Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Оқу – тәрбие үрдісінде жеке адамның таным процестерін анықтау және дамыту үшін жүргізілетін диагностикалық жұмыстар

Молдабек Гүлім
2 курс
Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі

Жетекші: Конырбаева Айман Ескельдиновна

 

Адамның объективтік дүниені тану процесі күрделі де диалектикалық құбылыс. Нақты пайымдаудан абстракті ойлауға және одан практикаға көшу ақиқатты танудың объективтік реалдықты танудың диалектикалық жолы осындай. Түйсік, қабылдау, елестердің жануарларда да, адамдарда да болатынын айта отырып, сезімдік бейнеленудің бұл формаларының оларда бірдей болмайтындығын ескерген жөн. Антропогенездегі (адамның пайда болуы) еңбек пен сөз адамға тән түйсік, қабылдау, елестерді қалыптастырады. Олар жануарлардағы осы тәріздес бейнеленулерден мазмұны (адам қоғам өмірінің әлеуметтік жағдайларын, еңбек процесінде жасалған заттарды және солар арқылы өзі белсене әсер ететін табиғатты бейнелендіреді.); физиологиялық механизмдері (адамның түйсік, қабылдау, елестері адамдық бірінші сигналдық жүйеде бейне мен сөздің, өзара әрекеті үстінде пайда болады), таным процесіндегі ролі (бірқатар жануарларда бұл айнала қоршаған дүниеде бағдар анықтаудың жоғары формасы, адамда – танымдық бастапқы сатысы) жағынан өзгеше болып келеді. Танымдық екінші сатысы - абстрактілі – теориялық ой – адамға ғана тән. Ой сезімдік танымға негізделенеді, бейнеге сүйенеді. Бірақ бейнелермен емес, мазмұны адамның көптеген ұрпақтарының еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасқан ұғымдармен операция жасайды. Ой сезімдік танымда болатын жеке жайттарға алаң болмай, өмірге тереңірек бейнелендіруге, заттар мен құбылыстардың мәнін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Таным практикалық әрекет үстінде туып, үнемі практика арқылы тексеріліп отырады. Практика біздің бір немесе екінші бейнені яки ұғымды ақиқат (объективтік шындыққа сай келетін) немесе жалған (дүниенің қате бейнеленуі) деп есептеуіміздің белгісі (өлшемі, негізі) болып саналады.

Эксперименталды бөлім

А) оперативтік есте сақтау қабілетін тексеру

Бұл әдістемеде оқушының оперативтік есте сақтау қабілеті ретінде аз уақыт ішінде есінде сақтай отырып, оны сол мезетте өңдей алатын ақпарат көлемі бағаланады. Нұсқау. Сіздерге бес таңбңлы сандар қатары оқылады. Сіздің міндетіңіз сандарды сол оқылған ретімен есте сақтау. Содан соң ойша бірінші санды екіншісімен қосып, қосындыны жазып қоясыз, екінші санды үшіншісімен қосып, қосындыны жазасыз, үшінші санды төртіншісімен, төртінші санды бесіншісімен қосып, қосындын жазасыз. Мысалы берілетін сан : 32716 - 3+2=5 2+7=9 7+1 =8 1+6=7 5987

Сандар: 31527 – 4679

44352 – 8787

63152 – 9467

Дұрыс жауаптар саны х. Дұрыс жауаптар проценті у.

y=(x+100)/10

ә) Қабылдаудың адамның ойы мен іс – әрекетін билейтін анықтау.

Құбылыстар мен заттарды қабылдау процесінде адамның бұрынғы тәжірибесінің мәні ерекше. Тәжірибе қабылдауға жаңа әсер етіп қоймай, ол адамның ойы мен іс -әрекетін де билейді. Бұл жайтты түсіну үшін мынадай тәжірибе жасалады. Зерттеуші «Абай», «Мұрын», «тауық», «алма» деген сөздерді ешкімге көрсетпей кесінді қағазға жазып, сыналушылардың біріне береді. Тәжірибе аяқталғанша қағазды ешкімге көрсетпеуі керектігі ескертіледі. «Біз қазір дене шынықтыру мақсатымен орнымыздан тұрып, біраз уақыт сол қолымызды бұлғап, айналдыратын боламыз. Біріне – бірі кедергі жасамау үшін араларын бір – екі метр болсын. Осы кезде мен сіздерге бірнеше сұрақтар қоямын, сіздер сол сұрақтарға жауап беріңіздер. Күлуге болмайды.»

«Барлығыңдар орындарыңнан тұрыңдар. Енді қазақ ақындарының бірінің есімін, бет мүшелерінің бірін айтып, үй құстарының бірінің атын, жемістің бір түрін атаңыз» - дейді. Зерттеуші өзінің қағазға жазған сөздерінің сыналушылардың жауаптарына сай келуі себебін түсіндіреді. Абай қазақ ақындарының аса көрнектісі, мұрын бет мүшелерінің үшеунен көзге түседі, үй құстарынан ең көп тарағаны – тауық, жемістер ішінен жұртқа ең жақыны – алма. Сынаушы осы сөздердің жиі айтылатынын алдын – ала ескергенін айтады. Ал тәжірибе кезінде қолды қозғап айналдыру бөгде нәрселер жайында ойлауға мұрша бермейді.

Б) қиялды анықтау әдістемесі.

Ойыңа келген үш сөзден 10 минут ішінде белгілі тақырып төңірегінде шығарма жаз. Мұндағы әр сөйлемде сол 3 сөз түрлі жағдайда қиысып келтін болсын.

В) зейіннің бөліуін зерттеу әдістемесі, С.Я Рубинштейн.

1. зерттеушіге 1 – ден 20-ға дейін және 20-дан 1-ге дейін сандарды ауызша жаңылтпай, тез айтып шығу керек.

2. Зерттеушіге 1-ден 31-ге дейін санауға нұскау беріледі. Бірақ 3 және 3-ке бөлінетін барлық сандарды атамау керек. Шатаспаймын деген сөзді сол сандар орнына айтып отыруы тиіс. Мысалы 1,2 шатаспаймын 4,5 шатаспаймын. Қателердің саны мксимум – 12, минимум – 0. Зейіннің жақсы бөлінуі 0 ден 4 қатеге дейін. Орта 4-7; ортадан төмен 7-10; нашар - 10-13.

Зерттеудің қорытындылары:

А) оперативтік есте сақтау қабілетін тексеру

Зерттеуге Калиева А, Құсаинова А, Тоқтарбаева Д, Кенжебекова Ж, Жаңабаева М, Ақылбекова К, Бейсембаева Р сияқты студенттер қатысты. Студенттерге нұсқауды түсіндірдім. Берілген сандар:

31527     71521     44352     35126     13152     71726     63152     42613     34325     25341

Барлығы 10 сан.

Нәтижесін формула арқылы анықтаймын.

Қалиева 30

Құсаинова 60

Тоқтарбаева 60

Кенжебекова 70

Жаңабаева 60

Ақылбекова 40

Бейсембаева 40

Зерттеу барысында Жаннаның есте сақтау қабілеті жақсы екені анықталды.

Ә) қабылдаудың адамның ойы мен іс- әрекетін билейтінін анықтау

Мұнда «Абай», «мұрын», «алма», «тауық» деген сөздерді жеке бір қағазға жазып, топтағы Айдана деген қызға беріп қойдым. Оған нұсқауды түсіндірдім. Содан кейін басқаларға сұрақтарымды қойдым. Сондағы нәтиже төмендегідей болды:

1.Үміт- сәйкес келді

2.Мөлдір – сәйкес келді

3.Аида – сәйкес келді

4.Динара – сәйкес келді

5.Қарлығаш – сәйкес келді

6.Сәуле – сәйкес келді

7.Перизат – сәйкес келмеді

8.Назым – сәйкес келмеді

Бұнда көз жеткізгенім қабылдау ой мен іс – әрекетті билей алады.

Б) қиялды анықтау

Бұл зерттеу жұмысын мен Луначарский атындағы орта мектепте жүргіздім. Зерттеу барысында оқушылардың қиялдау қабілетін байқадым. 5 в сыныбының Нұрахмет Айдана, Садуақасова Майра, Асқаров Руслан сияқты оқушылардың қиялы өте жоғары дамығандығын байқадым. Олар өздеріне ұнайтын 3 сөзді бір-біріне қабыстырып, көркем мәтін құрастыра білді. 5 минут ішінде жүргізілген жұмыста қиялдай алмайтын оқушылар да анықталды. Олар:

1.Жұмаділов Дәурен

2.Айтбаев Рауан

3.Сұраншиева Қымбат

4.Тұрғымбеков Дастан

Оқушылардың қиялын осындай шығарма жаздыру арқылы жетілдіруге болады.

Қорытынды

Қазіргі кезде психология – ғылымы көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп ілгері дамып өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады. Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннің зерттейтін объектісін, екінші, адамдың іс-әрекет түрлерін етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз. Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі дамуда болады. Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргіздің маңызы артып отыр.

Қазіргі кезде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті психикалық іс әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу.

Жантану ғылымы үшін ең маңызды мәселелердің бірі зерттелуші құбылыстардың мән-мағынасын ашып беру,

Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелімен қарапайым түйсіктен бастап, жеке адам психикалық қасиеттеріне дейін – оларды басқарушы объектив заңдылықтарды ашу үшін зерттеу, оқу мен тәрбиенің теориялық негізін, қоғамдық міндеттерін, ұйымдастыру формаларын анықтап белгілеуде орасан маңызға ие.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Жалпы психология. В.В.Богословский, А.Г.Ковалев.

2.Психология. К.С.Жұмасова

3.Психология. Ж.Аймауытов

4.Психология. Гоноболин Ф.Н.

5. Мектепкетігі психология

6.Экспериментальное формирование внимания. Гальперин П.Я., Кабыльницкая С.Л.

7.Внимание и память. Лурия А.Р.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга