Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Алаштың ақиық ақыны

Абишева Айнаш Абаевна
Учитель казахского языка и литературы
КГУ «Новосельская школа»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу.

2. Дамытушылық. Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыта отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге дамыта ықпал ету, ынтасын, ізденушілік белсенділігін дамыту.

3. Тәрбиелік. Мұқағали өлеңдері арқылы өмірді сүюге, өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Адамның ішкі толғанысын, психологиясын сезіне білуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, ойландыру, пікірлесу.

Көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалар жинағы, тест жұмысы,

қанатты сөздер, интерактивтік тақтадан М.Мақатаевтың өмірбаянымен таныстыру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгін 8- сыныпта әдебиет сабағынан ашық сабақ өткелі отыр

Біздің сабағымызға мұғалімдер қатысып отыр. Оқушыларда сіздерге өз жылы лебіздерін білдірсін. Оқушыларға сәттілік тілеймін!

2. Үй жұмысын тексеру.

Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беру.

1)Мағжан Жұмабаев қашан, қай жерде дүниеге келген?

Қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Сасықкөл мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Тумысынан өте зерек Мағжан төрт жасында өзінің әкесі Бекен болыстың мектебінде оқып, қазақтың өлең- жырларын, ертегі дастандарын түгелге дерлік жаттап алды.

2) М. Жұмабаев кім?

М. Жұмабаев- әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға. Жоғары білімді, Шығыс пен батыстың поэзиясын жетік білген ақын. Мағжан- ұлтын терең сүйген ақын. «Адам- дейді ол,- шын адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін». Ақынның өзі де осы ізгі мақсаттың құрбаны болды.

3) Алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталады, қай жылы шықты?

1913 жылы Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Жиырма жасар Мағжан ақындығымен жұртшылық назарына түсті. Ақынның өлеңдері сол кездегі «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жиі жарияланып тұрды.

4) Мағжанның қандай өлеңдерін білесіңдер?

Мағжанның «Ойлар», «Жұлдыздарға», «Мен кім?», «Толқындарға» т.б. өлеңдері бар. Жастар тақырыбындағы «Мен жастарға сенемін», «Қарағым» атты өлеңдерінде болашақ білімді азаматтардың қолында екеніне сенімін білдіреді.

5) Мәскеуде оқып жүргенде қандай жағдайға тап болды?

Мәскеуде оқып жүргенде, Мағжан «Алқа» деген әдеби үйірме ұйымдастырған болатын. Бұл 1925 жыл еді. Содан төрт жыл өткен соң, 1929 жылы «ол ұйым- революцияға қарсы ұйым» деген жаламен он жылға концлагерьге айдалды.

6)Қай жылы дүниеден өтті?

Жалынды ақынға «халық жауы» деген қара таңба басылды. 1937 жылы озбыр топтың қолына қайта түсіп, 1938 жылы 19 наурыз күні атылады.

Ақынның өзі күллі түркі халқының тарихымен танысты. Түркі халқының тарихын жетік білуі оны қазақ топырағында бірден бір түркішіл ақын етті. Бүкіл түркі елі Түркістанды киелі жер- екінші мекке деп түсінді. Ақынның: «Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін» деуінде үлкен мән бар. «Баба» деп отырғаны- Қожа Ахмет Йасауи бабамыз екенін түсіндіңдер. Бабаның басына барып қайту үлкен сауапқа саналады.

«Түркістан» өлеңін жатқа айту.

Қазақтың елім, жерім, халқым келешегім деп жырлаған зиялы азаматтары аз емес. Еліміз жылда ұлы тұлғаларымыздың мерейтойларын атап өтуде. Солардың бірі, өзіміздің жерлесіміз көркем сөз зергері, ұлы жазушымыз кім деп ойлайсыңдар?

1.Ғ. Мүсірепов кім?

2.Қай жерде туған?

3.Қандай шығармаларын білесіңдер?

3. Жаңа сабақ. Енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбына көшеміз. Сабақтың тақырыбын оқушылардың өздеріне тапқызу.

20 ғасырдың ең үздік ақындары деп танылған ақындарымыздың бірі Мағжан Жұмабаев және кім деп ойлайсыздар? Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын интерактивтік тақтадан көрсету. (Дәптерге керек жерлерін жазып отыру)

Мұқағалиға деген оқырманның ыстық ықыласы оқып танып білуге деген құштарлығы жылдан- жылға арта түсуде. «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев , өлтіре алмас, алайда , өлеңді ешкім»- деп өзі жырлағандай Мұқағали жырлары мәңгі өмір сүрері сөзсіз.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 09.02. 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туған. Шын аты Мұхаметқали. Бірақ «пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп есептеген ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелете атап кеткен. Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарының қиыншылықтарымен дәл келгендіктен болашақ ақын өмірдің ащы-тұщысын ерте татады. Әкесі Сүлеймен Калининград майданында 1941 жылы қаза табады. Анасы Нағиман балаларын өзі асырап өсіреді.

1948 жылы орта мектепті бітірген соң, 1948 жылы ҚазМУ-дың филология факультетінде оқиды. 1948 жылы оқуын тастап, Шибұт деп аталатын көрші ауылға ауылдық кеңестің хатшысы , қызыл отау меңгерушісі, жергілікті комсомол қызметкері, 7 жылдық мектептің мұғалімі болды.1949 жылы көктемде жары Лашынмен отау құрады.1951 жылы ҚазМҰУ-дың шет тілдер институтына түсті.

Бұдан кейін аудандық газетте әдеби қызметкер болып жүреді. 1962 жылы Алматыға көшіп келіп, әдеби ортаға араласады. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында, Қазақстан жазушылар Одағының поэзия секциясында қызмет етеді. Мұқағали Алматыда небары он бес жылдай өмір кешті. Сол он бестің он жылын таза творчествоға берді.

1973-1974 жылдары Мәскеу қаласындағы М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтының жанындағы қысқа мерзімді курста дәріс алады. «Мәскеуге білімімді толықтырайын деп барсам, бәрі мен оқып алған дүниелер екен. Түсіме Пушкин кірді. «Бұл- талай ақынды жұтқан Мәскеу,аманыңда еліңе кет» - деді. Сонымен ертесіне Пушкиннің ескерткішіне барып қоштастым да, еліме тартып кеттім.

Мұқағали- жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, орыс пен еуропа, шығыс әдебиеттерінен тәлім алып келген ақын. Мұқағали шығармалары оқушысының жүрегіне сәуле түсіреді. Себебі ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйеді. Ақынның «Аманат» жыр жинағы үшін 2000 жылы Қазақстан Республикасы сыйлығы берілді. 1991 жылы «Ғасыр ақыны» атанды. 1989 жылы Жазушы баспасынан шыққан «Жырлайды жүрек» атты өлеңдер мен дастандар жинағы «Тұлпар» сыйлығына ие болды.

Мұқағалидың тіршілігінде мансап пен байлықтың қызығын көрмегеніне анасы мен жары Лашын куә. Тұрмыстағы жайсыздық, жұмыссыздық, әдеби ортаның жорта шеттетуі ақын көңіліне кірбің, денсаулығына сызат түсірмей қоймайды. Таланты өзінен әлдеқайда төмен базбіреулердің том-том кітаптары есепсіз данамен басылып жатқанда Мұқағали жинақтарының пышақтың қырындай ғана көлемде әрі болмашы таралыммен шығуы үлкен әділетсіздік болатын. Мұның бәрі ақынды жүйкелеттіде, торықтырды. Мұқағали бәрібір, өмірге құштар, ғашық жан. Адам үшін өмірдің соншама қымбаттығын Мұқағалидан артық жеткізіп айту қиын сияқты. Тіршілікте өмір ағымында кездесетін келеңсіз жайлар, неше алуан пендешелік күйлер ақын жанын күзелтпей қоймайды. Бірақ ол ешқашан өмірден түіңілмейді, қайта өмірге деген құштарлық сезімі өрши түседі.

Жарық дүние-ай

Жаным-ай менің,

Ғажапсың!

Ғажапсың шіркін!

Амал не, тезсің, аз-ақсың...

Бұл өлең жолдары өмір гимні деуге болады.

1964-1976 жылдар аралығында сегіз жыр жинағы жарық көрді. 1000-нан астам өлең жазып, «Ильич», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек!», «Моцарт. Жан азасы», Мұқағали поэзия жанрына ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартып, «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері мен «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестерін, «Қош, махаббат» пьесасын жазды.

«Қазақтың қара өлеңі – құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...» деп өзі айтпақшы, оның әрбір өлеңінде бір құдірет бар. Қазақтың қара өлеңінің киесі Мұқағалиға қонған.

4.Өлеңді оқу

Оқушылар өлең шумақтарын оқиды.

«Лашынға», «Майгүлге»

5. Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр. Ақын поэзиясы адамның ішкі жан дүниесінің нәзік сезімдерін, оның күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелейді.

Мұқағали лирик ақын. Адам жанының табиғат жүрегінің жыршысы. Мұқағалидың өлеңдеріне ән жазылып халқының жүрегіне ұялап жатыр. Мына бір Мұқағали мен Тұманбай Молдағалиевтың кездескен сәтін тамашалайық.

6. Мұқағалидің сөзіне жазылған әнді тыңдап көрелік.

Ән «Көнеміз де»

7. Сабақты бекіту:

Тест сұрақтары

1.Мұқағалидың анасының атын белгілеңіз.

A.Лашын

B.Нағиман

C.Тиын

A.Шолпан

B.Алмагүл

2.Ең бірінші бақытым- Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің, – деген үзінді өлеңнің атын анықтаңыз.

A.Отаным

B.Отан туралы

C.Үш бақытым

D.Халқыма хат

E.Арыз жазып кетейін

3.Тау бұлағы да ағады,

Ой бұлағы да ағады.

Әрқайсысы өзінше тепкілейді жағаны, - деген жыр жолдарындағы эпифораны табыңыз.

A.Тау бұлағы

B.Ой бұлағы

C.Өзінше тепкілейді

D.Бұлағы да ағады

E.Әрқайсысы өзінше

4.М. Мақатаевтың поэмасын табыңыз.

A.«Батыр Баян»

B.«Масғұт»

C.«Сұлушаш»

D.«Құлагер»

E.«Аққулар ұйықтағанда»

5.Санаулы күн,

Санаулы ай,

Санаулы жыл.

Санай жүріп самайлар ағарды кіл, - деген жыр жолдарындағы анафораны табыңыз.

A.Санаулы

B.Ай

C.Жыл

D.Кіл

E.Күн

Сабақты қорытындылау: Мына сандармен нені байланыстыруға болады?

9.02.1931ж. , 27.03.1976ж. , 81жыл. 2012ж. , 1948ж. ,1951ж, 1973-74ж. 1962ж. 1989ж. 1991ж. 2000ж. 45жыл.

Мұқағали есімі қазақ поэзиясының сиволына айналған ұлы ақын. Қазақтың қаншама кейінгі толқын қаламгерлері Мұқағали жырымен рухтанды! Мұқағали қаншама ақынға шын жылаудың, шын жырлаудың қалай болатынын көрсетті! Мұқағали поэзиясы құдды бір көктен құйылған, ешқандай кірсіз, мінсіз әппақ нұр іспетті. Одан жалғандық таппайсыз. Оның сөзі- сіздің өз сөзіңіз. Оның жаны- сіздің өз жаныңыз. Өзгенің жүрек пернесін дәл осыншама тура басу үшін де адамға, сірә, пайғамбарлық парасат керек шығар.

Үй жұмысы: Өздерің қалаған өлеңін жаттау.

Оқушыларды бағалау.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга