Түйе төрт түліктің төресі

Кутортаева Дина Аттановна
8 сынып оқушысы
Тимофеев орта мектебі

Ғылыми жетекшісі: химия және биология пәнінің мұғалімі

Шилдебаева Айнур Киятовна 

 

Күнделікті жейтін ас-ауқатымыз химиялық, синтетикалық жасанды дүниелерден жасалғалы бері адамзат денсаулығына зор қауіп төнді. Аллергия, псориаз, қант диабеті, холлецистит, гастрит тағы да басқа көптеген дерттер ушығып кетті. Дерт атаулының өршу себептерінің бірі азық-түлігіміздің ластануында болып отыр.

Қазақ атамыз «Асы саудың-дені сау» деп бекер айтпаған. Сондықтан да қазақтың денсаулығы мықты болсын десек, асымызды адал қылып ішейік. Төрт түлігіміздің күнделікті өмірдегі маңыцзымен қатар, одан алынатын өнімдердің денсаулыққа пайдасын ашып көрсету жұмыстыңбасты міндеті болып отыр. Осы уақыттың өзінде де толық зерттелмеген жаратылыстану саласының кейбір биологиялық құбылыстарын тарихи, медициналық, тұрғыдан зерттеу және таныстыру осы ғылыми жұмыстыңжаңалығы болып табылады.

Ғылыми жұмыстың мақсаты. Түйе жануарының тіршіліктегі рөлі қаншалықты екендігін жан-жақты қарастырып, адам өмірінде алатын орны да ерекше екендігін және сол ерекшеліктерді ашып көрсету, осы ғылыми жұмыстың жетекші мақсаты болып табылады.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Аталып отырған тақырып толық зерттелмеген тақырыптардың бірі және қоғам арасында белгілі бір сұранысты талап етеді. Себебі, Сіздер білесіздер ме: Бір бота туса, бір түп жусан артық өсетінін... бұл да табиғаттың ерекше бір сыйының түрі шығар.

Бүгін біз Ойсыл қараны пір тұтқан түйе жануары туралы сіз бен біз білмейтін қызықты мәліметтерді ұсынып отырмыз. Ендеше, білімге білім қосыңыз!

Екінші дүиежүзілік соғыс кезінде түйелерді арбаға жеккен. Өйткені ол кезде көлік пен ат тапшы болып, жүк тасуға амалсыз түйелерді пайдаланған. Соғыс даласына сапар шеккен 350 түйенің көбі жорық даласында қаза табады. Ал Яша есімді түйе кеңестік совет әскерлермен бірге Берлинге дейін жеткен.

Ғылыми жұмыстың зерттелу деңгейі:. Қазақ үшін түйе — қасиетті мал. Төрт түліктің төресі атанған жануардыңсүті – ем, еті — азық, жүні — киім. Нардың жүнін қазақ халқы аяққа таптамаған, тек кеудешелер мен жиделер, шекпендер мен көрпелер дайындаған. Қазіргі медицина түйе жүнінің де емдік қасиеті барын анықтады

Оңтүстiкте түйенiң сүтiн «қымыран» деп те атайды. Жалпы, оның адам ағзасына өте пайдалы, сiңiмдi әрi денсаулыққа тиiмдi екенiн ауыз-екi ғана бiлемiз. Түрлi аурулардың алдын алудың және оны емдеудiң жолын iздеп жүрген ғалымдардың көзқарасы бойынша бұл жануардың шипалы сусыны мыңнан бiр дертке дауа көрiнедi. Қасиеттi шұбаттың құнары емге таптырмайды. Қазақ халқы дәстүрлi сусын ретiнде пайдаланатын қымыранның қасиеттерi мол сияқты.

Кіріспе Түйе – сіртабандылар отрядының бір туысы, күйіс қайыратын, жұп тұяқты, шөл және шөлейтті жерлерге жақсы бейімделген. Үй жануары.Түйенің 2 түрі бар: дара өркешті – дромедар, қос өркешті – бактриан Түйелер шөлге төзімді. Неге? Өйткені олардың сусыз ұзақ уақытқа шыдауы ағзаларындағы эритроциттердің құрылымына байланысты. Түйелердің эритроциттері жұмыр пішінді, сондықтан олар көп мөлшерде ішіп алған суларын көп уақытқа жеткізіп, үнемді қорек етеді. Түйелер қанша мөлшерде су ішеді?

Бұл ерекше тіршілік иелері бір ішкенде 200 литрдей су ішіп қояды.

Түйелер төрт аяғын екі жаққа да тең бүгіп отыра алады лердің еріндері ерекше формалы. Олардың жайылып, асқазан қамымен қорек жинауына еріндерінің атқарар рөлі расан.

Түйелер төрт аяғын екі жаққа да тең бүгіп отыра алады лердің еріндері ерекше формалы. Олардың жайылып, асқазан қамымен қорек жинауына еріндерінің атқарар рөлі орасан зор.Егер түйелер демалмақ болып, бір шөксе, оны қайта тұрғызу қиямет-қайым іс. Ол өз қалауымен тұрмаса, жай айқай мен соғуға тұра қоймайды. Түйелердің түкіруінен сақтанғайсыз! Олар үнемі асқазандарынан керексіз сөлдерді сыртқа шығарып, түкіріп тұрады.

Олардың терілері күн сәулелерін кері қайтарады. Сондықтан олар шөл даланың температурасына төзімді.

– Ойсылқара – өте нәзік. Әсіресе, бота кезінде. Үлкейгеннен кейін көп ауыра бермейді. Қауіптісі, шыбын-шіркейден пайда болатын су ауруы, бруцеллез деген секілді сырқаттар болады. Қандай кесел болсын, міндетті түрде қанынан сынама алып, тексеруден өткізіп тұрамыз. Мамандығым бойынша ет өндіру жағынан технологпын. Семейдегі технологиялық институтты бітіргенмін.

Жалпы, түйе төртінші жылы қариды, бесінші жылы туады. Содан араға бір жыл салып боталай береді ғой. Бір түйе 18 ботаға дейін сүт бере алады. Ал бір түйе – 40 жасқа дейін жасайды. Түрікменстаннан көшіп келген адай ағайындар бар. Олар түйелерді сол жақтан алып келді. 3 жылда бір еет ауыстырып тұ­рамыз. Шұбаттың дәмі, құнары бірінші, жайылымға, екіншіден, тазалығына байланысты. Бірақ, түйе деген сиыр секілді емес. Мәселен, сиырдың бағасы 150-200 мың теңге болуы мүмкін. Ал түйе 700-800 мың теңгеге бағаланады. Таудай түйелеріңіз миллион тұрады ғой. Ал орташалары 650-700 мың теңгеге барады. Сиырды аппаратпен сауатын болса, түйені біз қолмен сауамыз. Сауым кезінде жануарға зақым келетін болса, ауыстыруға мүмкіндік бола бермейді. Оның үстіне түйеде 4 емшек болады. Оның біреуін бота еміп тұруы қажет.

Тарихи, ғылыми дәлелдемелер

Түйе сүтінің бактерияға қарсы тұру қасиетінің жоғары болуы бағалы болып табылады,өйткені оны сақтаудың жане өңдеудің нақты мерзімдерін білдіруге мүмкіндік береді.
Түйе сүтінің және одан жасалатын өнім – шұбаттың қоректік және емдік қасиеттері Қазақстанда, сондай – ақ Орта Азия республикаларында аса жоғары бағаланады. Қазақтың халық медицинасында шұбатты өкпе, асқазан ауырғанда, сондай– ақ уланғанда, мешел болғанда пайдаланады.

Атап айтқанда, өкне туберкулезін емдегенде шұбаттың маңызы шынында да зор екендігін айтып кеткен жөн болар.
«Денсаулығы зор, өздері өте қайратты болып келетін көшпелі арабтар жаңадан ашыған түйе сүтін ішеді»- деп жазған болатын ұлы биолог ғалым И. И. Мечников.

Солтүстік Африка жұртшылығы үшін түйелер қасиетті жануарлар.Түйе сүтін африка тайпалары да ,ішеді екен, түйе сүтін ішпейтін тайпаларға қарағанда олардың арасында атеросклероз ауруы сирек кездеседі екен деген шетел автоларының деректері де бар.
Орта Азия халықтары ғасырлар бойы жасап келе жатқан ашыған сүт өнімдері (шұбат, чал, т.б.) диеталық өнімдер болып саналады.

Алжир тұрғындары түйе сүтінің ауруға қарсы тұра білетіндігін, басқа үй жануарларына қарағанда түйе малының ауруларға сирек шалдығатындығын байқаған. Олар сондай-ақ түйенің сүтін ашығанша ешкі терісіне құйып сақтайды да жиі ішеді

Моңғолдар түйе жайылымындағы шөптерге мән берген. Түйенің сүтін оны көбіне сорпаға (суп) қатып пайдаланады.
Жылқы, сиыр малындай емес, түйенің жейтін шөбі басқа. Сондықтан оның сүті де ерекше болып келеді. Түйе жиде, жыңғылдың гүлдерін, қараталдың басын, тікен, жантақ шөптерін азық етеді. Шұбатты ішкен адамның қарны да ашпайды. Ол – әрі сусын, әрі тамақ.

Бойға қуат, жанға шуақ сусындар

Шұбат антибактериялық және антивирустық қасиетке ие

Түйе сүті — қоректік заттарға өте бай сусын. Мәселен, қымыздың құнарлылығы 528 ккал болса, сиырдікі — 660 ккал, ал түйенікі — 911 ккалға тең. Бір литр шұбат адам ағзасының витаминдер мен микроэлементтерге деген тәуліктік қажеттілігін толықтай қамтамасыз ете алады. Шұбат ішкен адам күні бойы тоқ жүреді. Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.Шармановтың айтуынша, түйе сүтінің созылмалы өкпе, бауыр ауруларын, холециститті, өт жолдарының қа­бынуын емдеудегі қасиеті клиникалық апробация арқылы дәлелденген. Сондай-ақ инфаркттың, ин­сульттің алдын-алуда маңызы зор, қант диабетіне, қатерлі ісікке де шипасы бар. Табиғи шұбат өнімдері адамның есте сақтау қабілетін жоғарлатып, ми тамырларына сергектік пен демалыс береді. Құрамында А, В1, Д, Е, С дәрумендері бар сусын ұзақ уақыт емделуді қажет ететін туберкулез ауруына да бірден бір шипа.

Ұлттық сусынның дайындалу процесі де күрделі емес. Өйткені оны бір қорландырып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл- мезгіл пісіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берерде ғана шайқап-шайқап жіберсе, ол жақсы араласып, көпіршігі азаяды. Шұбат құйылған ыдыстың тығынын алып немесе местің пұшпағын шешіп, газын шығарып отыру керек. Әйтпесе тығынды ұшырып, месті ісіндіріп жібереді.

Ойсылқара түлегі сүтінің құрамында лактоферрин деген зат бар.Адам ағзасында да лактоферрин деген белок бар. Ол ағзаның иммундық жүйесін нығайтады. Белоктың басты биологиялық қызметі темір иондарын байлайды және оны тасымалдайды. Ағзаға қандай да бір бактерия мен вирус келіп түссе, лактоферрин бірден оның көзін жоюға әрекет етеді. Лактоферрин сүттің құрамында болатындықтын жаңа туған сәбиді ана сүтімен қоректендірудің қандай маңызды екенін біле беріңіз. Вирустарды бактериялардан бөле-жара айтып отырған себебіміз, ХХІ ғасырдың медицинасы вирустық ауруларды емдеуде дәрменсіз. Әлемде вирустың көзін жоятын бірде бер препарат әлі дүниеге келген жоқ. Қазіргі дәрі-дәрмектер тек вирустың салдарын ғана емдейді. Ал шұбат сол вируспен күресе алады екен.

Ауада батериялар мен вирустар толып жүр. Біздің ағзамыз олармен секунд сайын күресіп бағуда. Кедейдің ауруы саналатын туберкулезбен қазір ауқаттылар да науқастанып жатқан тұста, ағзамыздың ауруға қарсы иммундық жүйесін нығайту әрқайсымыз үшін қажет-ақ. Ендеше, денсаулығымызды нығайтуды ойласақ, шұбат ішуді әдетке айналдырайық.

Оңтүстiкте түйенiң сүтiн «қымыран» деп те атайды. Жалпы, оның адам ағзасына өте пайдалы, сiңiмдi әрi денсаулыққа тиiмдi екенiн ауыз-екi ғана бiлемiз. Түрлi аурулардың алдын алудың және оны емдеудiң жолын iздеп жүрген ғалымдардың көзқарасы бойынша бұл жануардың шипалы сусыны мыңнан бiр дертке дауа көрiнедi. Қасиеттi шұбаттың құнары емге таптырмайды. Қазақ халқы дәстүрлi сусын ретiнде пайдаланатын қымыранның қасиеттерi мол сияқты. Бұл жайында мамандар не дер екен?

Түйе сүтіндегі белоктың құрамы

Tүйе түрі

Белок %

Казеин %

Альбумин %

Глобулин %

 

Бактриан

4.45

3.22

0,71

0,46

Дромедар

3,6

2,8

0,87

0,9

Қоспақ

3,7

2,8

0,85

0,9

Түйе сүті белоктарының сапалық құрамының бие мен сиыр сүті белоктарының сапалық құрамынан елеулі айырмашылықтары бар.
Бактриандар сүтінде сауылу мерзімінде амин қышқылдары көп болады.
Жылдың әртүрлі маусымында амин қышқылының мөлшері бірдей болмайды.
Биологтардың зерттеулерінде түйе сүтінде қанның қызыл формалы элементтерін түзуге көмектесетін амин қышқылдары болғандығы анықталды.
Түйе сүтіндегі май мөлшері оның тұқымына, түріне, жыл мезгіліне, азықтандыруға және басқа факторларға байланысты. Қазақ бактриандарының сүтінің майлылығы сүт шығатын кеде, жазда, 4,7 %қыста 6 % дейін ауытқи отырып, 5,2 болады. Ал жеке інген сүттерінің майлылығы бұдан да гөрі ауытқиды. Сүті сұйық інгендердің сүтінде 3,6 – 3,8%, ал сүті қою інгендердің сүтінде 8 % дейін болады. Бөліп – бөліп сауылған түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінікіне қарағанда шамалы ауытқиды. Мысалы, алғашқы сауымның майлылығы 3,5 % 4 % дейін, негізгі сауымдікі – 5,5 % 6,0 % дейін және соңғы идірімдікі 8 % 12 % дейін.
Төрт – түліктің сүтіндегі белоктың құрамы 

Жануар түрі

Белок

Казейн

Альбумин

Түйе

4,45

3,22

1,23

Сиыр

3,4

2,7

0,7

Жылқы

2,2

1,25

0,95

Сүттегі минералдық заттар органикалық емес және органикалық қышқылдардың тұздары түрінде болады. Түйе сүтіндегі күлдің процент бойынша мөлшері сиыр сүтіндегіге жақындайды және 0,7 %аспайды, бірақ оның құрамдық бөліктерінің бөлінуі бірсыпыра өзгешелеу.Түйе сүтінің күлінде жалпы салмағының 30% шамасында фосфор қышқылы бар, ал сиыр сүтінде 24%. Түйе сүтінде 25% кальций тотығы бар, ал сиыр сүтінде ол 20 - 23%.

 

Жаңа сауылған түйе сүтінің қышқылдығы орта есеппен Тернер бойынша 21,50, ал 20 – дан 25 – ке дейін ауытқып отырады. Тәулік бойында сүттің қышқылдығы аздап өзгеріп отыратынын айтып кетуге болады. Мысалы, бірінші сауынның сүті одан кейінгі сауындардың сүтінен 0,5 – 1,50Т қышқылдау болып келеді.
Түйе сүтінің тығыздығы орта есеппен 1,030 – ға тең, ал 1,025 – тен 1,032 – ге дейін ауытқып отырады. Соңғы идірімде бұл орта есеппен 1,026 – ға тең болады. Сүттің тығыздығы оның құрамына және ең алдымен оның майлылығына байланысты. Сүттің майлылығы неғұрлым жоғары болса, оның тығыздығы соғұрлым аз болады.
Түйе сүтінде бие сүті мен сиыр сүтіне қарағанда қоректік заттар көп болғандықтан, оның калориясы да жоғары болып келеді. Ол 787 килокалория мен 911 килокалория арсында ауытқып отырады, ал бие сүтінікі 499 – 528 килокалорияға тең.
Түйе сүтінде лизоцим, англютинин, антитоксин, бактериолизин, илмундық денелер оның бактерияға төзімділігін қамтамасыз ететін т.б. әр түрлі қорғаушы заттар бар.

Сүт қышқылды ашу кезінде түйе сүтінің казеині сиыр сүті сияқты қою болып ұйымайды, өйткені оның іріміктері ұсақ, жұмсақ келеді, шайқағанда оңай ыдырайды, консистенциясы сұйық болады. Ашытқының бактериялары бөліп шығаратын ферменттердің әсерімен түйе сүтіндегі белоктар мен сүт қанты өзгерістерге ұшырайды. Сүт қантының мөлшері азайғандықтан сусын сүт қышқылымен баийды да, осының өзі түйенің жаңа сауған сүтінде болмайтын ерекше дәмдік қасиеттер береді.Белогының сапасы жағынан шұбат көптеген тағамдық өнімдерден, атап айтқанда сүт белогынан асып түседі. Шұбаттағы белок ашыған кездің өзінде – ақ сүт қышқылының әсерімен ұсақ – ұсақ түйіршіктерге айналатындықтан оны адам организмінің қорытуы едәуір жеңілдейді. Түйенің жас сүтінің және шұбаттың белоктарында көптеген мөлшерде аргинин, валин, гистидин табылды. Түйе сүтінің белоктары сиыр мен бие сүтінің белоктарынан едәуір өзгеше: онда лизин, гистидин, аланин, глицин, аспарагин қышқылы, серин және метионин мөлшері көп. Өзінің биологиялық қасиеттері жағынан шұбат қоректік өнім ғана емес, ол сондай – ақ А,В12,С витаминдерінің көзі. Мысалы, В12,С витаминдерінің мөлшері жөнінен түйе сүтінен едәір асып түседі. Кефир мен простоквашаға қарағанда шұбатта В және С витамині көп. Түйе сүтінен шұбат жасағанда В тобындағы витаминдер саны орта есеппен 71% артады.Шұбаттың бір литрі адам организмінің С витаминіне, тиаминге және рибофлагинге деген тәуліктік қажетін қанағаттандыра алады екен.Шұбатта кефирге қарағанда май, белок бірсыпыра минералдық заттар, витаминдер, спирттер, сүт қышқылы және көмір қышқылы көп мөлшерде. Қымызға қарағанда онда май, белок, микроэлементтер, сүт қышқылы, спирт және А. В1. В2 витаминдері көп. Түйе сүті тағамға көбінесе ашыған өнім ретінде шұбат түрінде пайдаланады. Түйе сүтінен сондай- ақ май, сыр, сүзбе, айран дайындауға болады. Шұбатты түркімен тілінде "чал” деп атайды. Ол түйе сүтімен сүт қышқылды және спиртті ашыту жолымен дайындалған сүт қышқылды сусын. Шұбаттың сапасы көбінесе ашытқының сапасына байланысты. Бөгде, жағымсыз дәмі мен иісі жоқ ащы шұбат жақсы шұбат болып табылады.

Шұбат мынадай жолмен ашытылады інгенді сауып алғаннан кейін сүтін сүзеді де 300 350 қа дейін салқындатады. Содан соң оны күбіге құйып жаңа сауылған сүттің ¾ бөлігіне бір бөлік ашымал болып келетіндей етіп өндірістік ашытқы қосады.Қоспаны піспекпен 20 -30 минут бойы арластырып, 3 – 4 сағат ашытып қояды.Осы уақыт ішінде ашытылған процесі жүріп, микрофлоралардың тіршілік әрекеті есебінен күрделі заттар қарапайым заттарға айналады. Шұбаттың қышқылдығы 600 – 70 0 Т – дейін артып - казейн ұйып тұна бастайды.Казейннің ірімтігі үлкен болмауы үшін шұбатты пісіп отыру керек, сонда шұбаттың ірі казейн бөлшектері ыдырап сусын сұйық күйін сақтайды.
Түйе етi сиыр етiне дес бермейдi. Нәрлi құндылығы мен дәмдiлiк сапасы бойынша жақсылап семiздендiрiлген, ерекше жас түйенiң етi жақсы. Ол тез пiсiрiледi, қуырылады, дәмдiлiк сапасы жоғары және пiсiруге, қуыруға, iрi және ұсақ тiлiктерiн бұқтыруға, кесiлген тағамдар әзiрлеуге пайдаланылады. Түйе етiн жануарлар майын қолдану шектелген диетада пiсiрiлген диеталық тағамдарды қолданады, өйткенi, түйе етi iшкi майлардың қабатын құрайды. Түйе етiнiң майларын құрауы шошқа, қой және сиыр етiне қарағанда көбiрек. Өркештi ерiтiп, жоғары сапалы ақ түстi май алуға болады және ол қой мен сиыр майынан асып түседi. Жалпы, түйе етiнде 75-80 пайыз су, 18-21 пайыз нәруыз және 1-2 пайыз май бар. Одан басқа, калий, кальций, магний, фосфор, темiр, тағы басқа бiрқатар витаминдерi қатысады. Түйе етiн пiсiру оны ыстық суға салып, жануардың жасына қарамастан, 3-4 сағат әлсiз отта қайнатады. Сорпадан май мен көбiк дүркiн-дүркiн алынады. Пiсiрiлiп болғанға дейiнгi 30 минут iшiнде лавр жапырағын, бұршақты қара бұрыш, тұз салып, дәмдiлiгi мен дайындығына қарай жеткiзедi. Iрi тiлiктердi қуыру үшiн қиық пен жас малдың жұқа шеттерiн пайдаланды.Қазіргі таңда көптеген елдер түйе етін медицинаға пайдалануда. Оның еті тері аураларына, сорпасы көз ауруына, майы ішек құртын жоюда табылмайтын дәрі көрінеді. Біздің ел ойсыл қара тұқымының осыншама маңызды екендігін әлі күнге жете түсінбей отыр. Өйткені қала базараларындағы ет сататын дүкендерден түйенің етін кездестіру мүмкін емес. Сонықтан болса керек, қуырдықтың көкесін көрмегелі де көп болды. Айтпақшы, шұжық өндіретін кейбір компаниялар сиыр етінің орнына түйе етін пайдаланатын көрінеді. Өйткені түйе етінің бағасы әлдқайда арзан.Жалпы, қазақ жері түйе шаруашалығына аса қолайлы. Ал түйе жарықтықтың бүгінгі нарық заманында қазақ экономикасына берері де шаш-етектен. Оны жоғарыдағы мысалдардан байқап отырған боларсыздар. Ендігі мәселе Ауыл шаруашылығы министрлігінің оң қабағы мен жұрттың жылы қабылдауында жатыр.

Қорытынды

Білім ел қазынасы, халқымыздың білімділігі-ел байлығы.Адам табиғаттың бір бөлігі болып табылатыны бәрімізге белгілі, сонымен бірге еңбектің нәтижесінде табиғатқа адам үстемдік ете алады. Ес біліп дүниеге келген күннен бастап адам тірі табиғатқа еліктейді. Одан үйренуге талпынып, қажетін содан алуға тырысады. Табиғат құпиясын зерттей отырып, ғылымды дамытады. Табиғат біздің мүшемізге әсер етіп, түйсік туғызатын шындық екенін, кім де болса жүрекпен ұғынуы керек. Оның әсемдігіне сүйсініп,өміргше керекті туындыны содан іздейді. Табиғатты өз игілігімізге барынша пайдаланамыз.

Қорыта келе елбасымыз Н.Назарбаев жолдауында адамдардың өмір сүру ұзақтығы 2020 жылы 72 жасқа ұзартылуы тиіс деп атап көрсетсе, ұзақ жасаудың кепілі – дұрыс тамақтану болып табылады. Әлемде өлім – жітімнің 60 % сапасыз астан, артық тұтынудан, дұрыс тамақтана білмеуден туып жатады. Сондықтан да әр елдің өзіндік ұлттық тамақтану саясаты болу қажет. Адамның дұрыс болып қалыпты өмір сүруі үшін ең қажеттісі қоректік заттың мөлшері, сапасы, ағзаға ену мөлшері. Міндетті түрде тиісті деңгейде сақталуы керек. Ересек адамдар үшін микроэлементтердің тәуліктік мөлшері (мг): Al - 49.01, Br – 0.821, Fe – 1.1 – 30, I – 0.2, Ca – 0.05 – 0.1, Mn – 5-7, Cu – 2-3, Mo – 0.15 – 0.63, Pb – 0.35-0.53, F – 2.3, Zn – 10-15. қажет десек, құрамында дәрумендер мен элементтерге бай, түйе сүті мен шұбатты күнделікті тағам әрі сусын ретінде маңызы өте зор.
Шұбат өкпе, асқазан, шек ауруларына бірден – бір шипа, қанды толтырады. Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыныда анықталған.

Түйе сүті мен шұбатының маңыздылығын ескере отырып мен сіздерге түйе шаруашылығының даму жолдарын ұсынар едім.

·Етті мал шаруашылығын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұжырымдамасына түйе шаруашылығында енгізу;

·Түйе өнімдерін етін, жүнін субцидиялау шараларын қарастыру және шұбатқа бөлінетін субцидия мөлшерін ұлғайту;

·Қазақ түйелерін жетілдіру бағытында оларды асылдандыру жұмыстарын жүргізу;

·Жоғары жеке орта кәсіптік оқу орындарында түйе шаруашылығына мамандарды дайындау;

·Түйе өнімдерінің бәсекеге қабілетті бағыттарын дамыту бойынша халықаралық тәжірбиені зерттеу;


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ақыпбеков Ө. Төрт – түлік төресі кім? Алматы, Қайнар. 1990 "Айқын”газеті.

2. Әкімбеков Б. Омарбекұлы Н. Мал шаруашылығы. "Фолиант” 2007.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 8 том. Алматы, 2006
4. Сәбденов Қ. «Төрт–түлік» Алматы, Қайнар. 2002
5. Ысқақбаев Б. «Сүт және сүт өнімдер»і Алматы "Қайнар” 1978скачать dle 11.0фильмы бесплатно