ХХ ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет

Аймбетова Лаззат Музафаровна
Преподаватель истории и географии
Многопрофильный медицинский колледж «Туркестан»
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Уақыты: 90 мин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Студенттерге ХХ ғасырдың екінші жартысы-ХХІ ғасырдың басындағы ғылым, рухани мәдениеттің дамуына сипаттама беру.
Дамытушылық: Алған білімдерін стандартты емес жағдайда қолданабілу, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Студенттердің дүниеге, қоғамға көзқарасын бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, тәрбие беру.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
• Саралап оқыту
• Бақылау және бағалау
• Ынталандыру
• Бағыт-бағдар беру
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
• Ізденіс әдісі
• Ақпаратты сараптау
• Интерактивті тапсырмалар
• Аралас және ауызша сұрау
Пәнішілік байланыс:
ХХ ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет

Пәндер аралық байланыс:
ХХ ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет

Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар: «Дүние жүзінің саяси картасы», слайдтар.
Үлестірме материалдар: Тест, қима қағаздар, тапсырмалар.
Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, сд, дvд.
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
Негізгі:
1. Г. Д.Сүпірбаева. ХХ ғ. Дүние жүзі. Алматы:Кітап, 2005
2. К. Кожахметұлы, М. Ғубайдулина, М. Дәкенов, Ә. Шүпеков. Дүние жүзі тарихы. Алматы: Мектеп, 2006
3. А.М.Роригес, М.В. Пономарева. Новейшая история стран Европы и Америки ХХ век 1945-2000 гг. –М. Владос, 2004
4. А.М.Родигрес. Новейшая история Зарубежных стран ХХ век 1900-1945 гг.-М. Владос, 2004
Қосымша:
1. Валерио Линтнер. Италия. История страны. – М. ЭКСМО, 2007
2. Кристофер Дэниел. Англия. История страны.- М. ЭКСМО, 2008
3. Э.А. Ианян. История США. – М. Дрофа, 2007
4. В.А. Шестоков. Новейшая история России. –М. Астрель, 2007
5. А. Бушков. Иосиф Сталин. Санкт-Петербург: Нева, 2005

Сабақтың хронокартасы
1. Ұйымдастыру сәті - 5 минут
2. Тақырыптың мотивациясына тоқталу - 5 минут
3. Үй тапсырмасын сұрау - 25 минут
4. Жаңа сабақтың маңыздылығын түсіндіру. - 30 минут
5. Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімін пысықтау - 15 минут
6. Бағалау - 5 минут
7. Үйге тапсырма беру - 5 минут

Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі (5 минут): Сабақтың жабдықталуын, топ түгелдігін
тексеріп, журнал толтыру.
2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (5 мин):
Студенттерденсоғыстан кейінгі онжылдықта мемлекеттердің тарихи консервативтік, реформашылдық және революциялық бағыттар арасындағы күресін, Латын Америкасының дамуындағы қазіргі өзекті мәселелердісұрау.
3 Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау (20 мин):
«Латын Америкасының даму стратегиясы» атты кластерді толтыру.
ХХ ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет

4 Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (40 мин): Студенттерге адамзат тарихында ғылым мен мәдениеттегі ең үлкен серпін ХХ ғасырда басталғанын, өз кезегінде ғылым мен мәдениеттегі, әдебиет пен өнердегі сан алуан процестер адам баласы зияткерлігінің (интеллектуал) толық ашылуына алып келгенінен мағлұмат беру.
ХХ ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет
ХХ ғасыр рационализм мен оғаштыққа толы уақыт болды. Ол рухани және материалдық мәдениеттен ізсіз өткен емес. Әлемнің жаһандану (глобализация) үрдісі бұқаралық мәдениеттің пайда болуына алып келді.
Мәдени дамудың саяси үрдістері мен ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуге болады:
1 ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы – неқұрылым қарқынды және оқиғаларға толы кезең (революция, қозғалыс, соғыс, т.б.). Бұл кезде техникада жаңалықтар ашылып, көптеген көркемдік формалар, стильдер, философиялық тұғырнмалар пайда бола бастады. Мысалы: Әдебиетте (поэзия, кескіндеме), сәулет өнерінде (модернизм), өнерде (режиссерлық театр) пайда болды.
2 ХХ ғасырдың 20-жылдарының басы мен 30 –жылдардың соңы - әдебиетте авангардизм (көркемдеу), ұлттық реализм (кезеңді бейнелеу), натурализм (шынайы), сюрреализм (асыра реализм), кино өндірісінің қалыптасуы, өнеркәсіптік дизайнның қалыптасуы.
3 Соғыстан кейінгі жылдар мен ХХІ ғасырдың басына дейін – бұл кезде ортақ үрдіс, адамның ақыл-ойы мен техникалық прогреске деген сенім:
а) 60-жылдардағы контр-мәдениет пен анти-мәдениеттің феномені пайда болды. (хиппи, панка);
б) 70-80 жылдары ретро және әкелер мен балалардың қатар өмір сүруі (мысалы, жалпыға ортақ компьютерлену), қоғамның көркем мәдениетке өтуіне байланысты;
в) 90-жылдардан бастап жаһандану процесіне бағытталды. Мысалы, мүсін өнеріндегі кинетикалық өнер, әдебиеттегі экзистенциализм (гуманизмнің шарықтауы).
Ғылым
ХХ ғасырда физика, медицина, астрономия, кибернетика, т.б. салалардың дамуында аса ірі жаңалықтар болды. Мысалы физика саласында:
• Пьер Кюри мен Мария Складовская-Кюри радиактивтік жаңалық ашты;
• Альберт Эйнштейн ықтималдық теориясын ашты (1905ж);
• Макс Планк кванттар мен кванттық сәлелерді ашты (1908ж);
• Э.Резерфордтың алғашқы атомдық үлгісі негізінде Нильс Бор атом құрылысының кванттық теориясын жасады (1911-13жж.);
• Ферми-Дирактың кванттық стастикасы (1925ж);
• Ферми ядролық және нейтрондық физиканы дамыту арқылы, 1942 жылы атом бомбасын жасауға түрткі болды.
ХХ ғасырдың 20-жылдары әлеуметтік психология дами бастады. Адамдадың өмірге деген көзқарасын ояту үшін психологиялық әдебиеттер шыға бастады. Мысалы, Австрия психологы Зигмунд Фрейд жан-жақты зерттеу барысында психоанализ, психоаналитикалық теорияларды жалпы жұртқа жариялады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Еуропа және Солтүстік Американың неғұрлым дамыған елдерінде пост-индустриялық қоғам қалыптасты:
• Күн, жел, теңіз толқындарын пайдалану арқылы қуатты балама көздерін ойлап тапты;
• Жасанды материалдар пайда болды (снтетика);
• Өндіріс пен тұрмыста компьютерлендіру жүйесі іске асты;
• Ғарыш кеңістігін игере бастады;
• ДНК молекуласы ашылып, дәрі-дәрмектің жаңа түрлеріойлап табылды;
• Гендік инженерия саласы азық-түлік өнімінің көлемін арттырды;
• Кибернетика ғылымы пайда болды;
• 1976 жылы минипроцессор ойлап табылды;
• Бүкіләлемдік Интернет жаһандық торабын жасау;
• Алғашқы роботтар мен адамсыз өндіріс жасалды;
• Ракеталық қозғағыштрдың жасалуы тұңғыш космонавт Ю.Гагариннің ұшуы ғарыш кеңістігін меңгерудің басы болды.
• АҚШ ғалымы Н.Винердің кибернетиканың кері байланыс, ақпаратты алу, өңдеу және тасымалдау туралы ғылымының негізін қалауы ғылыми зерттеулер мен жасалымдарда жаңа мүмкіндіктер ашты.
• 70-80 жылдары ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі басталды.
• 1971 жылы «Интел» фирмасы минипроцессор жасап шығарды. Соның арқасында компьютерлер жасалды.
• 70-80 жылы жоғары дамыған капмдарғаиталистік елдерде тұрмыстық жаңаша электорндық құрал-жабдықтармен (ЭЕМ) жабдықталған сапалы өзгерістер орын алды.

Рухани мәдениеттің дамуы
Философияның ғылыми-техникалық революциямен қалыптасуы дүниетанымдық негіздердің қайта жандануына жағдай туғызды:
Жаңа позитивизм, яғни шынайы ойлау арқылы тәжірибелік ғылымдарға ұштасу (Карнап, Рассел, Витгенштейн);
Биологиялық-бихевиористік философия, яғни адамның іс-әрекет философиясы. Бұл ХХ ғасырдың 20-40 жылдары АҚШ-та өмірге келген жүйе, негізін қалаған Дж.Дью;
Жаңа томизм, яғни католиктік философияның жаңаруын насихаттайды (Жильсон, Маритен, Войтыл);
Модернизм дәстүрлері, яғни модерн – жаңа, заманауи деген мағананы береді (И.Бехер, П.Неруда, Б.Брехт, Л.Арагон т.б.) 60-жылдардан бастап модернизм постмодернизм сатысына өтеді, ол екіге бөлінеді:
Абстракционизм және авангардизм:
а) Абстракционизм – модернизмнің ерекше формасы, яғни қоғамға қарсы шығу, дүниені қарапайым құралдармен бейнелейтін шынайы бейнені дәйекті қирату ретінде пайда болды. Оның негізін қалағандар: Германиядағы орыс суретшісі В.Кандинский («Көпір тобы» мен «Көгілдір салтанаты»), голландтық П.Мондриан мен супрематизмді жасаушы К.Малевич болып табылады. Қазіргі таңда бұл терминді сәулет өнерінде, қолданбалы өнерде қолдануда.
ә) Авангардизм (фрацузша – алдыңғы отряд деген сөз) абстракционизмді алмастырудың радикалды түрі. Ол 60-жылдардың соңына қарай кең етек жайды.
Ол өзіне сұлулық, әдемілік түсінігі, үйлесімдік жат болатын өнер суррогаты (алмастырушы). Соның нәтижесінде бірнеше авангардтық ағымдар пайда болды (Оптикалық өнер «оп-арт», кинетикалық өнер, гиперрализм, попарт «көпшілік өнер»).
Қазіргі таңда әдебиет пен өнерде символизм, экспрессионизм, фобизм, кубизм, реализм, т.б. пайда болды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында мәдениет өзара бұқаралық және элиталық болып бөлінді. Бұл салалар Еуропа елдерінде кино индустриясында, музыка саласында дамыды.
Әдебиетте аға буынға жататын француздың реалистік жазушылары: А.Жид пен Ф.Мориак, АҚШ жазушылары У.Фолкнер, Э.Хемингуэй Нобель сыйлығының лауераттары атанды.
Фашизмді әшкерелеген шығармалар: Г.Белль «Адам сен қайда болдың?» романы, Т.Манн «Доктор Фаустус», Э.М.Ремарк «Триумф аркасы», «Өмір сүру уақыты мен өлер уақыты» т.б.
Экзестенциализм идеяларын насихаттаған шығармалар француз жазушылары Ж.П.Сартер «Бостандық жолы», А.Камю «Оба».
Абангардист жазушы С.Беккет «Годоны күту» пьесасы үшін Нобель сылығын алды.
Кино өнерінде режиссер Р.Росселини «Рим ашық қала» атты кино қойды. Онда итальян қарсыласу қозғалысына қатысушылардың ауыр азаптары мен ерліктері көрсетілді.
Сонымен бірге итальян жұртшылығының көңілінен шыққан бірнеше фильмдер қойылды.
В. Де Сико «Велосипед ұрлаушылар»,
Л.Висконти «Жер дірілі»,
Дж. Де Сантис «Зәйтүн астындағы тыныштық жер»,
П.Джерми «Үміт жолы».
Осы кезде әлемге танымал болған кино-актрисалар-итальян актрисасы Софи Лорен, АҚШ актрисасы Мэрилен Монро есімі тарихқа енді.
70-жылдары АҚШ пен Еуропада интернациналдық стильден жоғары технологияға негізделген (хай-тек стильі) стиль пайда болды. Бұл қоғамдық орындарда, театрларда, спорттық кешендерде, көрме павилондарында сәнге айналды.
Бейнелеу өнерінде постмодернизм атты жаңа кезең пайда болды. Ол «Үлкен қорқыныштың бел баласы» деген атқа ие болды.
Поп-арт суретшілерінің көрмесі 1962 жылы Венецияда ашылды. Оның өкілдері – Р.Раушанберг, Дж.Джонс, Э.Уорхол, Ольденбург.
1969 жылы гиперреализм ағымы пайда болды. Оның негізінде болмыстық бөліктерін фотографиялық әдіспен жаңғырту алынды. Сәулет өнерінде постмодернизм бағыты пайда болды. Оның өкілдері – Ле Карбюзе, Л.Мис Вандер Роэ, Нимейер, В.Гропиус, постмодернизмнің манифесіне айналған американ сәулетшісінің еңбегі «Архитектурадағы күрделілік пен қайшылықтар» деп аталды.
1970 жылдары сәулетші-авангардистердің бір тобы жаңа бағыт – деконструктивизмнің негізін қалады. Онда осы заманның моральдық, саяси, әлеуметтік, экономикалық қайшылықтар көрініс тапты.
80 жылдары сәулетшілік бағыт «хайтек» (жоғары технология) кең таралды, мұнда техникалық құрылымдар мен формалар (метал-шыныдан жасалатын көп сатылы галериялар) кеңінен қолданыс тапты.

5 Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімін пысықтау (10мин):
Төменде көрсетілген кестені толтырыңыз.
ХХ ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет

6 Студенттерді бағалау (5 мин):
ХХ ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет

8 Үйге тапсырма беру: ХХ ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет

Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
Негізгі:
1. Г. Д.Сүпірбаева. ХХ ғ. Дүние жүзі. Алматы:Кітап, 2005
2. К. Кожахметұлы, М. Ғубайдулина, М. Дәкенов, Ә. Шүпеков. Дүние жүзі тарихы. Алматы: Мектеп, 2006
3. А.М.Роригес, М.В. Пономарева. Новейшая история стран Европы и Америки ХХ век 1945-2000 гг. –М. Владос, 2004
4. А.М.Родигрес. Новейшая история Зарубежных стран ХХ век 1900-1945 гг.-М. Владос, 2004
Қосымша:
1. Валерио Линтнер. Италия. История страны. – М. ЭКСМО, 2007
2. Кристофер Дэниел. Англия. История страны.- М. ЭКСМО, 2008
3. Э.А. Ианян. История США. – М. Дрофа, 2007
4. В.А. Шестоков. Новейшая история России. –М. Астрель, 2007
5. А. Бушков. Иосиф Сталин. Санкт-Петербург: Нскачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

☑ Современный урок: эффективная организация образовательного процесса (для учителей)

☑ Expo-2017 (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия