Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі науқасты бақылау және күту

Абдужаппарова Октам Рашидовна
Преподаватель
Многопрофильный медицинский колледж «Туркестан»

Тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі науқасты бақылау және күту

 

І. Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы
.

 

Тыныс алу мүшелері ағзаны оттегімен қамтамасыз ету мен көмір қышқыл газын шығару қызметін атқарады. Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16-дан 40-қа дейін өзгеріп отырады, бұл адамның жасына, жынысына, дене құрылысына байланысты. Дене қызуының көтерілуі, қобалжуы, дене енбегімен айналысу тыныс алу жиілігін арттырады.

Тыныс алу мүшелері ауруларының тамыр соғуын, қан қысымын, тыныс алуын қадағалап, оның жағдайы нашарлап, тіпті әлсірегеннің өзінде дереу дәрігер шақыруы тиіс. Осы процедуралардың барлығын пульмонология бөліміндегі мейірбикелер ұйымдастырады.

Тыныс алу жиілігін пациентке байқатпай санау керек. Осындай мақсатпен пациент білегін алып, тамыр соғуын анықтағандай (санағандай) болады, ал екінші қолын пациент көкірек клеткасына қойып оның бір минуттағы қимылын санайды. Тыныс алу қалыпты, белгілі бір терендікте болуы тиіс.

Тыныс алу орталығының қызметі зардап шеккен кезде тыныс алу сирейді. Ауыр жағдайларда Чайн-Стокс, Биота және Куссмауль типтес патологиялық тыныс пайда болады:

Чайн-Стокс тынысы - дем алу қимылдарынын арасында біртіндеп өсетін және тыныс толық тоқтап қалғанша азаятын үзілістер болады.

Биота тынысы қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 минутқа дейін созылатын ұзақ үзілістерімен сипатталады.

Куссмауль тынысы қалыпты сирек тыныс алу циклдерімен, шулы дем алу және дем шығаруы күшеюімен сипатталады.

ІІ Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Студенттерге тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі науқас жағдайын бақылауды, науқас жағдайын жеңілдететін жағдай жасауды, тыныс алу қызметі бұзылғанда науқасқа көмек көрсетуді үйрету.

Студенттерге оттегімен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздікті сақтауды үйрету.

Тәрбиелік: Студенттерге өз жұмысына деген жауапкершілік сезімін жетілдіру. Науқастарға деген мейрімділікті, өз мамандығына сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Студент білу керек:

-Тыныс алу қызметі бұзылуы кезіндегі клиникалық симптомдарды;

-Тыныс алу қызметі бұзылуының көріністері: демікпе, тұншығу, жөтел (құрғақ, қақырық бөлінуімен), кеуде сарайының ауруы, қан қақыру, өкпеден қан кету жағдайлары туралы түсінікті;

-Оксигенотерапия туралы түсінік. Көрсеткіштерін.

Студент істей білуі керек:

-Науқастың жағдайын жеңілдететін жағдай жасауды;

-Науқасқа ылғалды оттегімен ингаляция откізу немесе таза ауа келуін қамтамасыз етуді;

-Қалталы ингалятор және жеке түкіргіш ыдыспен қамтамасыз етуді;

-Қарапайым физиотерапиялық процедураларды (банкалар, қышалар, компресс, аяққа ыстық ванналар) орындауды;

-Ингаляцияларды (майлы, эвкалитпен, балмен) жасау техникасын;

-Қалпына қарай дренаж жасауды откізу техникасын;

-Қақырықты көзбен қарауды;

-Оксигенотерапия өткізу әдісіні;

-Процедура өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасын;

-Құралдарды тазартуды.

ІІІ Сабақтың материальдық жабдықталуы.

-Боброва аппараты; дистілденген су; 2% гидрокарбонат натрия; 96% спирт; залалсыздандырылған лоток; мұрын катетері; вазелин майы; шпатель; бинт; лейкопластырь; оттегі жастықшасы оттегімен; мундштук;

4 қабатты дәкелі салфетка; 1% лизоформин немесе 1% гипохлорид

ерітіндісі; түкіргіш, таза шыны банка.

Тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі науқасты бақылау және күту Тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі науқасты бақылау және күту 

 

Тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі науқасты бақылау және күту Тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі науқасты бақылау және күту

Сабақта қолданылатын әдістер:

 

1.Репродуктивті.

2.Әнгімелесу.

3.Фронтальді. Бақылау. Байқау.

4.Экспрессивтік есептер.

5.Кіші тонмен жұмыс істеу.

6.Тесттер қолдану.

7.Өзіндік жұмыс.

8.Білім деңгейін бақылау.

9.Құндылықты анықтау.

10. Пәнаралық байланыс: қалыпты және патологиялық анатомия, физиология, фармакология, ішкі аурулар.

ІV.Сабақ өту жоспары.

4.1. Ұйымдастыру кезеңі 3-5 мин.

4.2. Оқытушының кіріспе сөзі – 7-10 мин.

4.3. Студенттердің білім деңгейін және үй тапсырмаларын тексерү 25-30 мин.

Ауызша сұрау.

1. Тыныс алу қызметі бұзылуы кезіндегі клиникалық симптомдар.

Тыныс алу жүйесінің ауруларында кездесетін негізгі симптомдар – мыналар:

1.Кеуде торының ауруы.

2.Ентігу.

3.Демігу.

4.Жөтелу.

5.Қақырық бөлу.

6.Қан түкіру.

7.Цианоз.Әлсіздік, шаршау, тәбеттің болмауы, бас ауруы жиі-жиі кездеседі.

2. Тыныс алу қызметі бұзылуының көріністері: демікпе, тұншығу, жөтел (құрғақ, қақырық бөлінуімен), кеуде сарайының ауруы, қан қақыру, өкпеден қан кету жағдайлары туралы түсінік. Науқас жағдайын бақылауды қамтамасыз ету;

1) Кеуде торының ауруы - көбінесе плевра қабатының қабынуында пайда болады.

Бұл жағдай: құрғақ плеврит, крупты пневмония, өкпе инфарктында, өкпенің обырында, кеуде торының жарақаттануында, пневмоторакс, қабырға сынғанда кездеседі. Кеуде торындағы аурулар терең және беткейлік болып екіге бөлінеді.

Беткейлік аурулар көбінесе қабырғалар сынғанда, қабырғааралық невролгия кезінде де кездесуі мүмкін. Терең аурулар плевралық аурулар деп те аталады. Плевралық аурулар: терең дем алғанда, жөтелгенде, физикалық күш түскенде пайда болады. Қабырғааралық невролгиялық ауруларына қарағанда, осы жерлерге пальпация жасағанда ауру болмайды. Кейде кеуде торында пайда болатын аурулар өте күшті, ұзақ жөтелуден де болуы мүмкін.

Кеудедегі ауырсыну пайда болғанда:

·Дәрігерге айту

·Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы қалыпқа жатуға көмектесу

·Науқасқа үстірт демалуды тағайындаңыз

·Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді беру

·Жөтелуді басу үшін кодеин 0,015 г, дионин 0,02 беру керек

·Ауырсынуды басу үшін диклофенак, пипольфен, баралгин егу керек.

2) Ентігу деп дем алу жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуын атаймыз.

Ентігудің 3 түрі бар:

- инспирациялық ентігу кезінде - дем алу, Бұл ауа жолында бөгде зат болғанда, дифтерия немесе көмей тұсында ісік болғанда кездеседі.

- экспирациялық ентігу кезінде - дем шығару, (демікпе, эмфизема, созылмалы бронхиттер).

- аралас ентігу кезінде - дем алу да, дем шығару да қиындайды. пневмония, пневмоторакс).

·Көмек: Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз

·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз

·Палатада тыныштық орнатыңыз

·Науқасты тыныштандырыңыз

·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы

3) Демігу - бұл өте күшті ентігудің ең биік шыңы, бірден басталады. Ұстама түрінде жүретін ентігуді астма деп атайды.

Астманың бірнеше түрі бар:

А) өкпе ауруына байланысты дамитын демігу (бронхты демікпе)

Б) жүрек ауруына байланысты дамитын демігу (жүрек астмасы)

Жүрек астмасы инспирациялық ентігумен қатарласа көрінеді. Бронх демікпесі экспирациялық ентігумен қатарласа көрінеді.

Бронх демікпесімен ауыратын пациентке аса назар аудару қажет, олардың бронхтары жиырылуынан тұншығуы мүмкін. Мұндай кезде пациент тұншығады, көгереді, жан ұшырып, өз күйін жеңілдетуге тырысады. Мейірбике алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдемді көрсете отырып, пациенттің бас жағы көтерілген төсекке ыңғайлы етіп отырғызуы, палатаға таза ауа жіберуі, пациентті жауратып алмай, оттегін жұтқызуы тиіс. Кеуде қуысына қыша қою, сондай-ақ аяғын қыша ваннаға салу жақсы әсер етеді.

Дәрігер келгенше:

·Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз

·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз

·Палатада тыныштық орнатыңыз

·Науқасты тыныштандырыңыз

·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы

·Егерде бронх демікпесі болса қалта ингаляторын қолданыңыз (алупент, сальбутамол, беротек)

·Келесі іс-әрекеттерді дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізіңіз: көк тамырға эуфиллин 2,4, преднизалон, дексаметазон т.б. дәрілерді енгізу керек.

4) Жөтелу - тыныс алу жолдарында секрет жиналғанда немесе тыныс алу жолдарына бөтен заттар түскенде пайда болады. Жөтелу құрғақ немесе қақырық бөлетін болып екіге бөлінеді.

Бірден басталаған ұстама тәріздес құрғақ жөтел тыныс алу жолдарына бөтен зат түскенде пайда болады.

Тыныс алу жолының жоғарғы бөліктерінің ауруларында (ларингит, трахеит) пайда болған жөтел өте дөрекі, үрген дауысқа ұқсас келеді (лающий).

Дауыс байланыстары қабынғанда жөтел дауысы жіңішкеленеді. Құрғақ жөтел көбінесе пневмония ауруының басында кездеседі.

-Дымқыл жөтел пневмония ауруының жазылу сатысында кездеседі.

-Таңертең пайда болатын жөтел созылмалы бронхит, бронхоэктазалық ауру, абсцесс және каверналық туберкулез кезінде мазалайды.

Көмек:

Құрғақ жөтел кезінде науқасқа оңқаны, қышаны, сілтілі ингаляцияларды және ыстық ішуді тағайындаймыз.

Ылғалды жөтел кезінде науқасқа қақырық жақсы бөлінетін қалыпқа жатқызу керек. (оны дренаж дейміз). Қақырықты жинауға науқасқа қалта түкіргішін беру және оны қолдану үйрету.

Қалта түкіргішін қолдану ережелері:

Көрсеткіштері:

·Тыныс алу мүшелерінің аурулары

·өкпе тберкулезі

·қақырықты әр түрлі зерттеулерге жинау

Материальды жабдықталуы: қалта түкіргіші, зарарсыздандырушы ерітінді.

Іс -әрекеттер кезектілігі:

1.Науқасқа қалта түкіргішін берер алдында оны қолдану ережелерін түсіндіру

2.Науқасқа таза құрғақ түкіргішті беру

3.Қақырықты зарарсыздандыру мақсатында оның ¼-не зарарсыздандырушы ерітіндіні қую.

4.Зарарсыздандырылған қақырықты канализацияға төгіп тастау керек, ал түберкулез ауруында – опилкаға араластырып, арнайы пеште жағып жіберу керек.

5.Қолданып болған соң, қалта түкіргішті зарарсыздандыру керек (60 мин).

6.Қалта түкіргішті ағын судың астында жуып, кептіріп сақтау.

5). Қақырық бұл жөтелгенде бөлінетін, тыныс алу жолдарының патологиялық секреті. Қақырықтың мөлшері әр ауруда әртүрлі болады. Катаралды бронхит және пневмониялық кейбір формасында тәулік бойында қақырық 1-2 рет ғана бөлінеді.

Бір түкіргенде ауызды толтырып бірден көп мөлшерде (2-ге дейін) қақырық бөлу, өкпеде ірің қалта немесе бронхта эктазалардық бар екенің дәлелдейді.

Қақырықтар мінезі бойынша:

1. Көпіршікті - ол мөлдір, кейде ақшыл түсті болады. Бұл қабынудың катаралды мінезді екенін көрсетеді.

2. Көпіршікті - ірінді біркелкі емес, ішінде ірің мен көбіктің көп түйіршіктері кездеседі. Ол сарғыш түсті болады. Созылмалы бронхит ауруында кездеседі.

3. Серозды.

4. Іріңді жасыл түсті, өкпе абцессінде, бронхоэктазалық ауруларда кездеседі.

5. Қан аралас қақырық өкпе туберкулезі, обыр ауруларында кездеседі.

Қақырықтың түсі де ауруға байланысты болады.

1. Сұр түсті немесе қара түсті қақырық шылым шегетін адамадарда немесе шаңды өндіріс орнында ұзақ жыл жұмыс істеген адамдарда кездеседі. Дем алу жүйесінің терең бөліктерінен шығатын шаңның құрамына байланысты болады.

2. «Тот басқан» түсті қақырық - крупты пневмония кезінде болады. Ол қақырық құрамында эритроциттер мен нерв ыдырауынан пайда болған заттардың болуы қақырық түсін көгертеді.

3. Таңқурай түсті қақырық өкпенің қатерлі ісігінде кездеседі.

4. Демікпе ұстамасы кезінде мөлдір, түссіз, шыны тәріздес, әрең бөлінетін қақырық бөлінеді. Қақырық көбінесе иіссіз болады. Сасық иісті қақырық өкпе ұлпасы шіріп, ыдырағанда пайда болады (гантрена, ыдыраған, ірін, деген, шіріген рак) немесе қуыстарда тұрып қалған қакырықтың белогы шірігенде (бронхоэктазалар, өкпе абцессі) естіледі.

Қабыну процесінің ауырлығына байланысты бөлінетін қақырықтың мөлшері 10 мл-ден 2 л-ге дейін ауытқуы мүмкін. Егер бронхоэктазалар оң өкпеде орналасса, онда қақырықтың бөлінуін жеңілдету үшін науқасты сол жақ қырына, сол өкпеде орналасса - оң жақ қырына жатқызу керек. Қақырық бөлінуін женілдетегін дене қалпын (поза) дренаж деп атайды. Пневмония, бронхит ауруларында жөтел күні бойы мазалайды. Туберкулез ауруында, көбінесе түнгі жөтел мазалайды

Мейірбике дәрігердің белгілеуін қатаң орындайды, бір шөкім натрий гидрокарбонатын салып жылы сут, қақырық түсіретін микстура беріп, онда тоңып қалмауы үшін пациентті қымтап жабады. Көп қақыратын пациентке жақсы бұралып жабатын, қалтаға салып жүретін түкіргіш береді. Қалған пациентке жұқтырмау мақсатында қол орамалға түкіреді, ал еденге тіптен де түкіруге болмайды. Түкіргішті күнделікті төгіп, жақсылап жуады, ал кебір жағдайда қайнатады. Қақырықты зарарсыздандыру үшін түкіргіштің түбіне құрғақ зарарсыздандыру ұнтағы 1:5 қатынасындай себеді.

6). Қан түкіру - бұл жөтелу кезінде қан түкіру немесе қан бөлу. Бұл обыр, абсцесс, бронхоэктазалық ауру, өкпе инфаркты кезінде кездеседі. Кейде қақырыққа қызыл иектен, мұрыннан кеткен қан араласуы мүмкін. Қатты жөтелгенда қан тамырлары жарылуы мүмкін. Кіші қан айналу шеңберінде қысым жоғарылағанда, жүрек жетіспеушілігі кезінде қан кетуі мүмкін.

