Сын тұрғысынан оқыту ерекшеліктері

Наметкулова Сандугаш Жанузаковна
Преподаватель педагогики и психологии
Жамбылский гуманитарный колледж им. Абая

Сын тұрғысынан оқыту ерекшеліктері

 

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту процесін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Ал жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім педагогикалық процесті терең меңгерген, жаңаша ойлау жүйесіне, педагогикалық өзгеріске тез бейімделгіш, білім алушының жеке бас ерекшеліктерін құрметтей алатын, білімді әрі іскер болуы керек.

Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талаптарға сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, тиімді болары сөзсіз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деген болатын [1]. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен [2].

Бүгінгі мектептің мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, оқушыларға жүйелі, білім берумен қатар қоғамда өзін-өзі жүзеге асыру дағдысын қалыптастыру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінің, кәсіптік білім беру жүйелерінің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген мектептер мен орта және арнаулы, жоғарғы оу орындары оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мектепті сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім ордасында өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан, оқытудың инновациялық технологияларын мектеп, кәсіптік колледждер мен жоғарғы оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы.

Оқушылардың жауапкершілігін, ізденімпаздығын, сөйлеу, ойын жеткізе білу, өзіндік пікір айту қабілеттерін арттыру мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясының алар орны ерекше.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім [3]. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді еңгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғадан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұғыдан ойлауды, әдетте, білім берудін кейінгі кезеңдері мен орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсілоқушылардың жеке басынын тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру [4].

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:

-шыңдалған ойлау, кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым;

Осы кезеңдерді ұтымды өткізілуі мынандай нәтиже береді:

-оқу мотивациясы өзгеріп, өз бетінше ізденуге үйренеді;

-керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйренеді, дамуын қамтамасыз етеді;

-өз ойын топ алдында ашық айта алу, қорғай білу;

-оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;

-басқаларды тыңдауға, кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінен 3 фазадан тұрады.

І Қызығушылықты ояту

ІІ Мағынаны тану немесе ажырату

ІІІ Ойтолғаныс

Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне әсер етіп, жаңа білімге мазмұн қалап,болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі. Қызығушылықты ояту – оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам болып табылады. Олар өз еркімен саналы түрде алға жылжитындықтарын немесе үйретілген тақырыпқа енетіндіктеріне шешім қабылдайды.Сонымен қатар оқушылардың жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге, оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын-болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар жаңа мәлімет пен идеяны немесе жаңа мазмұнды игеріп, іске асырады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, видео-кассета, өнер қойылымдары немесе басқа нұсқау әдістерінің қай қайсысы болмасын осы фазада іске асып, оқушылар жаңа ақпараттар мен мазмұнмен танысады. Бұл кезеңдегі оқушының негізгі міндеті – жаңа ақпарат мазмұнымен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдерімен байланысқандығы жөнінде хабардар болу. Тиімді түрде білім алу үшін оқушылардың сабаққа, өз әрекетіне оймен қарау, өзінің түснігенін бақылауына мүмкіндік беру қажет. Жаңа ақпараттарды қабылдай отырып, белсенді түрде іс-әрекеті басқаруы қажет. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып, жаңа ақпараттың қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастырады, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдайды.

Ойтолғаныс кезеңі үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезеңде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізе бастайды. Бұл фазаның мақсаты – оқушылардың алған білімдері ұзағынан мазмұнды болып, шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәліметтері мен жаңа мәліметті өз деңгейінде қабылдай алуын қамтамасыз етуі.

Бұл фаза талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстары мен келесі бір зерттеуді бастауға шақырумен айғақталады. Ойтолғаныс кезеңіндегі үйрену – жеке сипатқа ие болатын сәт. Бұл фазада үйренуші жаңа білімді өз меншігіне алады. Ой толғау процесі арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды. Мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Оқушылар осы процеске жетпейінше, олардың үйренгендері бар болғаны біреудің идеясы немесе сенімі. Мәліметті басқаның идеялар «патшалығынан» бөліп алу арқылы ғана өзіндік етуге болады. Шын мәнінде, көптеген үйренушілер үшін жаңа мәлімет бұрынғы үйренгендеріне мүлде қарама-қайшы болуы мүмкін. Өзара жақсы идеялар үйренушіге ой толғаныссыз саналы түрде жете қоймайды. Сонымен қатар, сыни тұрғыдан ойлауда балаға ең қызық әрі сабақ жақсы өтетіні ол топтастыру. Топтастырудың ішіндегі ең танымалы - Блум таксономиясы.

Блум жүйесі бойынша:

1. Ең төменгі деңгей – Білім, оқыту есте сақтауға, жаттауға, тануға еске түсіруге бағытталады.

2. Түсіну – таным мақсаты – мазмұнын айту, ақпаратты бір күйден екінші күйге аудару, өз сөзімен жеткізіп айту.

3. Қолдану – мәселені шешу, нәтиже алу үшін ақпаратты қолдану мақсаты болып табылады.

4. Талдау – бөліктерге бөлу арқылы тұтас нәтиже көрсету

5. Синтез – ауызша пәнде өте керек.

6. Ең жоғарғы деңгей – бағалау.

Блум таксономиясы оқу мақсаттарына сәйкес келетін міндеттерді жіктеуді көздейді. Оның негізінде оқушылардың сыни ойлауына ықпал ететін тапсырмалар мен сұрақтар құрастыруға болады [5].

Негізгі бөлімді еске алыңыз және жазыңыз..., атаңыз, бірге топтаңыз..., қатысты ұғымдар тізімін жасаңыз..., белгіленген тәртіпте орналастырыңыз...

білу

Нақты күндер, оқиғалар, фактілер, терминдер, ережелер, формулалар және т.б. жасап шығарады.

Ненің не себепті болғанын түсіндіріңіз..., араңызда болатын өз көзқарасыңыздың байланысын көрсетіңіз..., оған сондай (қалай, қайда) мысал келтіріңіз..., не туралы екендігін айтып, идея құрастырыңыз...

түсіну

Фактілерді, теорияларды, қағидаттарды түсіндіреді; деректерден шығатын салдарларды сипаттайды және т.б.

Салыстырыңыз... және ..., сосын негіздеңіз..., ...мүмкіндік беретін тәсілді ұсыныңыз, .... көрсететін сурет салыңыз, ...таныстырылымын келтіріңіз.

қолдану

Нақты жағдайларда заңдар, теориялар, формулалар

қолданылады және жаңа жағдайларды алынған

білім пайдаланылады.

... тұрғысынан ...құрылымын талдаңыз, ...тұрғысынан сипаттайтын негізгі қасиеттерінің тізбесін жасаңыз, ...тұрғысынан салыстырыңыз және ...ерекшелігін табыңыз, ...тағы сол сияқты мәтінді табыңыз

талдау

Тұтастың бөліктері арасындағы өзара байланысты табыңыз, материалдағы логикалық мазмұнының қатесін көреді, фактілер мен салдарлар арасындағы айырмашылықты жүргізеді және т.б.

...жаңа (өзіңнің) жіктемені ұсыныңыз, мүмкіндік беретін жоспар әзірлеңіз, ...туралы өз пікіріңізді ...формасында баяндаңыз.

синтез

Схемаларды, тапсырмаларды өз бетімен жасайды; тәжірибе,

зерттеу жүргізу жоспарын ұсынады; шығарма, баяндама,

реферат және т.б. жазады.

...туралы сыни пайымыңызды айтыңыз, ...саралаңыз және негіздеңіз, ...үшін қандай шешім оңтайлы екенін анықтаңыз, ...үшін ...мәнін бағалаңыз.

бағалау

Сол немесе басқа жұмыстың өнімінің мәнін, жазбаша мәтінді құру логикасын бағалайды және т.б.

Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдыларын дамыту сыныпта тиісті орта жасауды талап етеді, яғни оқушыға алдын-ала тапсырма беріліп соған қосымша материал іздеп табады және өз бетімен презентация жасауға да болады. Мұндай ортада әртүрлі сұрақтар қойылады, мұғалім сенікі дұрыс емес, неге олай болды деген сұрақ қоймауы керек, оқушы барынша өз ойын жеткізе білуі тиіс. Оқушы жауап беріп тұрғанда мұғалім: «Сіз не қоса алар едіңіз» деген жолай сұрақ қойып, басқа оқушыны да ойландыруға болады. Сонымен қоса «Қызық екен, мен ол туралы ойламаппын» деген түсінікті пайдаланып, естігендерін сынамай және қарсыласпай, өз пікірлерін айта алуды, ойлауды оқушы бойына үйрету керек. Сонда ғана оқушы көбірек сөйлейді, ойлайды, ізденеді, мағлұмат жинайды [6].

Қорыта келгенде, осы технологиямен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Ал, оқушы белсенділігінің арттуы оны шығармашылыққа жетелейді. Бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты болу мүмкін емес. Сондықтан да оқу мен тәрбие үрдісінде тұлға дамуына әсер етіп қана қоймай қоғамның белсенді азаматын тәрбиелеуге елеулі үлес қосуға мүмкіншілік жасау – біздің, мұғалімдердің міндеті.

Ы.Алтынсарин «Оқытушыны бағалағанда олардың ісіне қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек», - десе, әр ұстаз бүгінгі педагогиканың жаңалықтарын өзінің де оқушының да шығармашылық қабілетін дамытуға тиімді пайдаланғанда әрбір ұстаздың жемісі бітік шықпақ.

Қолданылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы

4. С.Мирсеитова. Мұғалім философиясының қалыптасуы мен дамуы: гуманистік парадигма. – Қарағанды, 2012

5. Педагогикалық диалог. – 2015, №1

6. Білім.KZ журналы. – 2012 ж №2, 3

скачать dle 11.0фильмы бесплатно