Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар

Сабырова Ақбота Уалиевна
Биология пәні мұғалімі
Бостандыксқ орта мектебі

Сабақтың мақсаты:

1. Қосмекенділердің құрылысы және тіршілік әрекеттерімен таныстыру.

2. Оқушылардың қосмекенділер саласы бойынша білімдерін толықтыру.

3. Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:

1 ұйымдастыру.

2 Жаңа сабақты түсіндіру.

Қосмекенділер класы

Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар.

Қосмекенділерді атаңдар. «Қосмекенді» деп неге атаған? Өздерің білетін қосмекенділерді атаңдар.

Қосмекенділер –алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі отада: суда да, құрлықты да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды.

Қазіргі кезде қосмекенділердің 4000-нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрісирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабіна (1996) тіркелген.

Құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер отряды. Денесі бас, тұлға және көбінесен бес саусақты төрт аяқтан тұрады. Кейбір түрлері аяқсыз және құйрықты болады. Дене тұрқы 2-3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін жетеді. Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болып келеді. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдап, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек олар терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды.Қосмекенділерде кіші құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Қосмекенділер – дара жынысты жануарлар. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады. Дернәсілдері түрленіп, дамып, ересектеріне Қосмекенділердеайналады. Қосмекенділер құрылысына, тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді. Олар: аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер.Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің 350-дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандрлар жатады. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің бірі- жетісулық бақатіс. Оны жергілікті тұрғындар «аяқтя балық» деп те атайды.

Құйрықсыз қосмекенділер отряды. Бұлардың 3500-дай түрлері бар. Олардың ересектерінде құйрық болмайды. Өзімізге таныс көлбақа, тоған бақасы, құрбақалар осы отрядқа жатады.

Қорытынды:

А. 1.Класс неліктен қосмекенділер деп аталған? 2.Қосмекенділер класы қандай отрядтарға бөлінеді? 3.Ересек қосмекенділер қандай

мүшелері арқылы тыныс алады?

В. 1.Қосмекенділердің қаңқа бөлімдерін атаңдар. 2. Қосмекенділердің қан тарату жүйесінің қандай ерекешеліктері бар? 3. Жетісулық

бақатістің құрылыс ерекшеліктерін сипаттаңдар.

С. 1. Қосмекенділердің құрылықта тіршілік етуіне байланысты құрылысындағы негізгі ерекшеліктерді атаңдар. 2. Қосмекенділер қалай көбйіп дамиды? 3. Қосмекенділердің дернәсілдері мен ересектерінің құрылыс және тіршілік әрекеттерінде қандай айырмашылықтар бар

Үй жұмысы: § 53 мәтінді оқу, сәйкестендіру кестесін дәптерге орындау

скачать dle 11.0фильмы бесплатно