Өкпесінен қан ағатын пациенттер ерекше күтімді қажет етеді. Мейірбике олардың жалпы күйін, тамыр соғуы жиілігін, қан қысымының да деңгейін мұқият қадағалап, дәрігердің барлық белгілеулерін дер кезінде әрі дәл орындауы тиіс.

Кенеттен қан аралас қақырық немесе қан кету басталғанда:

·Науқасты жартылай отырғызып, тыныштандыру керек

·Қолына қақырық жинауға лоток беру керек

·Кеуде сарайының үстіне мұзды қабықты қою керек

·Тез арада дәрігерге айту керек

7). Цианоз - терілер мен кілегей қабаттардың көк түске боялуы. Ол акроционоз және диффузды цианоз болып екіге бөлінеді.

3. Оксигенотерапия туралы түсінік. Көрсеткіштері

Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)—емдеу мақсатында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40—50% оттегі бар газ қоспасын жұту қан тамырындағы қанды біршама тез толтырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сырқаттың көңіл-күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі тереңдей түседі, ентікпесі кетіп, жақсарады. Оттегі ылғалдануы тиіс. Оттегімен емдеу ұзақ та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет. Оттегін көп беруден қашық болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70% жоғары) оттегі жүрек-қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.

Оттегін мұрын катетрлері арқылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен, Боброва аппараты арқылы, тікелей баллоннан немесе орталық оттегі станциясынан беруге болады.

1. Оттегін ингаляциялық әдіспен енгізу. Оттегін қолданудың алдында тыныс жолдарының өткізгіштігіне, онда қақырықтың немесе құсық массасының жиналмағанына көз жеткізу қажет.

Оттегін ингаляциялық жолмен енгізу үшін мынадай аппаратуралар: редуктормен қамтамасыз етілген оттегі бар баллон, оттегі жастығы шүмегі және мундштукті резеңке түтік болуы қажет. Оттегін жастыққа былайша толтырады: мундштугын шығарып, резеңке түтікті оттегі баллонының редукторына қосады, вентильді баяу ашады да жастықты толтырады. Жастықты толтырған кезде редуктордың вентилі мен жастықтың шүмегін жабады, ауызды құрғатпау және оттегін ылғалдау үшін - дымқыл дәкемен ораған мундштук кигізеді. Мундштукты сырқат аузынан 4—5 см қашықтау ұстап, резеңке түтікке жіберетін клапанды біртіндеп ашу керек. Жоғары қысымның салдарынан оттегі шығады да, дем алған кезде тыныс алу жолына түседі. Оттегінің түсу жылдамдығын түтік-тегі шүмекісі, әрі оттегі түгел шыққанша жастықтың бұрыш-бұрышын басу жолымен реттейді. Әдетте сырқаттар минутына 4—5 л берілетін оттегін жақсы қабылдайды. Жастықтағы оттегі 4—7 минутқа жетеді, ал содан соң оны артық сақталған жастықпен ауыстырады немесе қайтадан оттегімен толтырады.

Берілген тәсілмен ендіру кезінде оттегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз қуысы мен мұрынның шырышты қабатын кептіреді,сондықтан оттегін мұрын катетрлері арқылы енгізу дұрыс.

2. Оттегін мұрын катетрі арқылы беру. Бұл мақсат үшін №10 катетрлер немесе тиісті ұзындығы мен диаметрдегі пластмасса түтікшелер қолданады, олар V — тәрізді ұштықтың екі шетіне кигізіледі, ал үшіншісі кез келген оттегі көзіне (оттегі жастығына, оттегін берудің орталықтанған жүйесінің шүмегіне) қосылады. Алдын ала катетрлерді қайнатады, вазелин майымен майлайды да, төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін құсу рефлексін болдырмайтындай етіп кіргізеді. Оттегін ылғалдағыш арқылы (Бобров аппараты) 2—3 л/мин жылдамдықпен береді.

Беру жылдамдығын оттегі көпіршігінің ылғалдағыш арқылы өту тездігі бойынша бақылауға болады. Оттегін өте тез беру қолайсыз сезімдер туғызып, газды көп шығарады.

3. Оттегін маска арқылы беру. Маскалар металдан және пластмассадан жасалған болады. Олардың капсулалары бетке маска салғанда ауыз бен мұрынды жауып тұратындай етіп иілген. Масканың дем алатын және дем шығаратын клапандары бар. Дем алатын клапанның тубусы жұқа резеңкеден жасалған қапқа қосылған, ол оттегінің берілуін реттейді. Дем шығару кезінде оттегі қапқа жиналады да, дем алу кезінде белсенді түрде өкпеге сорылады. Дем алу қабы клапанмен қамтамасыз етілген, ол егер қаптағы оттегінің мөлшері сырқаттың дем алғанда жұтатын оттегі мөлшерінен аз болған жағдайда еркін дем алуды қамтамасыз етеді.

4. Оттегін балоннан беру. Оттегін тікелей баллоннан қолдану процедураны бірқатар жеңілдетеді және оттегімен емдеуді ұзақ уақыт бойы үзбей өткізуге мүмкіндік береді. Медициналық оттегі бар баллонның сыйымдылығы 40 л және 150 атм қысыммен газ тәрізді оттегі бар. Оттегі 2—3 атм қысыммен ғана қолдануға болатындықтан баллонға қысымды азайтуға арналған арнайы прибор редукторды жалғайды. Редуктордың қос камерасы мен екі манометрі бар, олардың ішінен баллонға жақын тұрғаны оның ішіндегі қысымды көрсетеді. Сондықтан манометрмен баллондағы оттегінің мөлшерін біледі. Төменгі қысым камерасына жасалған екінші манометр сырқатқа беріліп отырған оттегінің қысымын көрсетеді. Ол бұрандамен 1—2 атм-ға реттеп қойылады. Орталықтандырған жүйемен палаталарға оттегін беру неғұрлым ыңғайлы болып табылады.

Оттегі баллонын пайдалануда қысылған газ тәрізді оттегі маймен, тоңмаймен, мұнаймен жанасқанда оларға тез қосылып тұтанып жарылатынын есте сақтау қажет. Баллондар сақталатын бөлімде шылым тартуға қатаң тыйым салынады! Майланған ескі-құсқы заттарды оттегі бар баллондармен бірге бір бөлімде ұстауға болмайды. Оттегі қондырғыларына кіріп-шығып жүретін адамның қолдары, киімдері, аспаптары май және сырмен ластанбауы тиіс. Баллонды ұрып-соғудан қорғау қажет. Оны салқын жерге қабырғаға іліп тік қалыпта сақтайды. Баллонның вентилін ашқанда оған бетін қаратып тұруға болмайды, себебі көздің мырышты қабатына оттегінің күшті ағымы тисе, күйдіріп, көзді зақымдайды. Оттегі баллондары бар әрбір бөлмеде өрттен сақтану мақсатында қолайсыз оқиғаларды болдырмауға арналған өрт сөндіргіштер болуы тиіс.

Бірқатар ауруханаларда газ берудің неғұрлым қазіргі заманғы жүйесі бар. Бір орнындағы қондырғылар «М» белгісі бар және көк түске боялған бірқатар үлкен оттегі баллондарынан тұрады, себебі тек медициналық оттегіні пайдалануға болады. Олар күннің тікелей түсетін сәулесінен қорғалған, бөлек тұратын немесе аурухана үйінің сырт жағына (қабырғалас) орнатылған металл шкафта сақталады және темір қапсырмамен қабырғаға мұқият бекітіледі.

Оттегі орталықтандырмай берілетін ауруханаларда баллондарды сенектерде, жертөлелерде, палаталарда орнатады. Мұндай жағдайда өртке қарсы және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауда қиыншылықтар туады.

  1. Оттегін аппарат Боброва арқылы беру

Оксигенотерапияны Боброва аппараты арқылы жүргізу ең ыңғайлы және зиянсыз әдісі.

Боброва аппараты сиымдылығы 1 л болған шыны цилиндр тәрізді ыдыс. Аппараттың жақсы жабылған резиналық тығыны бар, ішінде бірі қысқа екіншісі ұзын болып келген екі шыны жіңішке түтікшелері бар. Ыдыстың ішіне оттегі ылғалданып бару үшін температурасы 36-370 болған дистилденген су немесе 1 л суға 20 гр ас содасы қосылған су, окпе ісігінде 960 спирт қуямыз. Ұзын түтікшесінен оттегі оттегі балонынан немесе оттегі жастықшасынан келіп түсіп, ылғалданып қысқа шыны түтікше арқылы науқастың тыныс алу жолдарына түседі. Оттегін ылғалдағыш арқылы 1 минутта 2-3 л жылдамдықпен береді.

Бұл тәсілмен оттегін ендіру артықшылығы оттегімен емдеу ұзақ та және үздіксіз бір қалыпта ылғалданып беріледі.

V. Студентердің өзіндік жұмысы-90 мин

Тапсырма №1.

Көкірек қуысы ауратын, жөтелі бар, қан қақыру кезінде науқастардың күтім ерекшелігі. (Стандарт беріледі).

Тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі науқасты бақылау және күту

 

 Тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі науқасты бақылау және күту Тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі науқасты бақылау және күту


 

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

1. Кеуде торының ауруы - көбінесе плевра қабатының қабынуында пайда болады.

Бұл жағдай: құрғақ плеврит, крупты пневмония, өкпе инфарктында, өкпенің обырында, кеуде торының жарақаттануында, пневмоторакс, қабырға сынғанда кездеседі. Кеуде торындағы аурулар терең және беткейлік болып екіге бөлінеді.

Беткейлік аурулар көбінесе қабырғалар сынғанда, қабырғааралық невролгия кезінде де кездесуі мүмкін. Терең аурулар плевралық аурулар деп те аталады. Плевралық аурулар: терең дем алғанда, жөтелгенде, физикалық күш түскенде пайда болады. Қабырғааралық невролгиялық ауруларына қарағанда, осы жерлерге пальпация жасағанда ауру болмайды. Кейде кеуде торында пайда болатын аурулар өте күшті, ұзақ жөтелуден де болуы мүмкін.

Кеудедегі ауырсыну пайда болғанда:

·Дәрігерге айту

·Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы қалыпқа жатуға көмектесу

·Науқасқа үстірт демалуды тағайындаңыз

·Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді беру

·Жөтелуді басу үшін кодеин 0,015 г, дионин 0,02 беру керек

·Ауырсынуды басу үшін диклофенак, пипольфен, баралгин егу керек.

2. Жөтелу - тыныс алу жолдарында секрет жиналғанда немесе тыныс алу жолдарына бөтен заттар түскенде пайда болады. Жөтелу құрғақ немесе қақырық бөлетін болып екіге бөлінеді.

Бірден басталаған ұстама тәріздес құрғақ жөтел тыныс алу жолдарына бөтен зат түскенде пайда болады.

Тыныс алу жолының жоғарғы бөліктерінің ауруларында (ларингит, трахеит) пайда болған жөтел өте дөрекі, үрген дауысқа ұқсас келеді (лающий).

Дауыс байланыстары қабынғанда жөтел дауысы жіңішкеленеді. Құрғақ жөтел көбінесе пневмония ауруының басында кездеседі.

Көмек:

Құрғақ жөтел кезінде науқасқа оңқаны, қышаны, сілтілі ингаляцияларды және ыстық ішуді тағайындаймыз.

Ылғалды жөтел кезінде науқасқа қақырық жақсы бөлінетін қалыпқа жатқызу керек. (оны дренаж дейміз). Қақырықты жинауға науқасқа қалта түкіргішін беру және оны қолдануды үйрету.

3. Қан түкіру - бұл жөтелу кезінде қан түкіру немесе қан бөлу. Бұл обыр, абсцесс, бронхоэктазалық ауру, өкпе инфаркты кезінде кездеседі. Кейде қақырыққа қызыл иектен, мұрыннан кеткен қан араласуы мүмкін. Қатты жөтелгенда қан тамырлары жарылуы мүмкін. Кіші қан айналу шеңберінде қысым жоғарылағанда, жүрек жетіспеушілігі кезінде қан кетуі мүмкін.

Өкпесінен қан ағатын пациенттер ерекше күтімді қажет етеді. Мейірбике олардың жалпы күйін, тамыр соғуы жиілігін, қан қысымының да деңгейін мұқият қадағалап, дәрігердің барлық белгілеулерін дер кезінде әрі дәл орындауы тиіс.

Кенеттен қан аралас қақырық немесе қан кету басталғанда:

·Науқасты жартылай отырғызып, тыныштандыру керек

·Қолына қақырық жинауға лоток беру керек

·Кеуде сарайының үстіне мұзды қабықты қою керек

·Тез арада дәрігерге айту керек

Тапсырма №2.Науқастарға оттегін оттегі жастығы арқылы беру. Жабдықталуы. Процедура өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. (Стандарт беріледі).

Оттегін ингаляциялық жолмен енгізу үшін мынадай аппаратуралар: редуктормен қамтамасыз етілген оттегі бар баллон, оттегі жастығы шүмегі және мундштукті резеңке түтік болуы қажет. Оттегін жастыққа былайша толтырады: мундштугын шығарып, резеңке түтікті оттегі баллонының редукторына қосады, вентильді баяу ашады да жастықты толтырады. Жастықты толтырған кезде редуктордың вентилі мен жастықтың шүмегін жабады, ауызды құрғатпау және оттегін ылғалдау үшін - дымқыл дәкемен ораған мундштук кигізеді. Мундштукты сырқат аузынан 4—5 см қашықтау ұстап, резеңке түтікке жіберетін клапанды біртіндеп ашу керек. Жоғары қысымның салдарынан оттегі шығады да, дем алған кезде тыныс алу жолына түседі. Оттегінің түсу жылдамдығын түтік-тегі шүмекісі, әрі оттегі түгел шыққанша жастықтың бұрыш-бұрышын басу жолымен реттейді. Әдетте сырқаттар минутына 4—5 л берілетін оттегін жақсы қабылдайды. Жастықтағы оттегі 4—7 минутқа жетеді, ал содан соң оны артық сақталған жастықпен ауыстырады немесе қайтадан оттегімен толтырады.

Берілген тәсілмен ендіру кезінде оттегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз қуысы мен мұрынның шырышты қабатын кептіреді,сондықтан оттегін мұрын катетрлері арқылы енгізу дұрыс.

Оттегін жастыққа оттегі балонынан толтырады. Оттегі баллонын пайдалануда қысылған газ тәрізді оттегі маймен, тоңмаймен, мұнаймен жанасқанда оларға тез қосылып тұтанып жарылатынын есте сақтау қажет. Баллондар сақталатын бөлімде шылым тартуға қатаң тыйым салынады! Майланған ескі-құсқы заттарды оттегі бар баллондармен бірге бір бөлімде ұстауға болмайды. Оттегі қондырғыларына кіріп-шығып жүретін адамның қолдары, киімдері, аспаптары май және сырмен ластанбауы тиіс. Баллонды ұрып-соғудан қорғау қажет. Оны салқын жерге қабырғаға іліп тік қалыпта сақтайды. Баллонның вентилін ашқанда оған бетін қаратып тұруға болмайды, себебі көздің мырышты қабатына оттегінің күшті ағымы тисе, күйдіріп, көзді зақымдайды. Оттегі баллондары бар әрбір бөлмеде өрттен сақтану мақсатында қолайсыз оқиғаларды болдырмауға арналған өрт сөндіргіштер болуы тиіс.

Тапсырма № 3.

Оттегін Боброва аппараты арқылы беру. Жабдықталуы. Құралдарды тазарту. (Стандарт беріледі).

Оксигенотерапияны Боброва аппараты арқылы жүргізу ең ыңғайлы және зиянсыз әдісі.

Боброва аппараты сиымдылығы 1 л болған шыны цилиндр тәрізді ыдыс. Аппараттың жақсы жабылған резиналық тығыны бар, ішінде бірі қысқа екіншісі ұзын болып келген екі шыны жіңішке түтікшелері бар. Ыдыстың ішіне оттегі ылғалданып бару үшін температурасы 36-370 болған дистилденген су немесе 1 л суға 20 гр ас содасы қосылған су, окпе ісігінде 960 спирт қуямыз. Ұзын түтікшесінен оттегі оттегі балонынан немесе оттегі жастықшасынан келіп түсіп, ылғалданып қысқа шыны түтікше арқылы науқастың тыныс алу жолдарына түседі. Оттегін ылғалдағыш арқылы 1 минутта 2-3 л жылдамдықпен береді.

Бұл тәсілмен оттегін ендіру артықшылығы оттегімен емдеу ұзақ та және үздіксіз бір қалыпта ылғалданып беріледі.

Тапсырма №4

Білім денгейін тестпен бақылау-10-15 мин

1. Тыныс алу ағзаларының негізгі қызметі:

А. зәрдің пайда болуы

В. тамақ қорытылады

С. ағзаларды оттегімен қамтамасыз етеді

Д. қан пайда болады

2. Тыныс алудың 1 минуттағы саны:

А. 60-80

В. 16-20

С. 120-130

Д- 5-10

3. Тыныс алу ағзаларының ауруларына жатады:

А. стенокардия

В. инфаркт миокарда

С. гастрит

Д. пневмония

Е. панкреатит

4. Тыныс алу ағзаларының ауруларындағы негізгі симптомдары:

А. тахикардия

В. брадикардия

С. гипертония

Д. дизурия

Е. тыныс алудың бұзылуы

5. Өкпе демікпесі ұстамасының белгісіне жатпайды;

А. ентігу

В. дем алудың қиындауы

С. қан құсады

Д. көгереді

Е. түншығу

6.Өкпе демікпесі ұстамасында көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек:

А. нитроглицерин тіл астына

В. көкрек қуысына жылытқыш

С. жүрек тұсына қыша қағаз

Д. аяқ қолдарына жылытқыш қою

Е. ыстық тәтті шай немесе кофе

7.Сау адамның орташа тыныс алу тереңдігі тыныштық жағдайда дем алу және дем шығару саны:

А. 200-300 мл

В. 400-600 мл

С. 1,500 мл

Д. 2,500-3,500 мл

8. Дені сау адамда қақырық:

А. болмайды

В. 10-15 мл бөлінеді

С. 100 мл тәулігінде бөлінеді

Д. 30-40 мл болады

Е. 2-3 мл бөлінеді

9. Қан түкіру және өкпеден қан кету жағдайлары кездеседі;

А. жедел және созылмалы бронхиттер

В. туберкулез, қатерлі ісік, өкпе абцессі

С. құрғақ және эксудатты плеврит

Д. крупозды пневмония

10. Қақырықпен қан араласып шыққан кезде науқасқа тамақты белгілеу керек:

А. суық түрінде көп мөлшерде

В. Суық түрінде аз мөлшерде

С. ыстық түрінде көп мөлшерде

Д. ыстық түрінде аз мөлшерде

Е. науқастың қалауы бойынша тамақтандыру

11. Оксигенотерапия дегеніміз:

А. сумен емдеу

В. сүлікпен емдеу

С. оңқа, қыша қағаздармен

Д. парафин, озокеритпен

Е.оттегімен емдеу

12. Оттегіні ингаляциялық жолмен жіберу жолдарына мынадан басқалары жатады:

А. асқазан арқылы

В. мұрын катетері арқылы

С.оттегі жастықшасы арқылы

Д. Амбу маскасы арқылы

Е. барокамера арқылы

13. Оксигенотерапия процедураларын өткізу кезіндегі техника қауіпсіздігін сақтауға жатпайды:

А. баллондар арнайы бөлмелерде сақталады

В. бөлмелерде (баллон сақталатын) шылым тартуға қатаң тиым салынады

С. баллонды үрып-соғудан қорғау қажет

Д. баллонды ауру жатқан бөлмеде сақтауға болады

Е. баллонның вентилін ашқанда оған бетін қаратып тұруға болмайды

14. Сәйкестікті табыңыз:

Процедуралар; қажетті құрал-жабдықтар

1. оңқа қою а/ 60-700 ыстық су

2. қыша қағазын қолдану б/ вазелин майы

3. жылы компресс қою в/ мундштук

4. оттегі жастықшасын колдану г/ жылы су40-450

5. орталықтан оттегі беру д/ мұрын катетері

Жауаптар эталоны:1С, 2В, 3Д. 4Е, 5С, 6Д, 7Д, 8А, 9В, 10В, 11Е, 12А, 13Д, 14 - 1б; 2г; 3а; 4в; 5д.

Тапсырма №5

Ситуациялық есептерді шешу.

Есеп №1

Науқас жөтелген кезде алқызыл түсті қақырық түкірді. Бұл нені білдіреді және мейірбике ол кезде не істеуі керек?

Жауабы:

Қан түкіру - бұл жөтелу кезінде қан түкіру немесе қан бөлу. Бұл обыр, абсцесс, бронхоэктазалық ауру, өкпе инфаркты кезінде кездеседі. Кейде қақырыққа қызыл иектен, мұрыннан кеткен қан араласуы мүмкін. Қатты жөтелгенда қан тамырлары жарылуы мүмкін. Кіші қан айналу шеңберінде қысым жоғарылағанда, жүрек жетіспеушілігі кезінде қан кетуі мүмкін.

Өкпесінен қан ағатын пациенттер ерекше күтімді қажет етеді. Мейірбике олардың жалпы күйін, тамыр соғуы жиілігін, қан қысымының да деңгейін мұқият қадағалап, дәрігердің барлық белгілеулерін дер кезінде әрі дәл орындауы тиіс.

Кенеттен қан аралас қақырық немесе қан кету басталғанда:

·Науқасты жартылай отырғызып, тыныштандыру керек

·Қолына қақырық жинауға лоток беру керек

·Кеуде сарайының үстіне мұзды қабықты қою керек

·Тез арада дәрігерге айту керек

Есеп №2

Науқаста тұншығу ұстамасы басталды, тыныс алуы қиындаған, әсіресе тыныс шығаруы; алыстан сырылдар есітіледі; жөтел; қиын бөлінетін қақырық. Бұл не және бұл жағдайда қандай шұғыл жәрдем қажет?

Жауабы: Демікпе ұстамасы кезінде мөлдір, түссіз, шыны тәріздес, әрең бөлінетін қақырық бөлінеді.

Демігу - бұл өте күшті ентігудің ең биік шыңы, бірден басталады. Ұстама түрінде жүретін ентігуді астма деп атайды.

Астманың бірнеше түрі бар:

А) өкпе ауруына байланысты дамитын демігу (бронхты демікпе)

Б) жүрек ауруына байланысты дамитын демігу (жүрек астмасы)

Жүрек астмасы инспирациялық ентігумен қатарласа көрінеді. Бронх демікпесі экспирациялық ентігумен қатарласа көрінеді.

Бронх демікпесімен ауыратын пациентке аса назар аудару қажет, олардың бронхтары жиырылуынан тұншығуы мүмкін. Мұндай кезде пациент тұншығады, көгереді, жан ұшырып, өз күйін жеңілдетуге тырысады. Мейірбике алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдемді көрсете отырып, пациенттің бас жағы көтерілген төсекке ыңғайлы етіп отырғызуы, палатаға таза ауа жіберуі, пациентті жауратып алмай, оттегін жұтқызуы тиіс. Кеуде қуысына қыша қою, сондай-ақ аяғын қыша ваннаға салу жақсы әсер етеді.

Дәрігер келгенше:

·Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз

·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз

·Палатада тыныштық орнатыңыз

·Науқасты тыныштандырыңыз

·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы

·Егерде бронх демікпесі болса қалта ингаляторын қолданыңыз (алупент, сальбутамол, беротек)

·Келесі іс-әрекеттерді дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізіңіз: көк тамырға эуфиллин 2,4, преднизалон, дексаметазон т.б. дәрілерді енгізу керек.

Есеп №3

Оттегі қажет болған науқасқа мейірбике оттегін оттегі жастықшасы арқылы берді. Бір аздан соң науқас қолайсыз сезімдер сезіп, ауыз қуысы мен мұрынның шырышты қабығының ашуына шағымдады.

Бұл жағдайда мейірбике қандай қәтелік жіберді.

Қандай іс шаралар қолдануға болады?

Берілген тәсілмен ендіру кезінде оттегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз қуысы мен мұрынның шырышты қабатын кептіреді,сондықтан оттегін мұрын катетрлері арқылы енгізу дұрыс.

VІ. Тақырып бойынша жаңа материалдармен танысу.

VІІ. Қорытындылау. 8-10 мин.

VІІІ. Үйге тапсырма: 10-15 мин

Тақырыбы: Жүрек-тамыр жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі науқасты бақылау және күту.

Өзіндік дайындау үшін сұрақтар:

1. Жүрек-тамыр жүйесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері;

2.Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары;

3.Жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі клиникалық симптомдар;

4.Демікпе, тұншығу, жүрек түсінің ауруы, жүрек қағуы, жүрек ырғағының бұзылуы, ісінулер, асцит, АҚ күрт жоғарылауы және төмендеуі, естен тану тұралы түсінік.

5. Науқас жағдайын бақылауды қамтамасыз ету;

6. Диурезді және дене салмағын қадағалау;

7. Сұйықтың қабылдауын бақылауды қамтамасыз ету;

8. А.Қ; пульсті анықтау.

9. Дәрігер тағайындауы бойынша дәрілік препараттарды қабылдауды қамтамасыз ету.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Л.С. Заликина. Сыркаттың жалпы күтімі. 125-136 беттер. 136-146 беттер.

2. Мейіркеш ісі. Стандартты оқулықтар.

3. С.Сонов. Сырқатты күту.

4. С.А. Мухина, И.И. Тарновская. Общий уход за больными. 173-200 стр.

5. Основы сестринского дела Обуховец.

6. В.М. Величенко., Т.С. Юманова Первая доврачебная помощь.

7. Мейірбике ісі негіздері. (Оқу-әдістемелік құралы) 98-123 беттер.

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга