Ғарыш әлеміндегі Қазақстан

Смагулова Кымбат Сериковна
физика пәні мұғалімі
Академик О.А.Жаутыков атындағы жалпыға білім беретін № 1 қазақ орта мектебі КММ

Мақсаты:

-Оқушыларда астрономия, ғарыш, аспан денелері туралы түсінік қалыптастыру, аспан кеңістігін зерттеген ғарышкерлерді білуге, ғарыш туралы түсініктерін кеңейту.

-Әрбір жеке тұлғаның мақал арқылы өз ойын жеткізе білу қабілетін, іскерлігін дамыту.

-Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке өз бетімен ізденуге тәрбиелеу

Түрі: ашық жиын

Көрнекілігі: ғаламшарлар, зымыран макеттері, слайдтар, буклеттер.

Жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, оқушылар.«Ғарышты бағындырған Қазақстан» атты кешімізді бастаймыз. 12 сәуір адам баласының ғарышты бағындырған күні. Тұңғыш рет жердің жасанды серігі 1957 жылы қазанның 4-інде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері совет азаматы Ю.А.Гагарин.Ғарышқа сапар шеккен біздің отандастарымызды білесіңдер ма?

Ғарышқа сапар шеккен біздің отандастарымыз Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.

Оқушы: 12 сәуір – ғарышкерлер күні. Дәл осы күн ең алғаш ғарыш кемесі жер бетінен емін-еркін бет алған болатын.Белгісіз тұңғиық, жұлдыздардан ары не барын ол кезде адамзат баласы тек қиялдап қана бейнелей алатын.Біздің өмірсүретін ортамыз-Жер планетасы. Ғарыш әлемін көру үшін зымыранмен ұшу қажет. Зымыран жер мен аспан арасындағы ең жедел транспорт. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлеміндегі өзгерістерді суретке түсіріп, зерттейді.Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киімдер киеді.Ол СКАФАНДР деп аталатын киім ғарышқа ұшуға лайықтаған киім.

Оқушы: Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Аз ғана уақытты Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық станциялар да бар.1963 жылы 16-шілдеде тұңғыш әйел ғарышкер Валинтина Терешкова ұшты. Ғарыш кемесі ұшырылатын ғарыш айлағы Қазақстан жеріндегі Байқоңырда орналасқан.

Ғарыш күнің құтты болсын ағайын,

Басыңдағы бағың жансын әрдайым.

Мен секілді жас өреңдері елімнің

Сақтаса екен бірлігін жерімнің

I кезең

Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

1. Асқақтағанға ... аласа (аспанда)

2. Адаммен адам арасы ... (жер мен көктей)

3. Таразыда таң суиды, ... (сүмбіледе суиды)

4. Түнде жұлдыз жиі болса, ... (келесі күн ашық болады)

5. Аспанға ұшқандар батыр болады,

Бірге туғандар ... (жақын)

6. Аспанда ... жоқ. (тіреу)

7. Ғарышқа адам самғайды,

Құстар ... талмайды. (ұшудан)

II кезең

«Кім мерген» интелектуалды ойын:

Ойын шарты: дартс шеңберіне дротикті (жебе) лақтыру арқылы ұпай санын алады. Сол сан белгіленген шарды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1) Космонавтиканың негізін салушы, орыс ғалымы кім? К.Э.Циоловский

2) Алғашқы совет ғарыш кемелерін кім ойлап тапты? Сергей Королев

3) Жердің алғашқы жасанды серігі қашан ұшырылды? СССР-де 1957ж 4қазанда

4) Жердің жасанды серігімен бәрге ғарышқа бірінші болып ұшқан иттің аты? Лайка

5) Бірінші адамның ғарышқа ұшуы қай жылы болды? Кім ең алғашқы ғарышкер?

1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин

6) Ю.А.Гагариннің ғарыш кемесінің аты қалай аталады? Восток

7) Гагариннің ұшуы қаншаға созылды? 108 минут

8) Ғарышқа екінші кім ұшты?Герман Титов

9) Әлемдегі ең бірінші ғарышкер әйел?Валентина Терешкова

10) Ғарышкер-әйелдерден бірінші болып ашық ғарышқа шыққан кім? Светлана СавицкаяЖеңімпаздарға арналған ән: «Қазақстаным».

Жүргізуші:

Қандай қиын күресте өткен күндерім,

Тағдырымның айлағы болып тұр жерің.

Туған үйің, ғарыш қана шынайы,

Ол – сенімен,

Сен – онымен мәңгіліксің ұдайы ,- дей отырып бүгінгі ғарышкерлерге арналған іс-шарамызды аяқтаймыз.

Назарларыңызға рахмет!

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга