Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Орыс аудиториясында қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдің тиімділігі

Ахметова Алма Зейнетулиевна
учитель казахского языка
КГУ «Бескольская средняя школа-гимназия»

Орыс аудиториясында қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдің тиімділігі

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына биыл «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы Жолдауында ұлт мұраты, қазақ елінің ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел» екендігін жария етті. Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз деп айтылған.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды білім беру жүйесінің алдында мүлдем жаңа міндеттер қойылып отыр. Адамзат баласы ғаламдану кезеңінде көптеген өзгерістерге ұшырауда. Дамыған өндірістік қоғам ақпараттық технологиялар заманына ұласу нәтижесінде қоғамдағы жеке тұлғаның дамуын заман өзі қалауда.

Білім берудің жаңа жүйесінде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда, жаңаша көзқараста педагогика теориясы мен оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты білім берудің мазмұны жаңарып жеке түлғаның дамуына ықпал жасауда. Бұған дейінгі дәстүрлі білім беру оқушыларға тек пәндік білім, білік дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына жеке көңіл бөлінбеді.

Бүгінгі заман ағымына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибелі, психология-педагогика ғылымдарының жетістіктерін кеңінен енгізуді және жас ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Сондықтан қазіргі мектептің мақсаты әрбір шәкіртті жеке тұлға санап, мәдениетін көтеріп, жан - жақты дамуына мүмкіндік жасау.

Ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөзі еске түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Шындығында ұстаз деген бойындағы күш-қайратын ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, сол жолда еңбек етіп, талмай ізденетін ұлағатты жандар деп білемін.

Көреген елбасшымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы.

Бүгінгі мектептің негізгі рөлі-тек қана білім беріп, білік, дағдыны қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар оқушыны ертеңгі күнге дайындау. Сол себепте Қазақстандық орта білім беру саласындағы білім беру саясатын өзгеруге төмендегі үрдістерді қамтуда.

§Әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасу мақсатында 2015 жылдан бастап 12 жылдық білім беруге көшу;

§Білім беру мазмұнын жаңарту, яғни бастауыш, негізгі, жоғарғы мектеп міндеттерін нақты айқындау, жіктеу;

§Жоғарғы мектептің басты міндеті ЖОО –ға түсуге дайындау, білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану болып табылады;

§Мектеп оқушысының функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған ұлттық шаралар жоспары (оқушылар білім алып қана қоймай, алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуі тиіс);

§АКТ саласында ауқымды өзгерістер, электрондық оқытуды енгізу;

§Педагогикалық құрамды даярлау және қайта аярлау және деңгейін жүзеге асыру;

Сол себептен болар мұғалім түгелдей өзгеріп, өз жұмысына да өзгерістер енгізу үстінде.

Мұғалім неліктен өзгеруі керек? Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды сұраймыз? Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз, және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет[2, 23-б].

Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек деп ойлаймын.Ұстаздарға жаңа тақырыптарды қызықты, түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті тәсілдердің бірі ретінде "СТО" тәсілі деп ойлаймын. "СТО" қолдана отырып, жаңа сабақтың аясында қосымша қызықты деректерді ұсынуға, қиын тақырыптарды постерлер арқылы жеткізуге, жаңа идеяларды әсерлі қылып көрсетуге болады. "СТО" әдісі тұрғысынан мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, келешек өмірге жол жасаймыз. "СТО" топпен, жұппен жұмыс жасауға өз әсерін тигізеді.

Заманауи әлемде сыни тұрғыдан ойлау қазіргі заманғы жұмыс күшінің ойлауын алға тартатын атрибут ретінде қаралады. Ал Эдвард Глейзер (1941) сыни тұрғыдан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратынын болжады:

1. проблемаларды шешуге өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне кіретін ойлау үдерісін жүзеге асыру;

2. логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу;

3. осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар. [3,42-б]

Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі:

Біріншіден, қызығушылықты ояту, үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау”, "Түртіп алу”, "Ойлану”, "Жұпта талқылау”, "Болжау”, "Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.

Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды.

Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – "білемін”, ― - "мен үшін түсініксіз”, + - "мен үшін жаңа ақпарат”, ? – "мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс.

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған "Бес жолды өлең”, "Венн диаграммасы”, "Еркін жазу”, "Семантикалық карта”, "Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Екіншіден, шығармашылық ізденіс, талдау, интерпретация және т.б. ақпаратты зерделеу жұмыстары жеке – жұппен - топпен атқарылады. Бұл кезеңнің оқушыға қоятын талабы жоғары. Сондықтан да оқушы сапалы білім мен шығармашылығын ұштастыра білу керек.

Үшінші кезеңде шығармашылық жұмыс, зерттеу жұмыс, ғылыми жұмыстар ерекше орын алады. Мәселен, 8-сынып оқушыларының тапқырлығын анықтау барысында төмендегі тапсырманы бердім. Тапсырма: Суретті құрмалас сөйлеммен байланыстырып, қорытынды ой шығар (Өз сабағымда оқушылардың айтқан пікірлерін жазып отырамын). «Мидың» суреті. (Жауап: ...Адамның миы, басы жалғыз болғанмен, ойы сан қырлы болады, сол ойын құрмалас сөйлемдер арқылы сыртқа шығарады.) «Алтыбақан» суреті. (Жауап: .Адамның өмірі алтыбақан сияқты қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттен тұрады. Сол қимылын бақылап тұратын алтыбақан сияқты, салалас пен сабақтас сөйлемнің мағыналық түрлері арқылы адам іс-әрекетінің мезгілін, себебін, шартын т.б. білдіреді.), «Сағаттың» суреті (...Адам өмірі сағаттың айналымындай қысқа, сағат тілі он екіге жеткенше адамның өмірінде түрлі ойлар туындап, түрлі істер іске асады. Біздің тілегіміз адамның сағаты тоқтамай, әр минуты мағыналы болсын демекпіз.)

РАФТ, эссе жазу, блум жүйесі, жигсо, үш қарамды сұхбат сияқты стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, өз жайында отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады. Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін. Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.

ЖИГСО әдісінде мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады. Оқығаның айтып беру үшін әлсіз оқушылар да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болды. Басқа жолдастарындай сезінуге, өз ойын ашық жеткізе білуге үйренді.

Оқушылар «Топтастыру», «Бес жол өлең», «Венн диаграммасы», «Кубик» әдістеріне қызыға кірісті. Бес жол өлең құраудың пайдасы қазақ тілі сабағында өте зор.

Топтастыру – оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы. Бұл - жаңа идеяларды жинақтап бір - бірімен сабақтастыру үшін қажетті құралым. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін, ой тудыруды күшейту үшін қолданылады.

Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды,, сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді.

Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бір - бірін тыңдамай, сыныпта шу болатын. Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір - бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді.

Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:

1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.

3. Топтарының сұрақтарына жауап береді.

4. Барлық оқушылар жұмыс жасайды.

5. Қорытынды шығарады.

Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.

Оқушылар жұмыс жасау барысында бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш - қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан - жақты дамытатынын байқадым.

Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келемін.

СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:

Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.

Сабақтың жоспары:

1. Психологиялық дайындық.

2. Ой ашар.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

4. Жаңа сабақ.

І. Қызығушылықты ояту.

а) Ой қозғау. ә) Өзіндік жұмыс. б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)

ІІ. Мағынаны ашу сатысы. а) Топпен жұмыс. ә) Бес жолды өлең.

ІІІ. Ой толғаныс сатысы. а) Венн диаграммасы. ә) Бағалау. б) Үйге тапсырма.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды, мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға, бір-біріне құрметпен қарауға, бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды, өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға, өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға, достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге

Сын тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану сабақтары: мұғалімнің әдістері, оқушының іс-әрекеті, топқа бөліп, ой қозғайды, ұжыммен жұмыс жасайды, мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады және т.б.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын қолданғанда беретін нәтиже сөйлемейтін оқушылардың өз ой-пікірін жеткізу үшін маңызы зор. Олардың ойлау қабілеті дамиды, көп ізденіс шығармашылықпен жұмыс істеуіне тақырыпты жан-жақты ашуына мүмкіндік тудырады.

Қазіргі уақытқа сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуды керек етеді. Ұлы данамыз Абай Құнанбаев «Адамның адамгершілігі – жақсы ұстаздан» десе, ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов «Елдің келешегі – ұстаздың қолында» деген, алдағы күніміздің бүгінгіден де шуақты, нұрлы болуына ықпал етіп, қоғамды алға сүйрейтін – білім екенін жақсы білеміз. Білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы күш бола алады. Сондықтан – оқыту мен оқу тәжірибесінің оқушылардың ойлау қабілеттеріне қалай әсер ететінін анықтай отырып, оларды жан-жақты ойлауға жетелей отырып ойларын дамыту, мейірімділікке, бауырмалдылыққа, ынтымақтастықта жұмыс істеуге тәрбиелей отырып, қазіргі дамып жатқан әлемде бойларындағы қасиеттеріне баға беру арқылы тани білуге үйрету – ұстаз міндеті.

Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды.

Сабаққа қатысушылардың екі жағы да: оқытушы мен оқушы әрқайсысы өз тұрғысынан оқытудың ұтымды жағын анықтап, сабақтың тиімділігін арттыруға жағдай жасайды, өз іс-әрекетін саралай отырып, сын көзбен қарайтын әрі өзін-өзі дамытуға ұмтылатын тұлға болып қалыптасады.

Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.

Бүгінгі уақыт талабына сай еліміздің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін сапалы білімді, саналы азамат қалыптастыруда оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану - әрбір оқытушының міндеті.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Назарбаев Зияткерліе мектебі», «Мұғалімге арналған нұсқаулык» ДББҰ

2. С Бич,. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. - А., 2012 ж.

3. Мерсейітова С., Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды, 2011

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга