Рухани байлық - игілік көзі

Толеуова Назым Бейбитказыевна
Оқытушы
«Қаржы академиясы» АҚ колледжі

Мақсаты: Студенттерге қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтар туралы түсінік беру.

 

Міндеттері:

- рухани байлық көздерін ұғындыру;

- рухани байлықты бағалай білуге үйрету;

- рухани байлыққа тәрбиелеу.

Ресурсы: Өзін-өзі тану 10 сынып оқулығы.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин.)

- кезекшімен жұмыс (жоқ студенттерді белгілеу)

Тыныштық сәті: (Релакс) «Нұрға бөлену» (5 мин.)

Оқытушы: ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыздар,қолдарыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіздер. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізге, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, ұстаздарыңызға, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұр уақытша түсініспей, ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адардарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Қандай сезімде болыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер...

 

 

3. Дәйек сөз (цитата). (3 мин.)

«Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі-заттық нәрсе емес, рухани дүние»

Платон

 

4. Әңгімелесу (беседа). (20 мин.)

- Рухани байлық жайлы қысқаша әңгімелеу;

- «Күлтегіннің көк тасы» Н.Айтұлының өлеңін қарастыру

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Неліктен автор «Исі түркі жұртының тұмарындай Көктасым», деп толғанады?
- Тасқа түскен жазулардың рухани күші неде деп ойлайсыңдар?
- «Елтаңба мен Көк байрақ, Әнұранда ғана емес,
Күлтегіннің тасында Елдігімнің нышаны!- деген жолдарды қалай түсінесіңдер?
- видеофильмді тамашалау, ой пікірлерімен бөлісу;

(15 мин.)

 

5. Шығармашылық жұмыс. (15 мин.)

- Әр студент стикерді алып салынған ағашты рухани байлыққа толықтырулары керек;

 

6. Топпен ән айту. (10 мин.)

Н. Тілендиевтің Қ. Мырза Әлидің сөзіне шығарған «Өз елім» өлеңін орындайық.

 

7. Үй тапсырмасы. (1 мин.)

«Ниет тазалығы-игілік бастауы»

жобасын қорғау.

 

8. Жүректен жүрекке. (10мин.)

Рухани байлыққа байланысты бір-бірлеріне жылы сөздерді айту

 


скачать dle 11.0фильмы бесплатно