Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Қазақ жерлерінің Ресейге қосыла басталуы

Сарсенбаева Динара Айдаровна
преподаватель общественных дисциплин
Костанайский экономический колледж Казпотребсоюза

Кіріспе

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп Шоқан Уәлиханов көрегендікпен айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға әрбір ұстаз міндетті. Қазір оқытушы мамандарға қойылатын талап – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру.

Оқытушы қаншалықты тиянақты, ұқыпты сабақ бергенімен оқушыларды тарихи материалдарды оқып – үйренуге ынталандырғанымен егер де оқушының өзі білім алуға өз бетімен ынталанып, қызығушылығы болмаса, оқыту үрдісі ойдағыдай өз дәрежесіндей болмайтыны белгілі. Төменде көрсетілген сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау және жазу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері көрсетілген. Осылайша әр сабағымда оқушылардың топта қарым – қатынас жасауына, өз ойын еркін жеткізе білуіне, тарих пәнінен білім бере отырып, тәрбиеленушілік мүмкіндіктері негізінде сабақта алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдануға бағытталған стратегияларды пайдаланамын.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ жерлерінің Ресейге қосыла басталуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан аумағындағы жүздердің Ресей құрамына кіру алғышарттары мен себептері, патша өкіметінің отарлық саясаты барысындағы саяси оқиғалардан терең түсінік бере отырып, Абылай ханның қазақ үкіметінің көрнекті саяси басшысы, қолбасшысы және дипломаты ретінде атқарған рөлін ашып көрсету.

Дамытушылық: оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, саяси қайраткерлердің қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың ой - өрісін жетілдіру.

Тәрбиелік: тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам жасайтын, туған жерін, елін сүйетін аналы ұрпақ тәрбиелеу. Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Қолданылатын әдістер: интерактивті тақта, топтастыру, проблемалық сұрақ – тапсырмалармен жұмыс.

Көрнекіліктер: саяси қайраткерлердің портреттері, «Айбынды хан – Абылай!» деректі фильмінен үзінді.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өз бетімен білім алуға дағдыланады; Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайын, қазақ халқының алдында тұрған міндетін, мақсатын түсіне біледі; Ұлы жүздің Ресейге қосылуымен 1,5 ғасырға созылатын процестің мәнін түсініп, сол кезеңнің мемлекеттік қайраткерлерінің елжанды әрекеттері туралы қажетті білімді игеріп, оны ой – толғаныс кезінде іске асыра алады.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару. Сабақ барысының ерекшеліктері түсіндіріледі. Бағалау – рейтинг парағы жайлы айтылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. XVII-XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынастары.

а) «Ой қозғау»

  1. Зеңбірек құюды кім үйретті?
  2. 1745-1755 жж. әлсіреген ел?
  3. Жоңғарияның тарих сахнасынан жоғалған жылы?
  4. Тәуке хан ұйымдастырған жиын қай жерде өтті?
  5. 1726ж. Әбілқайыр бастаған әскер құрылған жер?

б) Үй тапсырмасын орындауда және сабақ барысында оқушылар 3 топқа бөлінеді:

1 топ – «Білгірлер» - Қазақ – жоңғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды» жылдары

2-топ – «Алғырлар» - Қазақтардың жоңғарларға қарсы соғыста негізгі жеңістері

3-топ – «Тапқырлар»- Халық батырлары, қазақ билері

в) Хронологиялық тест тапсырмасы

1

Жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулап алған жыл

 

1680

2

Жоңғар хандығы құрылды

 

1634-1654

3

Хандық билігі Тәуке ханға көшті

 

1635

4

Батур –қоңтайшы билік құрған жылдар

 

1730

5

Аңырақай шайқасында жоңғарларға ірі соққы берілді

 

1724-1725

Балалар осы кезеңде қазақ халқының алдында қандай проблемалар тұрды?

«Ой бөлісу»

-Ру тайпалық араздық, феодалдық жанжалдар, үш жүздегі саяси тұрақсыздық.

-Жоңғар әскерінің саны мен қарулану жағынан басымдығы.

Балалар осы біздің қиын – қыстау уақытта қазақ халқының тағдыры үшін күрескен, болашағының жарқын болуы үшін еңбек етіп , тер төккен батыр, билеріміз бар, олар туралы мәліметімізді арттыру үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз. Әр топ оқушыларына сұрақ кезекпен беріледі.

г) «Ой ашар» тапсырмаларына кезек берсек:

І – топ:

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

(Әйтеке би) Әйтеке би қай рудан шықты?

ІІ – топ:

Болмас іске қарыспа

Біреуге ор қазыспа

Жауыздық іске барыспа

Кімнің нақыл сөзі

(Төле би) Төле би неше жасында дүниеден озды?

ІІІ –топ:

Сен темір де, мен көмір

Еріткелі келгенмін

Екі еліктің баласын

Теліткелі келгенмін

(Қазыбек би) Қазыбек би өзінің мәмілегерлік қызметін неше жастан бастады?

Жақсы балалар, енді батырларымыз жайлы сұрақтарға көшпес бұрын батырдың бойында қандай қасиеттер болу керек, соған тоқталайық.

Батырлар туралы топтастыру жасалады.

д) Келесі тапсырма «Тұлғаны анықта»

1. «Білгірлер»

Бұл батырдың ерлігі он үш жасында басталған, әкесі мен ағасы үшін жоңғарлардан кек алған, 1717 жылғы шайқаста көзге түскен, 1741жылғы шайқаста дарабоз атанған батыр

(Қабанбай Қожағұлұлы, 1703-1781)

2. «Алғырлар»

1729 жылғы соғыстан кейін нағыз нарт атанған, қолындағы көк найзасын жетпіс жасқа дейін тастамаған, 2006 жылы Алматы облысы Қаскелең қаласына бұл батырдың есімі берілді және ескерткіш қойылды?

(Наурызбай Құтпанбетұлы, 1706-1781)

3. «Тапқырлар»

1730 жылы тамыздың аяғында Іле өзенінің Аңырақай ағысының тұсында жауды жеңген, Ақша батырдың баласы, бұл батырдың өмірін Үмбетей жырау жырлаған.

(Бөгенбай, 1678-1775 жж)

Батырлық, ерлік туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?

1. «Отан оттан да ыстық»

2. «Ерді – намыс, қоянды – қамыс өлтіреді»

3. «Ел үмітін ер ақтар

Ер атағын ел сақтар»

4. «Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы»

е) Математикадан шеберлігімізді шыңдаймыз.

І топ. 1715-1680= 35 (Тәуке хан болған уақыт)

ІІ топ. 4000\2-532=1748 (Әбілқайыр ханның қайтыс болған жылы)

ІІІ топ. 3000\2+211=1711 (Абылай хан туылған жыл)

Қазақ хандары

Тәуке хан – 1680-1715

Әбілқайыр хан – 1693-1748

Абылай хан – 1711-1781

ж) Үй тапсырмасын қорытындылау үшін «Венн диаграммасы» тапсырмасын орындаймыз.

 

Жоңғар мемлекеті

Ұқсастықтары

Қазақ хандығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Елім – ай» өлеңі тыңдалады.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау, жаңа сабақпен байланыстыру.

Мұғалім сөзі.

ІV. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

Оқушылар дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жазады.

Бүгінгі сабақ тақырыбының атауына назар аударып, оқушылардың осы мәселе бойынша ой – пікірлерін тыңдай отырып, сабақтың барысында қаралатын жоспарды және мақсатын анықтау.

Сабақ жоспары:

  • Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы және алғышарттары.
  • Абылай хандығы және оның саясатының екі жақтылығы.
  • Сабақтың кілт сөзі: «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран»

    V. Жаңа сабақ. Оқытушы сөзі. Сабақ мазмұнын баяндайды. Жоспарда қаралатын сұрақтарға сәйкес, тақырып мазмұны слайдтарды қолдану арқылы беріледі.

    1. «Қазақстанның империя құрамына кіруі отарлау (ерікті түрде және үкімет арқылы) мен жаулап алудан тұрады» . Ә.Бөкейханов.

    2. «Патшалық жаулап алу қазақ бұқарасына ізгілік, бейбітшілік әкелген жоқ, күйзеліс, талап-тонаушылық әкелді» . С.Асфендияров.

    Жоғарыдағы қазақ зиялыларының ұлағатты сөздерін негізге ала отырып, қазақ хандығының Ресей империясы құрамына кіруінің пайдасы мен зияны тақырыбында ой бөліседі.

    Абылай туралы мәлімет

    Әбілмансұр 20 жасынан ел билігіне араласты. Төңірегіне сол кездегі қазақтардың игі жақсыларын топтастырады. Атақты билер Төле би,Қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жырау, ақ ту ұстаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сынды ұлы тұлғалармен кеңесіп билік жүргізеді.

    Көрші жатқан Қытаймен, Ресеймен мәмілеге келеді. Абылай ең әуелі ұлттық мүддені жоғары көтерді. Қазақтың бір шөкім жері жаудың қолында кетпеуі үшін жан аянбай шайқасты.

    1999 жылы зерттеулер нәтижесінде «Абылай хан» кітабы жарық көрді.

    Қызығушылығын ояту. «Топтастыру» әдісі.

    Абылай хан: қолбасшы, халық мәдениетінің жанашыры, реформатор, саяси дипломат, мәмілегер, батыр.

     

    Оқытушы мәліметін толықтыру, сол кезеңді көзбен көру арқылы түсіне білу үшін «Айбынды хан– Абылай!» деректі фильмінен үзінді беріледі.

    Биыл ханның 300 жылдығы аталып өтілуі жайлы тоқталу.

    VІ. Жаңа сабақты меңгерудегі тексеріс жұмыстарын жүргізу. Оқушылардың өзіндік жұмысы

    а) Дискуссия жүргізу.

    Оқушылар өз аргументтерін ұсынады, қолдау және даттаушы топ.

    Тиімді

    Тиімсіз

     

     

     

     

    б) Ой толғаныс. РАФТ кестесін толтыру.

    3 топқа тапсырма

    Рөл

    Аудитория

    Формат

    Тақырып

    Абылай

    Жас ұрпақ

     

     

     

     

     

    А – айбынды

    Б- батыл

    Ы- ымырашыл

    Л- лайықты

    А – ақылды

    Й- қайраткер

    в) «Мағынаны тану» кезеңі

    І топ. Абылайдың саяси портреті.

    Абылай хан жүргізген ішкі саясат

    ІІ топ. Абылай хан жүргізген сыртқы саясат

    Кесте бойынша Абылай ханның дипломат болғандығын көрсетеді.

    Ішкі саясаты

    Сыртқы саясатының негізгі бағыттары

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ІІІ –топ. Медиациялық ойын. «Ғылым». Абылайдың шығармашылығы. Ғалымдардың Абылай ханға берген сипаттамалары

    Абылай туралы.

    1. «Абылай қазақ елін бүкіл Еуразияда қуатты мемлекет дәрежесіне көтерді»

    М. Қозыбаев.

    2. «Қазақтың дербес ел болуына әрі – беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен – қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас».

    М.Әуезов.

    VІІ . Бекіту.

    І топ- Дискуссиялық тапсырма

    Оқиғалар

    Келісемін

    Келіспеймін

    1

    "Қара сиыр” деген жердегі шайқаста жоңғарлар елеулі жеңіске жетіп, қазақ даласын қанға бояды

     

     

    2

    Әбілхайыр Орта жүздің ханы

     

     

    3

    Жоңғар мен ойраттар бір халық

     

     

    4

    Қазақстанның Ресейге қосылу процесі 1,5 ғасырға созылды

     

     

    5

    Бұхар, Қоқан хандықтары қазақтарға қолдау көрсетіп отырған

     

     

    ІІ топ – Семантикалық карта

     

    Оқиғалар

    1723

    1740

    1731

    1758

    1726

    1817

    Бұланты шайқасы

     

     

     

     

     

    Кіші жүз Ресей билігін мойындады

     

     

     

     

     

    Әбілхайыр хан жетекші хан болып тағайындалады

     

     

     

     

     

    Жоңғар мемлекеті құлады

     

     

     

     

     

     

    Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылайдың Ресей билігін мойындауы

     

     

     

     

     

    Ұлы жүздің жалайыр руының Ресей билігін мойындауы

     

     

     

     

     

     

    ІІІ топ – Дос, қарсылас.

    Шуно Дабо, Үмбетей жырау, Малайсары, Қалдан Серен, қытайлар, башқұрттар, Жанұзақ батыр, Хиуа хандығы, Баян батыр, Бұқара хандығы, Сырымбет, Есет батыр

    Дос

    Қарсылас

     

    VІІІ. Ой – толғаныс бөлімі: «соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы «Егемен елге ақ тілек»

    Қорытынды сөз: «Алаш», «Алаш» деп айбатын асырған ер қазақ, «Абылайлап» ел шақырған ер қазақ, «сары қазан, қара баланың қамы үшін» деп ұран салған өр қазақтың өскелең ұрпағы өткенге көз жүгіртіп, бүгінімен өмір сүрсе екен дейміз. Абылай бабамыздың аңсаған арманына жеттік. Басқа ұлттармен теңдесіп, көк туымызды асқақтаттық. Ата – бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. Біз бабалар өсиетін, аманатын ұмытқан жоқпыз. Халқымыздың осындай біртуар ұлдарының бірі – тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев басқа ұлттармен достық қарым- қатынасты нығайтып келеді.

    ІХ.Үйге тапсырма. Қорытындылау. Бағалау: «Жақсы баға – оқу нәтижесі»

    Абылайдың есімі Қазақстан тарихында қандай орын алды: Бүгінде Абылай тек әйгілі хан ғана емес, оның есімі тәуелсіздік пен бірліктің символы

    1. Төл теңгенің бейнесі
    2. Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы шет тілдер университеті
    3. Абылай хан даңғылы
    4. Көкшетау қаласындағы Абылай хан алаңы

    Абылай хан ұрпақтары: Кенесары хан, Ш.Уәлиханов, Ермұхан Бекмаханов – 1915-1966 жж. ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Шот – Аман Уәлиханов – ҚР Елтаңбасының авторлары, Нәйлә Бекмаханова – тарих ғылымдарының докторы. Нәтәй Кенесарин – геология – минералогия ғылымдарының докторы

    Қорытынды

    Қорыта келгенде, ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табу, әрбір баланың бойындағы қабілетті танып, оны жан – жақты дамыту болса, сонымен қатар, тарихтан тағылым мен тәрбие алатын шәкірт тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.

    Материалды жеңіл тілмен, көрнекіліктер пайдаланып, ситуациялық ойындар, практикалық мысалдармен ұштастыра өткізілген сабақ оқушының білім сапасын, олардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін жоғарылатынын байқауға болады.

    Тарих сабағында инновациялық оқыту әдістерін көбірек пайдалану оқушылардың тарихи ойларын жинақтап пайдалануға, тарихи даталарды естерінде берік сақтауға жаттықтырады. Бүгінде оқытуды инновациялық тұрғыдан ұйымдастыруда басты нысанаға осы бағыттарды ала отырып, оқушылардың тарихи танымдық білімдерін жетілдіруді негізгі міндет етудемін.

    Қолданылған әдебиеттер тізімі:

    1. Қазақстан тарихы. Мусин Чапай. Алматы, 2008 ж.

    2. Қазақстан тарихы. Қ. Қаражан Алматы, 2009 ж.

    3. Мұғалім - шығармашыл тұлға. Жалпы тарих. № 1-2, 2010.

    4. Байоразова А.Ж. Тарих пәнін оқытуда колледж студенттерінің өзіндік, шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері. Қазақстан кәсіпкері, №1, 2009ж.

     

    скачать dle 11.0фильмы бесплатно

    Конференции

    Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

    Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

    Конкурсы для учащихся

    ➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

    Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

    Конкурсы для учителей

    Лучшая презентация к уроку

    Лучшая разработка внеклассного мероприятия

    Лучшая разработка классного часа

    Лучший сценарий праздника

    Лучший сайт педагога

    Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

    Лучшая разработка открытого урока

    Лучшая разработка урока в начальной школе

    Лучшая разработка практического занятия

    Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

    Лучший конспект занятия в детском саду

    Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

    Лучшая разработка родительского собрания

    Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

    Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

    Лучшая разработка мастер-класса

    Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

    Лучшая разработка тренинга