Окрытый урок на тему: «Хатшының (іс жүргізушінің) лауазымдық міндеттері»

Зкриянова Рита Адильмуратовна
Преподаватель специальных дисциплин
Техническо-экономический колледж

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кәсіби даярлық деңгейін анықтау

Сабақтың міндеті:

1.Оқушылардың жеке қасиеттерін және кәсіби қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

2.Оқушыларға жеке және кәсіби қасиеттерін өндірістік орындарда жүзеге асыруға үйрету, дағдыландыру.

3.Мемлекеттік тіл туралы Заңды, Іс қағаздарын жүргізуге байланысты нормативтік актілерді орындау.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың типі: Іскери ойын сабағы

Қолданылатын көрнекіліктер: құжаттардың үлгілері, қате құжаттар, карточкалар, құжаттарды сұрыптауға арналған әртүрлі құжаттардың жиынтығы (60 құжат), папкілер, слайд.

Техникалық жабдықтар: компьютер, мультимедиялық проектор, флэш карта.

Ұйымдастыру формалары жеке және топпен жұмыс, ұжымдық жұмыс.

Қолданылатын тәсілдер: талқылау, жалпы сипаттау, түсіндіру, қашықтықпен байланыс (он-лайн- мәжіліс), сұхбат беру.

Қолданылатын әдістер: байқау әдісі, практикалық, әңгімелесу, пікірталас.

Жалпы дидактикалық әдістер: мәселені шешу, ішінара зерттеу, көрнекілік (презентациялық)

Өткізілетін орын: Өскемен қаласы, Абай даңғылы 16/1, Технико-экономикалық колледжі, № 33- дәрісхана.

Топтың атауы: 12-Дел «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы.

Оқушылар саны: 22 студент

Өткізу уақыты: сағат 12.00. (90 минут)


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

1

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндетімен таныстыру.

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Ұжымдық жұмыс

5 мин

Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Қазір бізде Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру сабағы. Сабақтың тақырыбы: Хатшының лауазымдық міндеттері. Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болып өтпек. Білімдерімізді жүйелеп, өткен тақырыптарды қайталап, теориялық білімімізді іс жүзінде көрсетуіміз қажет. Көптеген тапсырмаларды орындаймыз, ролдік ойындар ойнаймыз, топпен, жеке- жеке жұмыстар жүргіземіз. Сабаққа дайынбыз ба? Олай болса сабаққа белсене араласуға тырысайық.

Сабақтың жоспарымен таныс болыңыздар:

· Үй тапсырмасын тексеру.

· Бекіту жұмыстары: сұрақтарға, викториналық сұрақтарға жауап беру, қатемен жұмыс жасау, жеке карточкалармен жұмыс, хат жазу т.б. жұмыстар.

· Сабақты қорытындылау, бағалау. Үй тапсырмасы.

· Сабақта берілген регламент уақытын сақтауға тырысайық

Қажетті оқу- құралдарын дайындап, сұрақтарға жауап береді.

2

Үй тапсырмасы

Слайд жиналысты ұйымдастыру

25 минут

Он-лайн режимдегі хабарлама

Үзіліс

Шай дастарханы

Сұбат беру

5 мин.

Ал, ендеше сабағымызды бастайық. Сіздерге үйге бір мекеме не кәсіпорын, ұйымның мәжілісін өткізуді, сол мәжілістің дайындық барысымен қоса даярлап келу тапсырылған болатын. (Оқушылар жайғасқанша жиналысты ұйымдастыру слайды көрсетіліп тұрады.)

Мәжілістің аты: Қазіргі таңдағы мемлекеттік тілдің жағдайы (Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігіндегі облыс мекемелері басшыларының арасындағы мәжіліс)

Оқушылардың мәжілісті өткізуге дайындығы мен өткізу барысын көріп тамашалайық. Сөз кезегі сіздерде.

Слайдтан облыс мекемелері басшыларының атаулары қосылып тұрады.

Оқытушы әрбір оқушының регламент сақтауын, қысқа да нұсқа жауап берулерін сұрайды.

Мәжіліс хатшысын тағайындап алуды ұсынады.

Оқушылар тақырып бойынша өздері даярлаған баяндамаларын айтып, алдағы мәселелерді талқылайды.

(Семей қаласының әкімі ауа- райының қолайсыздығына байланысты, мәжіліске келе алмағандығы жөнінде хатшы хабарлайды. Жауабын он- лайн режимде тыңдайды)

Үзіліс жарияланады – 5 минут

 

Қатысушылар шай дастарханына кеткенде, журналистер (оқушылар) қатысушылардан бүгінгі мәжіліс жөнінде сұхбат алады.

Топтағы барлық оқушылар қатысады, мәжіліске дайындық (үстелге су, қағаз, қалам қою т.б.) және өткізу барысын іс жүзінде көрсетеді, әрбір басшы өзінің баяндамасын өзі дайындайды. Облыс әкімі жиналыстың барысын ұйымдастырып отырады.

Мәжіліс хатшысы мәжілістің барысын хаттамалайды.

Семей қаласының әкімі ауа- райының қолайсыздығына байланысты келе алмады, бірақ, ол кісінің жауабын он- лайн режимде тыңдайық.

Мәжіліс ортасында оқушылар Кофе- брейк өткізеді. Мәжіліске қатысушылар чай, дәмдіден ауыз тиеді.

Осы кезде журналист тақырыпқа байланысты қатысушылардан интервью алады.

Екі- үш оқушы сұхбат береді.

Бекіту кезеңі

Топпен жұмысқа дайындық

3 мин.

Тамаша, үй тапсырмасына өте жақсы дайындалыпсыздар. Енді келесі кезекте топпен жұмыс жасаймыз. Қазір екі топқа бөлініп, топ жетекшісін сайлайық.

1- Топ мүшелері

1. Манарбеков Мақсат- топ жетекшісі

2. Ахдиярова Арай

3. Байбулова Ғалия

4. Жеңіс Қуанышбай

5. Жумадилова Жулдыз

6. Қасен Рашиля

7. Самуратова Еркежан

8. Тохтарханова Ақмарал

9. Тукенова Назерке

10. Турсынбекова Айжан

11. Базарова Айгерім

2- Топ мүшелері

1. Ембергенов Ұлан – топ жетекшісі

2. Ахметсаки Жәнібек

3. Байзолданова Еркежан

4. Елтаева Жанар

5. Журтбаева Қуатай

6. Қайрат Мақсат

7. Лукпанов Дастан

8. Рамазанова Гульзат

9. Сиырбаева Динара

10. Юсупова Айгерім

11. Султангоджинов Еркебұлан

Топ жетекшілерін сайладық, енді қазылар алқасымен таныс болайық:

1.________________________________

2.________________________________

3.________________________________

Қазылар алқасы баға өлшемдері бойынша бағалайды.

 

Екі топқа бөлініп, топ жетекшілерін сайлайды.

Алдын- ала даярланған орындарға барып жайғасады.

А) әр топқа 3 минут, барлығы 6-7 минут.

Викториналық сұрақтарға жауап беру (А қосымшасы).

Мұғалім сұрақтарды дауыстап оқиды (сағаттың сыртылы бар әуен ақырын қосылып тұрады).

Екі топтан бір- бір оқушы шығып сұрақтарға жауап береді.

Ә) Дайындық 1- мин.

Жауап әр топқа 1 минуттан барлығы – 5-6 минут

Құжаттың қатесін тап

Әрбір топқа қате жазылған екі құжат тапсырылады (оқытушы өзі даярлайды). (Ә Қосымшасы)

Топтар құжаттарды ресімдеуде кеткен қателерді тауып, түсіндірулері қажет

Б) бейне сұрақ – 30-40 секунд,

әр сұраққа жауап - 1 минут.

Барлығы- 7-8 минут

Бейнесұрақтарға жауап беру Сұрақтар: мөр басу, құжаттардың түрлері, сот актілерінің түрлері, кіріс –шығыс құжаттарын өңдеу, құжат айналымына байланысты.

Мұғалім: бейне сұрақтарды қосып отырады.

Бірінші сұрақты Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппелляциялық алқасының судьясы Кәкен Қалымбетович қояды. Жақсылап тыңдайық.

Екінші сұрақты Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Жеке Нотариусы Жанузакова Жанар Самарханқызы қояды: Нотариалдық құжаттарда мөр қалай қойылады?

Үшінші сұрақты Жеке нотариустың көмекшісі Шынар Сатыпалдықызы қояды: Істерді қалыптастыруда құжаттың саны қаншадан аспауы тиіс? (180 бет)

Төртінші сұрақты: ШҚ Облыстық сотының бас маманы Каримова Айнур Кабылқызы қояды: Тұрақты түрде сақталатын құжаттарға қандай құжат жасалады және неше данада?

 

 

Оқушылар алдын- ала даярланған бейне сұрақтарға жауап береді.

В) Бір адамға

2 минут – барлығы

8 минут

Карточкаларға жауап

(Б – қосымшасы)

Әр топ берілген карточкаларды суырып, екі теориялық сұраққа жауап беруі тиіс

Г) Әр топқа

5 минуттан- барлығы

10 минут.

Топтардың бір- біріне хат жолдауы

Әр топқа сұрау хаты не өтініш (жұмысқа қабылдау туралы өтініш, жұмыстан шығару туралы өтініш) беріледі. Оқушыларға А4 форматы таратылады.

Сонымен бірге, екі топтан бір- бір оқушы ортаға шақырылады. Сіздер хатты аяқтағанша олар құжаттарды сұрыптаумен айналысады. Құжаттардың жалпы саны, әр топта біркелкі - 30 дана.

Құжаттарды түріне және типіне байланысты жіктеуді орындайды.

Топтар берілген құжаттар бойынша жауап жазуы тиіс.

Екі топтан бір- бір оқушы шығып құжаттарды белгілі папкаларға түріне, типіне байланысты орналастырулары қажет.

Құжаттардың түрлері: Өкімдік, ақпараттық – анықтамалық, жеке құрам бойынша және типтік, үлгілі нормативтік, жеке құжаттар

Д- тапсырмасы Г тапсырмасы мен қатар орындалады.

(уақытты үнемдеу үшін).

Бағалау

2 -3 мин

Қазылар алқасына сөз беріледі. Нақты бағаны шығарып, қорытынды бағаны хабарлайды. Кімдер сабаққа белсені қатысты?

Оқушылар өздерін бағалайды.

Қорытынды. Үй тапсырмасы.

2-3 мин

Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Біз бүгін сабақта не істедік, қандай жұмыстар жүргіздік, кім нені үйренді, сабақтың қандай кезеңдері ұнады, сізге не қызықты болды деген сұрақтар қойылады. Өткен материалдарды естен шығармай, қайталап жүру ұсынылады және осы сабақ бойынша баяндамалық мәлімет дайындау қажет.

Оқытушы сабақты қорытындылайды.

Сабақтың қандай кезеңдері өздеріне ұнағандары жөнінде айтады.

Үй тапсырмасын жазып алады.

 

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга