Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 жж)

Аймбетова Лаззат Музафаровна
Преподаватель истории и географии
Многопрофильный медицинский колледж «Туркестан»
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Уақыты: 90 мин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге1939-1945 жылдардағы екінші дүние жүзілік соғыс жағдайына, Кеңес Одағындағы Ұлы Отан соғысына, халықаралық аренадағы күштер арақатынасының өзгеруіне сипаттама беру.
Дамытушылық: Есте сақтау мен ойлау өрісін дамыту, оқиғаны баяндау, тыңдау қабілетін қолданып, оқу үрдісіне қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерге проблемалық тапсырмаларды қалай қолданудың жалпы бағытын көрсете отырып, ойлау қабілеттерін дамыту, өз-ой пікірлерін нақты жеткізуге бағыттау.

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
▪ Бақылау және бағалау
▪ Ынталандыру
▪ Бағыт-бағдар беру.
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
▪ Аралас және ауызша сұрау
▪ Картамен жұмыс
▪ Өзін-өзі бағалау
▪ Іздену
▪ Бақылау арқылы мадақтау әдістері
Пәнішілік байланыс: Латын Америка елдері, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі халықаралық қатынастар, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеттің дамуы.
Пән аралық байланыс (қамтитын және қамтылатын пәндер):
География, Саясаттану, Мәдениеттану, Әлеуметтану, Экономика
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: «Дүние жүзінің саяси картасы», слайдтар.
Үлестірме материалдар: қима қағаз, тест.
Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, сд, дvд.
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
Негізгі:
1. Г. Д.Сүпірбаева. ХХ ғ. Дүние жүзі. Алматы:Кітап, 2005
2. К. Кожахметұлы, М. Ғубайдулина, М. Дәкенов, Ә. Шүпеков. Дүние жүзі тарихы. Алматы: Мектеп, 2006
3. А.М.Роригес, М.В. Пономарева. Новейшая история стран Европы и Америки ХХ век 1945-2000 гг. –М. Владос, 2004
4. А.М.Родигрес. Новейшая история Зарубежных стран ХХ век 1900-1945 гг.-М. Владос, 2004
5. А.М.Родригес. Новейшая история стран Азии и Африки ХХ век 1900.-1945 гг. – М.Владос, 2004
6. Л.В.Васильев. История Востока – М.: Высшая школа, 2005
Қосымша:
1. Валерио Линтнер. Италия. История страны. – М. ЭКСМО, 2007
2. Кристофер Дэниел. Англия. История страны.- М. ЭКСМО, 2008
3. Э.А. Иванян. История США. – М. Дрофа, 2007
4. В.А. Шестоков. Новейшая история России. –М. Астрель, 2007
5. А. Бушков. Иосиф Сталин. Санкт-Петербург: Нева, 2005

Сабақтың хронокартасы

1. Ұйымдастыру сәті - 5 минут
2. Тақырыптың мотивациясына тоқталу - 5 минут
3. Үй тапсырмасын сұрау - 25 минут
4. Жаңа сабақ - 30 минут
5 Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімін пысықтау - 15 минут
6 Бағалау - 5 минут
7 Үйге тапсырма беру - 5 минут

Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі (5 минут): Сабақтың жабдықталуын, топ түгелдігін тексеріп, журнал толтыру.

2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (5 мин):
Сабақ тақырыбының мотивациясына тоқталып, студенттерден адамзат баласының қоғамдық санасының өзгеруін, Кеңес ғылымының алдына төтенше жауапты міндет қойылып, өндірістік күштердің дамуын, еңбекші халықтың материалдық және мәдени деңгейінің өсуіне мүмкіншілік жасауын, қоғамдық сана-сезімдегі өзгерістер Еуропа өнері мен әдебиетіне де елеулі жаңалықтар әкелгенін сұрау.

3 Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ-жауапәдісімен сұрау.
1 Көпшілік мәдениет дегеніміз не?.
21920-1930 жылдардың әдебиетіндегі жетістіктерді атаңыз.
3 Дүниежүзілік мәдениет ағысындағы кеңес мәдениетінің рөлі мен мәні қандай деңгейде
болды?.
4 Өнер саласында қандай өзгерістер болды?.
5 Өнер мен әдебиет үндестігі дегенді түсіндіріп бер.
6 Мәдениетте байқалған жаңа құбылыстарды сипаттаңыз.

5 Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру:
Студенттергеекінші дүниежүізілік соғыс адамзат тарихыныдағы ең қанды соғыстарының бірі болып саналады. Ұлы державалар жаңа даму кезеңге қадам басып, идеологиялық соғыспен қатар әлем үстемдігіне таласудан бас тартпаған еді. Онда қазақ халқы КСРО-ның құрамында соғысты. Сондықтан соғыстың себептері мен оның барысын және соғыстан алынған сабақты қарастыру тақырыптың басты өзегі болып табылады.

Екінші дүние жүзілік соғыс
(1939-1945 ж.ж.)


1939 жылғы дағдарыс. 15 наурыз 1939 жылы Чехия мен Моравияны оккупациялады, Словакия территориясында тәуелсiз мемлекет құрылды. Гитлер осылайша өзi қол қойған Мюнхен келiсiмiн бұзды. Бiрақ бұләлi бастамасы едi. 21 наурызда Германия Польшадан өзiне Данциктi (Гданьск) беруге келiсiм берудi талап еттi. 22 наурызда немiс әскерлерi Мемельдi (Клайпеда) алды. Италия сәуiрде Албанияны оккупациялады. Ымыраласу саясаты күйредi. 20-30-шы жылдары КСРО-ның сыртқы саясатында ешқандай өзгерiс болған жоқ. Дүниежүзiлiк революция жоспарының күйрегенiн сезiнiп, Кеңестiк Ресей сыртқы саясат оқшаулануынан шығу жолдарын iздедi. Экономиканың дағдарыс жылдарында Батыс елдерi мен КСРО арасында қайшылықтардың шиеленiсуiн антисоветтiк блок құрылуына кедергi келтiретiн қолайлы жағдай деп бағаланды. Алайда көп ұзамай-ақ КСРО-ның бұлқайшылықтар дүниежүзiлiк революция жеңiсi мен КСРО-да социалистiк қайта құруларды аяқтауға мұмкiндiк бередi деген ұмiтi ақталмай, Германия мен Жапонияның агрессиясы КСРО-ның өзiне қауiп төндiрдi. Осы жағдай кеңес басшылығының бұрынғы саясатты өзгертуiне мәжбұр еттi.
Германиямен екi принципте қатынас жасауға болатын едi: бiрi Гитлермен келiсiмге келу, екiншiсi оған қарсы күресу керек. Екi саясатта КСРО-ның дүниежүзiлiк iстерде ықпалының күшейгенде ғана мұмкiн едi. Гитлердiң антикоммунизм саясаты, оның немiс коммунистерiн аяусыздықпен жазалауы кеңес басшылығына таңдау қалдырған жоқ. 1933 жылдан бастап КСРО француз сыртқы iстер министрi Луи Барту ұсынған коллективтiк қауiпсiздiк саясатын барынша қолдады. Бұл саясат Европада статус-квоны сақтауға, яғни бұрын анықталған шекараларды өзгертпеуге бағытталған. Осыған мүдделi мемлекеттер өзара көмек көрсету туралы келiсiмдер жасауға тиiс болды. Барту осы жүйеге КСРО-ның қатысуын ерекше бағалады. КСРО-да бұлсаясатты жүргiзушi КСРО сыртқы iстер наркомы М.М.Литвинов едi. Осы бағытты жүзеге асыру барысында Кеңес Одағы өз жағдайын нығайта алды. 1933 жылы АҚШ-пен дипломатиялық қатынас орнады. КСРО 1934 жылы оның Кеңесiнiң мүшесi ретiнде µлттар Лигасына қабылданды. Бұл оны ұлы держава деп танығандық болатын. Алайда коллективтiк қауiпсiздiк жүйесiн құру жолындағы жалғыз табыс 1935 жылы (хорват усташы Югославия королi Александрмен бiрге Бартуды өлтiрген соң) өзара көмек туралы совет-француз келiсiмiне қол қойылуы едi. Бiрақ оған әскери баптар кiргiзiлмесе де, агрессорларға қарсы бiрiгiп әрекет етуге жол ашылды. Сол жылы Чехословакиямен де осындай келiсiм жасады. КСРО-ның саясатының өзгеруi Коминтерннiң стратегиясына да әсер еттi. Коминтерн 1935 жылы өзiнiң ҮII конгрессiнен бастап, антифашистiк күрестi жандандырды.
Алайда КСРО-ның осы бағыттағы табыстарын онша айтарлықтай емес едi. Франция совет-француз келiсiмiн онша қалаған жоқ, француз парламентi оны бiр жылдан кейiн ғана ратификациялады. Қол қойылған келiсiмдер нақты iске асуына КСРО-ның Германиямен ортақ шекарасының болмауы да әсерiн тигiздi. ґзiнiң келiсiм бойынша мiндетiн орындау үшiн КСРО әскерi Польша және Румыния территориясы арқылы өтуге тиiс болатын. Польшаның да, Румынияның да үкiметi КСРО-дан Германияға қарағанда қатты қорықты, сөйтiп өткiзуге ешқандай уәде бере алмады. Оның ±стiне Қызыл Армияның басшылық құрамында жаппай репрессия жүргiзiлгендiктен, КСРО-ның потенциалы төмендедi деп есептелiндi. Онымен одақтасуға онша мән берiлмедi. Нәтижесiнде Франция коллективтiк қауiпсiздiк саясатынан бас тартып, ымырашылдық британ саясатына iлестi.
Мюнхен келiсiмiне қол қойылғаннан кейiн, совет басшылығы коллективтiк қауiпсiздiк саясаты жүйесiн құрудың жүзеге аспайтынын тұсiндi. КСРО Мюнхен конференциясына шақырылмады да. Совет-француз және совет-чехословак келiсiмдерi қағаз бетiнде ғана қалды. Бұлсовет басшылығын европалық iстерден алшақтатудың белгiсi едi. Көп Үзамай Франция Германиямен бiр-бiрiне соғыс ашпайтындығын бiлдiретiн келiсiм жасалынды. Мұны Москва Германия агрессиясын Шығысқа, КСРО-ға бағыттау деп бағалады.”Империалистiк мемлекеттер” арасындағы қайшылықтар КСРО араласуымен ғана шешiледi деп есептейтiн совет басшылығының ойына күдiк туды. Жапониямен қайшылықтың шиеленiсуi бұлкүдiктi дәлелдей тұстi, өйткенi 1938 жылы жазда жапон әскерi Хасан көл ауданында КСРО территориясына ендi. Бұлқақтығыс кең аймақты шарпымаса да, Жапонияның мүддесiн ашық көрсеттi. Совет басшылығы сыртқы саясат бағытын қайта қарудың қажеттiгi туралы ойлана бастады.
Германияға коллективтiк тойтарыс беру мұмкiндiгiнен күдер үзген соң, Англия мен Францияның саясатына сенуге болмайтындығына көзi жеткен совет басшылығы Германиямен жақындасудың жолын iздедi. 1939 жылы мамырда М.М.Литвиновтың орнына сыртқы iстер наркомы болып В.М.Молотов тағайындалды. Сыртқы саясаттағы өзгерiс әдейi жасалғандай КСРО-ның жағдайы жақсара бастаған тұсқа сәйкес келдi. Англия мен Францияның Польша мен Румынияға берген гарантиясы Оталық Европада жаңа саяси жағдай туғызды. Ендi Германия осы мемлекеттердiң суверенитетiн бұзбай және Англия, Франциямен соғыс жағдайында болмай, КСРО-ға басып кiре алмайтын едi. Осылайша КСРО коллективтiк қауiпсiздiк саясатынан Англия мен Франция КСРО-мен жақындасу жолын қайтадан iздей бастаған тұста ауытқыды.
1939 жылдың наурызында Англия КСРО-ға Франция және Польшамен бiрге өзара әрекет ету туралы жалпы декларацияға қол қоюды ұсынды. Сәуiрде Англия мен Франция Германиямен соғысқа кiрген елге қолдау кепiлi көрсетiлген хат алмасу жөнiнде жаңа идея ±сынды. КСРО Германия агрессиясына тойтарыс беру үшiн Польша мен Румыния территориясына өз әскерiн өткiзу құқын берудi талап еттi. БұлКСРО-ның Германияға қарсы соғысқа қатысқаны Шығыс Европада өз бақылауын орнатуға қойған шарты болатын. Польша мен Румыния Оған қарсы шықты. Осы себептен 12 тамыз 1939 жылы Мәскеудебасталған ағылшын-француз-совет әскери келiссөздерi тҮйыққа тiрелдi. Совет жағы Польша мен Румынияның бұлпозициясын келiссөздердi соза беруге сылтау ғана деп қарады және Англия мен Франция КСРО-мен одақтасқысы келмейтiнiнiң дәлелi деп санады және олар бұлкелiссөздердi Гитлерге қысым көрсету құралы ретiнде пайдаланып, онымен келiсуге ұмтылуы деп ойлады. 1939 жылдың жазында жапон армиясы Халкин-Гол ауданы және КСРО-мен соғыс келiсiмiмен байланысты Моңғолияда тағы да соғыс қақтығысын тұтандырды.
Осының бәрi КСРО-ның Германиямен жақындасуының қажет екендiгiн нығайта бердi. Германия да өз тарапынан КСРО-мен жақындасудың жолын iздеуде едi. Чехия мен Моравияны басып алған соң Германия Польшаға көз тiктi. Гитлер мұнда да Мюнхен сценарийiн қайталағысы келдi, алайда Англия мен Франция оның ойын талқылаудан бас тартып, Полшаға қорған болды. Оны басып алып, Германия Англия және Франциямен соғысуға тәуекел ете алмады. Гитлер Польшаға қауiптi қарсылас ретiнде қараған жоқ, бiрақ оны басып алса КСРО шекарасына шыға алатын едi. Берлин былай ойлады: егер КСРО антигермандық саясат жүгiзе берсе, онда Германия басталғаннан-ақ екi майданда соғысуына тура келедi, оның ±стiне жағдай 1914 жылға қарағанда да тиiмсiз. Сондықтанда Англия мен Францияның бұлжолы мiндiттемесiн орындауға кепiл бергенiн естiгенде Гитлердiң жынданғанын тұсiнуге болатын едi. Ол Англияны қуырып жеуге уәде бердi. Артынша КСРО-мен жақындасты. КСРО-ны дипломатииялық шабуылдау жоспарымен қатар Польшаға қарсы соғыс кампаниясы жоспары да талқыланды. Оны бастау 26 тамызға белгiлендi. 1939 жылдың тамызының ортасында КСРО дүниежүзiлiк саясат назарында болды.
21 тамызда Сталин Гитлерден КСРО-мен өзара соғыс ашпау туралы пактi жасауға Ұмтылатынын және даулы мәселелердiң барлығын реттейтiн кез-келген қосымша келiсiмдерге қол қоюға дайын екенiн бiлдiрткен жеделхат алды. Гитлер Германияның сыртқы iстер министрi И.Риббентропты осыған сай құжаттарға қол қою үшiн 23 тамызға дейiн қабылдауды өтiндi. Сталинге КСРО соғысқа қатыспағандығы үшiн Шығыс Европада көптен көксеп жүрген бақылауын орната алатындығы анық болды. 21 тамызда Сталин Англия және Франциямен жүргiзiлiп жатқан соғыс келiссөздерiн белгiсiз мерзiмге үзу туралы қарар қабылдады. Ол Гитлерге совет-герман қатынастарында елеулi бетбұрыс болатындығына ұмiттенетiнiн және 23 тамызда Риббентропты қабылдауға келiсiм берген жеделхат жiбердi. Риббентроп пен Молотов 1939 жылы 23 тамызда Кремльде өзара соғыс ашпау туралы договоры мен оған құпия хаттамаға қол қойды. Хаттамада екi жақ Шығыс Европада “мүдделi аймақ” шекарасын анықтау туралы келiстi. Германия КСРО-ның Ресей империясының құрамына кiрген Финляндия, Латвия, Эстония және Биссерабия территориясындағы ықпалын мойындады. КСРО Литваны Германия ықпалындағы аймақ деп таныды. Хаттамада Польшаның бөлшектенуi мұмкiн деп көрсетiлдi, ол кезде шекара шебi Германия мен КСРО арасында “Керзон шебiнен” батысырақ Нарев, Висла, Сан өзендерi бойынша өтiлетiн болды. Мәскеудеқұжаттарға қол қойылуы КСРО-ның сыртқы саясаты бағытының өзгергендiгiн тұжырымдады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл қанды соғыс. Бұлсоғысқа жер шары халқының 80 пайызы тұратын дүниежүзiнiң 61 мемлекетi қатысты. Соғыс қимылдары барлық мұхиттарда, Евразияда да, Африкада да, Океанияда да жүрдi. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс 4 жылдан сәл ғана асса, екiншiсi - 6 жылға созылды. Ол барлық соғыстардың iшiнде бәрiн жайпаған, қиратқан соғыс. ґлгендердiң саны соншалықты, толық анықтау мұмкiн болмағандықтан шамамен ғана анықталды. Соңғы деректер бойынша КСРО-дан өлгендер саны-65-67 млн. адам. Оның жартысы бомбылаудан, жаппай атудан және депортацияда өлгендер; осының өзi соғыстың ерекше аяусыз болғандығын көрсетедi. Соғыстын барысында орасан зор материалдық байлықтар, мәдениет ескерткiштерi жойылды, б±лiндi.
Соған қарамастан соғыс барысында соғыстан кейiнгi дүниенiң бейнесiн өзгерткен процесстер тез дамыды. ±ылым мен техника саласында үлкен табыстарға қол жеттi, атом энергиясы игерiлдi,. Капиталистiк елдерде мемлекеттiк - монополистiк капитализм жүйесi едәуiр кеңейдi. Империализмнiң отарлық жүйесi ыдырай бастады. Кейбiр елдерде социалистiк революция әсерiмен революциялар болып өтiп, социализм жеңiсiне әкелдi. Демократиялық және социалистiк күштердiң ықпалы өстi. Фашизмдi жеңу нәтижесiнде дүниенiң саяси картасы өзгердi, саяси және тап күштерiнiң жаңа ара қатынасы қалыптасты.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс Бiрiншiден соғыс операцияларын жүргiзу сипатынан да өзгеше болды. Егерде Бiрiншi көбiнде позициялық соғыс болып, қорғаныс атакадан күштi болса, екiншiсi кезiнде танк, авиация, моторланған армия кеңiнен қолданылып жаудың қорғанысын бұзып, тылға екпiндей шығуға мұмкiндiк бердi. Соғыс барысында қарудың қирату күшi ұлғая бердi: оның соңында ракеталық және ядролық қару - ХХ ғасырдың ең қорқынышты қару пайдаланылды.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс әлем қауымдастығы ауыздықтауға шамасы келмеген соғысқҰмар мемлекеттердiң азғантай тобының мақсатты әрекетiнiң жемiсi едi. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс сияқты, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс та империализмнiң экономикалық және саяси дамуының әркелкiлiгiнiң салдарынан капиталистiк елдер арасында күрт шиленiскен қайшылықтардың нәтижесi мен империалистiк державалардың бiр-бiрiне қарсы күресушi екi коалициясы құрылуынан туындаған едi. Бұлелдер мен олардың басшылары дүние жүзi халқына демократияны жоюды, нәсiлдiк және ±лттық езгiнi, халықаралық қатынаста күштiнiң құқын орнатуды әкелдi. Олардың осындай мақсатта жүргiзген шаралары дүниежүзiлiк тарихты артқа тартты. Олардың жеңiсi адамзатты әлеуметтiк, саяси және мәдени жұтаңшылыққа, тоқырауға ұшыратты. Сондықтан агрессорларға қарсы кiм және қандай мақсатта соғысса да әдiлеттi соғыс жүргiздi. Атап айтқанда, антигитлерлiк коалиция елдерiнiң арасында тоталитарлық мемлекет — КСРО болды. Кеңес халықтары үшiн азаттық антифашистiк соғыс демократияға қарай қозғалыс болған жоқ. Керiсiнше соғыс тоталитаризмдi нығайтты. Солай бола тұрса да, бұлКСРО-ның фашизмдi талқандауға қосқан үлесiне нұқсан келтiре алмайды.
Германия, Италия, Жапония бастаған фашистiк және милитаристiк мемлекеттер Версаль-Вашингтон жүйесiне наразы болып, дүниенi қайта бөлуге, негiзiнен Англия, Франция, АҚШ және олармен байланысты елдер бақылауында болған отар, шикiзат көздерi мен өткiзу рыноктарын басып алуға жанталасты. Германия өз көршiлерiн табанына салуды, КСРО-ны талқандауды, Африка мен Таяу Шығыста жаңа отарлық империя құруды көздедi. Италия Жерорта теңiзiн “Итальян көлiне” айналдыруды, Балкан түбегi мен Таяу Шығыс елдерi, Африканың Шығыс және Солтұстiгiнiң бiр бөлiгiн өзiне бағындыруды жоспарлады. Жапония Қытай және Кеңес Одағының Азиялық бөлiгiн, сондай-ақ Бирма (Мьянма), Индонезия, Филиппины мен басқа “оңтұстiк теңiз” елдерiн өзiне қаратуды көздедi. Ең iрi фашистiк-милитаристiк мемлекеттер-Германия мен Жапония-дүниежүзiлiк ±стемдiкке Ұмтылды. Жапонияның басқарушы топтары өз мақсаты - “дүниенiң сегiз бұрышын бiр шаңырақ астына, яғни Жапония қол астына бiрiктiру” деп ашық жариялады. Фашистiк Германия үкiметiнiң басшысы Гитлер 10 ақпан 1939 жылы немiс әскери қолбасшылығының құпия мәжiлiсiнде сөйлеген сөзiнде өз саясатының мақсатын а) Европада ±стемдiк, ә) жүзжылдық дүниежүзiлiк ±стемдiк деп айқын айқындады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталмай тұрып-ақ Италия, Германия және Жапонияның басқарушы топтары агрессиялық жолға тұстi. Италия Эфиопия (Абиссиния) мен Албанияны, Германия Австрия мен Чехословакияны басып алды. Жапония 1931 жылы Маньчжурияны (Солтұстiк-Шығыс Қытай) оккупациялады, ал 1937 жылы Орталық Қытайда соғыс қимылдарын бастап, Пекин, Шанхай, Нанкин сияқты қытайдың iрi қалаларын қоса үлкен территорияларын өзiне қаратты. 1938 жылы жапон милитаристерi Хасан көлi ауданында Кеңес Одағына, ал 1939 жылы - Халкин-Гол өзенi алқабында Моңғол Халық республикасының территориясына ендi. Кеңес және моңғол әскерлерi басыпалушылардың шабуылына тойтарыс бердi.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың кезеңдерi. Кеңес тарихшылары екiншi дүниежүзiлiк соғысты бес кезеңге бөледi. Бiрiншi кезең — екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы: гитлерлiк Германияның Польшаны басып алуы мен Кеңес Одағына қарсы агрессияға дейiн (1 қыркүйек 1939 жыл - 22 маусым 1941 жыл). Екiншi кезең — фашистiк агрессияның кеңеюi: гитлерлiк Германия мен оның одақтастарының Кеңес Одағына шабуылы мен Кеңес Армиясының Сталинград түбiндегi қарсы шабуылына дейiн (22 маусым 1941 жыл - қараша 1942 жыл).Үшiншi кезең — екiншi дүниежүзiлiк соғыс барысындағы түбiрлi бетбұрыс: кеңес әскерлерiнiң Сталинград түбiндегi қарсы шабуылынан Украина мен майданның орталық бөлiгiндегi шабуылға дейiн (қараша 1942 жыл - желтоқсан 1943 жыл). Төртiншi кезең — Европада фашизмдi талқандау: Кеңес Армиясының Ленинград түбiндегi шабуылынан Францияда екiншi майдан ашылуы мен фашистiк Германияның жеңiлуiне дейiн (қаңтар 1944 жыл - 9 мамыр 1945 жыл). Бесiншi кезең — милитаристiк Жапонияның талқандалуы: Германияның капитуляциялануынан Жапонияның капитуляциялануына дейiн (9 мамыр - 2 қыркүйек 1945 жыл).
КСРО құлағаннан кейiн тарих ғылымында жасалынған жаңа тұжырымдарға байланысты екiншi дүниежүзiлiк соғыс тарихы үш iрi кезеңге бөлiнедi. Бiрiншi кезең — 1 қыркүйек 1939 жылдан - маусым 1942 жылға дейiн. Бұлкезең агрессорлар күшiнiң басымдығымен соғыс аймағының кеңеюiмен сипатталады. Екiншi кезең — маусым 1942 жыл - қаңтар 1944 жыл - соғыстың барысында түбiрлi бетбұрыс, басымдылық та, күш те антигитлерлiк коалиция елдерiнiң қолына көшкен кезең. Үшiншi кезең — қаңтар 1944 жыл 1945 жылдың 2 қыркүйегiне дейiн - соғыстың қорытынды кезеңi, оның барысында антигитлерлiк коалиция елдерiнiң басымдылығы шегiне жеттi, ол агрессор-мемлекеттердiң басқару режимдерiнiң дағдарысы бiлiнгенде және олардың күйреуi басталған сәтте жау әскерiн талқандауға қолданылды.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс. Польшаның басып алынуы. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс Германияның 1 қыркүйек 1939 жылы Польшаға шабуылымен басталды. Герман әскерiнiң соғыс жоспары Англия мен Францияның соғысқа кiру мұмкiндiгiн есепке алды. Сондықтан Польшаны “қауырт соғыс” барысында талқандап, сонан соң әскердi батысқа әкетiлу жоспарланды. Осы үшiн вермахтың жаяу әскерiнiң үштен екiсi Польшаға қарай шоғырландырылды, бұлполяк әскерiнен едәуiр көп едi. Немiс авиациясы әуеде ±стем болды: қалаларды, транспортарды және жолдарды бомбылап, бейбiт халық арасында үрей туғызды, поляк әскерiне мобилизациялауды және оның шекараға жылжуын тежедi. 16 қыркүйекте Польша астанасы - Варшава - қоршалды. Қоршалған Варшава ғана 28 қыркүйекке дейiн күрестi. 17 қыркүйек 1939 жылы поляк үкiметi елдi тастап кеттi. Дәл сол күнi кеңес әскерi Польшаға ендi.
28 қыркүйек 1939 жылы достық және шекара туралы кеңес-герман келiсiмiне қол қойылды. Бұлкелiсiм Польшаның бөлшектенуiн тiркедi және кеңес-герман шекарасы сызығын нақтылады. Ендi шекара 1939 жылғы 23 тамыздағы құпия хаттама шарттарымен салыстырғанда шығысқа қарай жылжыды және “Керзон сызығы” бойынша жүрдi, яғни бiр жағынан поляктар, екiншi жағынан украиндер, белорустар тұратын этнографиялық шекара бойынша анықталды. Поляк халқы тұратын жер Германияның құрамында қалды, КСРО-ға Литва берiлдi. Бұлөзгерiстер Кеңес Одағына Польшаны бөлшектеудi Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны қайта қосу үшiн жасалған азаттық жорығы деп атауға мұмкiндiк бердi. Сондай-ақ кеңес басшылығы мұны Англия мен Францияға КСРО-ны агрессор деп жариялауға сылтау бермейдi дедi, өйткенi Қызыл Армия ағылшындар 1920 жылы кеңес-поляк шекарасы деп белгiлеген “Керзон сызығынан” өткен жоқ. 2 қазанда поляк әскерiнiң соңғы бөлiмдерi берiлдi. Польша Германияның қарулы агрессиясының, сондай-ақ нацистердiң нәсiлдiң теориясының алғашқы құрбаны болды. Поляк интеллигенциясын, еврейлердi жаппай қыру басталды. Еңбек мiндеттiлiгi енгiзiлдi, жүзмыңдаған поляктар ерiксiз Германияға жұмысқа айдалды.
Империалистiк держвалар екi топқа бөлiндi: бiр жағынан гитлерлiк Германия бастаған фашистiк мемлекеттер, екiншi жағынан µлыбритания, Франция, АҚШ және олардың одақтастарының коалициясы. Фашистiк мемлекеттер үкiметi өз елдерiнде толық демократиялық бостандықтарды жойды, коммунистiк партияларға тиым салды, кәсiподақтарға бақылау орнатты, ашық саяси террор жүргiздi. Фашистiк мемлекеттер сыртқы саясатта агрессиялық жолға тұстi. Фашизм бүкiл прогресс, демократия, бостандық сүйгiш күштердiң басты қаупi, ал гитлерлiк Германия дүниежүзiлiк реакцияның соққы берушi күшi болды.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс империалистердiң саясатынан туындаған және халықтардың фашизмге қарсы, ±лттық тәуелсiздiк, бостандық пен демократия үшiн күресiмен байланысты антифашистiк, ±лт-азаттық тенденциялар ретiнде көрiнiс тапты. Фашистiк агрессия құрбанына айналған халықтар мен елдердiң соғысы азаттық және антифашистiк сипатта болды. Милитаристiк Жапония мен фашистiк Германия жаулап алған Қытай мен Польша халықтары агрессорларға қарсы бiрiншi болып соғыс бастады.
Батыс майдандағы жағдай. Польшаны талқандаған Германия босаған әскерiн франк-герман шекарасына төктi. Осы жерге қарай Францияға тұсiрiлген ағылшын әскерi мен француз әскерлерi жылжыды. Олардың саны 1940 жылдың көктемiне қарай ғана немiстермен теңесе алды. Француздар да, ағылшын әскери басшылары да позициялық соғысты қайталауды көздеп, қорғаныс стратегиясын ±стады. Франция 30-шы жылдары Германиямен шекарасы бойынша қорғаныс құрылысын - “Мажино сызығын” тұрғызған болатын. Ол алынбас қамал деп есептелiндi. Соғыс техникасын - екiншi дүниежүзiлiк соғыста шешушi роль атқарған танктер мен авиацияны жетiлдiруге онша мән берiлмедi. Ағылшын мен француз әскерлерiнiң мiндетi Францияның Бельгия мен Люксембург шекарасын қорғау едi. Бельгия да, Люксембург те бейтараптық жариялады. Германияның оны бұзатындығы айқын бола тұрса да не Франция, не Англия ешқандай шара жасаған жоқ. Француз шекарасының осы бөлiгiнде одақтастар немiс әскерiмен ешқандай байланыста болған жоқ. Нәтижесiнде ағылшын-француз әскерлерi ешқандай батыл қимылдар жүргiзбедi, бұл Гитлердiң Польшаны тез басып алуына мұмкiндiк бердi. Батыс майдандағы бұлжағдай “ғажайып соғыс” деген атпен тарихқа ендi.
Қарсыласының қимылсыздығын пайдаланып, немiс қолбасшылығы Солтұстiк Атлантикада теңiз операцияларын жүргiзу үшiн сенiмдi базалар иемдену мақсатында Дания мен Норвегияны басып алуды шештi. Осы елдердiң бейтараптығы туралы Гитлер ойланған да жоқ. 9 сәуiр 1940 жылы немiс әскерi Копенгаген мен Норвегияның бiрнеше порттарына тұсiрiлдi. Дат үкiметi сол күнi капитуляция туралы жариялады. Норвегия армия мен халықты қарсылық көрсетуге шақырды және Англиядан көмек сұрады. Елдiң көп бөлiгiн жау басып алды, билiк жергiлiктi фашист Видкун Квислингке тапсырылды. Король мен үкiмет норвег әскерiнiң қалдықтарымен бiрге Англияға әкетiлiндi.
Францияның талқандалуы. Норвегияны талқандаумен қатар немiстер ағылшын-француз әскерлерiне қарсы шабуыл жасауға дайындық жүргiздi. Вермахт қолбасшылығы 1914 жылдағыдай бейтарап Бельгия мен Люксембург территориясы арқылы негiзгi соққы берудi жоспарлады. Айырмашылығы 1914 жылы герман әскерi Шлиффен жоспары бойынша Бельгия арқылы Парижге барса, ал 1940 жылы басты соққы Бельгия мен Люксембургтiң Франциямен қиылысқан шекарасына бағытталды, Арденна тауы арқылы Кальдегi ағылшын-француз әскерiн айналып өту көзделдi. Қарсыластың әскерiнiң негiзгi тобын жағалауға тықсырып, онан соң жою жоспарланды. Шабуыл 10 мамыр 1940 жылы басталды. Вермахт танктердi пайдаланды. Одақтастар әскерiнiң 340 мыңдық тобын Дюнкерк ауданында жағалауға тықсырып және қоршап, 20 мамырда немiс әскерi Кальге шықты. Екi аптаға созылған оқ пен бомбаның астында ағылшындар қоршалған әскердiң үлкен бөлiгiн эвакуациялады. Техника жауға қалдырылып кеттi. Осы мезетте немiс әскерi Францияның астанасына қарай жылжыды және 14 маусымда оған кiрдi.
Екi күн өткен соң Франция үкiметiнiң басшысы маршал Петэн бiтiм сұрады. Оған 1918 жылы Германияның жеңiлгенiн әйгiлеген бiтiмге қол қойылған Компьен орманындағы маршал Фоштың штаб-вагонында қол қойылды. Франция екi бөлiкке бөлiндi: солтұстiгiн немiстер оккупациялады, орталығы Виши қаласы болған оңтұстiгiнде француз үкiметi мен аз ғана әскерi сақталды. Флот қарусыздандырылды. Отарлар француздардың әкiмшiлiк бақылауында қалып қойды. Петэн бастаған Виши үкiметi Германдық саясат жүргiздi. Франция конституциясы жаңа конституциялық актiлермен ауыстырылды. Францияда демократия жойылды. Алайда француздардың барлығы мұнымен келiспедi. Генерал Шарль де Голль күресуге шақырды. Англияға кетуге мәжбұр болған ол онда антифашистердiң орталығы болған “Ерiктi Франция” комитетiн құрды.
“Үштiк пакт”. Африка мен Балкандағы соғыс қимылдары. КСРО территориясының кеңеюi. Польшаны тез талқандау, бiрқатар Европа мемлекеттерiн оккупациялау, Батыс Европада ең iрi армиясы бар ұлы держава Францияны жеңу Германияны шаттыққа бөледi. Франциядағы жеңiстi әйгiлеп он күн қоңырау соғылды және мемлекеттiк жалау iлiндi. Соғыстың аяқталуы жақын болып көрiндi, ал шығын көп емес: Польшада 16 мың адам, Францияда 50 мыңға жетер-жетпес едi. 1941 жылы оккупацияланған елдерден Германияның әкеткен материалдық байлығының жалпы құны оның жылдық ±лттық табысынан екi есе асып тұстi. Немiс монополиялары байыды, алып концерндердiң ролi өстi. Германия қатаң құпияда ракеталық-ядролық қару жасай бастады.
Соғыстағы iрi жеңiстер фашистiк партия мен мемлекеттi күшейттi. Көптеген халық нацистiк насихаттың ықпалында қалды. Германия басшылары Франция жеңiлген соң Англияның қаруын тастайтындығына сенiмдi болды. 1940 жылы жазда Гитлер Англияға фашистердiң жеңiсiн мойындап бiтiм жасауды ұсынды. Бiрақ, ағылшын үкiметi мұны қабылдамады. Мұнан соң гитлерлiк Германия алдында Батыста Англияны тiзе бүктiру үшiн шабуылды жалғастыра беру немесе Кеңестер Одағын басып алу мәселесi тұрды. Алғашқыда Англияға ену және КСРО-ны басып алу жоспары қатар жасалынды. 16 шiлде 1940 жылы Гитлер Англияға десант тұсiрудi көздеген “Теңiз арыстаны” жоспарына қол қойды. Операцияға бiр ай мерзiм берiлдi. Алайда немiс флоты Англияға десантты белгiлеген уақытта тұсiре алмайтыны мәлiм болған соң, немiс самолеттерi Лондон мен басқа қалаларды бомбылады. 15 қыркүйек 1940 жылы 1000-нан астам немiс бомбылаушы самолеттерi Лондонды нысанаға алды. Англияға әуе шабуылында Гитлер 1700-ден астам самолетiн жоғалтты.
Германияға қарсы күреске Америка Құрама Штаттары да тартылды. Ресми бейтараптықты сақтай отырып, Рузвельт үкiметi Германияға қарсы дипломатиялық әрекет, соғысқа дайындық, күштi әскер мен флот құрудың “Ұлттыққорғаныс” саясатын жүзеге асырды. Басқа империалистiк әлсiрегенiн пайдаланып, АҚШ Латын Америкасында өзiнiң экономикалық және саяси позициясын нығайтты. “Оқшауланушылардың” қарсылығына қарамастан Рузвельт үкiметi µлыбританияға көмегiн көбейттi. µлыбританияның валюта мен алтын қорының таусылуына байланысты Рузвельттiң инициативасымен 11 наурыз 1941 жылы ленд-лиз заңы қабылданды. Ол бойынша АҚШ-тың мүддесi үшiн өте қажеттi елдерге қару-жарақ берiледi. Осыдан соң Англия Америкадан қару-жарақ, азық-түлiк, құрал-жабдық тегiн ала бастады.
Англияның қатты қарсылығына ±шыраған Гитлер КСРО-ға қарсы соғыс дайындығына кiрiстi. 31 шiлде 1941 жылы ол “Егерде Ресей талқандалса Англия соңғы ұмiтiнен айырылады. Онда Европада және Балканда Германия ±стемдiк құрады. КСРО-ға шабуыл 1941 жылдың көктемiне белгiленедi” деп мәлiмдедi. Англияға қарсы “Теңiз арыстаны” жоспары жалғастырыла бердi, бiрақ фашистiк Германияның басты күштерi КСРО-ға қарсы шоғырландырылды.
27 қыркүйек 1940 жылы Германия, Италия, Жапония дүниежүзiн бөлу туралы “¶штiк пактiге” қол қойды. Жапония Германия мен Италияның Европада “жаңа тәртiп” құру iсiнде жетекшiлiгiн, Германия мен Италия Жапонияның “±лыШығысазиат кеңiстiгiнде” жаңа тәртiп құру iсiнде жетекшiлiгiн мойындады. Пактiге қатысушылар бiр-бiрiне барлық құрал-жабдықтармен, қарулармен көмектесетiн болып келiстi. Румыния, Венгрия, Болгария арасындағы территориялық дауға Германия мен Италия арбитр ретiнде араласты. 1940 жылы тамызда олар Румынияны 1918 жылдан Румыния құрамында болған Трансильванияның солтұстiк бөлiгiн Венгрияға берiп, оның тiлегiн қанағаттандыруға мәжбұр еттi. 1940 жылы қыркүйекте Румыния Болгарияға Оңтұстiк Добруджаны қайтарды осының нәтижесiнде Румыния, Болгария және Венгрия Германияға тәуелдi болды. 1940-1941 жылдары “Үштiк пактiге” фашистiк Германияның одақтас елдерi - Румыния, Венгрия, Болгария, Словакия, Хорватия қосылды. Германияның Шығыс Европада гегемондығының орнауы оған осы аймақтың бейнесiн қайта жасауға мұмкiндiк бердi. Югославия дербес мемлекет болудан қалды. Усташтар тәуелсiз Хорват мемлекетiн құрды. елдiң басқа территориялары Германия, Италия, Болгария және Венгрия арасында бөлiндi. 1940 жылдың қарашасында КСРО-мен пактiге қосылу туралы келiссөз жүргiзiлдi. Бiрақ Сталиннiң Балкан мен қаратеңiз бұғаздары ауданындағы мүддесi орындалмай Оған қосылмады. 1940 жылдың тамызында Франко бастаған испан үкiметi Испанияға Гибралтар берiлсе және Италия мен Германия жағынан әскери көмек көрсетiлген жағдайда “Үштiк пактiге” қосылу мен Англияға қарсы соғысқа кiруге уәде берiп, құпия хаттамаға қол қойды. 1940 жылдың соңы - 1941 жылдың басында Финляндия үкiметi КСРО-ға қарсы соғысқа қатысу туралы Германиямен құпия келiссөз бастады.
КСРО-ға қарсы соғысқа дайындық жүрiп жатқан кезде, немiс әскерлерiнiң соғыс қимылдары Англияға қарсы теңiз және әуе операцияларымен шектелдi. Жапония Қытайда соғысты, итальян әскерлерi Шығыс және Солтұстiк Африкада шабуылдады. Италияның Шығыс Африкадағы басты мақсаты Итальян Сомали мен 1936 жылы Италия оккупациялаған Эфиопиямен шектесетiн Британ Сомалиiн басып алу едi. 1940 жылдың жазында итальян әскерi Британ Сомалиiнiң астанасын ала алды, алайда ағылшындар жаңа күш әкелiп, 1941 жылдың көктемiнде итальяндықтарға ойсырата соққы бердi. Ағылшындар Итальяндық Сомалидi алды, содан соң Эфиопиялық партизандардың көмегiмен Эфиопияны азат етiп, Эфиопиямен шектесетiн Итальяндық Эритрея отарына кiрдi. Нәтижесiнде бүкiл Шығыс Африка итальян әскерiнен тазартылды.
Солтұстiк Африкада Ливия территориясынан әрекет еткен итлаьян әскерлерi Египеттi басып алуға тырысты. 1940 жылдың қыркүйегiнде шабуылдаған оларды тез тоқтады. 1940 жылдың желтоқсанында ағылшындар қарсы шабуылға көштi, итальян әскерлерiн Египеттен қуды және Ливияның бiраз бөлiгiн иемдендi. Африкадағы операцияға онша үлкен күш қолданылмаса да, кең аймақта жүргiзiлдi. Солтұстiк Африкада әр жақтың 5-6-дан дивизиясы, Шығыс Африкада - 2-3 дивизиядан болды.
Африкадағы соғыс әрекеттерiн аяқтамай Италия Германияның келiсiмiнсiз Грецияға қарсы соғыс жариялады. 20 қазан 1940 жылы оккупацияланған Албанияға орналасқан итальян әскерлерi бейтараптықты бұздың деп айыптап, Греция территориясына ендi. Греция Италияға соғыс жариялады және ағылшын әскерiн көмекке шақырды. Фашистiк Италияның басқарушы топтары итальян армиясының техникалық басымшылығы оған тез жеңiс әкеледi деп ұмiттендi, бiрақ грек армиясы итальян әскерiне қайта-қайта соққы бердi. Муссолини Гитлерден көмек сұрауға мәжбұр болды. Гитлер Грецияға қарсы соғыс әрекеттерiнiң жоспарын дайындауға және Солтұстiк Африкаға генерал Роммель бастаған немiс танк корпусын жiберуге бұйрық бердi. Бұлкүш ағылшындарды қайтадан Египеттiң шекарасына ығыстырды.
Немiс қолбасшылығының Грецияны басып алу жоспары “Марит операциясы” Румыния мен Болгарияға iрi әскер тобын шоғырландырып, 1941 жылдың наурызында осы күшпен Болгария арқылы Эгей теңiзiнiң солтұстiк жағалауын басып алу көзделдi. Көп Үзамай бұлЮгославияны алу жоспарымен толықтырылды. 1941 жылдың көктемiнде Югославия үкiметi “Үштiк пактiге” қосылу туралы хаттамаға қол қойды. Осы жағдай елде наразылық туғызып, екi күннен соң үкiмет құлады. Югославияның жаңа үкiметi Кеңес Одағымен келiссөз бастады. Мұнан соң Югославияны жау ретiнде танып, тез талқандауға бұйрық бердi. Югославия мен Грецияға шабуылдау үшiн Болгария, Румыния, Венгрия, Австрия, Албанияда орналасқан 80-нен астам немiс, итальян және венгер дивизиялары дайындалды. Олардың 2000 танк, 2000 самолетi болды. Югославияның қарамағында 40, Грецияда — 15 ғана толық жабдықталынбаған жаяу және атты дивизия бар едi. Грецияда құрамында 2 дивизия және 1 танк бригадасы Британ экспедициялық корпусы әрекет еттi. Югославияның да, Грецияның да танк және моторланған құрамалары болған жоқ. Авиациясы өте аз едi.
5 сәур 1941 жылы Югославия үкiметi Кеңес Одағымен достық және бiр-бiрiне соғыс ашпау туралы пактi жасасты. Ал 6 сәуiрде фашисттiк әскер Греция мен Югославияға ендi. 12 сәуiрде олар Югославияның астанасы Белградқа жеттi. 17 сәуiр 1941 жылы Югославия капитуляцияланды. Грецияда фашистiк әскер шабуылына қарсы тұра алмады. 29 сәуiр 1941 жылы грек қолбасшылығының өкiлдерi капитуляция туралы актiге қол қойды. Британ экспедициялық корпусы да қатты соққы жегенiмен, ағылшын флотынегiзгi күштерiн эвакуациялады. 1941 жылы мамырда немiстiң әуе-десанттық күштерi Крит аралын алды. Бүкiл балкан елдерi фашисттiк агрессорлардың бақылауының астында қалды.
Балканды иемденген соң, фашисттiк Германия Таяу Шығысқа енуге тырысты. Виши үкiметiнiң келiсiмiмен Германия Сирияда соғыс-әскери базасын сала бастады. Араб халқының ұлт-азаттық қозғалысын ағылшын және француз отаршыларына қарсы өз мүддесiне пайдалануды көздеген Германия Ирактағы 1941 жылдың сәуiрiнде жүзеге асқан ағылшындарға қарсы төңкерiске көмектесудi ойластырды. Алайда ағылшын Ирактағы төңкерiстi баса алды. Ағылшындар “Ерiктi Франция” бөлiмдерiмен бiрге Сирия территориясына енiп, вишистiк әскерлердiң қарсылығын жойды. Сирияда және Ливанда өкiмет ағылшындар мен “Ерiктi Франция” өкiлдерiнiң қолына көштi. “Ерiктi Франция” басшылығы Сирия мен Ливанға тәуелсiздiк берiлгендiгiн жариялады, алайда осы территорияларда ағылшын-француз әскерлерi қалып қойды. Германия оқиғаның б±лай бет алысын тоқтата алмады. Себебi ол барынша Кеңес Одағына қарсы оғысқа дайындалуда едi.
КСРО 1939-1940 жылдары Германиямен аз уақытқа жақындасудың дәмiн татты. Польша бөлiгi қосылған соң 1939 жылы 31 қазанда КСРО Ленинградтан шекараны ары қарай жылжыту үшiн Финляндияға территория алмасуды ±сынды. Оған Финляндия келiспеген соң, КСРО оған қарсы соғыс бастады.Осы соғыс КСРО-ны Англия және Франциямен соғыстыра жаздады. Алайда. араларында туындаған қайшылық КСРО-ны µлттар Лигасынан шығарумен шектелдi.Осы кезде Қызыл Армия зор шығынмен Фин шығанағы мен Ладога көлiнiң арасына соғылған “Маннергейм шебi” атты бекiнiстi жарып өттi. 1940 жылдың наурызында Финляндия КСРО Карелия мойнағын Выборгпен қоса және басқа территорияларды алған келiсiмге қол қоюға мәжбұр болды. Бiрақ Финляндия өз тәуелсiздiгiн сақтап қалды.
1940 жылы КСРО Прибалтика мемлекеттерiн территорияларына кеңес әскерiн орналастырған келiсiмге қол қоюға мәжбұр еттi. 1940 жылдың тамызында олардың бәрi — Латвия, Литва және Эстония — КСРО құрамына формальды ендi. Сол жылдың маусымында КСРО Румыниядан Бессараскачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Современные инновации в образовании

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга