Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы

Исмаилова Гүлжан Садыковна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Ақсу политехникалық колледжі

Сабақтың мақсаты:

1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы баяндау.

Ыбырай әңгімелерін оқушыларға қысқаша мазмұндата отырып, олардың шынайы өмірден алынғандығына назар аударту.

2. Оқушының эстетикалық сезімін ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез - құлық, орынды іс - әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың әдісі : топтық жұмыс, шығармашылық ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай суреті, кітаптары, көрме

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Шоқанның білім алған ортасы, араласып өскен ортасы туралы әңгімеле.

2. Аз ғұмырында көп іс тындырған Шоқан өмрінен қандай ғибрат аласың?

3. Шоқан зерттеулері туралы не білесің?

Жаңа сабақ

Оқушыларды Ы. Алтынсариннің әңгімелерінің атауы бойынша топқа бөлу

Кіріспе

1. "Ыбырай Алтынсарин қазақ арасына әуелі Еуропаның білім - ғылымының көзін ашқан бір аяулы жан болды." (М. Әуезов)

Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер?

Қандай әңгімелерін оқыдыңдар?

2. Хронологиялық таблица арқылы өмір жолына шолу

Жылдар :

1841ж. Қостанай облысы, Затабас ауданында дүниеге келді.

1850ж. Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебінде оқыды

1857ж. Мектепті үздік бітіріп шығады.

1859ж. Орынбор шекара қызметіне тілмаш болып барады. Осы жерде шығысты зерттеуші ғалым Григорьевпен танысады

1860ж. Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы қалаларында қазақ мектебі ашылады. Торғай метебіне мұғалім болып барады

1864ж. Торғайда қазақ балаларына мектеп ашады. 14 бала қабылданады.

1876ж. Қазақ балаларына"Қазақ хрестоматиясы"оқулығын жазуға кіріседі

1879ж. Орынборда басылып шығады.

1881ж. Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебін ашады.

1883ж. Торғайда қолөнер мектебі ашылады. Бұл техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.

1887ж. Ырғызда қыздар мектебін ашады. Ыбырай сол кездегі Орынбор,

Қазан қалаларындағы шығыстану ғылымымен шұғылданушы В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, В. В. Каторинский, Я. П. Яковлев,

А. А Мазохинмен тығыз қарым - қатынаста болып, оқу ағарту мәселелері жөнінде көп көмек алады.

1889ж. 48жасында дүние салады.

3. Тапсырмалар орындау

1 – тапсырма . Мәлімет беріңдер :

1 топ Ыбырай – аудармашы

ІІ топ Ыбырай Алтынсарин – педагог

ІІІ топ Ыбырай еңбектері

2 – тапсырма

Ыбырай әңгімелерін оқулықтан оқып, талдау

1 топ " Бақша ағаштары",

2 топ "Әке мен бала"әңгімелерін оқыту , өз көзқарасын жеткізу.

3 топ Жаман жолдас" әңгімелерін оқыту , өз көзқарастарын жеткізу.

Ой толғаныс

Осы әңгімелерден қандай әсер алдыңдар?

ІV. Бекіту

Сұрақ қою әдісі бойынша топтар бір – біріне сұрақ қояды.

1. Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесіндегі үш жолаушының пікірінің қайсысы дұрыс деп ойлайсың?

2. Ыбырай әңгімелеріндегі мақал - мәтелдерді тауып айт

3. Егер сен жазушы болсаң, қандай тақырыпта әңгімелер жазар едің?

V. Қорытынды

Ыбырай әңгімелерін оқи отырып, бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинақтадық, нені ұқтық?

VІ. Үйге тапсырма: Даланың дара ұстазы әңгіме жазу, әңгімелерін оқу.

VІІ. Бағалау

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга