«Көңілді программистер» сайыс жоспары

Оспанова Зауреш Алиевна
Преподаватель специальных дисциплин
КГКП «Политехнический колледж города Аягоз»

Іс-шара атауы: Көңілді программистер

Іс-шара мақсаты: Студенттердің мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құрал жабдықтар: Іс-шара атауы жазылған түрлі-түсті қағаздар, шарлар, бағалау парақтары, мақтау қағаздары, тарелка, қасық, стакан.

Іс-шара жоспары:

І. Сәлемдесу. Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

ІІ. Ойын

ІІІ. Марапаттау

Ойын жоспары:

1.Командалардың өздерін таныстыруы.

2.«Түсін мені» конкурсы

3.«Ақпарат беру» конкурсы

4.Үй тапсырмасы «Ертегілер еліне саяхат».

Марапаттаулар:

1.І орын

2.ІІ орын.

3.Үздік ойыншы

4.Үздік көрермен.

Іс- шара барысы:

Армысыздар, құрметті «Көңілді программистер» сайысының қатысушылары және қонақтары. Өздеріңіз білетіндей күлкі адам өмірін ұзартады. Сондықтан біз бүгін сіздерге арнап осы сайысты ұйымдастырып отырмыз. Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысты бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстыра өтейін:

1.Арнайы пәндер оқытушысы, ақпараттық технологиялар бірлестігінің жетекшісі: Кузеубаева Дина Ерболатовна

2.Арнайы пәндер оқытушысы: Нуржанова Айжан Бақтыбековна

3.Арнайы пәндер оқытушысы: Ахмадиева Арай Қайратовна

Ойынның І турын бастайық. Бұл турда командалар өздерін таныстырады.Уақытқа регламент жоқ. Максимум 6 баллмен бағаланады.

Екінші турды мен анекдотпен бастағым келіп тұр. Бір күні қолына қармақ ұстаған екі саңырау кездесіпті. Біреуі екіншісінен

-Балық аулауға бара жатрсың ба?- деп сұрайды. Сонда екіншісі

-Жоқ балық аулауға бара жатырмын дейді.

Мұны неге айтып тұр деп ойлайсыздар ғой. Ақпарат алмасуда міндетті түрде ақпарат беруші мен оны қабылдаушы болуы керек. Және шыққан ақпарат қабылдаушыға жетуі керек. Қазір біздің командаларымыз ақпарат беруші және қабылдаушы рольдерінде болады.

Екінші тур «Түсін мені» деп аталады. Оның шарты төмендегідей: Әрбір командадан бір-бір ойыншыдан шығады. Әр ойыншыға белгілі-бір іс-әрекет немесе жағдай жазылған. Ойыншы 2 минут дайындалып, өз командасына іс-әрекетпен ғана түсіндіруі керек. Егер сөз айтатын болса, ұпай есептелмейді. Мұны екі рет орындаймыз. Максимум 8 ұпаймен бағаланады.

Тапсырмалар:

Принтер

Тышқан

Компьютердің тұрып қалуы ( Компьютер завис).

Компьютер ойнап отырған ұл.

Ойыншылар дайын болғанша мен көрермендерге бірер сұрақ қойғым келіп тұр:

1.Алтыншы сынып оқушысы өзіне мынадай сипаттама беріпті: «Менде 32 саусақ бар. Оның 5-і бір қолымда, 5-і екінші қолымда, ал қалған 14-і екі аяғымда». Мұндай болуы мүмкін бе? Жауабыңызды негіздеңіз.

Жауабы: Мүмкін, егер санау жүйесі алтылық болса.

2.Заңдылықты тауып, келесі екі санды айту керек: 4,6,9,13,18,

Жауабы: 24, 31

3.1954 жылы компьютер жасауға математик шақырылды. Ол жасалған компьютер жайында баяндама әзірлеп, көптеген ғалымдарға оны жібереді, себебі ол баяндамада компьютердің негізгі жұмыс істеу принциптері сипатталған болатын. Осы уақытқа дейін көптеген компьютерлер осы принциптерге сүйеніп жасалады. Осы математиктің аты кім?

Жауабы: Джон фон Нейман.

4.Жасанды интеллектті зерттейтін ғылым қалай аталады?

Жауабы: Кибернетика.

5.Калькулятор ЭЕМ болып табыла ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

Жауабы: Иә, өйткені калькуляторда да процессор, жады, енгізу және шығару құрылғылары бар.

6.Паскаль программалау тілі белгілі математик ғалым Блез Паскальдің құрметіне Паскаль тілі деп аталғаны белгілі. Блез Паскальдің информатикаға қандай қатысы бар екенін айтыңыз.

Жауабы: Ол алғашқы есептеу машинасын жасаған.

Ойынның келесі туры «Ақпарат беру»

Бұл турда әрбір команданың капитаны шығып ақпарат тасымалдаушыдан ақпаратты оперативті жадыға тасымалдауы керек. Ол процессор болады, ал ақпарат тасымалдаушы тарелка, оперативті жады-стакан. Қай процессор көп ақпарат тасымалдаса, сол команда көп ұпайға ие болады. Максимум 5 ұпаймен бағаланады.

Үшінші турда мен ертегілер еліне саяхатқа шақырғым келіп тұр. Командаларға үйде компьютер немесе программистер жайлы ертегі құрап келу тапсырылған болатын. Максимум 12 ұпаймен бағаланады. Енді сол ертегілерді тамашалайық.

Ендігі сөз әділ-қазылар алқасында.

 

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга