Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру

Пазылова Айсұлу Оспановна
педагог- психолог
№11 «Балауса» балабақшасы

Еліміздің іргетасын қалаушы азаматтар бүгінгі өскелең жас ұрпақ екені баршамызға белгілі.Сондықтан олардың денсаулығы,білімі мен тәрбиелілігі әрдайым күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі.Халық даналығы «адам ұрпағымен мың жасайды» деп әрқашан өсіп келе жатқан кішкентай азаматтардың дұрыс дамуына,қатарынан кем қалмай,дұрыс қалыптасуына ерекше мән берген.Ата­­­­- бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне қатысты көзқарасын қастерлеп,оны әрдайым жадында ұстап,игі істердің бастауында қағида ретінде басшылыққа алып отыратын еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев : «Балалар - қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқысыз болуға тиіс емес.Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын.Бала тәрбиелеу болашаққа ең үлкен инвестиция.Бұл мәселеге осылай қарап,балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деген болатын.Әсіресе, елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше жағдай жасау үшін жауапкершілікті ең алдымен мемлекетіміз алды.Елімізде әлеуметтік институттар құрылып,ерекше қажеттілікке ие адам мен әдеттегі адамды қоғамда тең әлеуметтік дәрежеде қабылдауы мақсатында жұмыстардың жүргізілуі,еліміздің әр аймағында құрылып,жұмыс жүргізіп жатқан балаларды оңалту орталықтарының құрылуы осының айғағы.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді.Әсіресе,қоғамдағы оқу-ағарту,білім беру салаларындағы гуманитарландыру,демократияландыру үрдістері ең алдыменбілім мазмұнын жаңартуды қажет етіп отыр.Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын,олардың мектепке даярлауға арналған әрқилы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін қамтамасыз ету» көзделген.Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп,түзету қолдау технологиялары жетілдірілуде.Ол –балалардың жасына,жынысына,ұлтына және дініне қарамастан арасын бөлетін тосқауылдарды жоюға ,барлық балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық қосуға баытталған.

Инклюзивті білім беру Қазақстанда қажетті деңгейде дамымаған. Бұл проблеманы шешу дамуында ауытқулары бар балалар санының өсуімен байланысты кезек күттірмейтін шараларды талап етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4%-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі 149246 баланың 29212-сі немесе 19, 5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8% -ды ғана құрайды.

Теориялық негіздемесі «Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім -барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне-көп арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған, қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.

Инклюзивті білім берудің негізіне баланы кез келген дискриминациядан құтқаратын,барлық адамға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін,бірақ ерекше білімділік қажеттілікті талап ететін балаларға арнайы жағдай жасайтын идеология салынған.

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері:

1.Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес;

2.Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті;

3.Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы;

4.Барлық адамдар бір-біріне қажет;

5.Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынас негізінде жүзеге асады;

6.Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына,қатарластарының достығына мұқтаж.

7.Әртүрлілік адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

2004 жылы зерттеу жүргізген кезде орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса,2007 ж.40 пайызы ғана қолдамаған,яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдауға психологиялық тұрғыдан дайын болған.Ал ата-аналардың 79 пайызы «менің баламның қасында неге мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе,қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды.Бұл инклюзивті оқытудың дамып келе жатқанын көрсетеді.Бірақ шешімін таппаған мәселелер көп.Жалпы білім беретін мектептерде педагогтарды дайындау,мектептердің ондай балаларды қабылдауға дайын болуы секілді мәселелер шешілуі керек.Біздің елімізде 1996 жылдан бері қолданылып келе жатқан Халықаралық білімділік «Step by step» бағдарламасы ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды қолдауды,қатардан қалдырмаудықамтамасыз етеді.Оның негізіне төмендегідей қатаң тұжырымдар салынған.Балалар отбасы мен қоғамдастықтың мүшесі болып табылады;әрбір бала білім алуға құқылы; әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі,қызығушылығы, қабілеті мен қажеттіліктері бар.Балалардың қажеттіліктері назардан тыс қалмай және дербес түрде қанағаттандырылған жағдайда олар жақсы оқиды.

Қазақстан Республикасының №343 «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының іске асырылғанына да он бір жылдан асқан екен. Аталған Заңда көрсетілгендей, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру мекемелері әкімшіліктің қолдауымен, қадағалауымен жаңа туған баладан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі, кемтар, мүгедек балалар мен жасөспірімдерді емдеу мен оңалту, тәрбиелеу мен оқыту, әлеуметтік қолдау көрсету және қатарға қосу мәселелерін соңғы он бір жылдан бері бірлесіп шешіп жүр.
Бүгінгі таңда елімізде мүмкіндігі шек­теулі балаларға білім беретін 141 арнайы ұйым мен мектептер, балабақшалар жанын­дағы 1 593 арнайы сыныптар мен топтар, ал инклюзивті білім беретін 1426 мектеп пен 98 балабақша, сонымен қатар, 20 оңалту орталығы, 129 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, 479 логопедия орындары бар. Бұл ретте, бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі мектеп жасындағы балалардың 51,5 па­йызы және мектепке дейінгі жастағы балалардың 24 пайызы арнаулы білім беру бағдарламаларымен қамтылған.

Еліміздегі инклюзивті білім беруді дамыта отырып оны 2015 жылға қарай толық ендіру үшін педагогтар мен мамандарымыз өздеріне арналған төмендегі ұсынымдарды білулері тиіс:даму мүмкіндігі шектеулі балалар бір-біріне ұқсамайды,диагноз – оқытудың дәлме-дәл рецептісі немесе бала дамуының нақты жорамалына негіз бола алмайды.Естуінде,көруінде ауытқуы бар,дене кемістігі бар,оқу материалын меңгерумен байланысты ерекше қажеттілігі бар баламен,ерекше коммуникативтілікті қажет ететін баламен,психикалық дамуында қажеттігі бар баламен жұмыс кезіндегі есте сақтауды қажет ететін қағидалар:1.түрлі бағыттағы мамандардың (педагог,психолог,дефектолог,дәрігер,әлеуметтік педагог) ынтымақтастығы,2.өзара кеңестер,3.табысты жұмыс нәтижесінде ортақ сыныптьар ұйымдастыру.Ол үшін: әр баланы бірінші күннен бастап құшақ жая қарсы ал,оны сол қалпында қабылда;Сыныптағы ортаға бейімде;әр баланың сыныптағы қоғамның мүшесі болуға қол жеткіз;егер қажет болса,балаға ойыншықпен және материалдармен ойнауға көмектес;ойыншықты баланың қалауы мен қызығушылығына қарай таңда;баланың жұмысбастылығын,ойынмен әуестенуін,танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін ойыншықтар мен материалдарды таңда.Ойыншықтар мен материалдарды баланың зейінін,ойынмен әуестігін,жұмысбастылығын дамытатындай мақсатта бейімдеу қажет. Бұдан әрі баланың баланың бейімі,даму мүмкіндігі байқау,тест,диагностика,даму мониторигі арқылы бағаланады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ең маңыздысы бұл аз мөлшерде өзіне қызмет көрсету дағдыларын меңгеру,қоршаған дүниеде бағдарлануда үйрену және қаншалықты мүмкін болса,соншалықты дербес өмір сүруге қалыптастыру бүгінгі күннің алға қойған мақсаттарының бірі болғандықтан мұндай балалармен жұмыс жүргізу барысында М.Монтессори педагогикасын қолдану да өз нәтижесін беріп келеді.Бұл педагогиканың ерекшелігі дайындалған орта арқылы бала өзін-өзі жетілдіреді және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.Дамуында ерекшелігі бар баланың қарапайым санитарлық гигиеналық және еңбек дағдыларын,қарым-қатынас дағдыларын игергені,қоршаған дүние туралы түсініктерінің болуы,мүмкіндігінше денебітімдік даярлығының болуы өте маңызды.Мүмкіндігі шектеулі бала-белгілі бір қамқорлықты қажет ететін немесе өз бетінше өмір сүруге қабілетсіз,дегенмен түзете дамытуда М.Монтессори әдісін тиімді пайдаланса,еңбекке қабілетті болып және тұрмыстық өмірге бейімделе алады.

Елімізде қазіргі таңда инклюзивті білім беру жүйесін кеңнен ендіруді жүзеге асыру үшін мына міндеттерді шешу қажет:мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламаларын жасау;мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесін әзірлеу,мүгедек балалар үшін қашықтықтан білім беру жүйесін әзірлеу;мүгедек балалар үшін санитарлық бөлмелерде көтергіш құралдар,пандустар,арнайы құрылғылар орнату,тұтқалар,арнайы парта,үстелдермен т.б. арнайы құралдармен жабдықталған арнайы «кедергісіз аймақтар» құру,олардың ата-аналарымен жұмысты дұрыс ұйымдастыра білу.Мүмкіндігі шектеулі балалар білімін бағалау жүйесін меңгере отырып,оқыту мен тәрбиелеудің дара оқу жоспарларын жасауды меңгеру.Осы міндеттерді шеше отырып инклюзивті оқытуды жүзеге асыру барысында біздің қол жеткізетін артықшылықтарымыз:1.МШБ сегрегациядан (өзін қалыпты баладан бөлек ұстау)арылады.2.олар басқа балаға еліктеу арқылы бейімделудің жаңа дағдыларын меңгереді;3.олар өз қатарластарының қалыпты ортасына түседі,олармен қарым-қатынасқа түседі,жаңа әлеметтік дағдыларды,әлеуметтік қолдау шеңберін игереді,4.шынайы өмір тәжірибесіне ие бола отырып,ерекше өмір сүру жағдайына қажетті дағдыларды алу мүмкіндігіне ие болады,5.оларға дамуы қалыпты баламен достасу мүмкіндігі туады.Дамуы қалыпты бала 1-ден,өзі қатарлас мүгедек бала жөнінде неғұрлым толық және шынайы түсінік алады, олардың айырмасын қабылдайды,2-ден,олардан ерекшеленетін адамдарға жағымды қатынас қалыптастырады,3-ден,бөгет болатын кедергілерге қарамастан олардың да табысқа жету мүмкіндігін көреді.Ал инклюзивті оқытуды жүзеге асырудың басты әдістемесі – бұл М.Монтессори әдістемесін кең түрде ендіру.Монтессори педагогикасының білім беру мақсаты:мүмкіндігі шетеулі балаларды түзете-дамытып оқыту және тәрбиелеу жағдайында мектепке дейінгі білім берумен қамту.Монтессори тобына қатысатын баланың оқуға деген ынтасы,жұмысқа ықылас көрсету қабілеті артады,балада дербестік пайда болады, қарым-қатынастардың жақсы әдеттерін және ішкі тәртіпті меңгереді.Әдіс,ерік,жігерді жаттықтырады,саналы тыңдау,ашық жоғары сезім,еңбек сүйгіштік және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын қалыптастырады.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Современные инновации в образовании

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга