Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Қазақтың ұлттық бас киімі - кимешек

Шәріпбек Ақерке Бауыржанқызы
5 сынып оқушысы
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ

Ғылыми жетекші: Нуртазина Маншук Бекқазықызы,

Қазақстан тарихы пән мұғалімі

Қазақтың ұлттық бас киімі - кимешек

 

Жұмыстың өзектілігі:
қазақ әйелдерінің киелі бас киімі – кимешек. Ұлттық бас киімдер жайлы қазіргі таңда жастардың бейхабар екенін ескере отыра, әйелдердің киім пірі — кимешекпен терең танысқым келді. Ғасырлар бойы сәнін де, мәнін де жетілдіре түскен кимешектің бүгінгі тәуелсіз еліміздегі ерікті үлгілерінің тарихымен, оның маңыздылығы мен әйелдер қауымының өмірінде алған ерекше орнын жеткізгім келді. Осыны мен жадымда сақтап, алдыма мынадай максат қойып, жұмысымды жаздым.

Жұмыстың мақсаты:қазақ халқының мәдениетімен, соның ішінде ұлттық әйелдер бас киім – кимешек тарихын жете білуге, сонымен бірге қазіргі жастарға ұлттық мәдениеттің маңыздылығын, өзектілігін көрсету.

Жұмыстың міндеттері: Қойылған мақсаттан шыға отырып, келесідей міндеттер қойдым және шештім:

  1. Қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктерін түсіну;
  2. Көркем өнердің дәстүрін, оның тарихылығын жете білу, бас киімнің тиімділігін түсіну;
  3. Кимешекті пішу әдісін, үлгісін дайындаумен танысу;
  4. Қазіргі уақыттағы ұлттық мәдениеттің рөлі мен маңыздылығын көрсету.

КІРІСПЕ

Ұлттық киім – бай тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет –ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан –жақты хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі.

Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Адам баласы қай заманда да баскиімге ерекше көңіл бөліп, аса құрметпен қараған. Баскиімді жерге тастамайтын, кісіге баскиімін бермейтін ырым – тыйымдар күні бүгінге дейін сақталып келеді. Қуанғанда бөркін аспанға лақтырып, күйрегенде жерге ұрып сүйініш пен күйініштің де белгісін баскиім арқылы аңғартқан.

Ертеде екі тайпа ел жауласып өзара бітімге келе алмай жағдай қиындағанда ақ жаулықты аналарымыз араша түсіп, кимешектің үстіндегі жаулығын басынан сыпырып алып екі араға тастағанда киелі баскиімнен ешкім аттап өте алмаған. Демек, кимешектің саяси, тарихи мәні бар деп айтуға болады.

Әсіресе, әйелдердің тұрмыс – тіршілігінде шашты жинап, басты байлап жүрудің гигиеналық, этикалық, эстетикалық мәні зор. Тіпті, шаштың қадірі бастың қадірінен кем болмаған. Өткен заманда шашына рұқсатсыз қол тигізген бөтен адамнан сөз құнындай құн дауланған, төлем белгіленіп айыппұл алынған. Қазақта күйеу жігіт қалыңдығының шашын сипағаны үшін, қыздың жеңгесіне «шаш сипатар» ырымын жасаған. Күнделікті тамақ әзірлеу, бала күтудің өзі шашқа ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етеді. Себебі, шаш айналадан жаман қуатты тартатын, қажетті – қажетсіз хабар – ошарды, ғарыштық қуатты жылдам қабылдайтын түкті түйсік «антенна» деп саналады.

Кимешек –қазақ әйелдерінің әдемілігін арттырып, ажарын ашатын киелі бас киімі. Оның түрлері тігілуі мен әшекейіне қарай аймақтық рулық ерекшеліктерге ие, сан алуан сипатта кездеседі. Кимешектің әшекейі мен әдемілігі жас ерекшелігіне қарай парықталып тұрады. Мәселен, әр жастағы әйелдер кимешегінің ою — кестесі жеңіл, тым жылтырақ болмайды. Ал, жасырақ әйелдердің кимешегі қызылды — жасылды, барынша сәнді етіп әшекейленеді. Киелі кимешекті қалай болса солай кез келген уақытта кие салмайды. Оны кюге қатысты өзіндік жөн — жоралғылар бар.

1.Кимешек туралы жалпы түсінік.

Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аязда, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата — аналарымыз бас киімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған. Ұлттық бас киімдердің түрлері: бас киімдер XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жасаған И. В. Захарова мен Р. Р. Ходжаева ер адамның бас киімдерін 6 түрге бөлген:

1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім – тақия;

2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім – төбетей;

3. Киізден тігілген бас киім – қалпақ;

4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара);

5. Тері қапталған жылы бас киім бөрік;

6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім.

Үйге келген қонақ ілулі тұрған кимешектің үлгісіне қарап – ақ отбасындағы әйелдердің жас мөлшері, талғамы мен дәрежесінен хабардар болған. Демек, кимешек – әрі төлқұжат, әрі мінездеме рөлін атқарған.

«Кимешек – пайғамбардың ноқтасы» деген де сөз бар. Бұл жерде «ноқта» сөзі тура мағынасында емес, бейнелі мағынада: тыйым, тәртіп, белгілі бір өлшем деген түсінікті білдіреді. Кимешектің өзге мұсылман әйелдер бас киімінен ерекшелігі – тек басты жабатын бүркеншектігі ғана емес, салтанатты да сәнді әшекейі мен әдемі пішіні. Кимешек әр аймақтың тұрмыс қажеттігінен туындағанын, ортақ өндірістік қатынастардың болмағанын ескерсек, сырт көзге ғана бөлек болып көрінеді. Ал – жақынырақ танысып, бізге жеткен пішім үлгілерін сараласақ, негізгі басты ұстанымы ортақ. Яғни, мәні сақталады, сәні уақыт үрдісіне, жеке ісмердің шеберлік деңгейіне, ой – қиялы мен өресіне сай өзгереді. Алайда, ортақ қағидасы бұзылмады. Әр өңір өзінше әр түрлі береді. Біреу ойығын ойып, біреу жиегін жиып, біреу өңірін сырып киді. Бәрі пайдасын біліп киді.

Кимешек– қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Кимешек ақ матадан тігіліп, жиегі астарланады. Кимешектің иекті айнала, маңдайды жауып тұратын екі жағын шықшыт дейді. Кимешек жас ерекшелігіне қарай көркемделеді. Жасы егделенген әйелдердің кимешегінің ою-кестесі жеңіл, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердің кимешегі қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің алдын жақ деп атайды. Оны қол кестесімен кестелейді. Кимешектің шылауыш деп аталатын түрін жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, әжелер де киеді. Кимешекті басқа сәйкестіре пішіп, тігеді. Кимешектің белден төмен түсіп, шашты жауып тұратын ұзын ұшы құйрықша деп аталады. Кимешек кеуде, иық, жонды жабатындай тұйық етіп жасалады. Тек адамның бет — әлпеті ашық тұратын жері ойық болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Жылтыр жіптермен бастырылып, сырыла тігіледі. Ал, ойықтың жиегін өңді жіппен шалып тігеді. Мұны «алқым шалу» дейді. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазылып тұруға әсер етеді. Кимешек әйелдердің шашын шаң-тозаңнан сақтап, қобырап тұрмауына септігін тигізеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық, иекше, т.б. атаулары да кездеседі. Кестесіне қарай кимешек қызыл жақты, сары жақты, ақ жақты кимешектер болып бөлінеді. Ақ жақты кимешекті қарт әжелер, қызыл жақты кимешекті келіншектер, сары жақты кимешекті орта жастағылар киеді. Кимешек кейде күміспен, моншақтармен шеттіктеледі. Бұрын әр тайпа мен рудың кимешек терінің пішімінде, түрінде және сырт көрінісінде өзіне тән ерекшеліктері болған. Дәстүрлі қазақ қоғамында жаңа түскен жас келіннің алғаш кимешегін кигізуге байланысты ғұрыптық рәсім өткізілетін болған. Жаңа түскен жас келінге алғаш кимешегін кигізу әйелдің қонақ асын беруімен бірге өтеді. Оны келіннің енесі ұйымдастырып, ауылдың қарт әжелері шақырылады. Келгендердің бірі жас келінге кимешек кигізіп, енесінен сый алатын болған.

Кимешекке жеткенше әйел баласы бірнеше кезеңдерден өтіп, әртүрлі баскиім киіп бастың өзін «бастықтыруы» қажет. Айталық, сәби қыз дүниеге келгеннен бастап – сылау тақия, сырма тақия, көз моншақты тақия, балауса қыздар маңдайын кестелеген шыт байлама, бойжеткендер маржандаған кепеш, топы, үкілі тақия немесе қалыңдықтар қарқаралы бөрік, сораба және сәукеле, қасаба киген. Келін болып түскенде үстіне салы ( шәлі) жамылған. Бір балалы болғанша салы, байлауыш байлап жүрген. Тұңғышы ширап қатая бастағанда, абысын – ажын жиналып, ана болғанның белгісі ретінде сәукелені шешіп, сәндеп тігілген кимешек кигізген. Бұл баскиім балалы әйелге ыңғайлы да таза, жинақы болған. Талғаммен тігілген кимешек кигенде беттің алмасы ғана көрінеді. Шақырайған кимешекке үйренгенше қымсынып, үстінен желек жамылған. Енді біраз уақыт өткен соң, алдын ашу деген рәсім жасалады. Желектің алдыңғы екі ұшын артқа қайырып, белге байлайды. «Алды ашылған әйел» деген сөз осыған байланысты айтылған. Сөйтіп, бірте – бірте желегін сыпырады. Желегі басынан түскенше төрге шығуға болмайды. Кішкентай балалар тентектік жасап, төрге қарай жүгірсе, келін амалсыз босағада тұрып қалуға мәжбүр болады. Кимешектің киілуі – келіннің кердең мінезден тыйылуы, ата- салттың алдында иілуі. Келін болып келгені емес, келін болып қалғаны. Әулетке ұрпақ қосқаны үшін салтанатпен санатқа ілініп, өзінің лайықты орнын иеленгендігі. Екінші баласын туғаннан кейін, кимешектің үстінен шылауыш байлайды. Жас ерекшелігіне қарай шылауыштың маңдайын (жіңішке, орташа, жалпақ етіп) қайырады.

Төбесіне төбелдірік бастырып, сырғып кетпес үшін әр жерінен асыл тастар орнатқан түйреуіштер түйрейді. Шылауыштың орнына күндік орайтын да әдебіміз бар.

Кейбір өңірде рудың, елдің атақты адамдары қайтыс болғанда ауыл – аймақтың әйелдері желектерін сыпырып тастап, бәйбішелері жақ салмаған ақ кимешек киетін болған. Мұны «ақ жақ болды» деп те атайды екен. Яғни, басы қаралы, жүрегі жаралы елдің аза тұтқан белгісін тағы да бөз бүркеншік айтқызбай білгізген. Бастағы бөз байлауыш әйелдің жесірлігін, басы бос, тірі жесір, қарасы түсірілмеген т.б. белгілерін айқындайтын анықтамасы болды. Алтай қазақтарында «жақ бұзу» деген ұғым кездеседі, яғни жесір қалған әйел кимешегінен қызылды – жасылды өрнектерді алып тастайды. Мұндай әйелдердің кимешектерін жыл толғанша теріс кигізіп, жыл толғаннан кейін оң кигізетін салт болған.

Кимешектің бізге жеткен хронологиялық ғұмырының ең ежелгі түрі – орама кимешек. Бұл жай ғана басты ораудың, жабудың қажеттілігінен пайда болуы мүмкін.

Орама кимешекті Ақмола жақтың қазақтары ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін киген. Мата тігілмей, ерекше пішілген бет –әлпеті шығын тұратын бөлігіне ойықша жасалған, оны басқа ораған кезде кәдімгі кимешектерден айырмашылығы болмаған.

Сырдария бойындағы Кіші жүз руының бірінде пішіні өз бетінше бөлек, бүрмелі кимешек түрі болған. Оның алдыңғы жағы кеудеге түсіп, ал жоғарғы жағы бүктеліп, бетті екі жағынан қоршап тұру үшін басқа байлап бекітіліп қоятын болған. Кейде арқа бөлігінің жоғарғы бұрышына төбешік тігілген.

Кимешектің төптүркіні қазақтардан шыққандығын дәледейтін дәйекті жазба деректер бар. Оны таратуда, дамытуда Шыңғыс ханның жорығы мен Ұлы жібек жолының тікелей де жанама әсері ерекше болды. Өткен ғасырдағы аласапыран кезеңде Атажұрттан көшкен қазақтар өзінің де жақсы дәстүрін үлгі ете білді. 1925 жылы қазіргі Науай облысының солтүстік – шығысындағы қазақ – қарақалпақ автономиялық ауданы құрылды. Канимех аудандық басқармасының дерегі бойынша аудандағы 30760 тұрғынның 20268 – і қазақ ұлтының өкілі болған. Кимешектің үлгісі де осы аймақтың әйелдер бас киімі ретінде сақталған.

Шылауышты басқа тартқанда шаршысының ұшы етіктің сірі өкшесіне тиіп тұруға тиісті. Шылауыштың шетіне қол кестемен қызыл, жасыл, сары, жолақ және жалғасқан қысқа оюларды салады. Оның бұрыштарына үшбұрыш және дөңгелек оюларды кестелеп немесе сырып әшекейлейді. Шылауыштың төбесінен шекеге таман үкінің сабағын орап, маржанмен отырғызады. Жас келіншіктер тартатын шылауыштардың бұрышын кестелеп, төбесінен шашақ төгілтіп, кестеленген төбілдірік те пайдаланады. Шылауыштың әр тайпалық үлгілері болады. Моңғолия еліндегі қазақ әйелдерінің басқа тартатын Керей үлгісіндегі шылауыштың ұштарына сәндік үшін шашақ, төбесіне төбілдірік бастырып шашақтайды. Алдымен кимешекті киіп, содан кейін шылауыш тартып, төбілдірікті бастырады.

Күндік жаулық кимешектің сыртынан жартылай оралып, тартылады. Әйелдер оны үш – төрт құлаш ақ түсті матадан, жібектен дайындаған. Күндік жаулық тартқан әйел күнге қарсы жүргенде, күндіктің маңдайындағы үшбұрышты қаттаманы еңкейтіп түсіріп қояды. Күндік жаулықтың үшбұрышты қаттама шыққан жерінен және әйелдің желкесіне келетін тұсынан түйреуішпен түйреп бекітеді. Жаулықтың ішінде Қызай үлгісіндегі кестелі жаулықтың салтанатты ерекше. Шылауыш – кимешектің үстінен байланатын үлкен шаршы орамал. Керей әйелдерінің шылауыш, кимешектері де басқа жердің әйелдерінің кимешек киіп, шылауыш тартуынан өзгеше келеді. Шылауыш төбесіне «алтындалған», «күмістелген» жіптерден тоқылған шашақты төбелдіріктерді қадап, шылауышты сәндеп тартады. Сол сияқты шылауышқа ай түйреуіштерді, қоңыраулы түйреуіштерді, маржанды түйреуіштерді тағып сәндейді.Кимешектің кеуде жағын, бет жаулықтарын көмкеріп кестелейді.

Әйел бас киімінің ғұмырнамасы:

- 3 жас (нәресте, сәби) – ит тақия, сырма, кепеш тақия;

- 5 жастан шыт тақия – сырға тағар ( «қыздың сүндеті»);

- 7-13 жас – үкілі тақия, тепеш, жұрынды бөрік (төрт сай, шошақ төбелі) топы, көз тәті, үлбірлі үкілеген жаннат бөрік;

- 13 – тен кейін (бір мүшел) отау иесі – сораба, жанатпен жиектелген қауырсын қадаған дәрежелі қарқара бөрік;

- 25 жас (екінші мүшел) – сәт құндызды салтанатты тәж сәукеле, зерленген шашақты қасаба;

- 37 жас (үшінші мүшел) – кимешек. Кимешекке қосымша бөлшектердің атаулары: шылауыш, бұрмаша жаулық, сәлде, күндік, құндық бөрік, шыт байлама, желек, салы (шәлі);

- 49 жаста (төртінші мүшел) сән – салтанаты биязылау кимешекке қатысты қосымшалардың бәрін қолдануға болады;

- 61-73 жас аралықтары кейуана деңгейіне жатады. Бұл кезеңде баскиімнің жеңілдеу жалаң кимешек, иекше, байлауыш түрлерін киген лайық.

Ақ кимешек – қазақ әйелдері баскиімінің жапылама шартты түрдегі атауы, ақ жаулықтың баламасы. Кимешек – әрі этноқұндылық, әрі қайта айналып келген тәуелсіздіктің символы. Әйелдің баскиімін қадірлеген ұлттың әйелі де құрметті.

Кимешектің күрделі пішімі – басқа киілетін бөлігі. Ол – «төбелдірік», «шықшыт», «желке», «маңдай», «алқым», «иін» деп аталатын бедер қиындылардан құралады.

Кимешек ұзындығына қарай – арқа жабар, бел жабар (түйе кимешек), қылта шалғай, өкше қағар болып төрт өлшемге бөлінеді.

Кимешектің киюге де, күтуге де ыңғайлы түрі – тоқыма кимешек.

Тоқыма кимешек «киім – кешек» деген түбірге лайық төбесінен етегіне қарай ілмек (қармақ) бізбен тоқылып иықтан төмен түскенде кәдімгі желбегей жамылғыға жалғасып, түрлі бүршіктермен шашақтап, шілтерлеуге, әрлеуге мүмкіндік береді. Күндік, қасаба, сәлденің түрлері сияқты тоқыма кимешектер де жаздық, қыстық болып бөлінеді.

Арқа жабар көбіне ғибадат құлшылық жасау, намаз оқуға ыңғайлы. Түйе – кимешек – үлгінің ертеден қалыптасқан түрі. Аты айтып тұрғандай түйеге, басқа да көлікке отырғанда бүктелмейді, ұзындығы құймышықтың ұшымен тұйықталады. «Күндігін қарқарадай қоқитып, түйенің үстінде келе жатыр» деген одағай сөз тіркестері бар. Шалғайы қылтасын, қапталы бөксесін жауып киілетін кимешек – тойға да, «қойға да» ыңғайлы, күнделікті тұрмысқа қолайлы болған.

2. Кимешекті тігу әдісі

Кимешек ақ бұлдан тігіліп, жиегін астарлайды. Кимешектің иекті айнала маңдайды жауып тұратын екі жағын "шықшыт” дейді. Кимешекті жас ерекшелігіне сәйкес әшекейлейді. Егде әйелдердің кимешегінің әшекейі аздау, ою-кестесі жеңіл болады, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердікі қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің алдын "жақ” деп атайды. Оны қол кестесімен кестелейді. Кимешек-шылауышты жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, кемпірлер тартып киеді. "Кимешек кию, шылауыш тарту” деген сөздер арқылы бұл бас киім айқындалады. Кимешекті басқа сәйкестіріп пішіп тігеді. Кимешектің адамның арқасына түсер жері ұзыншақ келеді. Мұны "құйрықша” деп атайды. Кимешек кеуде, иық, жонды жауып тұратын тұйық болады. Тек адамның бет-әлпеті шығып тұратын жері "ойық” болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Жылтыр жіптермен бастырылып, сырыла тігіледі. Ойықтың жиегін өңді жіппен "шалып” тігеді. Мұны "алқым шалу” деп атайды. Алқым шалудан кейінгі "жадағай” тігісті "су” деп атайды. Судан кейін "қиықшалап” тігеді. Қиықшадан кейін су "жүргізіп”, "құман бау” деп аталатын әшекей тігіспен тігеді. Құман баудан соң "Күрең кесте” деп аталатын ою-өрнек салынып тігіледі. Күрең кестеден кейін "сағат бау” тігісі жүріледі. Сағат бау кей жерде "ағақ бау” деп те аталады. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазып тұрғанға әсері болады. Кимешектің бір мәні әйел адамдардың шашын шаң-тозаңнан сақтап, додырап шықпауына септігін тигізеді. Бұл да діни наным-сенімнен туындап, мұсылман әйелдерінің шашын жасыруларына көмегі тиеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық, иекше атаулары кездеседі.

Кестесіне қарай кимешек қызыл жақ, сары жақ, ақ жақ деп үшке бөлінеді. Ақ жақты қарт әжелер, қызыл жақты келіншектер, сары жақты жастар киеді. Кимешек кейде күміспен, тана, моншақтармен шеттіктеледі. Әр тайпа мен рудың кимешектерінің пішімінде, түрінде және сырт көрінісінде өзіне тән ерекшеліктері болған.

Кимешектің, қазақ рулары мен тайпаларының өзгеше болуына байланысты, әр түрлі үлгілері болады. Кимешектiң Қазақстанда бұрама жаулық, иекше атаулары кездеседi. Көне түрі — тігілмей пішілген мата кесегі, басқа тартылған орама кимешекті Ақмола қазақтары ХХ ғ.20-30 жылдарына дейін киген. Келесі бір түрі матаның тұтас кесегінен пішіліп, бір жақ қырынан келетін жағынан бас сұғатын орын қалдырылып, бір-ақ тігіспен тігілетін болған түрі Омбы, Атбасарда, Әулиеата өңірінің теріскейінде және оңтүстіктегі қоңыраттарда сақталған. Солтүстік және Орталық Қазақстанда кимешектердің алдыңғы жағы трапеция немесе үшкірленіп пішіліп, жоғарғы бөлігінде бетке орын қалдырылған; арқа жағы дұрыс ромба түрінде келеді де, құйырығы тізеге, тіпті өкшеге дейін түсетін болған. Шығыс Қазақстандағы кимешектер құйрық бөлігі қысқалау, алдыңғы жағы жоғарғы бұрыштары қиғаш келген төртбұрыш секілді болған; оның екі жағына квадратқа жақын түрдегі жақтаулар бекітіліп тігілген. Сырдария бойында бөлек бүрмелі кимешек түрі болған, оның алдыңғы жағы тура бұрышталып пішілген; төменгі ұзын жағы кеудеге түсіп, ал жоғары жағы бүктеліп, бетті екі жағынан қоршап тұру үшін басқа байлап бекітіліп қоятын болған. Оңтүстік қазақ әйелдерінде кеңінен тараған кимешек түрі ұзынынан екіге бүктеліп пішілген мата кесегінен жасалатын болған. Көп тараған түрі "мұнара тектес болған”. Ол үшін бүкіл мата біртіндеп басқа оралып, ұштары орам арасына кіргізіледі немесе желке жақтан түйіледі.

Алғашқы тігіс – шалу, мұны кейде «алқым шалу» деп те атайды. Алқым шалудан кейінгі жадағай тігісті «су» деп атайды. Судан кейін қиықшылап тігеді. Қиықшадан кейін «су жүргізіп», «құман бау» деп аталатын әшекей тігіспен тігеді. Құмау баудан соң «күрен кесте» деп аталатын ою – өрнек салынады. Күрен кестеден кейін сағат бау тігісі жүреді. Әр жерінен жаршан (күміс теңге) тағылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Кимешек — қастерлі, ел арасынан үзілмей келе жатқан әйел адамның бас киімі. Бойындағы иманы, инабаты, қорғаны, бетжүздігі, талғамы, дәрежесі, мәртебесі. Салтанат сәнімен әйелдеріміздің бетіне әр беріп келген кимешек те басқа киім үлгілеріндей өзіндік пайда болу, даму, құлдырау, қайта өрлеу дәуірлерін басынан өткізді.

Қазақтың ұлттық киiм үлгiлерiнiң көшпелi тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейiмделе дамуына көршi халықтармен арадағы мәдени-экономикалық байланыс, шаруашылық-мәдени тип, тiршiлiк қамы мәдениетi әсер еткендiгi сөзсiз.
Киелі кимешек қадірі кеткендіктен, мезгілі өткендіктен емес – қиын, аласапыран жылдарда ғайып болды. Ұзақ жылдар бойымыздан кетсе де, ойымыздан өшпеген ақ кимешек мезгілін күтіп, айдынын аңсап жеткен құстай ақ тілеумен қайта оралды.

Әркім өз келбетін сақтауға ұмтылып жатқан жаһандану кезеңінде сәні мен мәні астасқан асыл мұрамыз салтанатты кимешек – ұлтымыздың қастерлі қазынасы ретінде сөздік қорымызға, өмірімізге еркін еніп, ерекше назар аударуға лайықты төл туындымыз.

«Киелі кимешек» зерттеу жұмысы арқылы ескі мен жаңаны үндестіріп, заманымен үйлестіріп, жаһандану дәуіріндегі қазақ әйелдерін өзіне тән тарихи көркем бейнесімен қайтадан көзайым етуге ұмтылдым. Сыртқы келбетіміздің кейпінен ішкі жан дүниеміздің астарын айшықтай түсуге талпындым.

Сөзімізді түйіндей келе, Ұлы даланың мәдени мұрасының бірден – бір мұрагері қазақ халқының қасиетті әжелерінен қалған киелі дүниені сақтап қалу, дамыту – бүгінгі біздің басты парызымыз деп ойлаймын.

Қыста суықтан, жазда ыстықтан қорғайтын, немере – шөбереңнің алдында мәртебеңді асыратын, бетіне иман ұялатып, жүзіңе шырай беретін аналарымыздың беделі болған кимешек болашақтың да еншісіне бұйыратын бұйым болса деген үмітім бар. Киелі дүние иесіз қалуға тиіс емес!

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Ата салтынды аяла ( қазақ салт – дәстүрлері туралы таным). – Алматы: «Ана тілі», 1998 ж. – 150 бет.

2. Бикенов А. Қазақтың материалдық мәдениеті. – Астана: «Фолиант», 2010 ж. – 25-30 бет.

3. Бизақов С. Түбі бір түріктер. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000 ж. – 221 – 230 бет.

4. Бегманов Қ. Этнографпен әңгіме ( мәтін). – Алматы: «Дәстүр», 2010 ж. – 12 – 30 бет.

5. Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. — Алматы «Өнер», 1996 ж. — 122-125 бет.

6. Залесский Б. Қазақ даласының өнері. – Астана: Аударма, 2003 ж. – 72 78 бет.

7. Егізбаева М. Қазақ халқының дәстүрлі материалдық мәдениеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2012 ж.

8. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына.- Алматы: «Ана тілі», 2001 ж. – 136 бет.

9. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына ( жиған – терген) 1 кітабы — Алматы: «Ана тілі», 2002 ж. – 112- 120 бет.

10. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт – дәстүрлері. – Алматы: «Алматы Кітап», 2004 ж. – 220-226 бет.

11.Қазыбеков Н. Дала өрнектері. Этнографиялық сипаттамалар. – Алматы: «Балауса», 1994 ж. – 126 бет.

12.Қайдауылқызы Ғ. Киелі кимешек (фотоальбом). — Алматы: «Өнер 21 – ғасыр» қоғамдық қоры, 2012 ж. — 26 – 74 бет.

13. Узбекова Г. Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері. – Алматы: «АСА», 2012 ж. – 280-286 бет.

14. www.google.kz.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга