“Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы” пәнінен ашық сабақтың әзірлемесі

Габдуллина Асель Муратовна
оқытушы
«Қаржы академиясы»АҚ коледжі

Сабақ жүргізу түрі: Семинар

Сабақ жүргізу әдісі: Диспут

Сабақты түсіндіру мақсаты:

Білімділік: Еңбек даулары тақырыбын меңгеру бойынша алған білімдерін тәжірибе түрінде көрсету. Заңдармен жұмыс жүргізуді үйрету

Дамытушылық: Еңбек тәртібі туралы білімдерін жетілдіру. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында заңдылық нормативтік актілермен жұмыс жасау және өзіндік жұмыс дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Берілген тапсырманы нақты орындауға дағдыландыру

Тәрбиелік: Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, аңды пайдала білуді үйрету. Заң құжаттарымен жұмыс кезінде жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу. Таңдаған мамандығына және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Құрал-жабдықтар:2007 жылғы 21 мамырдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2007 жылғы 15 мамырындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңы, талап арыз үлгілері, акттер, проектор, үлестірмелі қағаздар, компьютер

Пәнаралық байланыс:1. "Азаматтық іс жүргізу құқығы” пәні 8-тақырып, "Талап арыздық іс жүргізудің түсінігі, мәні. Талап арыздануға құқығы және талаптануға құқық”

2. "Азаматтық құқық” пәні № 20 тақырып, "Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу ”

Пәнішілік байланыс:"Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы” пәні.

1. 6-тақырып. "Еңбек тәртібінің түсінігі” "Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы” пәні

1. 2-тақырып. "Еңбек шарты ұғымы”

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (оқу кабинетінің сабаққа дайындығын тексеру).

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

II. Негізгі бөлім

1) Тест жұмысы

1. Жеке еңбек дауларын қарайтын органдар:

а) еңбек ұжымының кеңесі;

ә) бітістіру комиссиясы;

б) еңбек даулары жөніндегі комиссия;

в) прокуратура;

г) жолдастық сот.

2. Келісім комиссиясын сайлауға құқылы орган:

а) жергілікті әкімшіліктер;

ә) кәсіподақ ұымы;

б) еңбек ұжымының жалпы жиналысы;

в) қоғамдық бірлестіктер;

г) жұмсы беруші.

3. Заң бойынша еңбек даулары жөніндегі комиссияға еңбек дауларын қарау үшін белгіленген мерзім:

а) үш күн;

ә) бес күн;

б) жеті күн;

в) он күн;

г) бір ай.

4. Еңбек дауларын қарау үшін кәсіпорынның кәсіподақ комитетінің заң бойынша бедгіленген мерзім:

а) үш күн;

ә) бес күн;

б) жеті күн;

в) он күн;

г) мерзіммен шектелмеген.

5. Шаруа шаруашылығында пайда болған дауларды қараушы орган:

а) прокуратура;

ә) еңбек даулары жөніндегі комиссия

б) кәсіподақ комитеті;

в) аудандық (қалалық) сот;

г) жоғары тұрған шаруашылық орган.

6. Еңбеккерлерге келісім комиссиясына өз құқығының бұзылғаны туралы шағымдау үшін заңда белгіленген мерзім:

а) бір ай;

ә) екі ай;

б) үш ай;

в) бір жыл шегінде;

г) дұрыс жауабы берілмеген.

7. Аудандық (қалалық) сот еңбек дауларын қандай мерзім ішінде қарауы тиіс:

а) үш күн;

ә) бес күн;

б) бір апта;

в) он күн;

г) екі апта.

8. Ұжымдық дауларды қарайтын органды анықтаңыз:

а) кәсіподақ комитеті;

ә) еңбек даулары жөніндегі комиссия;

б) бітістіру комиссиясы;

в) делдалдар;

г) жоғары тұрған орган.

9. Ереуілдің басталатыны туралы уәкілетті орган жұмсы берушіні оның жариялануына дейін қандай мерзімнен кешіктірілмей жазбаша ескертуі тиіс:

а) бес күн;

ә) бір апта;

б) он күн;

в) он бес күн;

г) ескертуге міндетті емес.

10. Мына ереуілдердің қайсысы заңсыз болып танылады?

а) жалақыны уақытында төлеу туралы талаптар қойылған ереуіл;

ә) елдің аумақтық тұтастығын өзгерту туралы талаптар қойылған ереуіл;

б) жұмыс уақытын қысқарту туралы талаптар қойылған ереуіл;

в) ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелерін қолдану мәселелері туралы талаптар қойылған ереуіл;

г) ұйымдарда еңбек жағдайларын жақсарту жайлы талаптар қойылған ереуіл.

2) Кесте толтыру:

Ереуіл аты

Мерзімі

Себебі

Басшысы

Сылтауы

Нәтижесі

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

3) Карточка үлестіру

1-карточка

1. Еңбек дауы дегеніміз не?

2. Комиссияның шешім қабылдауы

2-карточка

1.Еңбек даулары қалай сипатталады?

2.Келісім комиссиясының мақсаты не?

3-карточка

1. Келісім комиссиясы қандай дауларды қарайды?

2.Еңбек дауына не себеп болады?

4-карточка

1. Еңбек дауларын сотта қарау тәртібі қандай?

2. Өтініштерді қарау және шешімнің орындалу мерзімдері

4) Жағдаят шешу

Ол үшін топты екі топқа бөлеміз. 1-топ- еңбек дауын сот қарайды, ал 2-топ еңбек дауын комиссия қарайды деп дәлелдейді. 3- топ –сарапшылар, пікір-талас соңында әр топқа баға береді.

1 көрініс

Ұжымдық еңбек дауы (ереуіл)

ЖШС «К» жұмысшылары шартта көрсетіліп жүрген жалақысын алып жүреді, бірақ қазіргі таңда инфляция, экономикалық дағдарыс салдарынан шартта көрсетілген жалақы түкке тұрғысыз болып болвп қалды. Сол себепті ЖШС «К» жұмысшылары бейбіт ереуілге шығады. Ереуілден 2 күн өткен соң, кәсіпорынның директоры Алимов Тоқтар Сәрсенұлы ереуілге қатысқан, оны бастаған деп Ахметов Ербол Қуанышұлын шақырады.

Басшы: Сәлеметсіз бе?

Жұмысшы: Сәлеметсіз бе?

Басшы: Мен сіздің кәсіпорынмен жасаған еңбек шартын бұзбақшымын. Сіз және тағы он шақты жұмысшыны жұмыстан босатыласыздар. Құжаттарыңызды кадр бөлімінен алып жүре беріңіз. Сонымен қатар сіздердің осы айдағы жалақыларыңыз берілмейді. Себебі оны біз өтемақы ретінде алып қаламыз.

Жұмысшы: Не себепті? Не үшін? Не үшін жалақыны бермейміздер? Түсінбедім.

Басшы: Қалай түсінбейсіз? Не 2 күн алдындағы істеген қылықтарыңыз ұмытып кеттіңіздер ме? Бар! Боссың! Не, тағы да қайталайын ба? Бар!

Жұмысшы: Мен сіздің қабылдаған шешіміңізбен келіспеймін, ол дұрыс емес, ол заңсыз сіздің құқығыңыз жоқ!

Басшы: Құқықшылдығын өзінің, сен бе, маған заң үйрететін?

Жұмысшы (ызаланып): Мен тағы айтамын, егер сіз шешіміңізді қайта қарап өзгертпесеңіз, мен келісім комиссиясына не сотқа жүгінемін.

2 көрініс

Шетел азаматы мен жұмсы беруші арасындағы еңбек дауы

Туркия мемлекетінің азаматы Кемал Қазақстандағы «А» атты компаниясында 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап инженер болып жұмысқа орналасады. Бірақ біраз уақыт өткен соң, оны бөлім меңгерушісі жалақысын дұрыс бермеді. Тәртіптік жазаны жиі қолданып, жалақысынан әрдайым ұстап қалып отырады. Теріс қылық үшін тек сол түрік азаматын ғана жазалап отырады. Мысалы, қазақ азаматы кешіксе оған еш ескерту жоқ, ал түрік азаматы кешіксе, оған тәртіптік жаза қолданылды. Түркия азаматы «А» атты компанияның басшысына наразыланып, талап арыз жазады. Бұл дауды қалай шешу керек?

3 көрініс

Қызметкердің денсаулығына зиян келтіруден пайда болған еңбек дауы

17 жасар Асанов Азаматтың әкесі қайтыс болған соң, жанұясы ауыр жағдайға түсті. Оның 2 қарындасы бар. Ал шешесі дүкенде 15000 тг. алады. Азамат жұмысқа тұруға міендетті болады. Ол кездейсоқ хабарлама көреді. Онда химиялық өндіріске жұмысшы керек болады. Ол осы жұмысқа тұрады. Басшысы оған қауіпсіздік бойынша ештеңе түсіндірмей, жұмысқа алады. 2 айдан соң оның денсаулығы нашарлайды. Ол басшысынан медициналық тексеруге ақша сұрайды. Басшысы оның есесіне жұмыстан босатады. Кейін келе одан туберкулез анықталады. Асанов өз құқығын қорғау үшін кімге баруы керек?

II. Сабақты бекіту және пысықтау.

Колледж оқушылары қойған сұрақтарға жауап беру

III .Оқушылардың білімдерін бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау

IV. Үй тапсырмасы

1."ҚР Еңбек кодексі” қайталау, 15,32- тараулар

2.Н.Айымханова. «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы», 125-141 беттер

3.Ахметов А., Ахметова Г. «Еңбек құқығы», 226-249 беттер

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Конституциясы, 30.08.95ж, 2007 жылдың 21 мамырындағы өзгерістер мен толықтырулармен

2. ҚР Азаматтық кодексі,

3. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі

“Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы” пәнінен ашық сабақтың әзірлемесі

 

“Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы” пәнінен ашық сабақтың әзірлемесі

 

“Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы” пәнінен ашық сабақтың әзірлемесі

 

“Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы” пәнінен ашық сабақтың әзірлемесі

 

“Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы” пәнінен ашық сабақтың әзірлемесі

 

“Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы” пәнінен ашық сабақтың әзірлемесі

 

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга