Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Жамбыл Жабаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар

Серікқазыева Аружан Әсетқызы
10 сынып оқушысы
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ

Жетешісі: Ажимбетова Каламкас Байкеновна

 

Қазақ халқынан шыққан белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков былай деп жазған еді: «Ғасырдан ғасырға жалғасып,атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің екі үлкен айшықты мектебі бар тәрізді.

Бірі өмір, заман жайында терең толғанатын шешендік, данышпандық мектеп. Мұнын аты сақталып бізге жеткен түпкі атасы Асан қайғы,одан бұл өнер ғасырлар аттап кешегі ұлы Абайдың қолына тиді.

Екіншісі-өле өлгеше көмейі күмбірлеп,жағы талмаған дария-даңғыл жыраулар мектебі.Мұнын әзірге біз білетін аты мәлім түпкі атасы-Сыпыра жырау.Оған ілектес Шалкиіз,Бұқар,Шөже жыраулар аталады.Сондай жыраулардың ең соңғысы үздігі-Жамбыл.

Жамбыл өмірге келген тұста қазақ жерінің оңтүстігі,оның ішінде ақынның туған өлкесі – Жетісу өңірі қоқан хандығына бағынышты болатын. Ал, қоқандықтардың халыққа жасаған зорлық – зомбылығын айтып жеткізгісіз ауыр еді. Ауыл сақылдаған сары аязда солардан қашып, түп көтеріле көшеді. Көш Жамбыл тауының етегіне жеткенде 1846жылы ақпан айында болашақ ақын туыпты.Әкесі жаппай кедей шаруа болған.Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді.Ол кездегі оқудың үйрететіні-көбіне діни насихат,ұрып-соғу,дүрелеу болатын.Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмаған Жамбыл оқудан шығып кетеді.Жаратылысынан пысық,зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады,ақындық өнерді сүйеді,ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүрген екен.

Жамбылдың ұстазы – әйгілі Сүйінбай ақын Ұлы жүзде шапырашты руының екей елінен шыққан. Бала Жамбыл ақындық жолын қууға рұқсат сұрағанда, әкесінің: «Екейде елу бақсы,сексен ақын» дегені «сен сексен бірінші болмай-ақ қой. Акынның түбі-қайыршылық,бақсының түбі-жын, жын жиып, бақсы болып ел кезгенше,мал бақ!» -дейтіні де Екей елінің өнер дараған жұрт екенін көрсетеді. Сүйінбайдың үлгісімен би-болыс,бай-манаптың мінін әшкерелеп,кедей-кепшіктің,әлсіздің жоқшысы болуды мұрат еткен Жамбылдың ерекшелігі де осында. Жамбыл өз дәуірінің бұрынғы-соңғы ақын,жыршы жырауларының ішінен елдіктің,батырлықты,қаһармандықты бірінші кезекке қояған ақын. Қазақтың атақты батырлары Кенесарыны,Наурызбайды,Бұқарбайды,Сыпатайды,Сұраншыны Жамбыл жырға қосып батырлықтарын асқақтатып отырған жыршы.Соның бір дәлелі «Сыздық-Кенесары баласы (орыстар Садық, Сыдық дейді) Атақты батыр, жауынгер. Орта Азияда патша үкіметіне, хандарға, Қытайға қарсы халықтың жауынгерлік күресін бастаған (1860-1877) Сыздықтың батырлығы жайында тамаша бай, қызықты халық әнгімелері, жырлары ел аузында көп таралған. Орыс тілінде Сыздықтың ағасы Ахметтің 1889 жылы «Кенесары және Сыздық» деген кітабы шықты. Каразин дегеннің орыс тілінде романы да шыққан. Орыс тілінде Сыздық жайында мақалалар көп жазылған. 1880 жылдарда Сыздық Жамбылмен кездесіп, жолдас болған. 1890 жылыдары Амангелдімен кездеседі. Сыздық 1910 жылы 71 жасында өлді.

1884 жылдар шамасында Сыздық Кенесарыұлы қырғызға келген. Қырғыздар үй тігіп, мал сойып, құрметпен қарсы алған. Қырғыз, қазақтан Орман ауылына 17 ақын жиналған. Солардың ішінде Жамбыл да болған.

Қырғыз ағайындар басында әкесінің кегін жоқтайды деп Сыздықтан қымсынса да, соңынан райласып сөйлескен. Сонда Сыздықтың айтқаны мынау еді депті Жамбыл Ғалиға: «Мен сендермен шабысқалы келгем жоқ, табысқалы келдім. Сен де туысқанымсың. Жан ашуы үстінде әкемді өлтірдің деп кінә қояр жайым жоқ, жалғыз-ақ тілегім: әкемнің сүйегін бер – аталарыма қосайын, алтын жүзігін бер – қолыма салайын, сарқасқа ерін бер – астыма мінейін, бұйымтайым осы-ақ еді» дейді.

Қырғыз ағайындар Кенесарының алтын жүзігі мен сарқасқа ерін береді де, сүйегін тауып бере алмайды. «Он бір жыра» деген жерге көмілген екен, білетін адам өліп қапты» деп жауап береді.

-Қап болмас! – деп отырды да, Сыздық сарқасқа ердің басын қанжармен

қақ айырып шапты да, жіліншік – жіліншік алтын алды. «Әкемді өлтіруін білсендер де, алтынын алуын білмеген екенсіңдер. Оқасы жоқ, бұйырған нәсіп қой!» - деп қалтасына салды дейді.

Осы Сыздықпен кездескенің Жамбыл кейін үлкен ертегі етіп те айтқан. Сыздық батырдың жалғыз көзді дәумен кездесіп, үңгірге қамалып, одан қалай құтылғаны жайлы ертегіні өте қызық етіп айтады. Өлеңді жазып алған – әдеби хатшысы Ғали Орманов».

Жамбыл Сыздықпен дос-жегжат болыпты.Кенесары ханның баласымен осылай жүруі,қырғыз еліне осылай апаруы оның шоқтығы биік үлкен парасат адам екендігі көрінеді.

Қазақ түркілерінен шыққан атақты батырлар Кенесарыны,Наурызбайды,Бұқарбайды, Нәпбайды, Бұғыбайды,Саурықты, Сыпатайды, Байсейітті, Сұраншыны Жамбыл жырға қосады:

…Алдына дабыл өңгерген,

Артына сауыт бөктерген.

Кенекем келді алыстан.

Ақ ауызы арқырап,

Ақ сауыты жарқырап…

…Наурызбай келді арыстан.

Жауды көрсе қуанған,

Алмасын қанға суарған,

Табыннан шыққан Бұқарбай.

Ту ұстаған Нәпбай,

Жортуыл жолшы Бұғыбай.

Жалаң қылыш байланған,

Жау қайда деп сайланған.

Батырлар келді Қордайға…

Кенесары келген соң,

Өңкей ерді көрген соң,

Ерлігін жаннан асырған,

Бес қаруын асынған,

Келді Саурық, Сыпатай,

Жас Байсейіт, Сұраншы,

Келді бәрі қалмастан,

Кенесары алдында,

Өңкей көкжал бас қосқан…

Жамбылдың "Өтеген батыр" жырында (екінші нұсқасы) Елін сүйген, жерін сүйген Өтеген батыр бейнеленеді.Жырда әрине, Өтеген батыр Асан қайғыға ұқсап еліне жерұйық іздейді.Жер іздегенде ол туған жерінен безіп кетпек емес, өз атамекеніне тең келетін жер бар ма екен деген сұраққа жауап іздейді. Патшаның жерді алса халқының не болатынын қайғырады.

…Талса да оймен Өтеген,

Ойынан ешкім озбаған.

Басқа жаннан өзгеше,

Тереңнен сырды қозғаған.

Елдің қамын көп ойлап,

Болар істі болжаған.

…Жетісудай жеріңен,

Айрылып айдын көліңнен,

Бетпақ шөлге қамалып,

Ел боларсың тоғысқан… (9).

VІ-VІІ - ғасырлардағы түркілердегі алаауыздық ХУ-ХУІІІ-ғасырларда қазақ хандарының, ірі тайпаларының арасында да орын алды. Мұны белгілі ғалым-жазушы М.Мағауин:" Ағасының інісіне пышақ салған заман еді…"-деп жазды. Осындай алаауыздық- шет ел басқыншыларының қазақ даласына әлсін-әлсін шабуыл жасап тұруына жағдаяттар жасады.Олар бүгулі жұдырықтай тас түйін отырғанда мұндай болмас еді. Мұндай алауыздықтың соңы Ресей империясының қол астына бодан болып кіруімен аяқталды.Өтеген батыр осыны алдын ала сезген. Оның елін, жерін қайтсем аман алып қалам деп шарқ ұруы осыны дәлелдейді.Өтеген Өтеғұлұлы батыр, Мүйізді Өтеген (1699, Шу өзені бойындағы Хантау маңында Изенді деген жер – 1773, Іле өзені бойындағы Шеңгелді деген жер) – батыр, қолбасшы. 18 ғасырда жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ елінің түстігін, Жетісу жерін, Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірген. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысқан. Қалмақтың Ботхишар, Сабан Тайшық секілді атышулы батырларын жекпе-жекте жер жастандырып, батыр атағы шығып, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналған. Төле бидің, Абылай ханның серігі болған. Қазақ елінің тәуелсіздігін басты мұраты етіп ұстаған Өтеген батыр орысқа кепіл бересің деп Төле бимен, Қытайға мойынсұнбақсың деп Абылай ханмен араздасуға дейін барды. Батырдың ерлігі аңызға айналып Күсен, Майкөт, Сүйінбай, Жамбыл, Әлматін, Тілеміс секілді ақындардың жыр-дастандарына арқау болған. Ол дастандардың бәрінде де халық қамын ––, бақытты өмір сүру үшін бар өмірін арнаған «жер-ұйықты» іздеген Асан Қайғы секілді туған халқына жайлы қоныс іздеп 18 жыл дүние шарлаған адам ретінде көрсетіледі. Ауыз әдебиеті мәліметтеріне қарағанда Өтеген Бұқара, Самарқан, Кабул, Исфахин, Тегеран, Стамбұлсияқты қалаларда болып, сол кездегі білім бұлақтарынан сусындаған. Өтеген батырдың соңында атағы ғана емес, өсіп-өнген ұрпағы да қалды. Қосағал, Қосдәулет, Асау, Ылау, Бердіс, Тарнақ, Базарбай, Аюса, Жанқұлы, Төке, Тоқтарбайч тто есімді балаларынан тараған үрім-бұтағы бар. Атақты Байсерке күйші, Тілеміс шешен Өтеген батырдың ұрпағы. Өтеген батыр әуелде Іле өзені бойына – қазіргі Қапшағай су қоймасының табанына жерленген. Кейіннен оның сүйегін ұрпақтары Қордай ауданына апарып, қайта жерледі (1973). Жерленген жердегі ауыл – Өтеген ауылы атанды. 1999 жылы Өтеген батырдың 300 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Соған орай қабірінің басына кесене тұрғызылып, Қордай ауданы орталығына Өтеген батырға ескерткіш орнатылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Өтеген батырға арналған ғылыми конференция өткізілді. Өтеген батыр туралы екі телефильм түсірілді, екі кітап шығарылды. Алматы қаласының бір үлкен көшесіне, Іле ауданының орталығындағы «Энергетический» кентіне Өтеген батыр есімі берілді.Жамбыл Жабаевтың әр қашанда батырларды жырға қосып небір атақ құмар ақындарды өзінің атақты жыраушы екендігінің дәлелдеп беттерін қайтарып отырған осының бір 1881 жылы Іле бойындағы үлкен бір жәрменкеде тоғыз ақынды жеңіп: мерейі асып, судай тасыған Құлманбет: « Әлгі Жамбылдарын қайда деп, шақыртындар бері» дейді. Жамбыл табалдырықтан аттай бергенде, домбырасын қолына ала салып:

Болғанда мен ақсұңқар, сен – бір тауық

Сен – әтеш айғайлағыш ауық- ауық.

Болмаса аты шыққан Сүйінбайдың

Басқасын қою керек жылы жауып

Ажал түртіп жүрмесін андамастан,

Оқтаулы ақ перенге қарсы шауып, - деп,

Жамбылды бір жолата құртып тастамақ ниетімен тұрпат-тұрқынан бастап, кем-кетігін санамалай жөнеледі. Мұндайдың талай көрген өжет Жамбыл бойын тез жиып, аға ақын күтпеген, әрбір ақын өз руын мақтайтын үйреншікті, ескі сүрлеуге қарсы жаңаша әдіске көшеді. өлеңнің түрі мен ырғағын құбылта, құйқылжыта келіп, жаңаша тосын соқпаққа түседі:

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сарандар толып жатыр

Оны мақтап әуре болмай жөніңе қайт,-дейді.

Кісілік, батырлық, енлдік жоқ жерде адам мен мал басының көптігінде ешқандай қасиет болмайтынын қисынмен дәлелдейді. Қарсыласын салмақты уәжбен тұқыртып алғансоң, оның мақтаған байлары мен саудагерлерінен гөрі, Сұранышы, Саурық батырларды жырлаған жөн екенін қаперге салады.

Батыр Саурық, Сұраншы жауда өлген,

Халық үшін шейіт болып, жанын берген.

Елді қорғап өлгеннің арманы не,

Қалың қазақ құрметтеп, соңына ерген.

Қажылық қып кеттіме Мақсұт ағаң,

Ағайын мен ұрысып даудан өлген

Мақтаған байларыңның оңғаны жоқ,

Төңіректің төрт бұрын жалмап өлген...

және бір артықшылығы – өлеңдерінің көпке мәлім шындыққы, нақты деректерге негізделуінде. Қос батырлардың Жетісуды қоқандықтардан азат етудегі баршаға белгілі қол басшылық һәм қаһармандықты төкпелеген Жамбылдың уәжді сөздеріне қарсы қисынды ештеңе таба алмаған Құлманбет айтысты доғаруғу мәжбүр болады. Демек, Жамбылдың Құлманбетті жеңуі – ерлікті, жауынгерлікті көксеген ақынның өз рухының биіктігі.

Айтыс ақыны болып жүріп мысқылшыл уытты өлеңдерді табанда айтып тастауға машықтанады және жырларында өз заманындағы ақындардың көбіне озық екенін танытады.Байлардың патша әкімдердің ақындық талантты тұншықтырмақ болған әрекеттеріне Жамбыл батыл шығады. 1913 жылы Алматы уездік әкімдерінің Николай Романов патшаның тұқымын мақтап жырла деген бұйрығын орындаудан бас тартады.

ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында Жамбыл белгілі ақын болады. Бұ кезде ұсақ өлеңдермен қатар, көлемді жырлар да шығарады. Патша династиясының 300 жылдығына арналып Алматыда көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қазақ байлары ақ үйлерін тігіп, қымбатты дүниелерін қойып, жасауларын жияды. Қазақ байлары мен әкімдерінің бұл жағымпаздық қылықтарын шенеп, Жамбыл «Өстепкеде» (көрмеде, орыстың «выставка» деген сөзінен алынған) деген өлең шығарады.

Үйсін, найман саңлағы,

Өстепкеде жиылдың.

Елде жүрген Егейлер

Қалада құр үйілдің.

Ұлық көрсең ұйлығып,

Желді күнгі қамыстай

Жапырылып иілдің

Келтірдіңдер намысты,

Бек қорланып күйіндім.

Жоқшылықтан, қаналудан азып-тозған бейшара кедейлердің аянышты хәлі Жамбылға зор әсер етеді. Ол еңбекші халыққа себім, пайдам тисе екен деп ойлайды, солардың мүддесіне лайық өлең жырлар шығарады. 1916ж жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл халықпен бірге болып, патшаның майдандағы қара жұмысқа адам алу туралы жарлығына қарсы үгіт айтады. ел арасындағы толқуды көрген патша әкімдері халықты алдап, үгіт таратады. Б ұған қазақ ақындарын да тартпақ болады, осы мақсатпен патша әкімдері ел ішіндегі бір топ ақынды, ішінде Жамбыл да бар, Алматыға айдап әкеліп, ат қораға қамап қойып қорқытып, патшаның жарлығын қолдап жыр айтыңдар дейді. Осы оқиға жөнінде Жамбыл:

Үгіт айт, патшаны мақта деді,

Болып жатқан соғысты жақта деді,

Жыр айтсаң, құдай менен пайғамбарды айт,

Онан басқа жырыңды таста деді,

сөйтіп, әкімдерің бұл бұйрығын Жамбыл бастаған бір топ ақын орындамайды. Бір жеті қамап күштесе де, айтқанын істете алмаған патша әкімдері бұларды босатып жіберуге мәжбүр болады. Халықтың азаттық көтерілісін патша өкіметінің жазалаушы отрядтары қарулы күшпен аяусыз бастады. Көтеріліске қатысқан, оған басшылық еткен адамдарды қолға түсіріп, жазалап, атып-асып отырды. Бұл ауыр күндерді өз көзімен көрген Жамбыл «Зілді бұйрық» , «Патша әмірі тарылды» атты өлең- жырларын шығарды. Бір жағынан, патша әкімдерінің, екінші жағынан, бай мен болыс-билердің қуғынына ұшырап, талан-таражға түскен халық қатты -күйзеліске ұшырайды.Бұл кезде жасы 70-ке жетіп қалған Жамбыл өлеңнен қол үзеді екен.

Жамбыл Жабаев туралы көптеген ақпарат жинай отырып бір дерек мені таң қалдырды.Жамбыл Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Мәскеуге барғанда Кремльде бәрі Сталинді күтіп тұрады. Қазақстан басшылары Сталин шыққанда Жәкең алғаш сәлем беруі керек деп шешеді. Сталин уақытынан кешіге бастайды. Бір кезде алтын есікті айқара ашып, Сталин бастаған Политбюро мүшелері түгел көрінеді. Қарсы алып, алғаш сәлем беретін Жәкең жоқ, бәрі жабылып іздесе, Жәкең мрамор еденге белбеуін шешіп жайып тастап, намаз оқып отыр.Бәрі сасып, үн-түнсіз қалады. Сталин ғана қорқорын саусағына тықылдатып: «Әр ұлт өзінің діні құрметтеуі керек» – депті күлімсіреп. Жәкең асықпай намазын бітіріп, белбеуін буынып, бері бұрылып:

– Ассалаумағалейкум, Стеке! – деген екен.Жамбыл атам әрбір өлеңі, жыр-қиссасын бастарда Аллаға бір сиынып алатын.Сөзімнің басы бісмілла,Бісмілласыз іс қылма, – деп отыратын –деп Жамбыл Жабаевтың немересі Әлімқұл Жабаев бір сұхбатында осы деректі айтқан екен.Осы мәліметті оқығаннан кейін ойладым қандай адамда қайсар мінез болу керек бүкіл сол кезеңдегі Кеңес Одағында Сталиннің бір қараған хахарынан қорыққан екен, ал біздің атамыз Жамбыл Жабаев бес уақыт намазын қаза етпеген діндарлығында исламға деген сенім, Аллаға деген шексіз сенімін жоғары қойып өз дінін құрметтей білген.

Жамбыл Жабаев XXғасырдың қырқыншы жылдарының өзінде-ақ ол патриоттық поэзиясының асыл маржадарын туғызып, «Халық поэзиясының алыбы», «XX ғасырдың Гомері» деген әлемдік атаққа ие болды. Ол Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндерінде көркемдік деңгейі жоғаы саяси поэзияның жаратушысы болды.Оның мәңгі жасайтын «Ленинградтық өрендерім» атты толғауы ақындық шеберлік пен әкелік жүректен шыққан даналық сөздің асқар шыңына айналды.Соғыс жылдарында өмірге келген бұл туынды ұлы ақынның даңқын асқақтата түсті,оның есімін дүние жүзіне әйгілі етті. Ленинград қорғасынысына қатысқан Всеволд Вишневский былай деп еске алды: «Біз бұл жолдауды көзімізге жас алмай және қуанышты толқу сезімінсіз оқи алмадық. Біз бұл хатты қуатты қолдаушы күштің келгеніндей бағалап,қабылдадық.Қазақстан халқы бізге өзінің туысқандық сәлемін,сүйіспеншілігі мен достығын жолдады,сөйтіп,біз еселенген күш-жігермен шайқасқа аттандық.»деген. Біттұтас шаңырақ сезімі,тарихи тағдырлардың тұтастық сезімі-поэзияның ұлы атасы бізге осындай мұра қалдырды. «Ленинградтық өренім» -өлмейтін өлең. Соның дәлеліндей Дмитрий Шостаковичтің Ленинградтық симфония музыкасында және танымал толғаудың негізінде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арнап Болат Аюханов ҚР Мемлекеттік академиялық би театры 43-ші маусымында бір көріністі «Ленинградтық өренім,мақтанышым-сен едің!» балет спектаклін сахналанды. Балеттің алғашқы премьерасы 2009 жылғы желтоқсанда Санкт-Петербордың Ленсовет атындағы Сарайы сахнасында және үстіміздегі 2010 жылғы ақпанның 16-сында Алматыда Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында көрсетілді.Елімзге ресми сапармен келген Украина Президенті Виктор Янукович Жеңіс мерекесі қарсаңында Киев қаласындағы бір көшеге Жамбыл Жабаевтың есімі берілген.2005жылдың мамырында Синельников қаласында Жамбылдың ұлы,19-жеке кавалериялық корпустың жауынгері,1943жылдың ақпанында Украианы азат ету кезінде мерт болған Алғадай Жамбыловқа ескерткіш қойылды.Үкімет қаулысы ауқымында Жамбыл мұражайы мен мавзолейі жаңғырып, мәдениет үйі, мектеп құрлыстары жүргізіліп Жамбыл атамызға құрмет,ілтипадымыздың бір белгісі. Жамбыл Жабаев бірнеше шумақта тұтас бір кезеннің жүгін арта білу тек Жамбыл секілді алыптардың ғана қолынан келетін құдірет-деген екен, біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біз ұрпақтар Жамбылды құрмет тұтып,өлең жырларын бойымызға сіңіріп жас ұрпаққа дәріптей білу керек. Туған халқының күнгей мен көлеңкесін тарихи талғам таразысына салып, шабыттың шырқау биігіне көтерген ақын. Қазақ халқы барда,оның тілі мен діні аман тұрғанда,адалдық пен адамзаттың,әділеттік пен ізгіліктің жыршысы Жамбыл да мәңгі жасай бермек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қапалбекұлы Н. «Ақиқаттан айнымаған Жамбыл атам» //Ана тілі 2012 жыл №14,13бет//
  2. Қапалбекұлы Н. «Жамбыл және Сыздық сұлтан» //Алматы Ақшамы 2011жыл 16 сәуір,14бет//
  3. Тебегенова А., Алтынарай Темірханқызы «Жамбыл шығармаларындағы жаңаша көзқарас» 2004ж
  4. Ж.Жабаев. Екі томдық шығармалар жиынтығы
  5. Ж.Жабаев.Өлеңдер,айтыстар, дастандар
  6. Байжан К. «Әлімқұл Жамбылов – 80 жаста» //Егемен Қазақстан 2009жыл 4наурыз,8бет//
  7. Балмұханқызы М. «Жеңіске жетелеген жырлар» //ҚҰУ Хабаршысы 2009жыл №3,85бет//
  8. Лақадыл Б. «Жамбыл Жабаев» //Ана тілі 2011жыл,3-9наурыз,1-3бет//
  9. Төленқызы Р. «Жамбыл Жабаев жауынгерлік рух жаршысы» //Астана Ақшамы,2010жыл 30 қазан,6-7бет
скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга