«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

Жанатаров Бисембай Хамидуллиевич
АӘД ұйымдастырушы-оқытушы
«Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК

Ойынның мақсаты:

1.Ұлы Жеңістің және Қазақ хандығының халқымыз үшін маңызды екенін түсіндіру, өткен тарих туралы түсінік қалыптастыру;

2.Оқушыларды елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу;

3.Ұйымшылдыққа, бірге іс-қимыл, әрекет етуге жаттықтыру;

4.Отансүйгіштік рухта өз елінің қорғаушысы болуға тәрбиелеу.

Қатысушылар: 1-курс студенттері, 4 топ

11К тобы – «Ұлан»

21К тобы – «Жас қыран»

41 тобы – «Беркут»

51К тобы – ««Сұңқар»

Өтетін орны: колледждің спорт алаңы (стадион).

Қысқы әскери ойын болғандықтан міндетті түрде қысқы киім (қолғап, құлақшын) болуы тиіс.

«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойынының жоспары:

1.Ойын алаңына сапқа тұру;

2.Әскери жетекшінің сайыс ережесін таныстыруы;

3.Азимут бойынша қозғалыс көкжиек тұстарын анықтау (пакет іздеу, сұрақтарға жауап беру);

Орталық штабтан 200 м қашықтықта тұрған Шығыста «Ұлан» тобы, Батыста «Жас қыран» тобы, Оңтүстікте «Сұңқар» тобы, Солтүстікте «Беркут» тобы көрсетілген азимут бойынша жүріп отырып пакетті тауып, сұрақтарға жауап беру керек. (Уақыт есепке алынады).

Ойын өтетін алаң сызбасы

«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

4.Эстафета шаңғымен 550м*4;

5.Кросс – 1000м (уақытқа топ болып жүгіру);

6.Гранатаны дәлдікке лақтыру 8-10м (5студент)

Жоғары бөлікке түссе – 4 балл

Орта бөлікке түсссе – 5 балл

Төменгі бөлікке түссе – 3 балл

Бір студент лақтырып келесі студент әкеліп береді гранатаны.

7.Сарбаздың ұрыс алаңындағы қимылы – 70м (35м жер бауырлап, 35м төрт тағандап өту);

8.Ту алу ойыны – 10 мин уақыт

9.«Әскери жекпе-жек» ойыны.

Ойынның өту барысы:

Бірінші бөлім: Топ жетекшілері топтың жарысқа дайын дайындығын баяндау. «Түзел», «Тік тұр» пәрмені орындалған соң жарыс туы көтеріледі. Қазақстан Республикасының гимні орындалады. Әскери жетекші ойын бағдарламасымен және төрешілермен таныстырады.

Екінші бөлім:

1.Азимут бойынша қозғалыс. Көкжиек тұстарын анықтау (әскери топография). Пакет іздеу, сұрақтарға жауап беру. Компас арқылы уақыт есептеледі.

2.Эстафета шаңғымен 550м*4. Әр топтан 4 оқушы қатысады. Уақыт есептеледі.

3.Кросс – 1000м (уақытқа топ болып жүгіріп өту).

4.Гранатаны дәлдікке лақтыру. Қашықтық – 10м, граната салмағы – 700гр. Әр топтан 5 оқушы.

5.Сарбаздың ұрыс алаңындағы қимылы – 70м жүріп өту. а).35м жер бауырлап, ә).35м төрт тағандап жүріп өту.

Ескерту: топ болып жүріп өту уақыт есептеледі.

6.Ту алу ойыны – әр топқа 15 минут уақыт беріледі. Қарсыластың туын өз алаңына алып шыққан оп жеңімпаз болып табылады.

7.Әскери жекпе-жек ойыны. Әр топтың түстерінен тігілген погондарын иықтан жұлып алу ойынның мақсаты. Уақыты-10минут.

Жас қыран-көк түс, Ұлан-қызыл түс, Беркут-сары түс, Сұңқар-жасыл түс.

Ескерту: Қауіпсіздік шарасына көңіл бөлу.

Түсінік: Ойын барысындағы 70м, 550м өлшемдері «Ұлы Жеңіске 70 жыл», «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» цифрларынан алынған.

Қорытынды бөлім: Ойынның қорытындысын шығару. Жеке нәтиже және топтың нәтижелері бойынша жеңімпаздарды марапаттау.

Қысқы әскери «Өжет» ойынының маршрут сызбасы

 

«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

 

«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

«Өжет» қысқы әскери патриоттық ойынының ашылу салтанаты


«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

Шаңғы эстафетасынан көрініс

 

«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

Сарбаздың ұрыс алаңындағы іс-қимылынан көрініс

 

«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

Марапаттау сәті

 

«Өжет» әскери-патриоттық қысқы ойын

Сайысты қорытындылау

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга