Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Қазақтың біртуар ғалымы – Төрегелді Шарманов

Чегибаев Мағжан Серікұлы
3-курс
М.Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникациялар Академиясы Ақмола колледжі

Төрегелді Шарманұлы Шарманов 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және оның аспирантурасын бітірген. Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, ДДҰ тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі.

1958-1962 жылдары - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орталық аурухананың бас дәрігері. 1962-1968 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі. 1968-1971 жылдары Ақтөбе медицина институтының ректоры. 1971-1982 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі. 1973-1984 және 1988 жылдан КСРО Медицина ҒА-ның Тағам институты Қазақ бөлімшесінің директоры (қазіргі Қазақ тағамтану академиясының президенті). 1985-1988 жылдары - Бүкілодақтық «Тағамтану сұрақтары» атты журналының бас редакторы және Мәскеу қаласындағы Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтының тағамтану кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1995 жылдың мамыр айынан - Қазақстанның Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті. 1997 жылдан бастап «Здоровье и болезнь» журналының бас редакторы.

Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады; мешел ауруының даму механизімін ашты. Оның басшылығымен емшектегі балаларға арналған «Бөбек», «Аруана», «Антихолестерин» тағам қоспаларын шығарды. Оның бастамасымен 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Алматы конференциясы өтіп, онда медицина - санатының алғашқы жәрдемнің ұлттық жүйесін ұйымдастырудың ұстанымдары алғаш рет тұжырымдалған Алматы декларациясы қабылданды.

Оның жетекшілігімен 56 докторлық және 170 кандидатттық диссертациялар қорғалды. «Қазан революциясы», «Халықтар достығы», «Парасат» ордендерімен марапатталған. ДДҰ-ның Л.Бернард атындағы сыйлығын (2005) және «Қазақстан Республикасында тағам туралы ғылымның іргелі де қолданбалы аспектілерін дайындау» еңбектер топтамасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығынның иегері және «Ғылым» номинациясындағы «Платина Тарланы» тәуелсіз сыйлығының иегері.

Шарманов әлемдік деңгейдегі көптеген ғылыми-медициналық зерттеу жобаларына басшылық етті.

Академик Шарманов – 350-ден астам еңбектің авторы, оның 22-сі монография болып табылады. Қазақтан шыққан еңбекқор ғалым Орта Азиядағы тағамтану институттарының ашылуына себепкер болды. Шарманов әлемдік деңгейдегі көптеген ғылыми-медициналық зерттеу жобаларына басшылық етті.

Шарманов -дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮСАИД, ЮНИСЕФ секілді халықаралық ұйымдармен тығыз әріптестік қатынас орнатқан тұлға. Сондай-ақ, Төрегелді Шармановқа дүниежізілік денсаулық сақтау саласына сіңірген елеулі еңбегі үшін Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ең жоғарғы марапаты тапсырылған. Ол елу жылдық тарихы бар Леон Бернард атындағы мәртебелі медаліне ие болды. Аталмыш жүлдеге әлем бойынша қырық бір адам ғана ие екен. Т.Шарманов 42 иегері атанған.

Қазақтардың тамақтануда жіберетін басты қателіктері, дұрыс тамақтанудың тәртібі, ұзақ жасаудың сыры туралы «ҚазАқпарат»-қа берген сұхбатында Қазақ тағамтану академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төрегелді Шармановайтып берді.

- Бүгінде тренажер залына барып жаттығу, дұрыс тамақтану қалыпты үрдіске айналып келеді. Осы орайда денсаулықты нығайту үшін тағы қандай шараларды жүзеге асырған дұрыс?

– Ұзақ өмір сүруге және денсаулықты нығайтуға өмір бойы ұмтылу керек. Өмірге дені сау ұрпақ әкелу үшін, оның денсаулығын, анасының құрсағында жатқан кезден бастап қамқорлыққа алу керек. Қазіргі таңда, майлы тамақты аз пайдаланып, көкөніс пен бидайдың төменгі сұрыптарын пайдаланған маңызды. Яғни, талшықты өнімдер пайдалы деген сөз. Жоғарғы сұрыпты ұннан жасалған нанды, қантты өте аз пайдалану қажет. Адамдар «майлы тамақ семіздікке әкеп соғады», - деп санайды. Жоқ, тек олар ғана емес. Қанттың көмірсулары мен құрамында қанты бар сұйықтықтарды аз пайдалану керек. Мысалы, кока-кола, пепси-кола, фаст-фуд, хот-догтар өте қауіпті. Қуырылған тамақтар жүрек-қан тамырлары ауруына, тіпті қатерлі ісік дертіне әкеп соқтырады. Қазір адамдар холестерині бар тамақтарды жеуден қорқады. Негізі олардың өздері қауіпті емес. Оларды қауіпті ететін транс-майлы қышқылдар. Бұл қышқылдар сиырдың сүтінде болады. Сондықтан, күніне кем дегенде 400 грамм көкөніс пен жеміс-жидектерді пайдалану қажет. Ал бізде бұл көрсеткіш әзірге жан басына шаққанда 150-200 грамнан аспайды. Бұл аз. Негізі тамақта майлардың мөлшері 25-30 пайыз, ақуыздар - 11-13 пайыз, көмірсулар 55 пайызды құрауы керек. Тағы бір маңызды жәйттің бірі, ол - қимыл-қозғалыс. Негізі көп жүріп-тұру керек.

- Төрегелді Шарманұлы, өзіңіз қалай тамақтанасыз?

– Мен бұл жағынан қатал ережені сақтаймын. Таңертең міндетті түрде дене шынықтыру жаттығуларын жасаймын. Жүремін. Қыста тренажерлік залда жаттығамын. Кейін душ қабылдаймын. Бірінші жылы сумен, кейін мұздай сумен шайынамын. Таңертеңгілік асқа - бір қызанақ, бір қияр, бір болгар бұрышы немесе алма және кілегей қосылған шай. Ал нан, май, шұжық дегендерді жемеймін. Түсте тауық еті немесе жылқы еті салынып әзірленген сорпа ішемін. Қойдың етін татып алмаймын. Жалпы, қызыл етті көп жемеймін. Дегенмен, жылқының еті өте пайдалы. Биенің сүтін зарарсыздандыруға, яғни стерильдеуге және қайнатуға әсте болмайды. Себебі сапасын жоғалтады. Бұл өте нәзік сүт. Оның ақуызы ана сүтінің ақуызымен бірдей. Ал сиырдың сүтін қайнатпасаң, тазартпасаң тез бұзылады, ал қайнатсаң пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан мен сиырдың сүтін ішпеймін, одан жасалған ірімшікті жемеймін.

- Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесі жақындап келеді. Мерекелік дастархан қандай болуы керек?

– Өте құнарлы және майлы тамақтардан бас тартқан жөн. Мереке өтеді де кетеді. Ал майлы тамақты көп жегеннен денсаулық сыр беруі мүмкін. Ұйқы безінің осыншама тамақты қорытуға шамасы жетпейді. Дегенмен, ферменті бар таблеткалар алып қойыңыздар. Салаттарды, балықтан және құс етінен жасалған тағамдарды көбірек жасаған абзал. Және әрине бауырды ойлау керек, яғни ішімдіктен мүлдем бас тарту керек.

Тағамтану академиясының президенті сонымен қатарбелсенді қоспалар мен дәрумендердідәрігермен кеңесіп, қабылдаған жөн деген кеңес береді. Ал базарда көбейіп кеткенгендік модификацияланған жемістерге қатысты ғалым "Мұндай өнімдердің өмірімізге мықтап енгендігін мойындау керек. Бір сөзбен айтқанда мұндай өнімдер адам ағзасына кері әсер ете алмайды", - деген пікірін білдірді.

Қорыта келгенімде, мен, Төрегелді Шармановтың қазақ ғылымына, тағамтану ғылымына, жазған еңбектерімен толықтай таныстым. Бұндай азаматты ең алғаш естуім, естіместе едім егерде жетекшім бағыт-бағдар бермегенде. Сол кісінің нұсқауымен Төрегелді ағамыздың өмірін шолып өттім. Өз ойыма түйгенім ол кісі қазақтан шыққан біртуар азаматтардың бірі. Өз елінің патриоты. Әсіресе тағамтану ғылымына қосқан қажырлы еңбегін бағаламасқа болмас. Адамның күнделікті қалай жақсы коректенуін гигиена ұстауын зерттеп кітапқа жазған. Мысалы, әр адам өзі күнделікті не ішіп не жерін өзі шешеді, бірақ соның зиянын шегіп жатқанын білмейді. Адам өзінің денсаулығын тек ауруханаға ауырып барғанда ойлайды ғой. Адамзатқа ең басты керегі денсаулық. Сол денсаулықты өзіміз күте білуіміз керек. Бірақ оны біздің зерттеуге әрқайсысымыздың уақытымыз жоқ, бірақ осы мәселені біздің орнымызға академик Төрегелді Шарманов ағамыз шешіп қойған. Сондықтан қазақтан осындай ғалым біртуар азамат шыққанына біз мақтан тұтуымыз керек.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга