәріс беруге шақырды.

Жыр алыбы Жамбыл бабаның «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» деген даналық сөзі бар. Шындығында, ел бірлігі болмаса, онда экономика мен әлеуметтік даму тұрмақ тәуелсіздік пен тұғырлылық туралы да сөз айтуға шама жетпес еді. Сондықтан да, бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды.

Содан бері бақандай 20 жыл өтіпті. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, жұртшылықты жетістікке бастады, ең бастысы - Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Осындай киелі құбылысты нығайта түсу мақсатында биылғы 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған болатын. Сондықтан да, табалдырықтан аттағаннан бастап Қой жылында елдің түкпір-түкпірінде осынау мерейтойға арналған шаралар бастау алса, бүгін ресми түрде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ашылып отыр.

Шындығында, Қазақстан халқы Ассамблеясы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, мемлекеттік маңызды мерейтойлар қатарында аталып тұр.

Өйткені, Ассамблеяның басты ұраны - Ел бірлігі! Ал бірлік болмайтын жерде береке де, тірлік те болмайтыны бесенеден белгілі, бұл жайында бабалардан қалған даналық ой, асыл сөздер де жеткілікті. «Бақ қайда барасың? Бірлігі жарасқан елге барамын!» демеп пе еді сондай даналықтың бірі. Түптеп келгенде, Тәуелсіздік жылдарынан беріге қарай жеткен әрбір жетістіктің, асқан әрбір асудың өзегінде - елдегі тыныштық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен бірлік жатқаны да ақиқат.

1.Өзге ұлт өкілдерінің Қазақстандағы өмірі.

1.1. Осы жұмысты жүргізген кезде әр мәдени орталықтарға өзім барып шықтым. Кітаптан оқып және өз көзімен көріп танысуды жөн көрдім.

Еврей мәдени –ағарту орталығы

Еврей мәдени – ағарту орталығының жетекшісі Горбунов Николай Николаевичпен

-Қайырлы күн ! Өзіңізді таныстырып кетсеңіз.

-Шалом! Менің атым Николай Горбунов.Мен Еврей мәдени – ағарту орталығының жетекшісімін.Біздің орталығымыз «Алиф» деп аталады. «Алиф» деп аталуының себебі ол еврей әліпбиіндегі бірінші әріп.

-Сіздердің орталықтарыңыз қандай мәдени шараларға қатысады? Және ол қалай құрылды?

-Басқа орталықтар сияқты да Еврей мәдени орталығы да біріншіден, әрбір адам өзінің түп тамырын кедергісіз білуін,сол халықтың мәдениетін,салт-дәстүрін,тілін ұмытпауына жағдай жасайды.Және әрбір мәдени орталық Қазақстан Ұлттық Ассамблеясын құрайды.Біз- Қазақстанның азаматтары мен азаматшаларымызымыз.Біз –бір елміз,біз –бір командамыз ,біздің бір Елбасымыз бар және бәріміздің өз салт-дәстүрімізді сақтауға мүмкіндігіміз бар. Сол себепті бізде еврей тілін оқытуға мүмкіндік бар, тіл үйрететін орталық «Уйпан» деп аталады.Онда тіл мен салт –дәстүріміз оқытылады.Біздің өз Отанымызбен байланысымыз бар .Бізде фольклор бар,ол «Ягунатик»деп аталады ,аударған кезде «ескі той»деген мағынаныбілдіреді.Фольклорда мәдениет,қолөнер ,ән – би үйретіледі.Айта кететін жайт,әрбір мәдени орталықта тек сол ұлттың адамдары болмайды, басқа ұлттың адамдары да болады.Мысалы , бізде аралас некелер бар,әкесі басқа ұлттың адамы болса,шешесі басқа бір ұлттың адамы.Олардың балалары әкесінің де,шешесінің де ұлтының мәдени орталығына баруы мүмкін.Біреуге сол ұлттың мәдениеті қызық болуы мүмкін,біреуіне сол елдің туризмі ұнауы мүмкін,біреуіне тағы да бір жайт.Яғни,бұл орталық тек еврейлерге арналған деп айтуға болмайды.Өйткені,бәріміз бір елде өмір сүреміз,бір- бірімізбен тығыз байланыстамыз.Мысалы,еврейдің үстелінде корейдің салаттары,қазақтың бешбармағы,немістің штруфелі тұруы мүмкін.Солардың ішіндегі қуырдақ-менің сүйікті тағамым.Ең бастысы ,біз өзіміздің кім екендігімізді ұмытпауымыз қажет.Сол үшін Елбасымыз біздің тілімізді,салт- дәстүрімізді ұмытпауымыз үшін бізге қолдау көрсетіп отыр.Сондықтан біздің орталықтарымыз тек мәдени жиындарда ғана емес,ел билігінде де елеулі рөл атқарады.Айта кететін жайттың бірі,Ассамблеяның құндылығы неде деп сұрасаңыз,біздің елімізде экстремистік дін өкілдері жоқ.Біз бір елдің адамдары екенімізге көзіміз жетті.Біз әртүрлі мәдени іс – шараларды бірігіп өткіземіз.Мысалы,2015 жыл - Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл.Осыған орай көптеген жиналыстарға ,іс-шараларға қатысып жүрміз.

-Өзіңіз Қазақстан Халқы Ассамблеясында қандай да бір міндеттер атқарасыз ба?

-Ассамблеяны басты құраушылар ол әр ұлттың басты өкілдері.Әрине оның ішінде ғылыми өкілдер,жастар,мәдени өкілдер бар.Яғни 4-5 адам қосылып Қалалық Ассамблеясының өкілі болады.Оның ішінде мен де Қалалық Ассамблеяның мүшесімін.Қала әкімі де Қалалық Ассамблеяның төрағасы.Ол бәрімізге ортақ дүние.Қаланы көркейтуге біз де қосуымыз керек.Сондықтан,Ассамблея дегеніміз тек біздің тек есеп беруіміз емес,біздің өте жақсы өмір сүріп жатқанымыздың белгісі..Сондықтан,толеранттылық,ол дипломатиялық қатынаста ғана қолданылады.Ал біз тек жиындарда ғана емес, өмірде де тығыз байланыстамыз.Бір мәдени орталықтың мерекесі – ол Ассамблеяның мерекесі.Біз татардың сабантойын,славяндардың,қазақтардың да мерекелеріне барамыз.

-Егер мүмкіншілік болса,сіз Иерусалимге көшіп кетер ме едіңіз?

-Мына суреттерде Иерусалим – Астана бейнеленген.Яғни,олардың біреуін таңдау мүмкін емес.Мен осы жерде туылдым.Осында өстім.Бұл жер менің көңілімнен шығады.Қараңыз,адам әрқашан өзінің жанына жақын жерді өзі таңдайды.Мен осында тұрамын,яғни бұл жер менің көңілімнен шығады.Әрине ,мен өз тарихи Отанымда болдым.Көшуге мүмкіншілік әрине бар.Мен осындамын.Біздің Конституциямыз басқа елге көшуге кепілдік береді.Мен, мысалы ,Қазақстанға да ,Израильге де ,басқа үшінші мемлекетке де көшуге мүмкіндігім бар.Кейбір адамдардың тарихи Отанына көшіп кетіп,қайта келген кездері болды.Біз осындамыз.Мен біз әзірге осындамыз деп тұрған жоқпын.Біз осындамыз.Әр мемлекет өзінің азаматтарынының жеке басының құқықтаына қарайды.Оралмандар бағдарламасы да кездейсоқ құрылған жоқ қой.Сондықтан,біздің жерімізге 40 миллион адам әкеліп қоныстандырса да,біз сиямыз.Біз дүние жүзі бойынша 9 орынды аламыз.17 миллион халық ол өте көп емес.Менің отбасым осында.Мен де осындамын.

-Елге деген тілегіңізді жеткізсеңіз.

-Мен елге жақсылық ,табыс,және осы күнге дейін жеткен жетістігімізден айырылмауды тілеймін.

-Сұхбатыңызға рахмет!Келесі кездескенше!

Еврей мәдени –ағарту орталығынан алған сұхбат кезінде мен мынандай ой қорыттым.Еврей халқы – қонақжай халық.Қазақтар сияқты қонағын Құдайындай сыйлайды.

1.2 «Злата» Болгар мәдени орталығы

«Злата» Болгар мәдени орталығының жетекшісі Андриевская Ольга Олеговнамен бірге

-Қайырлы күн ! Өзіңізді таныстырып кетсеңіз.

-Қайырлы күн!Менің есімім Андриевская Ольга Олеговна .Мен Астана қаласы «Злата» Болгар мәдени орталығының жетекшісімін.

-Сіздердің орталықтарыңыз қандай мәдени шараларға қатысады? Және ол қалай құрылды?

-Біздің орталық басқа орталықтарға қарағанда өте жас.Небәрі құрылғанымызға 3 жыл болса да,біз Ассамблеяның ұйымдастырған іс-шаралардың бәріне дерлік қатысамыз.Біздің орталығымызда аз адам жұмыс жасайды.Негізінен,Қазақстандағы болгарлардың саны айтарлықтай көп.7000 –ға жуық болгар Қазақстанда тұрады.Бірақ олар Павлодар,Қарағанды ,Ақтөбе,Атырау және Алматы облыстарында көп шоғырланған.Ал Астанадағы болгар ұлтының өкілдері аз.Соңғы санақ бойынша Астанада 100 болгарлық өмір сүреді екен.Олардың өздері аралас некедегі адамдардың балалары немесе арғы аталары болгар болған азаматтар.Біздің орталығымызда небәрі 24 адам жұмыс жасайды.Бірақ біздің аз екенімізге қарамастан,біз өте белсенді қатысушылармыз.Біздің орталықта екі шығармашылық бірлестік бар.Біріншісі- «Злата» вокалдық тобы,екіншісі – биыл ашылған би тобы.Біздің қатысушылар бүкіл іс-жиындарға қатысады.Бізді 1 мамырда-Қазақстанның бірлігі күнінде ,24 мамырда –славян халқының жазу күнінде көруге болады.Айтпақшы,біз мәдени орталық болмастан бұрын , барлық жиындарға қатысатынбыз.Біздің орталықта дөңгелек үстелдер,конференциялар,әр түрлі кездесулер өтеді.Менің өз мамандығым –педагог,өйткені мәдени орталықтың басшысы болу – ол қоғамдық жұмыс.Сондықтан,біздің өзіміздің негізгі жұмысымыз бар.№6 гимназияда ұзтаздық қызметтемін,және осы мектеппен де біздің орталық тығыз жұмыс жасайды.Көптеген іс-шаралар,кездесулер,конференциялар өткіземіз.Елбасымыздың саясатын қолдап,жұмыс атқарамыз.Және негізгі тапсырған міндеттерін біз абыроймен атқарып жүрміз.

-Өзіңіз Қазақстан Халқы Ассамблеясында қандай да бір міндеттер атқарасыз ба?

-Мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесімін.

-Қазақтың қандай тағамдары ұнайды?

-Білесіз бе,маған қазақтың тағамдарының барлығы ұнайды.Әрине әрбір ұлттық мерекелерде бешбармақсыз тамағыңнан ас өтпейді.Және маған бауырсақтар ұнайды. Білесіз бе,сізге айтқым келгені,көптеген әр түрлі ұлттың мерекелері бір-біріне ұқсас келеді.Мысалы,біз жақында Наурыз мерекесін атап өттік,орыстар жақында «Масленицаны» тойлады.Ал біз болгарлар жақында «Мартиницаны»тойладық.Атаулары әртүлі болғанымен ,бұл мерекелердіңи мағынасы бір,яғни көктемнің келуі,жаңару,Күн мен Түннің теңелуі сияқты мағынаны айқындайды.Біз «Мартиницада» да Наурыздағыдай адамдарға дәм береді.Қазақтар адамдарды бауырсақпен,Наурызкөжемен дәм ауыз тигізсе, болгарлар дастарқанға «бальница» қояды.Бальница –қоспасы бар бәліш.Қоспа асқабақтан,сүзбеден,ірімшіктен болуы мүмкін. Плачинканың жасалу жолы орыстың құймағына ұқсас.Ол да құймақ сияқты пісіріледі,қаймақпен,тосаппен бірге беріледі.Ал қазақтың тағамына келер болсақ,маған бешбармақ та,қазы да,қарта да, жал-жая да ұнайды.

-Егер мүмкіншілік болса,сіз тарихи Отаныңызға көшіп кетер ме едіңіз?

-Мен –Қазақстандықпын.Мен әулетімнің Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұрпағынан төртінші ұрпақ болып есептелемін.Біз ұрпақтарымызбен осында,осы елдің мәдениетіне,салт- дәстүріне сіңісіп кеттік.Біз қазақтармен ағайынды бауыр сияқтымыз.Сондықтан,Қазақстан – ол менің үйім.Біз әрдайым қарым-қатынастамыз.Біз оларға мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді көрсетеміз,олардан бізге беймәлім дүниелерді аламыз.Біз бір елміз.Менің бұл елден кеткім келмейді.Бұл жерде менің ата-бабаларымның бейіті бар,мен осында тұрып жатқан төртінші ұрпақпын.Бұл менің үйім,менің Отаным.Мен өзімді осы жерден таптым,мен өз балаларым үшін қуанамын,олардың болашағына алаңдамаймын.Мен – қазақпын.Басқа ұлттың адамы болсам дағы,менің жүрегім қазақ деп соғады.

-Елге деген тілегіңізді жеткізсеңіз.

-Қазақстанға менің тілейтінім – осы уақытқа дейін жинаған құндылықтарын сақтап қалу,олар:бейбітшілік ,бақыт ,достық, көркею,келісім,бірлік.Бірлікті қорғай білу-ең басты нәрсе.Сенің аспаныңда күн күлімдеп тұрса,бейбіт ашық аспаның болса , өз ұрпақтарың үшін уайымдамасаң,егер сен болашаққа сенімді болсаң сол бақыт деп есептеймін.Қазақстанға осы құндылықтарды сақтап қалуын тілеймін.

-Сұхбатыңызға рахмет! Келесі кездескенше!

«Злата» Болгар мәдени орталығынан алған сұхбат кезінде мен мынандай ой қорыттым.Болгар мәдени орталығы Ассам.

1.3 "Polacy" мәдени ұйымы

Роговская Елена Артемовнамен сұхбат

-Қайырлы күн ! Өзіңізді таныстырып кетсеңіз.

-Қайырлы күн !Роговская Елена Артемовна- "Polacy" мәдени ұйымының төрағасымын.

-Сіздердің орталықтарыңыз қандай мәдени шараларға қатысады? Және ол қалай құрылды?

-Ассамблея құрылғаннан бастап көптеген даму сатысынан өтті.Қазақстан халық Ассамблеясы – 100-ден астам ұлт өкілдерін біріктірген халықтық дипломатиялық институт.Ол халықтың сақталып қалуы мен тұрақты болуында үлкен рөл атқарды.

Ассамблея–татулық темірқазығы.Ассамблея бүкіл әлемге Қазақстанның саяси ғана емес,этникалық қатынастарын таныстырады.Біздің бірлестігіміз Ассамблеяның барлық іс-шарасына қатысады.

-Өзіңіз Қазақстан Халқы Ассамблеясында қандай да бір міндеттер атқарасыз ба?

-Мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесімін.

-Қазақтың қандай тағамдары ұнайды?

-Жалпы қазақтың тағамдарының барлығы дәмді.Бешбармақ, қазы-қарта,жал - жая,бауырсақтар болсын әрқашан дастарханның сәнін келтіріп тұрады.Солардың ішіндегі қуырдақ-менің сүйікті тағамым.

-Егер мүмкіншілік болса,сіз тарихи Отаныңызға көшіп кетер ме едіңіз?

-Білесіз бе,менің Польшаға кетуге талай мүмкіндігім болған.Бірақ туып-өскен жерімнен кете алмадым.Бұл – менің Отаным.Менің ата- бабаларым осында жерленген.Осы жерде оқыдым,тұрмысқа шықтым,балалы болдым.Жұмысым,отбасым,Отаным осында болғандықтан , мен ешқайда кете алмаймын. «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас»деген мақал осы орайда есіме түсіп отыр.Бұл- менің туған жерім.Туған жерімді ешқайда тастап кетпеймін.

-Елге деген тілегіңізді жеткізсеңіз.

-Елімізге табыс,ынтымақ, береке – бірлік, жасампаздылық, ең бастысы – осы күнге дейін жеткен құндылықтарымыздан айырылмауды тілеймін.

-Сұхбатыңызға рахмет! Келесі кездескенше!

Тілі басқа ,тілегі бір,жүзі басқа,жүрегі бір!

Ассамблея туралы алғаш ойланғанымда,мектебімдегі өзге ұлт өкілдері есіме түсті.Біздің Т.Көбдіков атындағы орта мектепте өзбек,орыс , украин, түрік ,неміс ,поляк ұлтының балалары оқиды.Олар тек оқуда озат қана емес,қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады.Көптеген үйірмелерге қатысып,жүлделі орындар алып жүр. Сол ұлт өкілдеріне қарап отырып мен осы тақырыпты алуға шешім қабылдадым.

Тіл – татулық тірегі!

Алтын ұя мектебімізде 7 – 8 сыныптар арасында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында тілдер мерекесіне арналған фестиваль өтті.Қазақ елінің киелі шаңырағы астында әр түрлі ұлт өкілдерінің тату- тәтті өмір сүріп жатқандығы бізді қуантады.Әр ұлттың киімін киген оқушылар мектебіміздің мәжіліс залын жайнатып жіберді.Тіл фестиваліне келген ұлттар өз тілінде және мемлекеттік тілде сөйлеп,өз халқының салты мен тыныс – тіршілігімен таныстырды.Тілі ортақ,тілегі бір,жүзі басқа,жүрегі бір ынтымақты өмір сүрген ұлттар татулығын көрсете білді.Екінші номинацияда әр ұлт өз өнерін ортаға салды.Оқушылардың өзбек ,ұйғыр ,қырғыз, орыс ,украин, неміс, армян, татар ұлттарының билерін,әндерін жандандырып отырғанына тәнті болдық.

Фестивальдің соңында бір шаңырақтың астына жиналған ұлт өкілдері бәрі қазақ елінің рух көтетер әнін шырқап «Жаса ,Қазақ елі!»деп фестивальды аяқтады.Көңілде жақсы сөз,әсем саз қалды.Бұл – біздің мектебіміздің «Тілдер мерекесі» аясында өткізген сәтті бір күні.

Нәтижесінде:

Бас жүлде: 8 «а»сынып оқушылары,сынып жетекшісі – Жұмабекова Р.Ж.

1-орын: 7 «а»сынып оқушылары,сынып жетекшісі – Құсайынова А.К.

2-орын: 7 «ә»сынып оқушылары,сынып жетекшісі- Ракишева Г.С.

9 «а»сынып оқушылары,сынып жетекшісі – Мукажанеова С.К.

3-орын: 5 «а» сынып оқушылары,сынып жетекшісі-Нуртазина М.Б.

10 «а»сынып оқушылары,сынып жетекшісі- Кумарова А.М.

6 «а» сынып оқушылары,сынып жетекшісі-Абишева Ж.А.

Қорытынды

20 жылдық тарихы бар ұйым елдің саяси жүйесінің маңызды бір бөлігіне айналып, ол Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен этностардың мүдделерін, құқықтарын бір арнаға түйістірді. Әрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті. Түптеп келгенде, Ассамблея еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды ұйымның бірі болып саналады. Осының нәтижесінде әрбір қазақстандық кең ауқымды ойланып, достық пен өзара түсіністікті бағалауға жетелеу жолында жемісті еңбек етуде. Осыған байланысты бұл ұйым мемлекетімізді мекендейтін эстнос өкілдерін бірлікке шақырып, елдегі демократияның қалыптасуына да тікелей атсалысуда. Ел Президентінің бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік, ұлттық саясатты дамыту мен жетілдірудің ерекше маңызды құралы болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде елді біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, татулықты нығайтуда аса маңызды қызмет атқарады.

Бір сөзбен айтқанда, сонау жылдары Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің өміршеңдігін танытып қана қойған жоқ, қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде. Ендеше еліміздің тұрақтылығы мен татулығына, бейбітшілігі мен бірлігіне қызмет ететін Ассамблея сияқты айрықша институтқа бір жылымызды арнау құптарлық қана емес, қуанарлық та іс. Тіпті бұл жыл дәл осы тұрғыдан алғанда тарихи жылға айналуы да әбден мүмкін. Өйткені, қанша дегенмен табыстың, тұтастықтың кілті - бірлікте. Сондықтан да, Ассамблея жылының - Ел бірлігі жылы ретінде есте қалатындай өткізуге жұмыла алсақ игі.

Пайдаланылған әдебиет

1.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл.ISBN 5-89800-123-9

2.«Егемен Қазақстан»республикалық газеті/ Редактор Жақсыбай Самат- АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 №190(28413) 30 қыркүйек 2014 жыл.

3.«Нұр Отан» қоғамдық – саяси журнал /Редактор Әбдіқадыров С.Н.- Алматы №11932

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

☑ Современный урок: эффективная организация образовательного процесса (для учителей)

☑ Expo-2017 (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия