Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

Досжанова Галия Есенгелдиевна
Арнаулы пән оқытушысы
Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі

Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды, көзбен елестете біліп, дұрыс пішін немесе макет жасай білуге баулу.

Білімділік: Түстердің ақпараттық қасиеті туралы түсінік беру, ерекше құрылысты ғимараттардың үлгілерін жасату арқылы өз бетімен ізденуге және оқушыларды сауатты макет үлгілерін жасауға үйрету. Алған білімдерін макет жасау барысында жүзеге асыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа үйрете отырып эстетикалық талғамын арттыруға баулу, көлемдік-кеңістіктікойлануы мен визуальді қабылдаудың мәдениетіне тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ғимараттың кеңістіктегі үлгісін саналы, аналитикалық қабылдай білуді дамыту, оның пластикасын, құрылымын, пропорциясын, түс қатынасын және жасалу шеберлігін қалыптастыру. Тірек конспект жазып, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру. Қосымша материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру және ойларын еркін айтып, топпен, жұппен жұмыс жасауды үйрету. Ерекше құрылысты ғимараттар үлгілерін жасау жаттығулары арқылы оқушылардың сәулеттік және табиғи пішіндерді талдай білуін және ой ұшқырлығын дамыту.

Оқыту әдісі: дамыта оқыту.

Сабақтағы өзіндік жұмыстардың түрлері:

1.Дәптермен жұмыс – жаңа тақырыпты қысқаша дәптерге жазып отыру;

2.Интерактивті тақтамен жұмыс – сұрақтарға жауап беру;

3.Шығармашылық жұмыс – тәжірибелік тапсырманы орындау.

Сабақтың материалдық-техникалық көрнекілігі:

Интерактивтік тақта, геометриялық денелерден жасалған макеттер қойылымы, слайд-суреттер, видеоролик.

Пәнаралық байланыс:

Композиция, Сәулеттік жобалау, Тарих, Сурет, Кескіндеме.

Сабақтың мазмұны және барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин

-оқушылармен амандасу

-оқушыларды түгендеу, аудитория дайындығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру: 15 мин

Үй тапсырмасы бойынша практикалық жұмыстарын аяқтап әкелу, яғни, геометриялық фигураларды пайдалана отырып қағаздан макет жасау. Және жасалған макеттер қандай да бір ғимаратқа ұқсас болуы талап етілген болатын. Үй тапсырмасы бойынша тақтаға шығып өз жұмыстарын қорғау.

1.Тілеубергенов Еламан: «Ұлттық музей» макеті.

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

 

2.Тұрарбеков Абзал: «Үш жұлдызды қонақ үй» макеті.

 

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

 

3.Сартаева Жангүл: «Зергерлік сауда орталығы» макеті.

 

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

 

4.Ботагарин Айтуар: «Мешіт ғимараты» макеті.

 

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

 

5.Аманкелді Сексенбай: «Сауда орталығы» макеті.

 

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

 

6.Аққалиев Данияр: «Кинотеатр ғимараты» макеті.

 

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

 

7.Құдайбергенов Әлібек: «Жазғы кафе» макеті.

 

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

 

Сергіту сәті: «Сөзді тап»
5 мин

 

Қатты қағаз және картондарды пайдаланып жасаған макеттеріңіз өте жақсы жасалған және өзара үйлесімділігін тапқан. Енді жаңа сабақты бастамас бұрын сергіту сәтіне кезек берейік. Әріптері ауысқан сәулет мамандығына қатысты термин сөздерден дұрыс сөзді тап.

КИСЭЗ – «................»

ТЕРЬИНЕР – «................»

ТЕЛІШУӘС – «................»

МИҒАТАР – «................»

КАМЕТ – «................»

ТЕКСПР – «................»

ЛЕҢЕКӨК – «................»

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 15 мин

Бүгінгі біздің тақырыбымыз Жарық түсірілімі және түс. Енді ғимаратқа байланысты жарық пен түстердің қолданылуы туралы айтып кетейін.

Адамды қоршаған орта алуан түрлі бояуға толы. Түсті қабылдаудың психофизиологиялық механизмі өте күрделі. Өндірістегі түстер жөніндегі француз маманы Ж.Веньо (1893-1959) түс арқылы адамның абыржуын, ашулануын, т.б. да сезімдерді туғызуға, жайлылық немесе жайсыздық әсерін туындатуға болады деген екен.

Бізді қоршаған ортадағы барлық элементтердің өзіне тән жасанды немесе табиғи түсі бар, мысалы, қызыл ағаштың түсі, алтынның түсі, мыстың түсі, т.б. Ал жасанды түс – заттың бетін бояу немесе жұқа түсті пленкамен қаптау арқылы жасалады. Дүниедегі түсті бояулардың барлығы спектрдің негізгі жеті түсін бір-бірімен араластыру және ұйқастыру арқылы табылады. Спектрдің шеткі екі түсінің қызыл және күлгін түс араласуы қызыл күрең пурпур түсті береді, сонымен сегіз түстен тұратын түрлі-түсті шеңбер пайда болады. Спектрдің барлық түсі хроматикалық деп аталады, ахроматикалық қара, ақ, сұр түстер спектрде жоқ.

 

 

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс» Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс» Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

 

Түс заттың пластикасын және технологиялық анықтығын күшейте көрсетеді. «Алдыңғы қатардағы» ашық, жылы түстер және «артқы қатардағы» түстердің көмегімен бөлменің немесе заттың көлемін көзбен өлшеуге болады. Егер көлемі бірдей екі заттың біреуін суық түспен, екіншісін жылы түспен бояса, біріншісі алыста тұрған сияқты, яғни көлемі кішірек болып көрінеді. Мысалы, көгілдір қабырға алыстайды, қара қабырға жақындайды, ал сары қабырға тіпті көзге көрінбейді.

 

Түстердің «ауыр», «жеңіл» болып қабылдануы – заттың тектоникалық қалыптасуының көрсеткіші. Жеңілдік сезімін затты ашық түстерге бояу арқылы, яғни, сұр, көгілдір, көгілдір-жасыл, көгілдір-қызғылт, көк түстерге және суық түстерді қолдана отырып көрсетуге болады.

Қою және «жылы» түстер, керісінше, заттың мықтылығын, ауырлығын көзге басым етіп байқатады.

Түстің ақпараттық қасиетіне тоқталатын болсақ, мұнда түстің жарықтануы және тұрақты түстік құбылыстарды қабылдауға негізделген заңдылықтар қарастырылады.

Макет жасау барысында түстерге байланысты мынадай көрнекті заңдылықтарды қолданған жөн:

-түс бірнеше жазықтықта көрінеді: пленка, көлем, беткі пішін және т.б.;

-түстің назар аудартқыш қасиетіне байланысты, оның ауырлауын жеңіл түсіндіруге болады;

-заттың текстурасын, бөлшектерін, домалақтығын, құрылысын сезінуге көмектеседі, түс реңіне байланысты жақын арада орналасқан заттар жалпағырақ болып, алыстағылар бұлдырап көрінеді;

-ашықтық әсерлері және түсетін көлеңкелер бейненің пластикасын көрсетуге мүмкіндік береді;

-толық бейнеленген, ортада тұрған бейненің перспективалық көрінісіне бағыттайды;

-ал қағаз шетінде, бір жартысы ғана бейнеленген, ал екінші жартысы тасада тұрған, көлемі үлкендеу басқа бейне одан бері орналасқан, жақынырақ болып қабылданады;

-таныс бейнелердің нақты көлемдерін білу арқылы кеңістіктегі позициясын тиімді орнатуға болады.

Механикалық қозғалыстарға және тереңдікті қабылдай білу мүмкіндігіне негізделе отыра, адам бейнелер арасындағы арақашақтықты анықтай алады.

Көздің бұлшық еттері әсерінің көмегімен заттың алыста немесе жақында орналасуы жайлы ақпаратты адам миына жеткізеді. Жарықты, қараңғыны, әр түрлі түстерді, ортаны көз арқылы қабылдау, қысқаша айтқанда, көру және қабылдау құбылысының ең қызық, ең керемет түрі – түсті кеңістік болып табылады.

Түсті әсем-жабдықтау тәсілімен жасалған қоршаған ортаның сипаттамасы оны көзбен қабылдағанға тиімді және көлемдік өзгертуге болады. Жарық беру қызметі бұл жағдайда екі басты жағдайға негізделеді:

а) ғимараттың және қоршаған ортаның жарықтану айырмашылығы;

б) жарықтық конус аймағындағы реңдердің орындарының ауысуы.

Қазіргі кезде Франция сәулетінде түстің ақпараттық қасиеті кеңінен қолданылады. Мысалы, «Этуаль», «Обер»метро станцияларында ұзын дәліздерді түстің, жарықтың көмегімен «қысқартады», ал тар қабырғаларды «кеңейтеді», бұрылыстарды анық көрсетеді, бұл жолаушылардың ортада тез бейімделуіне көмектеседі.

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс» Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

«Этуаль»

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс» Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

«Обер»

Биіктігі төмен станциялардың төбелері қара түске боялса да, төмен бағытталған күшті жарықтың әсерінен төбенің шекарасы онша байқалмайды.

Жаңа заман критерийлері ахроматикалық түстер қолданылатын сәулетпен қатар, ашық бояуларды да қолдануды талап етеді. Мысалы, сауда және мәдени орталықтар, балабақшалар, бастауыш және орта оқу орындары соңғы жылдары бұрынғыдай ақ немесе сұр түске ғана емес, алуан түрлі бояулармен бояла бастаған. Бұл жағдайда түс бөлек қызметтік топтарды ерекше көрсететін маңызды ақпарат күші болып табылады.

Гренобльдің «Арлекин» атты жаңа ауданында каркасты-панельді блоктардан салынған, қаланың жалпы кескіндемелік көрінісін құрайтын, яғни, қызыл және көк түстер басым үйлердің бояулары олардың көлемдік-кеңістік және конструктивтік құрылысын көрсетеді. Панельдің түсі суперграфикамен толықтырылады, үйлердің нөмірі жазылған, көлік аялдамасына және жаяу адамдарға арналған галереяларға бағыттауыштар орнатылған. Көру арқылы қабылданатын суперграфика түріндегі ақпарат бұл жағдайда екі қызметті атқарады: күрделі өтпелі блоктарға және галереяға бағыттау, сонымен бірге, әсемдік, шрифтік, пластикалық қасиеттерді айқындау. «Арлекин» кварталы қалалық суперграфика кешенімен жақсы үйлесім тауып, яғни, оның суреті, түсі және орындалуы жағынан, жақыннан және алыстан қабылдау нүктелерінен көрінеді.

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

 

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

 

Ашық сабақ: «Жарық түсірілімі және түс»

 

Түсті ортаның қалыптасуының маңызды міндеті – түстің ақпараттық қасиетіне негізделе отырып, көзге көрінетін жабдықтар жиынтығын құру болып табылады. Түсті үйлесімді ұйымдастыру ең алдымен тұрақты түс жүйесінің қалыптасуына байланысты. Дұрыс таңдалған түстік шешім қалалық орта кешенінің құрылу маңыздылығына ықпал етіп, адамдардың сәулет ғимараттарының ішінде, айналасында жүру бағытын анықтап, ғимараттардың қызметтерін де тез танымал етеді. Түстердің бұл қызметі әр түрлі орталық дәрежелерде нақты ақпараттық жүйенің ұйымдасуына көмектесе алады. Ғимараттың жалпы түстік шешімінің деңгейінде кішігірім бейнелердің, заттардың түстік белгілену кодына негізделе отырып, қалалық ортаның қызметіне қарай реңін анықтауға болады.

III. Бекіту кезеңі. 5 мин

Тақырып түсінікті болса, қысқаша бекіту сұрақтары ретінде түстерге байланысты «Сөз тіркесін тап» ойыны арқылы табиғаттың, ауа райының түрлі құбылыстарына байланысты айтылатын атауларын және бөлмелерге қатысты түстерді тауып корейік: (Интерактивті тақтаға оқушылар жазады).

1.«.........» салқын.

2.«.........» түтек боран.

3.«.........» суық.

4.«.........» шұнақ аяз.

5.«.........» жауын.

6.«.........» мұз.

7.«.........» қабырға алыстайды.

8.«.........» қабырға жақындайды.

9.«.........» қабырға тіпті көзге көрінбейді.

IV. Тәжірибелік тапсырма: «Макеттегі түстік елестер». 30 мин

2012 жылдың қараша айында «ЭКСПО-2017» көрмесінің иесі біздің елордамыз Астана қаласы екендігі анықталды, ал қазіргі таңда жаңа және ерекше құрылысты көптеген ғимараттар салынуда. Сіздер де осындай ерекше де әсем ғимараттарға қарап, өз ой ұшқырлығыңызбен ерекше құрылысты ғимарат макетін жасауыңыз қажет. (Оқушылар жұмыс жасау барысында интерактивті тақтада «Астана – EXPO 2017» видеоролигі көрсетіледі) .

Жұмыстың мақсаты: Ерекше құрылысты ғимарат макетін орындау, оның көлемді және көп қатпарлы құрылыстық сипатының бояуы және графикалық тәсілдердің көмегімен орындалуы.

Қажетті құралдар: қарындаш, сызғыш, пвх материалы, «ок» желімі, кеңселік пышақ.

Жұмысты орындау тәртібі:

-жазықтық бетінде көлемді немесе қатпарлы құрылыстың қолданылуымен ғимарат макетін орындау;

-жасалатын ғимарат макетінің бейнесін түстің көмегімен күшейтіп көрсету;

Қауіпсіздік ережесі:

-кеңселік пышақты қасыңдағы оқушыға қарсы сілтеме;

-пвх материалымен жұмыс жасағанда саусағыңды кесіп алмы;

-пвх материалын кеңсе пышағына қарсы айналдыр;

-пышақты тұтқа жағымен бер;

-желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігі;

-қосымша құралдармен жұмыс жасау қауіпсіздігі.

V. Қорытындылау кезеңі: 5 мин

Практикалық жұмыстарды аяқтау, қандай ерекше құрылысты ғимарат жасағанын және қандай түстерді пайдаланғанын түсіндіру.

Сабақты қорытындылау және оқушылар білімін бағалау.

Үй жұмысын хабарлау: тақырыпты оқу, танысу. Ғимарат макетін аяқтау.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно